Батыр Баянпоэмасының көркемдік ерекшелігі

Тақырып бойынша 22 материал табылды

Батыр Баянпоэмасының көркемдік ерекшелігі

Материал туралы қысқаша түсінік
қмж
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақ: 4

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Байырова Ж. Р.

Сынып:7

Қатысқан оқушылар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

«Батыр Баян» поэмасының көркемдік ерекшелігі.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

А/И3. Көркем шығарманың тілі


Сабақ мақсаты

7.А/И3.Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау

Құндылықтарды игерту

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, академиялық әділдік.

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың жеке және жұптаса, топтаса отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу дағдылары негізінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс

Тарих: ХVІІІ ғасырдағы тарихи оқиғалар

АКТ-ны қолдану дағдылары:

PowerPoint, сілтемелер

Бағалау критерийлері:

Шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдай алады;

Ақынның тіл шеберлігіне сыни тұрғыдан баға бере алады.

Дескрипторлар:

- оқушылар тақырыптың негізгі мәселесін анықтайды;
- мәтіндегі көркемдегіш құрал түрлеріне кемінде 5 мысал келтіреді;
- көркемдегіш сөздердің түрлерін үзінді арқылы дәлелдейді;
- шығарма жайлы түйінді ой қорытады.

Тілдік мақсаттар:

Тілдік мақсаттарыңызды белгілеңіз, соның ішінде қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерге мысалдар келтіріңіз: кейіпкер, мінездеме, метафора, эпитет, қайталау.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Жаугершілік, қалмақ қызы, Жолдыөзек, Абылай хан, Қанай би, Ноян, бөрі, бөлтірік.т.б.

Пән лексикасы және терминология:

Мен ..............+ і.с. жұмысын «жетті» деп бағаладым, себебі....

Осыған дейін меңгерілген білім

Поэмадағы кейіпкерлер бейнесі туралы білетіндері сұралады.


Жоспар

Уақытты жоспарлау


Дереккөздер

Дид.материал


Басы


6 мин













Ортасы

30 мин



Топқа бөлу

Оқушылар «Мозайка» әдісімен топтарға бөлінеді.

Қызығушылықты ояту

Сабақ басталмас бұрын мұғалім оқушылардың өткен сабақта қазіргі заман ағымы жайлы жеке параққа жазып келген 5 жолды өлеңдерін жинап алады.

Ынтымақтастық атмосферасын құру

«Сенімділік» жаттығуы

Шарты: оқушыларға ақ парақтар таратылып, ортасынан екіге бөлу тапсырылады. Бір бөлігіне өздерінің жақсы қасиеттерін, екінші бөлігіне жағымсыз қылықтарын жазады. «Балалар, осы парақтың сіздердің жақсы азамат не азаматша болып өсуіңізге көмектесетін бөлігін жыртып, өзіңізге алып қалыңыз, екінші бөлікті (жағымсыз қылықтарды) умаждап, қоқыс жәшігіне салыңыз.

Мұғалім оқушылардың қазіргі заман ағымы жайлы жеке параққа жазып келген өлеңдерін жинап алады.

Оқушыларға оқу мақсаты мен бағалау критерийлері, дескрипторлар түсіндіріледі.Shape1

Зар заман

1-тапсырма

Баян бойындағы адамгершілік қасиеттер туралы поэмадан дәлелдер келтіре отырып талдаңыз.

Жаны таза


Батырлығы алашқа аян


Ханның қанаты


Намысшыл


Ұлт қаһарманы




Дескриптор

  • кейіпкердің адамгершілік қасиеттерін таниды;

  • кейіпкер бейнесін талдайды.



2-тапсырма

Көркемдегіш құралдарды сәйкестендіріңіз.

Осылай іштен күйген батыр Баян,

Баянның батырлығы алашқа аян.

Баянның інісі бар он бес жаста –

Бөрінің бөлтірігі – бала Ноян.


Эпифора

Балқаш қой, бұл айдыны, сылдыр қаққан, Балқаштың бетін мәңгі меруерт жапқан.

Ассонанс

Адасқан аққу құстай мен бір пақыр.

Арқаның аруы боп жүрсем-дағы,

Алыста туған, өскен жерім жатыр.

Анафора

Жас Ноян қызды көріп от боп кетті,
Көздері қызыл жалын шоқ боп кетті...

Риторикалық сұрау

Жорыққа қу қалмаққа жүрдім неге?

Тобына көк бөрідей кірдім неге?

Синекдоха

Қалың  қол  ортасында  Батыр Баян

Баянның  батырлығы  алашқа  аян.

Екі  көз  екі  қызыл  шоқ  боп  кеткен

Аузынан  көбік  болып  бұрқырап  қан.

Эпитет


Торғын ет, шапақтай бет, тісі меруерт,

Сұм сұлу анадайдан «ағатайлап».

Аллитерация

Оқушылар тапсырманы орындап болған соң, ақын шығармаларының көркем тілі жайында ортақ ойларымен бөліседі.


Дескриптор

Білім алушы


  • көркемдегіш құралдарды ажыратады;

  • ұяшықтарды дұрыс сәйкестендіреді.

  • - оқушылар тақырыптың негізгі мәселесін анықтайды;
    - шығарма жайлы түйінді ой қорытады.



«Жылжымалы қалпақ»







Қима қағаздар






А3 парағы, фломастерлер





Кері байланыс

Тапсырмаларды орындау қаншалықты қиын болды?

Келешекте неге назар аударар едіңіз?




Соңы

4 мин

Рефлексия

Байқағаным..............

Білгенім...................

Түйгенім...................

Үйге тапсырма

Ақынға айтарым” деген тақырыпта жұбыңызбен

жеке параққа хат жазып келіңіздер.


Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)

1. Жеке, жұптық және топтық жұмыс барысында белсенді әдіс- тәсілдер арқылы тапсырманы, барлық оқушылар мен оқушылардың көпшілігі орындай алуын жоспарладым.«Синкуэйн» жән«FILA толтыру»әдісістеріарқылы кейбір оқушылардың қабілетін көрсетуге мүмкіндік беру арқылы білімдері сараланды.







Қазақстан тарихы, АКТ,

Елдік,ерлік,өрлік батырлық, туған жерге сағыныш, сияқты құндылықтармен байланысты.


Сабақ бойынша рефлексия

  • Сабақ мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма, қолжетімді болды ма?

  • Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқу мақсатына қол жеткізбеген болса неліктен деп ойлайсыз?

  • Сабақ қалай және қандай деңгейде өтті?

  • Жоспарланған саралау дұрыс іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

  • Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

  • Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма, неліктен?

  • Осы жоспарға қандай өзгеріс енгіземін және неге?


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты):

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.01.2024
438
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
,
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі