400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

"Батыр Баян" поэмасы

Материал туралы қысқаша түсінік
"Батыр Баян" поэмасы жаңартылған бағдарламсының үлгісінде жасалынған. Тақырып мазмұнын ашатындай әдіс-тәсілдер қолданылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Shape1

Оракбаева Кунимкул Ортаевна

ОҚО, Мақтарал ауданы, Еңбекші а/ә,

Абай атындағы жалпы орта мектебі

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі



Қысқа мерзімді жоспар

Сыныбы: 8 «А»

Пәні: қазақ әдебиеті

Пән мұғалімі: К.Оракбаева


Сабақтың тақырыбы

«Батыр Баян» поэмасы


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Поэманың әлеуметтік-философиялық проблемасын түсіну


Мақсаты

Поэманың мазмұнын меңгеру, өзіндік тұжырым жасау, жалпы болжам жасап, ой қорыта білуге үйрену


Күтілетін нәтижелер



Барлық оқушылар: Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасының мазмұнын біледі;

Көптеген оқушылар: поэманың әлеуметтік-философиялық проблемасын түсінеді;

Кейбір оқушылар: поэма мазмұнын өмірмен байланыстырады, өз ойын дәлелдейді;


Жетістік критерийлері

Поэманың мазмұнын меңгереді;

Поэманың негізгі идеясын ашады;

Шығарма мазмұнын өмірмен байланыстырады, өз ойын дәлелдейді;


Тілдік мақсат:

Оқушылар... (істей) алады: Поэманың мазмұнын әдеби тілде жеткізе алады, шығармаға талдау жасай алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Поэма – грек тілінен аударғанда «туынды» деген мағынаны білдіреді.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Поэманың философиялық түйіні қандай?


Құндылықтарды дарыту

Ақынның үздік туындысы «Батыр Баян» поэмасы арқылы Отанын, туған жерін, халқын сүюге, елінің адал азаматы болуға тәрбиелеу


Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі. бейнелеу


АКТ қолдану дағдылары


Ноутбук, проектрлі экран


Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Топтастыру, РАФТ, «3 неліктен?»


С а б а қ б а р ы с ы :


Сабақ

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 Ресурстар


Сабақтың басы


5 мин







1.Оқушылармен амандасу, түгелдеу.


2. Психологиялық дайындық

Шаттық шеңбері


3. Топқа біріктіру

Суреттер топтамасы арқылы біріктіру

1-топ «Мағжан»

2-топ «Абылай хан»

3-топ «Батыр Баян»





Суреттер топтамасы




Сабақтың ортасы

25 мин




Үй тапсырмасын сұрау

1-топ «Мағжан – сыршыл ақын»

2-топ «Абылай елінің тәуелсіздігін аңсаған хан»

3-топ «Баян – Абылайдың сенімді серігі»

Жаңа сабақ

Қызығушылықты ояту сатысы.

«Батыр Баян» туралы бейнебаян көрсету

Мағынаны тану сатысы

XVIII ғасыр – қазақ тарихындағы ел тағдыры сынға түскен түйінді кезең. Бұл атамекенді жат жерлік басқыншылардан азат ету жолындағы Отан соғысында Абылай хан, Қабанбай, Бөгенбай сынды қолбасшылардың бастауымен бір жұдырықтай түйілген батыр бабалармыздың жанқиярлық ерлік өнегесін тарих беттеріне өшпестей етіп қашаған кезең еді. Иә, тарих – шындық. Поэма сюжеті XVIII ғ. қазақ-қалмақ арасындағы аласапыран, қиын- қыстау күрделі заманды бейнелеп, ұлт азаттығы, халық бостандығы жолында жан аямай күрескен, тарихта болған Баяндай батырдың басына құрылады. Сондықтан Мағжан қазақ азаматтарына әрі сын тағып, әрі ауыр міндет жүктеп, олардың алдына Абылай хан мен Батыр Баянды идеал етіп ұсынады. Олардың ерлік, даналық, адамдық істерін санада, жүректе жаңғыртады. Мінеки, сондықтан бүгінгі сабағымызда «Батыр Баян» поэмасы бойынша талдау жұмыстарын жүргіземіз.

Оқушылар поэма мазмұнымен танысып келеді.

Шығарманың құрылымы бойынша поэма мазмұнын еске түсіру.

І топқа – оқиғаның басталуы, дамуы

ІІ топқа – оқиғаның шиеленісуі, шарықтау шегі

ІІІ топқа – шешімі.

Дәптермен жұмыс

РАФТ -- әдісін пайдалана отырып кейіпкерлер бейнесіне ену

І топ

Роль – қалмақ қызы

Аудитория – Баян

Форма – хат

Тақырып – кешірім

ІІ топ

Роль – Батыр Баян

Аудитория – Ноян

Форма -- әңгіме

Тақырып -- өкінген іс

ІІІ-топ

Роль – Ноян

Аудитория – Баян

Форма – хат

Тақырып -- кешірім

Плакат, маркерлер



АКТ


Талдау

8 мин



Оқушыларға «Шекара шебінде» фильмінен үзінді көрсету. «Батыр Баян» поэмасының мазмұнымен салыстыру. өз ойларын ортаға салады.





АКТ


Сабақтың соңы

7 мин



1)Бекіту сұрақтары:

«3 неліктен» әдісі:

1.Неліктен Батыр Баян екі жасты өлімге қияды?

2.Неліктен Ноян қалмақ қызының ұсынысын қабыл алады?

3.Неліктен Батыр Баян Абылай ханның пікірімен келіспеді?

2)Бағалау: Сабақ барысындағы жұмыстануы бойынша, сабақ критерийлеріне сәйкес оқушыларды сыныппен кеңесе отырып бағалаймын, бағаға түсініктеме беріп, жетілу жолдарын айтамын.

3)Үйге тапсырма:

  1. М.Жұмабаевтың поэмаларын оқу

  2. «Мен-елімнің патриотымын» атты тақырыпта шағын шығарма жазу(поэмамен байланыстыру)




4)Рефлексия:

1. Бүгінгі сабақта маған____________________

_______________ қызықты болды.

2.Маған_____________________________________қиындық туғызды.

3. Менің көңіл-күйім___________________



(рефлексия парақтарына түсіреді)

- Сабақ аяқталды!

- Сау болыңыздар!








Бағалау парақтары










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
1320
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі