400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Батыр Баян дебат

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: М. Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы

Сабақтың мақсаты:

1. Поэманы түсініп оқып, Баян бейнесін екі топ өз көзқарастарында дәлелдеу.

(айғақ пен дәлелдеме арқылы)

2. Сөз астарына үңіліп, мағынасын түсіну, өзекті ойды бөліп ала білу, сыни тұрғыда ой

қорытындысын жасау, өз пікірін қорғай білу, сөйлеу мәнерін қалыптастыру, дағдыларын

дамыту.

3. Поэманың басты кейіпкері Баянның іс-әрекетіне екі түрлі көзқараста баға беру, қызу

пікірталасқа қатыса отырып, әр топ өз пікірлерін өз дәлелдемелеріне сүйене отырып,

бұлтартпас айғақтар келтіру арқылы мақал-мәтел, афоризм сөздерді тірек етіп қоолдана білуге

үйрету.

Сабақтың түрі: дебат – пікірсайыс сабағы

Сабақтың жоспары:

І кезең.

Жақтаушы топтың қарар тақырыбы: «Інісін өлтірген Баянның ісі қылмысқа жатпайды»

Кілт сөздер, аргументтер:

1. Қылмыс — кісіні әдейі қасақана дайындалып өлтіру.

2. Ар намысын, ел намысын қорғау үшін жасалған.

3. Кек – жауға, дұшпанға, сатқынға деген өшпенділік, қастық.

Дәлелдемелер:

1. «Батыр – ел қорғаны»

2. «Жауға жаныңды берсең де, жолдасыңды құтқар»

3. Халқының намысын, ер азаматтың азуына, дұшпанға күлкі болмау үшін жасалған қылмыс – қылмыс

емес.

Айғақтар:

* «Би, Қанай! Аттанбайды хан Абылай, келмесе қандыбалақ батыр Баян»

* Жоқ, әлде, жоқ, жоқ, әлде өлтірдім бе, Інімді алты алаштың намыс үшін?!

* – Апырым-ай, алаш арын жоқтамастан, жөңкіліп бұл кетудің мәні қалай?

Жігіттерімді жинайын, олар кетсе де, мен кетпеспін.

ІІ кезең.

Даттаушы топтың қарар тақырыбы: «Інісін өлтірген Баянның ісі қылмысқа жатады»

Кілт сөздер, аргументтер:

1. Қызғаныш сезімі жайлағаннан кейін өлтірді.

2. Халық кегін, намысын алға тартып өш алды.

3. Туғанын, бауырын, жалпы кісі өлтіру қылмысқа жатады.

Дәлелдемелер:

1. «Ашу-ызамен жасалған істі іске асырушы — Баян»

2. «Кінәсін жуу үшін соғысқа аттанып, қалмақпен соғысады»

3. «Сұлуға деген махаббаты, айырылып қалу күйініші қылмысқа итермелейді»

Айғақтар:

* Ер Баян бір жорықта еліме ойран салып, ата-анамның бауырынан

шырқыратып алып кетті.

* Екі қыршын жастың ажалы: «Жан көке, аға!», «- Баян аға!»

* Баян монологы: «Жейтұғын өз күшігін болдым бөрі,

Ісімді мынау ағат немен жабам?»

Даттаушы топ мүшелерінің жақтаушы топ мүшелеріне қарсы сұрақтары:

1. Ноян сүйгені үшін айыпты ма?

2. Кісі өлтірмей ер, ел намысын қорғауға болмай ма?

3. Әйел үшін інісін өлтіру батырға лайық іс пе?

4. Баян өшін сұм сұлудың сайқалдығынан неге алмады?

Жақтаушы топ мүшелерінің даттаушы топ мүшелеріне қарсы сұрақтары:

1. Елін, жерін, туғанын әйел үшін тастай қашқан Ноян ісі ердің ісі ме?

2. Ағайын арасына от салған, ерді аздырған сұм сұлудың ісін қалай түсіндіресің?

3. Қазақта: «Ер жігіттің бірінші бақыты- Отаны, — дейді». Сонда Ноян сұлу үшін өз бақытынан бас тартып,

қара басының бақытының алға қойған ба?

4. «Жамандықты жазаламаған адам – оның дем берушісі» — деген Леонардо да Винчи. Егер Ноянның

сатқындық, опасыз ісі жазаланбаса дұрыс деп ойлайсың ба? Ертеңдері сол Ноянның қарсы жақтан жау

болып шықпасына кепіл бола аласың ба?

ІІІ кезең.

Жақтаушы топтың пайымдаулары:

1. Адамгершіліктің негізі – әр адамның ұлтын, жерін сүюінде.

2. Өзің үшін ғана еңбек етсең, өзің үшін оттаған хайуанның бірі боларсың, — деген Абай атамыз.

3. Батыр болып туған жігіттің садағының оғы да, қылыштай кесіп түседі, — деген Қорқыт ата.

4. Атаның атын былғаған ақылсыз баланың әке омыртқасынан жаралып, ана құрсағында шырланып

тумағаны жақсы, — деген Қорқыт ата.

5. Отаныңның перзенті бол, туған жер топырағымен байланысыңды терең сезін, оған перзентше қара,

одан алғаныңды үш еселеп қайтар. 6. Дүние жүзінде біздің елімізден басқа да алуан түрлі мемлекеттер

көп, бірақ адамның туған анасы сияқтыОтаны да біреу ғана, — деген К.Д. Ушинский.

7. Өтелмейтін қылмыс бар, ол – Отанға опасыздық жасау. Опасызда Отан жоқ, — деген Бауыржан

Момышұлы.

8. Жақсыменен дос болсаң, алдыңнан шығар елбектеп, — деген халық мақалында.

9. От басына өрт салма, өзегіне дерт салма, — дегендей барлық кінә сұм сұлуда.

10. Мейірімді болу оңай, әділ болу қиын, — деген В. Гюго.

11. Қорқу, сескену дегеніміз қорқақтық емес. Қорқақтық – ол қиын жерден бас сауғалай шегіну,

қашқақтау, алда тұрғанасыл міндеттерден қара басын жоғары ұстау, — деген Қ. Рысқұлбеков.

Даттаушы топтың пайымдаулары:

1. Махаббатсыз қан салқын. Махаббат құштарлық атаулының ең құдіреттісі. Ол жасты да, жүректі де,

тәнді де түгел баурайды. Вольтер.

2. Сүйген әйелге құштарлық етуден еркектің басы төмендемейді, қайта биіктей түседі. Әйелге қызмет

етудің бір бөлшегі. А. Толстой.

3. Жас жаңылады, үлкен кешіреді. Мақал.

4. Жаугершілік заманда бір батыр өзінің баласын тастап, бауырын қоршаудан алып шыққан. Сондағы

ойы: Өзім аман болсам бала болады, ал туған бауырды қайдан табам? – деген.

5. Ғашықтың тілі – тілсіз тіл, көзбен көр де, ішпен біл, — деген Абай.

6. Адасқанның алды жөн, арты соқпақ. Абай.

7. Алтын жығаң болса да, жаға мен жең керек. Асқан батыр болсаң да, ағайын мен ел керек. Мақал.

8. Жүрекке әмір жүрмейді.

9. Бейқамдық сәтсіздікке бастайды, оның аяғы қолайсыздыққа ұрындырады.

ІҮ кезең.

Сыншылар пікірі: Жақтаушы топ сыншысының қорытынды сөзі:

Ісің жақсы ерікті болғанымен,

Батырлығың естелік боп қалғанымен.

Ақылсыздық өлтіргенің ініңді,

Дедің қалай кінәмен кешем күніңді.

Асығыс түбі – өкініш, иә, батыр Баян інісін өлтіргеніне қайғыруда. «Ашу — дұшпан» екенін осы тұста аңғарамыз.

Бірақ: Хандар да бір мін бар:

Қарашасын бірдей көрмейді.

Байларда да бір мін бар:

Есігіне келген кемтарға,

Өзі тұрып орнынан

Қолынан қайыр бермейді.

Жүйрікте де бір мін бар:

Жорғаменен табандасып жүрмейді.

Жорғада да бір мін бар:

Жол құйрығын сүзіп салсаң да,

Бәйгеден озып келмейді.

Әйелде де бір мін бар:

Ажары сұлу болса да,

Ақылы сай келмейді, — дегендей батыр Баянның да бір міні – оның аңғалдығы болар. Халықта: «Аңғал батыр алдырады, аяғынан шалдырады», — дейді. Ноян өлімінен кейінгі батыр Баянның да жағдайы мәз болған жоқ. Көз жасын жұтып, жүрегі қан жылаған батыр «бауырымды қалай өлтірдім» деп іштей арпалысып, ар алдында жауап беруде. Егер ол қызғаныштан өлтірген болса, ол хан алдына сол бетімен бармас еді. Сонымен қоймай ол інісінің өліміне қалмақ қызы кінәлі деп, сол арқылы қалмаққа деген кегі өсіп, інісі үшін және еріксіз жасаған ісі үшін соғысқа аттанып кек алды. Ол өз кінәсін қанмен жуып, алаштың намысы үшін жанын қиды. Алаштың намысы үшін ақтық демі біткенше күрескен батырдың бірі – Баян. Мен адам баласының бәрінде кемшілік болады деп ойлаймын. Ажары сұлу болса да, ақылы сай келмеген қалмақ қызы өзі құрған торға өзі түсті. Бұл өлімге кінәлі әзәзіл қалмақ қызы деп ойымды аяқтаймын.

Даттаушы топ сыншысының қорытынды сөзі:

«Алтау ала болса, ауыздағы кетеді», — деген рас екен. Алауыздықтан өрбіген даудан ел ішінің тыныштығы бұзылды, берекесі кетті. Баян Ноянды өлтіріп кінәға батты. Сіздер Ноянның өлімі өзінің шалалығынан болды дейсіздер. Ат жүйрігі айырады, тіл жүйрігі қайырады деген. Анығын ашып, ақ сөйлей алмасам маған серт. Махаббат атты айдында қол үстасып өтеміз деген Ноян сезімін, пәк махаббатын қалмақ қызы өз мақсатына, бас пайдасына жұмсады. Туған еліне жетуді көздеген сұрқия қыз бейкүнә сезімді саудаға салды. «Кімнің қандай болса пиғылы, оған қарай құдайдың да сыйлығы», — деген сөз тұп-тура екен.

Пиғылына қарай сыйлығын алды.

Бірақ, Нояндай еркенің қанын төктіріп, Баянда айбатты ердің арын дауға салып кетті.

Спикер:

Сонымен түйін шешілді. Баян, Ноян кінәлі емес.

Қарғысымыз ел тыныштығын бұзған қалмақ пен қытай және орыс империясына болсын.

Алтыбақан алауыз қылған сол заман келмеске кетсін.

Бірақ осыдан жастарымыз сабақ алсын. Тәуелсіздігіміз асқақатап, бейбіт елдің құшағында тыныш өмір сүрейік.






























Ақтаушылар


Даттаушылар


Жақтаушы топтың қарар тақырыбы: 

«Інісін өлтірген Баянның ісі қылмысқа жатпайды.» 

Кілт сөздер, аргументтер:


1. Қылмыс кісіні қасақана дайындалып өлтіру.

2. Ар – намысын, ел намысын қорғау үшін жасалған.

3. Кек – жауға, дұшпанға, сатқынға деген өшпенділік, қастық.


Дәлелдемелер:

1. « Батыр – ел қорғаны» 
2. « Жауға жаныңды берсең де, жолдасыңды құтқар»

3. Халықтың намысы, ер азаматтың азып, дұшпанға күлкі болмауы үшін жасалған қылмыс – қылмыс емес.


Айғақтар :


  1. “ Би, Қанай! Аттанбайды хан Абылай, келмесе қандыбалақ батыр Баян”


  2. Жоқ, алде, жоқ, жоқ, әлде өлтірдім бе?!


  3. - Апырым-ай, алаш арын жоқтамастан жөңкіліп бұл кетудің мәні қалай? Жігіттерімді жинайын, олар кетсе де, мен кетпеспін.




Жақтаушы топ мүшелерінің даттаушы топқа сұрақтары:

1,Елін, жерін, туғанын әйел үшін тастай қашқан Ноян ісі ердің ісі ме?

2,Ағайын арасына от салған,ерді аздырған сұм сұлудың ісін қалай түсіндіресің?

3. Қазақта, “ Ер жігіттің бірінші бақыты – Отаны” дейді. Сонда Ноян сұлу үшін өз бақытынан бас тартып, қара басының бақытын алға қойған ба?

4. “ Жамандықты жазаламаған адам – оның дем берушісі” деген Леонардо да Винчи. Егер Ноянның сатқындық, опасыз ісі жазаланбаса дұрыс деп ойлайсың ба? Ертеңгі күндері сол Ноянның қарсы жақтан жау болып шықпасына кепіл бола аласың ба? 

Жақтаушы топтың пайымдаулары:


  1. Адамгершіліктің негізі – әр адамның ұлтын, жерін сүюінде.


  2. “ Өзің үшін ғана еңбек етсең, өзің үшін оттаған хайуанның бірі боларсың” деген Абай.


  3. “ Батыр болып туған жігіттің садағының оғы да қылыштай кесіп түседі” деген Қорқыт.


  4. “ Атаның атын былғаған ақылсыз баланың 
    әке омыртқасынан жаралып, ана құрсағында шырланып тумағаны жақсы екен” деген Қорқыт.


  5. “Отаныңның перзенті бол, туған жер топырағымен байланысыңды терең сезін,оған перзентше қара,одан алғаныңды үш еселеп қайтар. Дүние жүзінде біздің елімізден басқа да алуан түрлі мемлекеттер көп
    , ,бірақ адамның туған анасы сияқты Отаны да біреу ғана” деген К.Д. Ушинский


  6. “ От басына өрт салма, өзегіне дерт салма” , барлық кінә сұм сұлуда.



Даттаушы топтың қарар тақырыбы:

“ Інісін өлтірген Баянның інісі қылмысқа жатады”.

Кілт сөздер, аргументтер:

  1. Қызғаныш сезімі жайлағаннан кейін өлтірді.

  2. Халық кегін, намысын алға тартып өш алды.

  3. Туғанын, бауырын, жалпы кісі өлтіру қылмысқа жатады.



Дәлелдемелер:

  1. Ашу-ызамен жасалған істі іске асырушы – Баян”

  2. Кінәсін жуу үшін соғысқа аттанып, қалмақпен соғысады”.

  3. Сұлуға деген махаббаты, айрылып қалу күйініші қылмысқа итермелейді”


Айғақтар:

  1. Ер Баян бір жорықта еліме ойран салып, ата-анамның бауырынан шырқыратып алып кетті”

  2. Екі қыршын жастың ажалы: “Жан көке, аға!”, “Баян аға!”

  3. Баян монологы:

“Жейтұғын өз күшігін болдым бөрі.

Ісімді мынау ағат немен жабам?”




Даттаушы топ мүшелерінің жақтаушы топ мүшелеріне сұрақтары:

1. Ноян сүйгені үшін айыпты ма? 
2. Кісі өлтірмей ер, ел намысын қорғауға болмай ма? 
3. Әйел үшін інісін өлтіру батырға лайқ іс пе? 
4. Баян өшін сұм сұлудан неге алмады?
































Даттаушы топтың пайымдаулары:


  1. “Махаббатсыз қан салқын. Махаббат- құштарлық атаулының ең құдіреттісі. Ол жасты да, жүректі де, тәнді де түгел баурайды” (Вольт
    ер)


  2. “ Сүйген әйелге құштарлық етуден 
    еркектің басы төмендемейді, қайта биіктей түседі. Әйелге қызмет етудің бір бөлшегі” Толстой


  3. “ Жас жаңылады, үлкен кешіреді”


  4. Жаугершілік заманда бір батыр өзінің баласын тастап, бауырын қоршаудан алып шыққан. Сондағы ойы: “ Өзім аман болсам бала болады, ал туған бауырды қайдан табам?”


  5. Бейқамдық 
    сәтсіздікке бастайды, оның аяғы қолайсыздыққа ұрындырады.


  6. “Ғашықтың тілі – тілсіз тіл, көзбен көрде, ішпен біл” ( Абай)


  7. “ Адасқанның алды-жөн, арты – соқпақ” ( Абай)

  1. Алтын жығаң болса да, жаға мен жең керек. Асқан батыр болсаң да, ағайын мен ел керек” ( Мақал)


  2. Жүрекке әмір жүрмейді.


















Қорытынды: Міне, балалар, сонымен түйін шешілді. Баян да, Ноян да кінәлі емес. Алтыбақан алауыз қылған сол заман келмеске кетсін.

Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас....


Дей отырып, Батыр Баян бейнесі қалай болғанда да тарихи, реалистік, аңыздық, трагедиялық, романтикалық, батырлық бейне деп бүгінгі сабағымызды М. Жұмабаевтың жыр жолдарынан мына үзіндімен аяқтайық.

Мен сенемін жастарға,

Алаш атын аспанға.

Шығарар олар бір таңға,

Мен жастарға сенемін!

Ақынның осы сенімін ақтайтын болашақ сендер екеніңді ұмытпаңдар.


Еліміз тыныш болып ,Тәуелсіздігіміз асқақтай берсін. 



























Бекітемін:

Мерзімі: 29.01.2019жыл

Уақыты: сағ 12.00

Сыныбы: 7-сыныптар арасында

Өтетін орны: Оқу залы

Мұғалiм: Бектоғаева Салтанат

Тақырыбы: М. Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасын талдау.Пікірсайыс

Сабақтың мақсаты:

1. Поэманы түсініп оқып, Баян бейнесін екі топ өз көзқарастарында дәлелдеу.

(айғақ пен дәлелдеме арқылы)

2. Сөз астарына үңіліп, мағынасын түсіну, өзекті ойды бөліп ала білу, сыни тұрғыда ой қорытындысын жасау, өз пікірін қорғай білу, сөйлеу мәнерін қалыптастыру, дағдыларын дамыту.

3. Поэманың басты кейіпкері Баянның іс-әрекетіне екі түрлі көзқараста баға беру, қызу пікірталасқа қатыса отырып, әр топ өз пікірлерін өз дәлелдемелеріне сүйене отырып,

бұлтартпас айғақтар келтіру арқылы мақал-мәтел, афоризм сөздерді тірек етіп қолдана білуге үйрету.

Сабақтың түрі: дебат – пікірсайыс сабағы

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, жазушылар сөзі, асық.
Негізгі ережелерқұрылымды сақтау,әр топта 3 оқушының болуы, сөйлеу мәдениеті, шыдамдылық,  шындық, сыйластық.
Барысы:
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар!  Балалар, біз XX ғасырдың басындағы қазақ поэзиясының Хантәңірі – Мағжанның «Батыр Баян» поэмасымен танысып өттік. XVIII ғасыр – қазақ тарихындағы ел тағдыры сынға түскен түйінді кезең. Бұл атамекенді жат жерлік басқыншылардан азат ету жолындағы Отан соғысында Абылай хан, Қабанбай, Бөгенбай сынды қолбасшылардың бастауымен бір жұдырықтай түйілген батыр бабалармыздың жанқиярлық ерлік өнегесін тарих беттеріне өшпестей етіп қашаған кезең еді. Иә, тарих – шындық. Поэма сюжеті XVIII ғ. қазақ-қалмақ арасындағы аласапыран, қиын- қыстау күрделі заманды бейнелеп, ұлт азаттығы, халық бостандығы жолында жан аямай күрескен, тарихта болған Баяндай батырдың басына құрылады. Сондықтан Мағжан қазақ азаматтарына әрі сын тағып, әрі ауыр міндет жүктеп, олардың алдына Абылай хан мен Батыр Баянды идеал етіп ұсынады. Олардың ерлік, даналық, адамдық істерін санада, жүректе жаңғыртады.
Олай болса , бүгінгі «М. Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасын талдау» тақырыбындағы пікірсайысымызды бастаймыз.

Резолюция-Қарар (Інісін өлтірген Баянның ісі қылмысқа жатпайды/жатады деп есептейді)

Пікірсайыс мазмұнымен таныстырып өтейін:
1. Пікірсайысқа 2 топ(даттаушы және жақтаушы), әр топта 3 оқушы қатысады.
2. Әр топ өз позицияларын қорғап,дәлелдерімен оқушылар өз ойларын баяндайды.
3. Пікірсайыста қатысып отырған оқушылары бір - бірлеріне сұрақ қояды.
4. Пікірсайыс мектепішілік формат- Карл Поппер форматының құндылық кейсі бойынша өтеді.

Жүргізуші: Пікір сайысымыз екі қарсыласушы топ арасында өтеді.

Сайысқа қатысушы 7-сыныптар арасынан құрылған 2 топты ортаға шақырамыз.

Ал енді құрметті оқушылар, даттаушы топ пен жақтаушы топты анықтау үшін топ басшыларын ортаға шақырамын. Менің қолымда асық бар, сол асықтың бірінде "д" әрпі, бірінде "ж" әрпі белгіленген. "Д" әрпін алған топ даттаушы, "ж" әрпін алған топ жақтаушы топ болып есептеледі. (даттаушы-жақтаушы топтар анықталады,оқушылар өз позицияларын қорғауға дайындалу үшін 5 мин. уақыт беріледі. Оқушылар дайындалғанша сарапшылар тағайындалады және уақыт сарапшысымен таныстырылады.)

«Ақиқат»(жақтаушы) және «Парасат» (даттаушы)топтары.

Әр топтың үш спикерлері бар. Әр спикердің міндеті бар.спикер топтың таңдаған позициясы жайлы айтады, спикерлер өз позициясын дәлелдемелермен нақтылайды және қарсыласушы топтың осал жақтарын атап көрсетеді.

Спикер кортындылай отырып, өз позицияларының дұрыстығын тағы да нақтылай отырып, дәлелдемелерімен нақтылай түседі.

Сайысымызға әділ төрелігін айтып, қай топ өзінің таңдаған бағытын қаншалықты дәлелді түрде уақыттан аспай қорғағаны жайлы шешім қабылдап, қорытынды шешім айтып, бағалайтын әділқазылар мүшесімен таныс болайық!

І кезең: «Белес» ; ІІ кезең : «Асу»; ІІІ кезең: «Шың»

Әр кезеңнің арасында 3 минут уақыт аралығында қарсылас топторға сұрақтар қою.

Жүргізуші : Пікірсайысымыздың 1 кезеңі бойынша ортаға шыққан топтарымыздың өзара амандасуы, жеребе арқылы таңдаған позицияларымен танысу. Әр топқа 5 минуттан уақыт беріледі.

Жақтаушы топтың қарар тақырыбы: «Інісін өлтірген Баянның ісі қылмысқа жатпайды»

Жүргізуші: Пікірсайысымыздың 2 кезеңі бойынша топтың 2 спикерлерінің 5 минут уақыт ішінде ой-пікірлерін неғұрлым мәдениетті шешендік сөзбен, нақыл сөздермен, нақты дәлелдемелермен, ғұлама адамдардың айтқан пікірлерімен жеткізе білдіруіне аса көңіл бөледі. Уақыттан аспауын қадағалау.

Сөз кезегін топ мүшелеріне беруге рұқсат етіңіздер.

3-Кезең «Шың» Жүргізуші: Қатысушы топтардың 3- спикерлеріне сөз кезегін береміз. Сол биік шыңға өзінің позициясын жетік дәлелдеп, сөз өнеріне асқан шеберлік көрсеткен топ қана шыңға шыға алады. Бар күшімізді 3 кезеңді бастаймыз.

Батыр Баян поэмасы бізге көп дүние үйретті, өмірдің мәнін ашты. Бұл поэма арқылы жастықтың албырттығын, сезімнің соқырлығы мен ақылға бағынбайтын асаулығын, ашу мен ақылдың, сана мен сезімнің таласын, әрі көзсіз ерлікті көреміз. Баянның ісі қызғаныш па, әлде Ноянның өз Отанынан бас тартуынан ызалануы ма, ол бізге құпия болып қалатыны бәрімізге белгілі. Бірақ оқырмандар өз нұсқаларын беріп, өз сөздерін дәлелдеуде. Менің өз ойымды айтар болсам, батыр Баянның ісі екі жақты, яғни ол өз інісін өлтірмесе, Баян негізінен жасы келіп қалған батыр болатын және де өзі де қалмақ қызына көрсетпесе де, өлердей ғашық болатын. Бірақ оның өз бауырын, былайша айтқанда, өз тұяғын өлтіргені – озбырлық, қатігездікті айқындайды. Поэма өзінің сюжеттік жағынан эпостық жырларға өте ұқсас. Мағжан керемет ел аузынан естіген миф-аңызды өзінің ақындық шеберлігіімен тамаша поэма етіп жазады. Трагедиямен аяқталған бұл поэма Мағжан поэзиясының биік асқар тауы болып табылады. Реалистік негізде жазылған поэманы Мағжан табиғатпен, яғни сол кездегі табиғат әсемдігін, бізге әсерлі жеткізе алды. Бір қарағанда қызықты сюжеті бар бұл поэма тек тарихты баяндап тұрғандай. Әрине Мағжан ақын тек тарихты жырлап қоймай, сонымен қатар ерлікті, еркіндікті көрсете білді. Бұл шығарма тарихымыздың ерлікке толы беттерін Мағжан жырымен тізбеле өрбігендей әсер қалдырады.Қазақ сөз өнерінің асыл қазынасына айналған бұл туынды әлі талай ұрпаққа азық болары сөзсіз.

Жүргізуші: Сонымен құрметті оқушылар, көрермеңдер , әділқазылар алқасы өз позицияларын жақтаудағы ұстанымдарын қорытындылай келе, сайысымыздың қорытынды шешімін шығаруға сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.

Әбу Насыр Әль-Фарабиден бір әмірші өз елінің болашағы туралы сұрағанда:«Сен ең алдымен жастарыңды көрсет,сонда мемлекеттің болашағын барлау қиынға соқпайды»,деген екен бабамыз.Расымен де қай кезеңде болмасын болашақтың қожасы жастар Мағжан Мұмабаев жырлағандай«Арыстандай айбатты,Жолбарыстай қайратты жігерлі қыз-жігіттер елдің ертеңі ,мемлекеттің тірегі.Бүгін мықты шығармыз,бірақ артыңнан ерген ізбасарларың сенен де мықты болғаны жөн.Сонда ғана жайнаған туыңның жығылмауына кепілдік бар.Бүгінгі сүрлеудің даңғылға айналуына сенуге болады.

Қатысушы топтарды марапаттау,құттықтау.


278 орта мектеп










Сыныптан тыс іс-шара





М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасын талдау

(пікірсайыс)








Жауапты: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бектоғаева С.О




















Қызылорда қаласы, 2019 ж


Анықтама


29.01.2019ж. күні қазақ тілі мен әдебиеті апталығының аясында №278 орта мектебінде 7-сыныптар арасында М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасына пікірсайыс өткізілді.

Мақсаты: поэманы түсініп оқып, Баян бейнесін екі топ өз көзқарастарында дәлелдеу(айғақ пен дәлелдеме арқылы);Сөз астарына үңіліп, мағынасын түсіну, өзекті ойды бөліп ала білу, сыни тұрғыда ой қорытындысын жасау, өз пікірін қорғай білу, сөйлеу мәнерін қалыптастыру.

Пікірсайысқа әр сыныптан 1-2 оқушыдан қатысты. Пікірсайысқа 2топ(даттаушы және жақтаушы), әр топта 3 оқушы қатысты. Әр топ өз позицияларын қорғап,дәлелдерімен оқушылар өз ойларын баяндайды.
Пікірсайыста қатысып отырған оқушылары бір - бірлеріне сұрақ қояды.
Пікірсайыс мектепішілік формат- Карл Поппер форматының құндылық кейсі бойынша өтті. Жақтаушы топтың қарар тақырыбы: «Інісін өлтірген Баянның ісі қылмысқа жатпайды» . "Д" әрпі, бірінде "Ж" әрпі белгіленген асықтар бойынша "Д" әрпін алған топ «Парасат»( даттаушы) , "ж" әрпін алған топ «Ақиқат»

( жақтаушы ) тобы болып анықталып,оқушылар өз позицияларын қорғауға дайындалу үшін 5 мин. уақыт берілді. Пікірсайыс 3 кезең бойынша өткізілді: І кезең: «Белес» ; ІІ кезең : «Асу»; ІІІ кезең: «Шың».

Әр кезеңнің арасында 3 минут уақыт аралығында қарсылас топторға сұрақтар қойылды.Әр топтың үш спикерлері топтың таңдаған позициясы жайлы айтып, спикерлер өз позициясын дәлелдемелермен нақтылап және қарсыласушы топтың осал жақтарын атап көрсетуге және әр топ өз пікірлерін өз дәлелдемелеріне сүйене отырып,бұлтартпас айғақтар келтіру арқылы дәлелдеуге тырысты.

Спикер кортындылай отырып, өз позицияларының дұрыстығын тағы да нақтылай отырып, дәлелдемелерімен нақтылай түсті.

Пікірсайыс соңында әділқазы мүшелері поэманың басты кейіпкері Баянның іс-әрекетіне екі түрлі көзқараста баға беріп, қызу пікірталасқа қатысып отырған, мақал-мәтел, афоризм сөздерді тірек етіп қолдана білген оқушыларды(Сайлаубай Ханша, Толыбай Гүлайдын,Қуаныш Фатима) марапаттап, мадақтады.











Анықтама беруші: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жанибекова Н.

30.01.2019ж.



Анықтама



31.01.2019ж. күні қазақ тілі мен әдебиеті апталығының аясында №278 орта мектебінде «Латын әліпбиін меңгертудің жолдары» тақырыбында мұғалімдер арасында өткізілді.Мақсаты: жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану мақсатында латын әліпбиін меңгерту.

Күтілетін нәтиже:

  • Білім беруде оқыту әдісі ретінде латын әліпбиін тиімді әдіс-тәсілдер арқылы меңгертуге болатыны туралы ұғынады, қолдана алады;

  • Әдіс-тәсілдерді сабақта қолдануды үйренеді:

Тиімді тапсырмалар арқылы оқушы білімін арттырудың жолын біледі:

Барлық келген мұғалімдер қолдарына түрлі –түсті гүл шоқтары таратылады. Гүл шоқтарының ішінде жылы лебізді сөздер жазылған. Барлық мұғалімдер жайғастырылады.Латын әліпбиі туралы бейне жазба ұсынылып,талқылау сұрақтары берілді

  1. Латын əліпбиіне көшу түркі және жаһандық əлеммен ықпалдасуға санамыздың жаңғыруына жол ашады. Сіз келісесіз ба?

  2. Осы жобаны біз қалай жүзеге асыруымыз керек?

Мұғалімдер қызығушылықпан жауаптарын айта білді.





























Құндылық кейстің құрылымы:

1. 2.Дефиниция-Кілт сөздер (Кейсте қолданылатын сөздерге анықтамалар беріледі)

3.Status quo-Қалыптасқан жағдай(қалыптасқан жағдайға статистикалық мәліметтер(интернеттен,газеттен айту)

5.Аргументтер

6.Қорытынды.

7. Ойын барысы (спикердің рөлі,уақыт)

1.Жақтаушы 1 (6 минут)

Команданы таныстырады. Кейспен  таныстырады.

2.Даттаушы3-Жақтаушы1(3 минут)

Даттаушы 3 Жақтаушы1-ге сұрақтар қояды.

3.Даттаушы1 (6 минут)

Өз командасымен таныстыру. Жақтаушы 1-дің кейсін (келіспейтін жағдайларын) даттап, қарама-қарсы өз командасының кейсімен таныстырады.

4.Жақтаушы3 - Даттаушы1 (3 минут)

Жақтаушы3 Даттаушы1-ге сұрақтар қояды.

5.Жақтаушы 2 (5 минут)

Даттау тобының айтқан даттауларына жақтау айтып, өз кейсін қалпына келтіреді.

6.Даттаушы1-Жақтаушы2 (3 минут)

Даттаушы1-Жақтаушы 2-ге сұрақтар қояды.

7.Даттаушы 2 (5 минут)

Даттауды жалғастырады.Жақтаушы 2-нің кейбір сөздеріне өз түсініктемелерін айтады.

8.Жақтаушы1-Даттаушы2 (3 минут)

Жақтаушы1 Даттаушы2-ге сұрақтар қояды.

9..Жақтаушы 3 (5 минут)

Ойын барысына қорытынды анализ жасайды,өздері ұсынған механизмнің ұтымдылығын айтады.

10.Даттаушы 3 (5 минут)

Ойын барысына қорытынды анализ жасайды,өздері ұсынған механизмнің ұтымдылығын айтады.

Жүргізуші:  Пікірсайыс сүйер қауым, бүгінгі ойынға уақыт бөліп қатысқандарыңызға рахмет! Ойынды қорытындылау үшін сөз кезегін сарапшыларға береміз!

Қорытынды: Сарапшыларға сөз кезегі беріледі, сарапшылар ойынды қорытындылап, қай позиция ұтымды айтылғандығына пікірлерін білдіреді.





















Shape1

-оқушы не туралы жазатынын анықтайды;

-әдеби тілдік норманы сақтауды ескереді;

-өмірмен байланыстыра жазуды үйренеді;

-өз жазғанын қайта оқып, түзету жұмысын жүргізу дағдысы қалыптасады.;

-шығармашылық қабілеті ашылады(өлең шығару, мақала жазу).




































Сыныбы: 7

Тақырыбы: «Қазіргі таңда қазақ тілінің хал- ахуалы қандай?»
Мақсаты:
Оқушыларды ізденімпаздыққа, тапқырлыққа, шыдамдылыққа және өз ойын мәдени түрде жеткізе білуге үйрету. Оқушыларды ұстамдылыққа, мәдени сөйлеуге тәрбиелеу.Өзіндік пікірін қалыптастыруға дағдыландыру.
Түрі: пікірталас, дебат сабақ.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, жазушылар сөзі, асық.
Негізгі ережелер: құрылымды сақтау,әр топта 3 оқушының болуы, сөйлеу мәдениеті, шыдамдылық,  шындық, сыйластық.


Барысы:
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Қазіргі таңда қазақ тілінің хал-ахуалы қандай?» тақырыбындағы дебатымызды бастаймыз.

Дебат мазмұнымен таныстырып өтейін:
1. Дебатқа 2 топ(даттаушы және жақтаушы), әр топта 3 оқушы қатысады.
2. Дебатта әр топ өз позицияларын қорғап,дәлелдерімен оқушылар өз ойларын баяндайды.
3. Дебатқа қатысып отырған оқушылары бір - бірлеріне сұрақ қояды.
4. Дебат мектепішілік формат- Карл Поппер форматының құндылық кейсі бойынша өтеді.



Жүргізуші: Ал енді құрметті оқушылар даттаушы топ пен жақтаушы топты анықтау үшін топ басшыларын ортаға шақырамын. Менің қолымда асық бар, сол асықтың бірінде "д" әрпі, бірінде "ж" әрпі белгіленген. "Д" әрпін алған топ даттаушы, "ж" әрпін алған топ жақтаушы топ болып есептеледі. (даттаушы-жақтаушы топтар анықталады,оқушылар өз позицияларын қорғауға дайындалу үшін 5 мин. уақыт беріледі. Оқушылар дайындалғанша ссарапшылар тағайындалады және уақыт сарапшсымен таныстырылады.)

Құндылық кейстің құрылымы:

1.Резолюция-Қарар (Дебаттың тақырыбы) (Бұл палата  ....... жақсы/нашар деп есептейді)

2.Дефиниция-Кілт сөздер (Кейсте қолданылатын сөздерге анықтамалар беріледі)

3.Status quo-Қалыптасқан жағдай(қалыптасқан жағдайға статистикалық мәліметтер(интернеттен,газеттен айту)

4.Философия ()

5.Аргументтер()

6.Қорытынды.

7. Ойын барысы (спикердің рөлі,уақыт)

Ойын барысы:

Спикер

Уақыт

Спикердің рөлі

1

Жақтаушы 1

6 минут

Команданы таныстырады. Кейспен  таныстырады.

2

Даттаушы3-Жақтаушы1

3 минут

Даттаушы 3 Жақтаушы1-ге сұрақтар қояды.

3

Даттаушы1

6 минут

Өз командасымен таныстыру. Жақтаушы 1-дің кейсін (келіспейтін жағдайларын) даттап, қарама-қарсы өз командасының кейсімен таныстырады.

4

Жақтаушы3-Даттаушы1

3 минут

Жақтаушы3 Даттаушы1-ге сұрақтар қояды.

5

Жақтаушы 2

5 минут

Даттау тобының айтқан даттауларына жақтау айтып, өз кейсін қалпына келтіреді.

6

Даттаушы1-Жақтаушы2

3 минут

Даттаушы1-Жақтаушы2-ге сұрақтар қояды.

7

Даттаушы 2

5 минут

Даттауды жалғастырады.Жақтаушы 2-нің кейбір сөздеріне өз түсініктеме-лерін айтады.

8

Жақтаушы1-Даттаушы2

3 минут

Жақтаушы1 Даттаушы2-ге сұрақтар қояды.

9

Жақтаушы 3

5 минут

Ойын барысына қорытынды анализ жасайды,өздері ұсынған механизмнің ұтымдылығын айтады.

10

Даттаушы 3

5 минут

Ойын барысына қорытынды анализ жасайды,өздері ұсынған механизмнің ұтымдылығын айтады.

Жүргізуші: Дебат сүйер қауым, бүгінгі ойынға уақыт бөліп қатысқандарыңызға рахмет! Ойнды қорытындылау үшін сөз кезегін сарапшыларға береміз!

Қорытынды: Сарапшыларға сөз кезегі беріледі, сарапшылар ойынды қорытындылап, қай позиция ұтымды айтылғандығына пікірлерін білдіреді.













































«Қазіргі заманғы жастарға патриотизм тән бе?» тақырыбында дебат ойыны

Дайындаған : Абдрахманова Самал Изгалиевна

Дебаттың мақсаты: оқушылардың патриоттық, ұлтжандылық қасиеттерге, тарихи құндылықтарға деген ойларын қозғау.Сөз шеберлігін, өз пікірін анық айтып, дәлелдеме келтіру қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: дебат сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер , суреттер, слайд.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Дебатқа лайықты психологиялық жағдай орнату.

І кезең: «Белес» ; ІІ кезең : «Асу»; ІІІ кезең: «Шың»

Әр кезеңнің арасында 3 минут уақыт аралығында қарсылас топторға сұрақтар қою.

Мұғалім дебатты бастайды.

Қ. Кеменгеровтың бір шумақ өлеңі:

Маған керек емес ертегі,

Ертегіні өз басым да шертеді.

Тарих керек іргетасы халқымның,

Іргетассыз қаланбайтын ертеңі!

Армысыздар құрметті оқушылар, көрермендер! Бүгінгі жиналған қауым, жастарымыздың тіл байлығы мен тарихымыздың рухани құндылықтарына негізделген Қазіргі заманғы жастарға патриотизм тән бе? «» атты тақырыпта дебатымызды бастауға рұқсат етіңіздер! Дебат екі қарсыласушы топ арасындағы пікірталас арқылы өтеді.

Дебатымызға қатысушы 10 мен 11-ші сыныптар арасынан құрылған 2 топты ортаға шақырамыз.

«Ақиқат» және «Парасат» топтары.

Әр топтың үш спикерлері бар. Әр спикердің міндеті бар.

спикер топтың таңдаған позициясы жайлы айтады,

спикерлер өз позициясын дәлелдемелермен нақтылайды және қарсыласушы топтың осал жақтарын атап көрсетеді.

Спикер кортындылай отырып, өз позицияларының дұрыстығын тағы да нақтылай отырып, оппонеттердің дәлелдемелерінің аздығын нақтылай түседі.

Дебатымызға әділ төрелігін айтып, қай топ өзінің таңдаған бағытын қаншалықты дәлелдә түрде уақыттан аспай қорғағаны жайлы шешім қабылдап, қорытынды шешім қабылдап, қорытынды шешім айтып, бағалайтын әділқазылар мүшесімен таныс болайық!

Мұғалім: Дебатымыздың 1 кезеңі бойынша ортаға шыққан топтарымыздың өзара амандасуы, жеребе арқылы таңдаған позицияларымен танысу. Әр топқа 6 минуттан уақыт беріледі.

Мұғалім: Дебатымыздың 2 кезеңі бойынша топтың 2 спикерлерінің 5 минут уақыт ішінде ой-пікірлерін неғұрлым мәдениетті шешендік сөзбен, нақыл сөздермен, нақты дәлелдемелермен, ғұлама адамдардың айтқан пікірлерімен жеткізе білдіруіне аса көңіл бөледі. Уақыттан аспауын қадағалау.


Сөз кезегін топ мүшелеріне беруге рұқсат етіңіздер.

3-Кезең «Шың» Мұғалім: Қатысушы топтардың 3- спикерлеріне сөз кезегін береміз. Сол биік шыңға өзінің позициясын жетік дәлелдеп, сөз өнеріне асқан шеберлік көрсеткен топ қана шыңға шыға алады. Бар күшімізді 3 кезеңді бастаймыз.

Мұғалім: Сонымен құрметті оқушылар, көрермеңдер , әділқазылар алқасы өз позицияларын жақтаудағы ұстанымдарын қорытындылай келе,дебатымыздың қорытынды шешімін шығаруға сөз кезгін әділқазылар алқасына береміз

Әбу Насыр Әль-Фарабиден бір әмірші өз елінің болашағы туралы сұрағанда:«Сен ең алдымен жастарыңды көрсет,сонда мемлекеттің болашағын барлау қиынға соқпайды»,деген екен бабамыз.Расымен де қай кезеңде болмасын болашақтың қожасы жастар Мағжан Мұмабаев жырлағандай«Арыстандай айбатты,Жолбарыстай қайратты жігерлі қыз-жігіттер елдің ертеңі ,мемлекеттің тірегі.Бүгін мықты шығармыз,бірақ артыңнан ерген ізбасарларың сенен де мықты болған жөн.Сонда ғана жайнаған туыңның жығылмауына кепілдік бар.Бүгінгі сүрлеудің даңғылға айналуына сенуге болады.

Қатысушы топтарды марапаттау,құттықтау.



 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17.05.2019
908
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі