жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
батырлар жырын жаңа педагогикалық технология бойыншы оқыту
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы
«Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі» МКҚК
Тілдер және әдебиет кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
БАТЫРЛАР ЖЫРЫН ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР НЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Мамандық атауы: 0111000 «Негізгі орта білім беру»
ПәніӘдебиетті оқыту әдістемесі
Орындаған Н.Алтынбек
Ғылыми жетекшісі п.ғ.м. және ф.ғ.м Т.Жоламанова
Дипломдық жұмысты қорғаған бағасы ______________
Кафедра меңгерушісі ________________ г.ғ.м. К.Абиева
Хаттама № ____ ____ ____________ 20___ ж.
Көкшетау, 2019
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ. |
|
І БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
|
|
1.1 Батырлар жырын оқыту |
|
1.2 Жобалай оқыту технологиясы арқылы батырлар жырын оқыту |
|
1.3 Мектепте "Алпамыс батыр" жырын оқытудың тиімді жолдары
|
|
II. |
|
2.1
|
|
2.3ҚОРЫТЫНДЫ |
|
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ |
|
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Батырлар жырын инновациялық технологиялар арқылы оқытудың тиімді жолдарын көрсетіп, әдістемесін ұсыну біздің жұмысымыздың өзектілігі болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Батырлар жырын педагогикплық технология арқылы оқытудың әдістемесін жасай отырып тиімді оқытудың жолдарын көрсету.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
батырлар жырын заманауи педагогикалық технология арқылы оқытудың ғылыми теориялық негізің көрсету.
Батырлар жырын оқытуда жаңа педагогикалық технологияны қолдануды практика жузіңде көрсету
Зерттеу барысында жүргізілген жұмыстарға сараптама жасай отырып қорытындысымен нәтижесін шығару.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі: кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Дипломдық жұмыстың нысаны:
Дипломдық жұмыстың зерттелуі: батырлар жырын жаңа педагогикалық технологиялар негізінде оқыту.
Зерттеу пәні : батырлар жырын оқытуда зерттеу барысындағы мақалалар мен ғыдыми еңбектер.
Зерттеу әдісі: зерттеу, баяндау.
Зерттеу болжамдары: батырлар жырын жаңа педагогикадық технологиялар арқылы оқыту негізінде оқушылар батырлыққа ерлыкке тарбиеленеді, өздігінен ұзақ жырларды оқуға құштарлығы оянады.
Жаңашылдығы: батырлар жырын жаңа педагогикалық технологиялар негізінле оқытудын әдістемесін ұсыну.
Теориялық негізі: Қ.бітібаева, А Көшімбаев, Ә Қоңыраьпаев, Қ Айтжановаеның еңбектері қолданылды.
Практикалық негізі: теориямен практиканы ұштастырып батырылар жырын оқытудың жолдары көрсетілді.
Қорғауға ұсынатын қағидаттар:
Құрылысы: диплом жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан тұрады.
\
I.БАТЫРЛАР ЖЫРЫ.
1.1 БАТЫРЛАР ЖЫРЫН ОҚЫТУ
Батырлар жыры — ауыз әдебиетіндегі ең бай да көне жанрлардың бірі. Қаһармандық эпос деп те аталады. Батырлық жырлар халық өмірінің тұтас бір дәуірін жан-жақты қамти отырып, сол тарихи кезеңдегі батырлардың сыртқы жауларға қарсы ерлік күресін, ел ішіндегі әлеум.қайшылықтар мен тартыстарды бейнелеп береді. Бірақ онда тарихи оқиғалар тізбегі өмірде болған қалпында емес, жырдың көркемдік шешіміне лайықты өріледі. Бас кейіпкердің жүріс-тұрысына, өзге елге ерлік сапарға шығуына және өз елін жаудан азат етуіне байланысты оқиғалар бір қаһарманның маңына топталып, соның бейнесін ашуға қызмет етеді. Эпос желісі белгілі бір тарихи дәуірге табан тіреп, соны көрсетіп отырғанымен, оған көбіне түрлі заманның оқиғаларын бір қаһарманға теліп жырлап беру тән. Батырлық жырлардың осы өзгешелігіне байланысты ғылыми ортада көптен бері түрлі тұжырымдар орын алып келеді. Ресейлік зерттеушілер (Б.А. Рыбаков, Р.С. Липец, т.б.) және кейбір қазақ ғалымдары (Әлкей Марғұлан, Әуелбек Қоңыратбаев, т.б.) эпостық жырлардағы тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғаларға сүйене отырып, жыр мен тарихтың жақындығын тілге тиек етсе, енді бір топ ғалымдар (В.Я. Пропп, Б.Н. Путилов, т.б.) эпостың нақты тарихи оқиғаларға қатысы жанама түрде ғана көрінеді деген пікірді алға тартады.
Соңғы кездері, эпостық жырларда тарихтың да, көркемдік шарттылықтың да белгілі бір дәрежеде орын алатынын, бұл екеуінің үнемі бірге әдіптеліп отыратынын негіздеген зерттеулер жарыққа шықты (В.П. Аникин, В.М. Гацак, Р. Бердібаев, Ш. Ыбраев, т.б.). Қалай болғанда да, Батырлық жырлар — ең алдымен көркем шығарма. Ол өзінің жанрлық нысанасына қарай шындықты өзінше қорытып, оны өзінің көркемдік өзгешелігіне қарай өріп отыратыны даусыз. Эпостық жырлар адамзат қоғамының тарихи даму үрдістерімен бірге жасап келеді. Осыдан болса керек, эпостық жырларды кейде тарихи кезеңдерге қарай топтастыру орын алып келе жатыр. Эпостық жырларды іштей саралап, жанрлық белгісіне, шығу дәуіріне қарай топтастырып отыру ғылымның жеткен деңгейін танытады және мұндай жинақтаушылық сипаты бар ой-пікірлер бұрын-соңды жүргізілген ізденістердің нәтижесіне сүйенеді. Қазақ эпосын пайда болған дәуіріне қарай топтастыру үлгісін Шоқан Уәлиханов, Г.Н. Потанин, В. Радлов, Ә. Диваев, Ахмет Байтұрсынұлы зерттеулерінің тәжірибесіне сүйеніп Марғұлан ұсынған болатын. Ол эпосты бес салаға бөлсе, кейіннен Қоңыратбаев эпосты он салаға бөледі.
Мыңдаған
жылдық тарихы бар қазақ эпосының шығу
дәуірін, жанрлық
түрлерін ішкі көптеген ерекшеліктеріне
қарай топтастыру оңай іс емес.
Батырлық
жырларын пайда болу кезеңдеріне қарай
ірі үш топқа жинақтауға болады:
1) “Ең көне заманғы эпос”, “ертегілік эпос”, “архаикалық эпос”, “көне эпос”, “мемлекетке дейінгі эпос” дейтін атаулар ғылымда алғашқы кезеңдегі эпостық жырларды атау үшін қолданылып жүр. Бұлардың қатарына “Ергенеқон”, Ер Төстік, мергендер туралы эпостық жырлар жатқызылады.
2) Тарихи кезеңдердің эпосы: Түрік қағанаты, Оғыз хандығы, ноғайлы дәуірі, Қазақ хандығы кезеңіндегі эпостар (“Қорқыт Ата кітабы”, “Алпамыс”, “Қамбар”, “Қобыланды”, “Ер Тарғын”, т.б.).
3) Жаңа дәуір эпосы (тарихи жырлар, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске байланысты жырлар, “Еспенбет”, “Өтеген”, “Нарқыз”, т.б.).
Батырлық жырлар байырғы көне эпостың жалғасы ретінде дами отырып, қоғамдық қарым-қатынастың, саяси-әлеуметтік жағдайлардың өзгеруіне, бұрынғы жекелеген рулар мен тайпалардың біртіндеп халық болып құрала бастауына сәйкес қалыптасты. Осыған байланысты бұрынғы мифтік түсініктердің іргетасы сөгілді. Қайшылық, күрес идеясының түпқазығы болып бұрынғы кездегідей дию-перілер емес, енді адамдар дүниесіндегі (басқа діндегі, тілдегі, мемлекеттегі) қайшылықтар тақырыбы алынды. Мифтік дәуірден бері қалыптасып келе жатқан батырға қаһармандық дәуірде жеке отбасы, үй-іші, қалыңдық үшін күреске шығу секілді әрекеттер жеткіліксіз еді. Енді оның ерлігі біртіндеп халықтың бостандығы, елдің бірлігі, көптің тілегі мен мүддесі үшін қызмет етуі керек болды. Мұның бәрі байырғы миф пен көне эпостың жанрлық белгілерін өзгертіп, мүлдем жаңа жанрдың — Батырлық жырлардың қалыптасуына жағдай жасады. Дегенмен, байырғы көне эпостың дәстүрі негізінде пайда болған Б. ж. бірқатар архаикалық белгілерін сақтап та қалды. Солардың бірі — батырдың болашақ жарын іздеп шығуы және осы сапарда кейбір қиыншылықтарды жеңуі. Мәселен, “Қобыланды”, “Алпамыс” жырларындағы батырдың алғашқы жорықтары осымен байланысты. Алайда, бұл жорықтың мәні біршама бәсеңдеп, жырдың түпқазығы батырдың елі-жұртын азат етуге аттанған сапарларына ауысқан. Мысалы, “Қобыланды” жырындағы Құртқа — батырға ат таңдап, болашақта қандай қиындық боларын алдын ала болжап отыратын көреген адам. Қарлыға Қобыландымен бірдей дәрежеде ерлік көрсетіп, батырлардан асып түспесе, кем түспейді. Әйтсе де, әйелеркі (матриархат) дәуірімен байланысты орын алған белсенді әйел қаһармандардың қызметі кейінгі Батырлық жырларда біршама шектелген. Әйелдер отбасы, үй-ішінің ғана көркі болып қалған. Қолына қару алып, ерлермен бірге жүретін, болмаса аға-інілерін үйлендіріп, олардың орнына өзі кек алатын әйел қаһармандар мұнда жоққа тән. Батырлардың іс-әрекетін, жүріс-тұрысын, тұлғасын әсірелеп, ұлғайтып көрсету батырлық жырларда маңызды орын алады. Аттың сөйлеуі, биік таулар мен қамал-қорғандардан ұшып өтуі, қысылғанда батырға ақыл-кеңес беріп, қиындықтан құтқаруы сияқты байырғы түсініктерге тән белгілер батырлық жырларда үлкен орын алады. Алайда бұл да біртіндеп шындыққа, реалды өмірге жақындай бастаған. Батырдың жеңілмейтіндігі және оған зақым келмейтіндігі де — эпикалық дәстүр. Қаһарманның өліп-тірілуі, “атса мылтық өтпейді, шапса қылыш кеспейді” сияқты ажалсыздық, батырға деген шексіз идеалдық түсінік, әрине, жалпы мифтерден бастау алатын “мәдени ілкі қаһарман” (Е.М. Мелетинский термині) ұғымымен төркіндес. Фольклордың өзге жанрларына қарағанда, Батырлық жырлардың көтерер жүгі анағұрлым үлкен. Халық тарихында орын алған, не орын алуға тиіс оқиғалар мейлінше жинақталып, әрі іріленіп суреттелумен бірге, олардың ел-жұрт, мемлекет тағдырындағы шешуші мәніне де көңіл бөлінеді. Елді біріктірген, немесе ынтымағын ыдыратқан оқиғалар саяси-әлеуметтік түп-тамырымен бірге ашылып көрсетіледі. Осының бәрінің бел ортасында халықтың аңсары ауған, әсіре мадақталған, мұраттас қаһарманы жүреді. Оның іс-әрекетінде қара басының қамынан мейлінше жоғары елдік, халықтық мүдде қашан да бірінші кезекте тұрады. Сондықтан болар, жырлардағы үлкенді-кішілі оқиғалардың бәрі де сол қаһарманның іс-әрекеті мен түсінігі арқылы тізбектеліп өтіп жатады. Сол арқылы халық іс жүзінде тарихи оқиғалар мен қоғамдық-әлеум. жағдайларға өз көзқарасын білдіреді. Сөйтіп, қаһармандық эпос тарихтағы оқиғалардың халықтық тұрғыдан бейнеленген, оның халық санасындағы көркем тілмен баяндалған шежіресі қызметін атқарады. Батырлық жырлардың ғасырлар бойы қалыптасқан көркемдік дәстүрі бар. Оны жыр құрылымынан да, оқиғалардың орналасу ретінен де, кейіпкердің бастан-аяқ атқарған ісіндегі бірыңғай тектестіктен де көреміз. Қазақ қаһармандық эпосының әрқайсысын жалпылама белгілеріне қарай жинақтар болсақ, ең алдымен, олардың сюжеттік құрылымындағы ұқсастықтарды инвариант (қайталанатын мотивтің жалпы тобы мен рет тәртібі) түрінде төмендегіше жіктеуге болады.
Заманымыздың заңғар жазушысы Ғ.Мүсіреповтің «Әдебиет деген- адамгершілікке сүйіспеншілік деген сөз. Өйткені шын мәніндегі көркем әдебиет- азаматтық терең ойдан, адамгершілік асыл идеялардан, биік парасаттан туады»- деген сөздері әдебиеттің ізгілік пен адамгершіліктің жолындағы асыл құрал екенін айшықтай түскендей. Әдебиетті оқытудың басты мақсаты- оқушыларды сөз өнерінің қыр- сырымен таныстыру, халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу, кітапқа деген ынтасын ояту, халқымыздың рухани байлығы саналатын- әдебиетті жан- жақты игерту, сол арқылы адамгершілікке тәрбиелеу. Мектепте оқылатын қай пәнді алсақ та, ол білім мен тәрбие беруде үлкен роль атқарады. Соның ішінде әдебиет пәнінің ауқымы, мүмкіндігі, маңызы да ерекше болып келеді. Әдебиет пәні-тұлғаны жан-жақты танудың пәні, оқушыны жан- жақты дамытудың, терең ойлантудың пәні. Оқушылар әдебиет сабағында сезімге беріледі. Әдебиет – ұлттық танымның қайнар көзі. Ауыз әдебиетінің баяғы заманнан ескірмей ұрпақтан–ұрпаққа ауысып отырған күрделі де мол бір саласы — батырлар жыры. Бұл жырларды жыршы–жыраулар ғасырлар бойы қобызға немесе домбыраға қосып, белгілі бір ән мен айтып, ауыздан-ауызға таратып келген. Қазақ батырлар жырындағы басты қаһарман елін сүйген батыр, ал оның басты мақсат-мұраты — халқын, Отанын басқыншы жаудан қорғау. Батырлар жырының көпшілігінде халықтың түбегейлі мұң-мүдесі көкселеді. Батырдың халыққа қамқоршы болу арманы, сол жолдағы іс-әрекеті жырлануы арқылы оның өз-үй ішіне, өз руына деген сүйіспеншілігі, де айқындалады. Батырлар жырларынан ерте замандағы баласы жоқ қарттың, бастаушысы жоқ елдің басқадан жәбір-жапа көретіні де танылады. Басқыншылардан қорғайтын батыр жайлы жырлар ел қиялында осындай зарығу, торығу тұсында туады. Мұндай батырды халық қартайған ата-ананың амандығы үшін қажет деп біліп, оның көршілес рулармен де күш біріктіруін көздейді. "Алпамыс батыр”, "Қобыланды батыр”, "Ер Тарғын”, "Қамбар батыр” сияқты қазақ батырлар жырларында қалмақ, моңғол басқыншыларының шабуылы баяндалып, қазақ батырларының сол күрестегі ерлігі жырланады. Олардың отаншылдығы мен адалдығы, уәдеге беріктігі зұлымдық пен қиянатқа қарсы қойылады.
Қазақ батырлар жыры жайында алғаш пікір айтып, зерттеу жүргізген ғалымдар — В.В.Радлов, И.Е.Березин, Г.Н.Потанин, Ш.Ш.Уәлиханов, Н.И.Ильминский, А.Е.Алекторов, Ә.А.Диваев. Олардың әрқайсысы әр кезеңде болса да, қазақ ауыз әдебиетінің соның ішінде батырлар жырының молдығын, өзіндік ерекшелігін атап көрсетті, көркемдік және мазмұндығы сапаларына шолу жасады. Сонымен бірге олар ел ауызынан эпос үйгілерін жинап хатқа түсіруде, жыр нұсқаларын бір-бірімен салыстырып баспаға даярлауда, орысшаға аудартып, түсініктер жазуда көп еңбек етті.
1.2
1.3 СЫНДАРЛЫ ОҚЫТУ ТОЕРИЯСЫ АРҚЫЛЫ БАТЫРЛАР ЖЫРЫН ОҚЫТУ.
.
Халық ауыз әдебиеті шығармаларының халыққа көп тараған түрлерінің бірі – батырлар жыры. Әр батырлар жыры – батырдың әр кезеңдегі ерекше қайрат, асқан ерліктерін жырлаған туынды. Батырлар жырының тақырыбы – Отанын қорғау, халықтың әдет-ғұрпын, салт-санасын дәріптеу. Әр оқиға бір-бірімен тұтас байланыста суреттеледі. Батырлар жырының тақырыбында да, композициялық құрылымында да, оқиғаларды баяндау әдістерінде де өзіндік ерекшеліктер кездеседі. Батырлар жырында бір тапқа не бүтін бір халыққа тән ең қызықты деген оқиғалар бейнеленеді. Кейіпкерлері – даңқы жер жаратын батырлар, елін, жерін жаудан қорғаған ер жүрек ерлер, ұлттық қасиеттерді бойына сіңірген халық қаһармандары.
VI сыныпта «Қобыланды батыр» жырын оқытар алдында дарынды, таланты балалармен жұмыс модулін жүзеге асыру барысында оқушыларға алдын ала жырды зерттеуге тапсырма беріп, жырды оқытудың бірінші сағатында оқушылардың зерттеп, жинақтап келген материалдарынан бастаған жөн. Мысалы:
1-оқушы: Қобыланды батыр, Қарақыпшақ Қобыланды – аты аңызға айналған халық батыры, қолбасшы. Шамамен XV ғасырда өмір сүрген. Қыпшақ тайпасының қарақыпшақ тармағынан шыққан. Халық жадында сақталған әңгімелерде оны көбіне «Қарақыпшақ Қобыланды» деп атайды. Сондай-ақ, Қобыландының ірі қолбасшысы болып, талай шайқастарға қол бастап барғаны жөнінде де баяндалады.
2-оқушы: Ол жас кезінде Көшпелі өзбектер мемлекетінің билеушісі Әбілхайыр ханның жанында жүреді. Ханның арандатуымен Қодан тайшының ұлы Дайырқожаны (Ақжол биді) өлтіреді. Бұл оқиға Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілхайырдан бөлініп 200 мың адаммен бірге Шу өзені бойына көшуіне, сөйтіп, жаңа мемлекет – Қазақ Хандығының пайда болуына алып келеді. Қобыланды батыр Қазан қаласына жасалған жорыққа қатысқан. Едіге бидің төртінші ұрпағы Әлшағырмен соғысқан. Өзі де Әлшағырдың ұлы Орақ батырдың қолынан қаза табады. Бейті қазіргі Ақтөбе облысы аумағында орналасқан.
3-оқушы: «Қобыланды батыр» жыры – қазақ халқының қаһармандық жыры. Негізгі мазмұны – шетел басқыншыларынан елді қорғау, осы жолда асқан ерлік көрсеткен ер азаматтардың батырлық істерін көрсету. Көркемдік биік қасиеттері жағынан дүниежүзі халықтарының белгілі батырлық эпостарының қатарында тұрған классикалық шығарма. Жырдың ең көне түрі бізге жетпеген. «Қобыланды батыр» жырын жырлаған ақын, жырау-жыршылар өзі өмір сүрген дәуір тұрғысынан толықтырып, өңдеп, әрлеп отырған. Сондықтан да, «Қобыланды батыр» жыры – көп нұсқалы жыр. Бізге талай ғасыр талқысына түсіп, талай ақын-жыраулардың өңдеуінен өткен кейінгі нұсқасы ғана белгілі.
4-оқушы: «Қобыланды батыр» жырын жинау, хатқа түсіру жайы тек ХІХ ғасырда ғана қолға алынды. «Қобыланды батыр» жырының бізге 29 нұсқасы жеткен. Оның 26 нұсқасы – Қобыланды батырдың ерлігі жайында, қай нұсқа болмасын алғаш хатқа түсіріп, оны жырлаған ақын-жыраулардың аттарымен (Мысалы: Мергенбай, Біржан, Нұрпейіс, Қабыл, Нухридин т.б.) аталған.
Тақырыпты өтпес бұрын алдын ала тапсырма беру – оқушыларды шығармашылыққа, ізденімпаздыққа, білімдарлыққа тәрбиелейді.
VI сыныпта «Алпамыс батыр» жырын оқытудың бірінші сабағында мұғалім бірлескен топтық жұмыс модулін жүзеге асыру бағытында «Оқы. Талда. Пікіралмас» әдісі арқылы «Алпамыс батыр» жырының халық арасына көп тараған әрі көлемді, әрі көркем жырының мәтінін оқып, талдауға ұсына отырып, негізгі тақырыбы мен нұсқалары туралы айтады.
Жырдың негізгі тақырыбы – өз елін, өз жерін сыртқы жаудан қорғау. Ал жырдың идеясы – ерлікті насихаттаған халық қаһарманының ерлік істерін көрсету. Алпамыс өзінің жеке басының қамы емес, бүкіл елдің амандығын, ешкімге бағынышты емес, тәуелсіздігін ойлайды. Сол халық қамы үшін, елінің, жерінің саулығы үшін қолына қару алады, жауына қарсы шығады.
Жырды оқытудың екінші сағатын аналитикалық әңгіме түрінде өткізуге болады. Өткен сабақта Алпамыс батырдың ерлік істерін саралап, талдау жұмыстары берілген болатын. Мұғалім соған орай, оқушылар назарын мынадай мәселелерге аударады: Алпамысты ерлікке бастаған қандай биік арман? Ал жауының мақсаты не? Жырдағы Алпамыс пен Ұлтанның іс-әрекеттерін салыстырыңдар.
Оқушылар бірінші сұраққа Алпамыстың арманы – халқының қамы үшін, халқының бірлігі, тыныштығы екенін, сол биік арман ерлікке бастап, жаумен айқасқа бел байлағандығын айтады. Оның тілегін бүкіл халқы тілейді, сол халқының жолына батыр да басын өлімге тігеді. Ал Ұлтанның тілегін кім тілейді? Оның іс-әрекетін халық құптай ма? Осы тұста Алпамыс пен Ұлтан мінезін салыстыра талдау ұтымды. Оқушылар осындай жұмыстар арқылы тек Алпамыс батырдың мінезін ғана емес, Ұлтанның да мінезінің жағымсыз жақтарын көрсетеді. Ұлтанда биік арман бар ма? деген сұраққа оқушылар жауап іздейді. Сөз соңында Ұлтанда мұндай асқақ арман жоқ екенін дәлелдеп береді. Ұлтанның Алпамыс жоқ кезде еліне қорған болудың орнына өз құлқыны үшін еткен іс-әрекетін нақты мысалдармен айтып береді.
Мұғалім әңгімелесу барысында оқушыларды мәтінге сүйеніп дәлелді сөйлеуге үйретеді. Шығармаға талдау жасай отырып, оқушы өз пікірін, өз түсінігін айтып берсе, жырды толық меңгергендігі байқалады. Оқушыларды ойландыру, ізденіс жасауға ынталандыру, шәкірттерінің қиялына қанат бітіру ұстаздың оқу үрдісінде түрлі әдіс-тәсілдерді ұтымды қолдануына, шеберлігіне байланысты. Мұғалім дамыта оқытуды тиімді пайдалану жағын қарастырады. Қарапайым сұрақтарды өрбіте отырып, проблемалық сұрақтарға ауысады. Танымдық тапсырмалар беріп, оқушыларының шығармашылық қабілеттерін шыңдайды.
«Алпамыс батыр» жырын оқытудың үшінші сағатында Кубизм стратегиясы бойынша сабақты жүргізуге болады. Кубизм стратегиясы бойынша жүргізілетін тапсырмалар жүйесі:
1. Суреттеңіз. Алпамыс батырдың әкесі Байбөрі байдың байлығын суреттеп беріңдер.
2. Баяндаңыз. Жырдан мысал келтіре отырып, Алпамыс батырдың ерлік істерін рет-ретімен баяндаңдар.
3. Талдаңыз. Шығарманы композициялық құрылысына талдаңдар.
4. Салыстырыңыз. Венн диаграммасы бойынша Алпамыс пен Ұлтанға мінездеме беріп, салыстырыңдар.
5. Қолданыңыз. Алдыңғы сабақтарда өткен троптар мен фигураларды қолданып, батырдың жары Гүлбаршынның мінез-құлқын, кескін-келбетін, сұлулығын кескіндеп беріңдер.
6. Зерттеңіз. Тайшық ханның елін талқандап, ханның көрген түсін өтірік емес шын қылып, ханда кеткен кегін қайтарып, еліне аман-есен қайтып келе жатса, туыс-туғандарының тоз-тоз боп кеткенін Тортайдан естиді. Алпамыстың туғандары неге осындай халге душар болды? Осы жағдайды зерттеңдер.
Батырлар жырын оқытуда біршама қиындықтар да кездеседі. Ол қиындықтар – жырдың ұзақтығы, поэтикалық тілі. Сонымен қатар жырда қазақ халқының байырғы көне сөздері көп кездеседі. Бұл қиындықтарды жеңудің бір жолы – жырды алдын ала оқуға беру, жырды оқыту барысында лингвистикалық комментарий беріп, әр сөздің мәнін терең түсіндіру. Алдын ала оқыған жырды бөлім-бөлімге бөлгізіп, әр бөлімге қысқаша аннотация жазып келуді үйге тапсыру.
Жырдың мазмұнын меңгерту барысында сюжеттік-композициялық жоспар жасап, оқушыларға ұсыну. Сонда бала алдындағы жоспарға қарап алдын ала оқыған жыры бойынша жырдың мазмұнын есіне түсіреді, әрі мұндай жұмыс жырды жан-жақты талдауға, жырдың басты-басты оқиғаларын тез қабылдауына, жыр мазмұнын жүйелі түрде тұжырымдауға септігін тигізеді.
Ақпараттық коммуникациялық технологиялармен жұмыс модулін жүзеге асыру бағытында жырды аудиожазбадан тыңдатып, деңгейлік тапсырмалар беру. Мәселен, І деңгей (репродуктивті деңгей) 1. Жырдан берілген үзінділерді мәнерлеп оқу (диктафонға жазып, оқушыларға ұсыну). 2. Жыр мазмұны бойынша сұрақтар құрастыру. 3. Жырды эпизодтарға бөліп, мазмұндау. 4. Жырдан үзінді жаттау. ІІ деңгей (алгоритмдік деңгей) 1. Эпизодтарға қысқаша аннотация жазу. 2. Бас кейіпкерлеріне дара мінездеме беру немесе басқа батырлар жырының бас кейіпкерлерімен салыстыра отырып салыстырмалы мінездеме беру. 3. Жырға эстетикалық талдау жасау (жырды көркемдік ерекшелігіне талдау). 4. Жырды композициясына талдау. ІІІ деңгей (эвристикалық деңгей) 1. Проблемалық сұрақтарға жауап беру (Қобыланды өз ерлігін дәріптеу үшін соғысты ма? Әлде елін сыртқы жаулардан қорғау үшін соғысты ма?). 2. Жырдан өзіне ұнаған тұстарын жазып алып, өз пікірін білдіру «Екі жақты күнделік» әдісі арқылы семантикалық карта толтыру). 3. Жыр мазмұнын негізге ала отырып сөзжұмбақ не ребус құрастыру (компьютерде орындау). 4. Өзіне ұнаған бір эпизодына сурет салып (компьютерде орындап), әңгімелеп беру. ІV деңгей (шығармашылық деңгей) 1. Жырдың тәрбиелік мәнін аша отырып, эссе жазу. 2. Өзіне ұнаған эпизод бойынша шағын қойылым дайындау. 3. Ерлік тақырыбында екі-үш шумақты өлең шығару. 4. Жырдың тарихи негізіне тоқталып, баяндама жазу.
IX сыныпта батырлар жырын оқытуда орта буындағыдай мазмұнына талдатудан гөрі толық әдеби талдау жасауға көбірек көңіл бөлген жөн.
2. Әдеби талдау жасау барысында жырдың тарихи негізіне тоқтала отырып, жырдың тарихпен байланысына талдау жасау.
3. Танымдық, іздену бағытындағы жұмыстар жүргізе отырып, пікірталастар ұйымдастыру.
4. Батырлар жырының зерттелуі жайлы ғылыми материалдарды оқыта отырып, жоспар-тезис жасату, конспектілету.
5. Жырдың зерттелуіне байланысты жазылған бірнеше ғылыми еңбектерді оқыта отырып, салыстырмалы түрде талдау жасату, әр зерттеу жұмысқа деген пікірін айтқызу.
6. Образ жүйесіне талдатуда образ түрлеріне талдату, кейіпкердің сомдалу ерекшелігіне көңіл бөлгізу.
7. Жырдағы әйелдер бейнесін аша отырып, әйелдің қоғамдағы орнын, қызметін айқындату.
8. Қазіргі бейбіт замандағы әйелдер рөлін көрсету.
9. Жырдағы әйелдер портретін жасай отырып, ХХІ ғасыр әйелдерінің портретімен салыстыру.
10. Жырдың поэтикалық тіліне назар аудара отырып, жырдың көркемдік ерекшелігіне талдау жасау.
11. Батырлар жырын қазіргі ерлік, батырлық тақырыбына жазылған туындылармен салыстыра талдау жасап, ерекшеліктерін көрсету.
12. Жырда кездесетін фигура, троп түрлеріне анықтама беріп, талдау жүргізу.
13. Сөздік жұмыстарын жүргізіп, мағынасы қиын сөздерге қосымша түсінік беріп, оқу сөздігімен (оқу сөздігі – бірнеше сөздіктің жиынтығы) жұмыс жасау.
14. Бірнеше батырлар жырын оқытып, оқырмандар конференциясын ұйымдастыру.
Кез келген жанрдағы туындыларды оқытуда әдіс-тәсілді алмастырып, тапсырмаларды түрлендіріп отырса, сабақтың сапасы артады.
ІІ.БАТЫРЛАР ЖЫРЫН ОҚЫТУДАҒЫ ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР
2.1 ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР ЖЫРЫН СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ
Болашақта ел тұтқасын ұстар азаматтардың маңызды мәселелердің бірі- олардың ізеттілігін, тапқырлығын, ептілігін, байқағыштық қасиеттерін қалыптастыру қажет екені Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан – 2030” жолдауында жан-жақты қарастырылған. Мен қазақ тілі маманы ретінде тәжірибемде кездесіп жататын кейбір тұстарға тоқталып өткім келеді. Ұстаз- өз білімін жетілдіріп, толықтыра отырып қана оқушыға білім бере алады. Қазіргі заманғы ұстаз -уақытпен бірге жаңарып, толықсып келе жатқан, озық технологияларды жан-жақты меңгерген білікті ұстаздар. Олардың алдындағы үлкен мақсат- оқушы бойына өзінің бойындағысын сіңіру. Мен оқушылармен жұмыс жасауда шағын топтармен жұмыс жасауды қолдандым. Бұл әдіс оқушының шығармашылық қабілетін арттыруға мүмкіндік береді. Оқушылар бірі- бірімен қатынас жасау арқылы өз пікірлерін, көзқарастарын айтып үйренеді. Өзінің айтқанын дәлелдеуге тырысады. Олар бір-бірімен кеңесе отырып, ортақ шешімге келеді, бірлесіп талқылайды. Мысалы: 9 сыныпта «Қамбар батыр» жыры берілген. 1-2 сағат аясында бұл шығарманы толық оқушы бойына сіңіру мүмкін емес. Сондықтан да Қанипа Бітібаеваның «Батырлар жырын оқыту» туралы кеңесін басшылыққа алып, кіріспе жұмыс ретінде «Батырлар жыры» туралы алғашқы әдеби –теориялық ұғым бердім.
Оқушылар батырлар жырындағы халықтың арманы, халықтың тарихы туралы мәліметтер алды. «Қамбар батыр» жырының мазмұнын меңгерту үшін жырға шағын сюжеттік- композициялық жоспар жасадық. Бұл жоспар арқылы оқушыларға жырдағы басты оқиғалар туралы мәлімет бердім. Өзім жырды оқып беріп, жырдың оқылу мәнерімен таныстырдым. Жырды оқушыларға тізбектетіп, мәнерлетіп оқыттым. Эпизодтардан сұрақтар қоя отырып, негізгі оқиғаларды мазмұндаттым. Аннотация жаздырттым. Жырмен толық танысып шыққан соң, жетелеу сұрақтарын қою арқылы жырдың толық мазмұнын сұрадым. Ал жетінші сыныптарда «Батырлар жырын» оқытуда топтағы оқушыларды 3 топқа бөлдім. Оларға «Ой шақыру стратегиясы» арқылы «Батырлар жыры» ұғымын ашатын сөздерді жазу арқылы батырлық, ерлік, қаһарман, жекпе-жек, жүйрік ат, ер, намысшыл, батыл елін сүйетін т.б сөздерді жазды. Батырлар жырының мазмұнымен танысып, жаңа сөздермен сөздік жұмыс жасадық. Түсініксіз сөздерді синонимдермен алмастырдық. Жырды үш бөлімге бөліп, әр топ өз бөлімдеріне жоспар құрды. Сабақты бекіту кезеңінде кубизм әдісін пайдалану арқылы 1-ші топ батырлар жырының жанрлық ерекшелігін анықтаса, 2-ші топ батырлар жыры мен лиро эпостық жырларды салыстырды. 3-ші топ зерттеу: «Батырлар жырының» зерттелуі туралы мәліметтермен таныстырды. 1-ші топ қолдану кезеңінде жырдан үзінділер оқыды. 2-ші топ талдау кезеңінде жырдың көркемдік ерекшелігі, тілін талдады. 3-ші топ талқылау кезеңінде батырлар жырының маңызы туралы айтты. Сабақты қорытындылау кезеңінде жырдың тақырыбы мен идеясын аштық. Жырда сөз болған мәселелерді анықтадық.
Батыр бейнесіне топтастыру әдісін қолдану арқылы сөздерді іріктедік. Топта атқарылған жұмыстар бойынша оқушылардың білімдері бағаланды. Үй тапсырмасына жырдан үзінді жаттауға және осы жыр бойынша сызба құру, жобалау жұмыстары берілді. Рефлексия кезеңінде оқушылар топ болып жыр мазмұны туралы ойларымен бөлісті. Осы жұмыстарды орындату арқылы мен оқушыларға қажетті білім бере алдым деп ойлаймын. Өйткені, үй тапсырмасын тексеру кезеңінде оқушылардың сызба жұмыстары, жобалау жұмыстары арқылы оқушылар жыр туралы толық мәлімет алып шыққанын байқадым. Батырлар жырын оқыту арқылы оқушы бойына ерлік, батырлық, намысшылдық елін сүю т.б қасиеттерді меңгертуге болады. Осы сабақтарды өту арқылы мен мұғалім ретінде Қ.Бітібаеваның тәжірибесінен өзіме қажет нәрселерді алдым деп ойлаймын. Енді оқушыларға ақын- жазушылардың өмірбаянын, шығармашылық жолын, көркем туындыны т.б қалай жеткізу керек екендігін білемін. Батырлар жырын оқытудың қиындығы оның ұзақтығына, тілінің бүгінгі балалар үшін поэтикалық ерекшелігіне байланысты.
Батырлар жырын оқытуда көңіл бөлінетін басты мәселелер мәтінмен жүргізілетін жұмыс кезеңдерінде қарастырылады.Ол кезеңдер кіріспе жұмыстар, жыр мазмұнын меңгерту бағытындағы жұмыстар, қорытынды жұмыстар болып табылады. Кіріспе кезеңде оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріле отырып батырлар жыры туралы алғашқы әдеби-теориялық ұғым беріледі, батырлар жырында халық арманы, халық тарихы жататыны түсіндіріледі. Жыр мазмұнын меңгерту бағытындағы жұмыс жоспар жасаудан басталады.
Жырдың сюжеттік-композициялық жоспары жасалады да, оқушылардың көз алдына қойылады. 6 сынып оқу бағдарламасында «Қобыланды батыр» жырына 3 сағат берілген. Жырдың төмендегідей сюжеттік-композициялық жоспары ұсынылады.Оны «Ой қозғау» әдісіне салып оқытуға болады. Мысалы: 1)Қобыландының дүниеге келуі. 2)Қобыландының алғашқы күресі. 3)Қобыландының тұлпары - Тайбурыл. 4)Тайбурылдың шабысы. 5) Қобыланды және қазақ хандығы. 6) Қобыландының тұтқынға алынуы. 7) Көбіктінің ащы сөзімен жеңілісі. 8) Алшағыр ханның сарайында. 9)Қобыландының Құртқа сұлуға үйленуі. 10) Қобыланды батырдың ұлы , осы сияқты бірнеше сұрақтар арқылы ой қозғауға болады.
Батырлар жыры – ауыз әдебиетінің маңызды да күрделі жанры. Оның оқытуға қиындығы – ұзақтығы, тілінің бүгінгі балалар үшін сонылығы, поэтикалық ерекшелігінде. Әсіресе, оны оқыту 5-8-сыныптар арасында мұғалімге көп еңбек сіңіруді қажет етеді. Батырлар жырын оқытуда мұғалім басты-басты мына мәселелерге көңіл бөлу керек (5-8-сыныптарда).
Кіріспе жұмыстар «Батырлар жыры» туралы (эпостық жырлар) алғашқы әдеби-теориялық ұғым беру. (Оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып).Батырлар жырындағы халық арманы, оның негізіне халық тарихының жататыны. Мазмұнын меңгерту бағытындағы жұмыстар
Жырдың сюжеттік-композициялық жоспарын жасап, оны балалардың көз
алдына іліп қою. Мысалы, 7-сыныптағы «Қамбар батыр» жырын «Айқын мақсат қоя отырып» деген әдіске салып жоспар жасауға болады:
Жыршының баяндауы (Әзімбай туралы).
Қыз Назымның сұлу сипатын суреттеуі.
Қыз Назымның күйеу таңдауы, ешкімді ұнатпауы.
Қамбарға ғашық болуы.
Қамбардың сипаты.
Қамбардың халқы үшін аңшылықпен айналысуы.
Аң аулап жүргенде, жолбарыспен шайқасуы.
Назым аулының үстінен өте шығуы.
Назымның өкпесі, назы.
Қамбардың жолына тор құруы.
Қамбар мен Назымның тілдесуі, бір-біріне мұңшағуы.
Назым ағаларыың ашуға булығуы.
Алшыораздың араша түсуі, ақылы.
Қалмақ ханының Назымға құда түсуі.
Алшыораз бен Келмембеттің соғысы.
Қараман ханның қаһары. Әзімбай аулына жорығы.
Әзімбайдың қысылуы, Қамбарға кісі салуы.
Қамбардың елімен қоштасып, көмекке аттануы.
Қараманды іздеп баруы, сөзбен айқасуы.
Қараманның жекпе-жекке шығуы.
Соғыс сипаты.
Қараманды, қалмақтарды жеңуі.
Қамбардың Назымға үйленуі.
Ұзақ жырға, әрі оқиғалары да күрделі жырға осындай жоспар құру балалардың жырдағы басты оқиғалапды тез қабылдауы, аңғаруы, әрі сол бойыша мазмұнын жүйелі түрде тұжырымды етіп айтып беруіне көмек-нұсқау рөлін атқарады.
2. Жырды күйтабақтан тыңдатып (басқа жырды да оқытуға болады), жырдың оқылу мәнерімен таныстыру.
3. Жырды мәнерлеп оқу. Басты-басты эпизодтарға бөліп оқып, ізінше мазмұндатып отыру. Мазмұндауды сұрақ-жауап әдісімен жүргізу, басты оқиғаларын айтқызу. Аннотация жаздыру.
Мына үлгіде жүргізуге болады:
Басты эпизодтар |
Сұрақтар |
І. Назымның күйеу таңдауы ІІ. Қамбар. Назымның ғашық болуы. ІІІ. Қалмақ ханының құда түсуі ІҮ. Қараманның Әзімбай аулына жорығы Ү. Әзімбайдың Қамбарды көмекке шақыруы ҮІ: Қамбардың Қараманға баруы. Қараманды жеңуі ҮІІ. Назымға үйленуі |
1. Назым кім? Оның сипаты қалай берілген? 2. Қамбар туралы хабарды қайдан естиді? 1. Қамбар туралы жырда не айтылған? Оның сипаты жырда қалай берілген? 2. Назымға неге қарамайды? Себебін айт 1. Құда түсіп келген Келмембет қандай жағдайға ұшырайды? 1. Жазаланған Келмембет Қараманға не айтады? 2. Қараманның ашуы қалай сипатталады? 1. Әзімбай Қамбарға қандай сәлем айтады? 2. Қамбар қандай шешімге келеді? 1. Қамбар Қараманға не дейді? Қамбар мен Қараман арасындағы диалог, мазмұнын айт. 2. Қараманды қалай жеңеді? 3. Қараман қалай соғысады? 1.Назым Қамбарды не деп мақтайды? |
(1-кесте)
Бұл кестенің тиімділігі оқушыларға жырды оңай түсініп алуға өте тиімді.
4. Жырды оқып біткен соң, мазмұнын толық айтқызу. Ол үшін үйге тапсырма бергенде, жауаптарын тезис арқылы жоспарын жасатқызу. Мазмұндау жүйелі болу үшін, соған қарап айтқызу.
5. Оқушылар жауабын бір-біріне толықтырып отыру.
6. Бір-біріне қоятын сұрақтарын «ВЕЕР» әдісі арқылы әзірлету.
7. Ұнаған жерлерін жатқа оқытқызу.
8. Жауаптарында да жырдан үзінді келтіре отырып айтқызу.
(Мақаламен ашқызуға болады, бала қабілетіне қарай).
Интерактивті тақаны пайдалана отырып, жырға әдеби талдау жасау
а) Жырдың идеясын тақырыбын ашу. Оны мұғалім әңгімесі, сұрақ-жауап арқылы жүзеге асыру. Мынадай сұрақтар қоюға болады:
1. Қалай ойлайсыңдар, жырда қандай мәселелер сөз болады? Жырдың негізінде жатқан басты ой не?
2. Жырдың негізгі ойы қай бейне арқылы көбірек көрінеді?
ә) Жыр кейіпкерлері туралы пікір жинақтау:
1. Қамбардың қандай қасиеттерін ерекше бөле-жара айтар едің? Сұрақ-жауап практикалық жұмыстар арқылы талдау.
2. Қамбар бейнесін жасай отырып, халық не айтпақшы болған? Халық арманы туралы не айтар едің?
3. Назымға қарап бұрынғы қазақ әйелдері қандай болған деп ойлайсың? Оның бейнесінің негізіндегі халық арманын не деп түйіндер едің?
4. Қараман, Келмембеттер бойындағы жек көрінішті қасиеттер қайсы?
5. Назымның ағалары туралы қандай деп ойлайсыңдар?
6. Портреттеу, суреттеулерді тауып, оның кейіпкерлер іс-әрекетін ашудағы маңызы мен орнына тоқтал.
б) Тіл көркемдігі, өлең құрылысына талдау жасау. Практикалық жұмыс, сұрақ-жауап:
1. Жырдан асыра, әсірелей суреттелінген жерлерді табу, оның маңызына тоқталу.
2. Теңеулерді , эпитеттерді табу.
Аллитерация, ассонанстарға назар аудару. Оның қолдану маңызына тоқталу.
3. Диалогтерді тауып, оның жырдағы орнын, маңызын ашу.
4. Өздеріне ұнаған айшықты сөздер, сөз тіркестерін тапқызу. Ұнау себебін дәлелдету.
5. Сөздік жұмыстарын жүргізу.
Жырды талдау кезінде сурет-мысалдарды пайдалану, қабілетті оқушыларға жыр бойынша өзіне ұнаған эпизодтарға суреттер салғызудың маңызы зор. Мүмкін болса, жыршы-термешілермен кездесу өткізіп, жырдан үзінді жаттатып, оқушыларды да жырды мақаммен айтқызуға талаптандыру жұмыстары тиімді болмақ.
2.2 БАТЫРЛАР ЖЫРЫН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТҮРДЕ ОҚЫТУ
1. Жыр мазмұнын меңгерту алдын ала үйден оқып келу, сыныптан тыс оқу арқылы жүзеге асырылады. Төменгі сыныптардағыдай емес, жыр толық беріледі, оны талдау да күрделене түседі.
2. Жыр мазмұнын тез, әрі өз мәнінде толық меңгеру үшін, мұғалім басты-басты эпизодтарын қамтыған сюжеттік жоспарды ұсына алады. Келесі жырды оқуға бергенде, оқушылар осындай жоспарды өздері жасайды.ы
(Ескерту: 9-сыныпта бірнеше жырлар талдауға берілген).
3. Бұл сыныптарда жырдың мазмұнына қарағанда, толық әдеби талдауға ерекше көңіл бөлінеді.
4. Әдеби талдауда жырдың тарихи негізі, яғни халқымыздың басынан өткен тарихи оқиғалары осы батырлар жырларынан көрінетініне тоқталу керек. Бұл мәселені мұғалім өзі немесе тарих пәні мұғалімінің көмегімен жүзеге асырады. Кейде оқушылардың өздеріне дайындатып, қысқаша хабарлама жасатудың да маңызы бар.
5. Танымдық: іздендіретін, ойландыратын сұрақтарды алдын ала беріп, оқушылардың өз ойларын, пікірлерін жинақтатып, жаңа сабақ кезінде пайдаланып отыру, әңгімелесу, пікір таластарын туғызудың да тиімділігі ерекше болмақ.
Ғылыми материалдармен мынадай жұмыстар жүргізуге болады:
а) Мұғалім өтіліп жатқан тақырыпты қамтитын еңбектің нақты жерлерін көрсетіп беріп, оқушылардан оны жауаптарына пайдалануды талап етеді (үзінділер келтіру арқылы).
ә) Ғылыми материалдарды оқып, жауаптарының жоспар-тезисін жасау, қысқаша конспектілеу.
б) Мұғалім оқушылардың бінеше ғылыми материалдар бойынша өз пікірлерін ортаға салып (тақырып бойынша), салыстыруға, әдеби айтыс ұйымдастыруға бастамашы болады.
Батырлар жырын талдау, әсіресе, образдарды талдауда салыстыру жұмыстарының маңызы зор. Мысалы, жырдағы «Әйелдер бейнесі» немесе «Қалмақ батырлары», «Батырлар бейнесі», «Ат – батырдың сенімді серігі», т.б. тақырыптарда салыстыру жұмыстарын жүргізуге болады. Әйелдер бейнесін салыстыруда «Алпамыс батыр» жырындағы Гүлбаршын, Қарлығаш; «Қобыланды батырдағы» Құртқа, Қарлығаны; «Ер Тарғындағы» Ақжүніс бейнелерін алуға болады.
Салыстыру жұмыстары үшін мынадай сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады:
1. Батырлар жырындағы әйелдер бейнесіне тән ортақ қасиеттерді сарала.
2. Өзіндік ерекшеліктері, айырмашылықтары туралы қандай пікірдесің?
3. Әйелдер бейнесі арқылы бұрынғы өткен әпкелеріміз, аналарымыз туралы не айтар едің? Халқымыз аналарға, әйелдерге қандай көзқараста болған деп болжам жасайсың?
4. «Батырлар жырындағы» ең ақылды, ең сұлу деп кімді айтар едің? Өзіңе, әсіресе, қай кейіпкер ұнайды? Ұнау себебін дәлелде.
5. Жырлардағы әйелдерге берілген портреттеуді салыстыр.
а) Поэтикалық тіліне назар аудар, яғни портреттеуде қандай айшықты сөздер пайдаланылған?
ә) Ұқсас портреттеулер бар ма?
6. Жырдың өлең құрылысын бұрын өтіп кеткен тұрмыс-салт жырларымен салыстыруға болады.
7. Образды талдағанда да немесе тіл көркемдігі туралы сөз болғанда да, үнемі мәтінге сүйенудің маңызы зор. Мұғалім өз түсінігінде де, бала жауабында да мәтінді басшылыққа алғаны дұрыс. Үнемі нақты мысалдар келтіріп, дәлелді сөйлеудің орны бөлек. Себебі, жырдың тілі күрделі, оны тіпті мәтінге жақын мазмұндау да қиын болып келеді.
8. Батырлар жырын талдауда көрнекті құралдардың да тиімділігі бар.
Мысалы, «Ер Тарғын» жырындағы Тарғын бейнесін оқытуда төмендегі көрнекі құралды пайдалануға болады (кесте-плакат етіп жазып пайдалану).
Үлгі:
Оқиға |
Тарғынның іс-әрекеті |
Қысқаша мінездеме |
1. Қуғын 2. Қарт Қожақпен бетпе-бет келуі. |
а) Қорықпай қарсы алады ә) Кішілік жасап, әдеп сақтап, кезгін береді. б) Қарт Қожақтың керемет батыр, күш иесі екенін түсінеді |
Тарғын – үлкенді сыйлай білетін, басқаның артықшылығын мойындай білетін ер. Ол – нағыз батыр, намысты батыр |
(2-кесте)
Бұл кесте арқылы оқушылар жырдан түсінбеген жерлерін оқиға желісіне бөле отырып, оңай әрі жылдам ұғып алады.
ә) жалпы жыр туралы ғалымдар, фольклористер пікірін, бағаларын жазып, іліп қою, керегінде пайдалану.
б) «Батырлар жыры - өнерімізде» атты стенд жасауға да болады. Мысалы, артистер ойынынан көрініс жыр кітаптарының суретті безендірулері, т.б.
Әдеби – теориялық ұғым беру (төменгі сыныптардағы ұғымды тереңдету мақсатында теориялық жұмыстарды практикалық жұмыстармен байланыстыру).
Мысалы, мынадай практикалық жұмыстар орындауға болады:
- Қанатты сөздерді теріп жазу, оның маңызын аықтау.
- Архаизм, тарихи сөздерді тауып, қолдану орны, маңызы, мәнін түсіндіру..
-Батырлар жырының ауыз әдебиетінің басқа түрлерінен басты-басты айырмашылық, ерекшеліктерін саралау.
- Аллитерация, ассонанс, гипербола, литота, тропа, фигура түрлеріне поэтикалық талдау жасау, олардың қолдану орны маңызын дәлелдеу.
- Сөздік жұмысын жүргізу.
-Оқушылармен сыныпта атқарылатын, сыныптан тыс орындауға берілетін жұмыстардың барлығында да шығармашылық, іздендірушілік сипат болуы.
Аталмыш әдістемелік еңбектерді пайдалана отырып, "Алпамыс батыр" жырын былайша әдеби талдауға болады.
Ең алдымен жырдың мазмұнын ашу, композициялық құрылысын, көркемдік ерекшелігін талдау. Жырдың мазмұны мен идеясын игерте отырып, «Алпамыс батыр» жырындағы Алпамыс бейнесін сыни тұрғыда талдау арқылы жан-жақты ашу,меңгерту. Ол бейненің халықтың алып қуатының, қажымас қайратының, сарқылмас күшінің көркі екендігін дәлелдеу.
1. Алпамыс бейнесіне тән қасиеттерді саралай талдата отырып, оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту, олардың көркем сөйлеу мен көркем жазу шығармашылығын арттыру.
2. Оқушыларды адамгершілікке,батырлыққа тән қасиеттерге баулиды. Өз Отанын, туған елін сүйіп, құрметтеуге тәрбиелейді.
"Алпамыс батыр" жырын талдау.
Алпамыстың батыр бейнесін аша отырып интерактивті тақтан арқылы жырға кесте арқылы композициялық талдау жасау:
Композициялық талдау жасау |
Жырдан үзінді келтіру |
|
Басталуы:
|
Байбөрінің қайғысы Алпамыстың, онан соң Қарлығаштың дүниеге келуi.
|
|
Шиеленісуі:
|
Алпамыстың
сүйген жары Гүлбаршынды iздеп барып,
Гүлбаршынды алып елiне келуi. |
|
Шарықтау шегі:
|
Елiн шапқан қалмақ ханы Тайшыққа қарсы жорыққа аттануы
|
|
Шешімі: |
Жетi жылдан соң елiне Ұлтанның көзiн жойып, азып-тозған елiн мақсат-мұратына жеткiзуi.
|
|
Жырдың көркемдік ерекшелігіне талдау жасау.
Теңеу |
Эпитет |
Гипербола |
Аллитерация |
Ассонанс |
|
Кепедей,төбедей, ошақтай, пышақтай, зындандай, жыландай, т.б. |
Қанды жас. Жас берен. Көк даңғыл |
Ауыздықпен алысып,Ұшқан құспен жарысып... Бір күн шапса Шұбар ат Айлық жер алып береді. |
Тозып кеткен ел-жұртын Тегіс жиып алады. Тентегі мен телісін Түзетіп жөнге салады. |
Алпамыс атты жас берен Атқа мінген бола ма?! Алдынан шығып сол ердің Жылықысын берсем ала ма? |
|
«Сөздікпен жұмыс» әдісі
Тірсек - Жан-жануардың артқы аяғы мен адам аяғының бүгіліп-жазылуына қажетті сіңір; қылтаның жоғарғы тұсы.
Телі -Тентек. Есер, содыр-сотқар.
Әулиеге түнеді - қадірлі, қасиетті, жақсы тілеу тілеп, әулиеге табынды.
Әзірет - дінбасы, молда, ғұлама.
Аса-дәрежелі адамдар /хан,би,қожа т.б./ қолына ұстайтын ерекше таяқ.
Машайық-ақылды адам, абыз.
Саруар - қожа, ие, пір.
Берен-өжет, өткір.
Қабынды-желігу, желпіну.
2. Кейіпкерлер әлемі.
І топ Дос
|
Мақал-мәтел |
Қандай? |
ІІ топ Жау
|
Мақал-мәтел |
Қандай? |
|||
«Алпамыс-досқа берік, жауға мейірімсіз» Қандай? Батырға тән ерекше қасиеттер: текті, жаудан сескеніп қорықпайтындық, қалың дұшпанға қарсы шабатын, намыс пен арды жоғары қоя білетіндік, еліне қамқор, отқа салса күймейтін, оқ өтпейтін, қылыш кеспейтін батыр.
|
||||||||
Гүлбаршын
|
Жақсы әйел ... |
ақылды, мінезі сыпайы, мейірімді. |
Ұлтан |
|
өз дәрежесінің үстем болуын көздейтін зорлықшыл, мейірімсіз жан. |
|||
Қаракөзайым
|
|
|
Тайшық хан
|
|
|
|||
|
|
|
Мыстан кемпір
|
|
Зұлым.қу, айлакер. |
|||
|
|
|
Құлтай |
Туыс- жоқ болса бере алмайды, Бар болса көре алмайды. |
Көреалмайды. Ой жаман, зұлым. |
|||
Жырдағы салт-дәстүр белгілерін «Жауап беретін әріптес» әдісі арқылы жауабын табу.
Атастыру-
Әмеңгерлік-
Осы тапсырмалар оқушыларға жырды толық түсініп алуға көмектеседі. Бұл тапсырмалар оқушылардың жас ерекшелігіне қарай өзгеріп отырады. 5-6 сыныптарда жеңіл түрде болса, 7-8-9 сыныптарда күрденелене түседі, бұл оларға өз беттерінше жырды оқып , түсініп, және талдауға үйретеді.
1.3 МЕКТЕПТЕ "АЛПАМЫС" БАТЫРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ.
Жалпы білім беретін мектептің әдебиет пәнін оқыту бағдарламасында " Алпамыс батыр" жыры 6-сыныпта оқытылады. Жырды талдамас бұрын "Алпамыс батыр" жыры туралы оқушылардың өзіндік зерттеу жұмыстарымен таныс боламыз. Әдебиетті оқыту барысында Қ.Бітібаеваның "Әдебиетті оқыту әдістемесі", З.Қабдоловтың "Сөз өнері", Қ.Мәшһүр - Жүсіптің "Көркем сөздің құдіреті", Н.Оразақынованың "Әдебиеттен сатылай кешенді талдау " атты әдістемелік еңбектерін пайдаланамын. Аталмыш әдістемелік еңбектерді пайдалана отырып, "Алпамыс батыр" жырын былайша әдеби талдауға болады.
Мақсаты:
1. Жырдың мазмұнын ашу, композициялық құрылысын, көркемдік ерекшелігін талдау . Жырдың мазмұны мен идеясын игерте отырып, «Алпамыс батыр» жырындағы Алпамыс бейнесін сыни тұрғыда талдау арқылы жан-жақты ашу,меңгерту. Ол бейненің халықтың алып қуатының, қажымас қайратының, сарқылмас күшінің көркі екендігін дәлелдеу.
2.Алпамыс бейнесіне тән қасиеттерді саралай талдата отырып, оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту, олардың көркем сөйлеу мен көркем жазу шығармашылығын арттыру.
3. Оқушыларды адамгершілікке,батырлыққа тән қасиеттерге баулу. Өз Отанын, туған елін сүйіп, құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылардың білімін бағалау. Батыр қай кезде де бұзылған жағдайды қалпына келтіруші тұлға. Ол жауды жеңіп, әділеттілікті асқақтатып, алғашқы мамыражай дәуірді қайта орнатады. Оқиға өзінің басталған жерінде аяқталады. Жай ғана емес, тоймен аяқталады. Себебі, халық ұғымында жамандықты жақсылық, жауыздықты қайырымдылық, зорлықты әділдік жеңу—батырдың ерлігімен болатын іс.
Батырлық жырлардың өлең құрылысы, негізінен, табан астында өлең жолдарын суырып салып айтуда, әсіресе, қимыл-қозғалысты, түрлі динамикалық оқиғаларды баяндауда ойнақы, оңтайлы, еркін көсілуге мүмкіндік беретін жеті-сегіз буынды жыр өлшемі. Қазақ халқының бірнеше ертегілерінде “Алпамыс батыр” жырының оқиғалық сарыны кездеседі.Осы жыр сарындас тақырыптарды талдаған кезде Қ.Бітібаеваның жоспар, аннотация, жырдан үзінді келтіре отырып айтқызу, салыстырулар, бір кейіпкер туралы екінші кейіпкердің пікірін тыңдауды қолданамын. Кейіпкерлер бейнесін ашуда Қ.Мәшһүр -Жүсіптің "Көркем әдебиет тілінен мысал теруге басшылық" әдісін пайдаланамын. Әр оқушыға 2-3 мысалдан бөліп беруге болады. Мәселен, кездесу-келісім түрлері: а/ кездесу: ұшырасу, кез болу,тап болу, орайласу,, жолығу, тоғысу, тоқайласу, түйісу,жүздесу, беттесу,табысу,, қауышу т.б. ә/ келісім: икемге келу, ризаласу, бітімге келу, бітуана жасау, байлау/сөз байласу/, мәмлеге келу, жығылу,ұйғару, бәтуаласу, ауқымдасу,түйілу, ымыраласы, сөзді пісіру т.б. Осы әдіс –тәсілдерді кеңінен қолдану, жүзеге асыру - өмір талабынан туып отырған мәселелер. Мұндай сабақтарда оқушылардың тапсырылған жұмыстарға іскерлігі қалыптасады, болашақ маманның кәсіби шеберлігі қалыптасады.
Ұстаз- өз білімін жетілдіріп, толықтыра отырып қана оқушыға білім бере алады. Қазіргі заманғы ұстаз -уақытпен бірге жаңарып, толықсып келе жатқан, озық технологияларды жан-жақты меңгерген білікті ұстаздар. Олардың алдындағы үлкен мақсат- оқушы бойына өзінің бойындағысын сіңіру. Сондықтан да, мен де өз мамандығымның шырқау биігіне жету үшін үнемі ізденуді қажет етемін. Әдебиетті оқыту жолдарының қыр - сырымен танысамын. Менің тәжірибемде 9-11 сынып оқушыларына үлкен көлемді шығармаларды қалай оқыту керек? -деген қиыншылықтар көп кездесетін. Бұл сұрағыма жауапты ҚР Еңбек сіңірген ұстазы, жерлесіміз Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның «Қазақ әдебиеті тереңдетіп оқытудың инновациялық әдістемесі мен технологиясы еңбегі» -нен алдым. Менің еңбек ететін ортам -орыс тілді мектепте мемлекеттік тілді үйрету. Қазақ тілі немесе әдебиет сабағын берерде мен қатты қиналамын. Өйткені мен болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікті сезінемін. Мен ертең өресі биік тұлға даярлағым келеді. Менің шәкірттерім қазақ тілінің құндылықтарын еліміз бен жеріміздің әдеби, мәдени құндылықтарын терең білген шәкірт болуы тиіс. Сондықтан да мен қазақ әдебиеті сабағында оқушылардың санасына ұлттық қадір қасиетті, салт-сана, әдет-ғұрыпты мейлінше сіңіруге тырысамын.
Қазіргі заман -жаңалықтың заманы. Сондықтан оқушы бойына білімді қажетінше сіңіру үшін жаттанды әдістерден тыс, жаңа оқыту әдістерін түрлендіріп оқытуға тырысамын. Өзім ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының екінші деңгей бағдарламасын меңгеріп келгеннен кейін, мен өз тәжірибеме көптеген өзгерістерді енгізуді қолға алдым. Соларға тоқтала кетсем: Оқушылардың бойына отаншылдық сезімдерді тәрбиелеу мақсатында, мемлекеттік тілді үйретуде өз жұмысымда үнемі мыналарды басшылыққа аламын: оқушының күнделікті ауызша, жазбаша тілдік қорларын дамытып отыру, нақыл сөздерді қолдану, мақал-мәтелдерді үйрету, антоним, омоним, синоним сөздерді қолдана білу т.б/ , сөз тіркесі, сөйлеммен жұмыс, мәтінмен жұмыс, шығармашылық жұмыстары.
Мен оқушылармен жұмыс жасауда шағын топтармен жұмыс жасауды қолға алдым.
Бұл әдіс оқушының шығармашылық қабілетін арттыруға мүмкіндік береді. Оқушылар бірі- бірімен қатынас жасау арқылы өз пікірлерін, көзқарастарын айтып үйренеді. Өзінің айтқанын дәлелдеуге тырысады. Олар бір-бірімен кеңесе отырып, ортақ шешімге келеді, бірлесіп талқылайды. Мысалы: 9 сыныпта «Қамбар батыр» жыры берілген. 1-2 сағат аясында бұл шығарманы толық оқушы бойына сіңіру мүмкін емес. Сондықтан да Қанипа Бітібаеваның «Батырлар жырын оқыту» туралы кеңесін басшылыққа алып, кіріспе жұмыс ретінде «Батырлар жыры» туралы алғашқы әдеби –теориялық ұғым бердім. Оқушылар батырлар жырындағы халықтың арманы, халықтың тарихы туралы мәліметтер алды. «Қамбар батыр» жырының мазмұнын меңгерту үшін жырға шағын сюжеттік- композициялық жоспар жасадық. Бұл жоспар арқылы оқушыларға жырдағы басты оқиғалар туралы мәлімет бердім. Өзім жырды оқып беріп, жырдың оқылу мәнерімен таныстырдым. Жырды оқушыларға тізбектетіп, мәнерлетіп оқыттым. Эпизодтардан сұрақтар қоя отырып, негізгі оқиғаларды мазмұндаттым. Аннотация жаздырттым. Жырмен толық танысып шыққан соң, жетелеу сұрақтарын қою арқылы жырдың толық мазмұнын сұрадым. Ал жетінші сыныптарда «Батырлар жырын» оқытуда топтағы оқушыларды 3 топқа бөлдім. Оларға «Ой шақыру стратегиясы» арқылы «Батырлар жыры» ұғымын ашатын сөздерді жазу арқылы батырлық, ерлік, қаһарман, жекпе-жек, жүйрік ат, ер, намысшыл, батыл елін сүйетін т.б сөздерді жазды. Батырлар жырының мазмұнымен танысып, жаңа сөздермен сөздік жұмыс жасадық. Түсініксіз сөздерді синонимдермен алмастырдық. Жырды үш бөлімге бөліп, әр топ өз бөлімдеріне жоспар құрды. Сабақты бекіту кезеңінде кубизм әдісін пайдалану арқылы 1-ші топ батырлар жырының жанрлық ерекшелігін анықтаса, 2-ші топ батырлар жыры мен лиро эпостық жырларды салыстырды. 3-ші топ зерттеу: «Батырлар жырының» зерттелуі туралы мәліметтермен таныстырды. 1-ші топ қолдану кезеңінде жырдан үзінділер оқыды. 2-ші топ талдау кезеңінде жырдың көркемдік ерекшелігі, тілін талдады. 3-ші топ талқылау кезеңінде батырлар жырының маңызы туралы айтты. Сабақты қорытындылау кезеңінде жырдың тақырыбы мен идеясын аштық. Жырда сөз болған мәселелерді анықтадық. Батыр бейнесіне топтастыру әдісін қолдану арқылы сөздерді іріктедік. Топта атқарылған жұмыстар бойынша оқушылардың білімдері бағаланды. Үй тапсырмасына жырдан үзінді жаттауға және осы жыр бойынша сызба құру, жобалау жұмыстары берілді. Рефлексия кезеңінде оқушылар топ болып жыр мазмұны туралы ойларымен бөлісті. Осы жұмыстарды орындату арқылы мен оқушыларға қажетті білім бере алдым деп ойлаймын. Өйткені, үй тапсырмасын тексеру кезеңінде оқушылардың сызба жұмыстары, жобалау жұмыстары арқылы оқушылар жыр туралы толық мәлімет алып шыққанын байқадым. Батырлар жырын оқыту арқылы оқушы бойына ерлік, батырлық, намысшылдық елін сүю т.б қасиеттерді меңгертуге болады. Осы сабақтарды өту арқылы мен мұғалім ретінде Қ.Бітібаеваның тәжірибесінен өзіме қажет нәрселерді алдым деп ойлаймын. Енді оқушыларға ақын- жазушылардың өмірбаянын, шығармашылық жолын, көркем туындыны т.б қалай жеткізу керек екендігін білемін.
Адам баласының бойына ізгілік пен адамгершілік қасиеттерін орнықтыру өте ерте заманнан адамзаттың мұрат- мақсаты болған. Осы орайда халық фольклорындағы адамгершілікке негізделген шығармалар зор маңызға ие. Бұл ретте ғалым Ә.Нысанбаев атап көрсеткендей: «...қазақ қоғамында ежелден жеке адамдардың даралық қасиеті жоғары бағаланған. Кез- келген батырлық жырларды немесе халықтың мақал- мәтелдерін сүзіп шығыңыз. Бәрінде де негізгі рөл тұлғаға беріліп, жігіттің батырлығы, дарқандығы адамгершілігі, жомарттығы т. б асыл қасиеттері насихатталады». Олай болса, оқушыларға ұлттық әдеби құндылықтарымыз саналатын - батырлар жыры болсын, мақал- мәтелдерді т.б оқытуда оқушы бойына адамгершілік құндылықтарды қалыптастыра білу қажет. Адамның рухани әлемінің нығаюы мен кемелденуіне білім жүйесінің қосары көп. Батырлар жырын оқыту арқылы оқушылардың ақыл-ойлары өрістеп, терең ойлай білуге үйренеді. Жан-жақты ойлау мүмкіндіктерінің артуы алынатын білімімен бірге дами бермек. Білім жақсы мен жаманды айыруға кең мағынадағы имандылық, адамгершілік дағдыларын бойына сіңіруге көмектеседі. Мұғалімнің адамгершілік тұрғыдағы жауапкершілігі оның гуманитарлық мәдениетінің деңгейіне байланысты қалыптасатыны даусыз. ҚР Президенті Н.Ә Назарбаев атап көрсеткендей: «Біз әркімнің ар-ожданы, абыройы мен беделі қадірленетін, мәртебелі этикалық негіздер мен рухани құндылықтар ірге тепкен қоғам құруға тиіспіз» деген. Олай болса, біз ұстаздар қауымы- еліміздің негізгі іргетасын қалаушылар болғандықтан, біздің қолымыздағы абыройлы міндет- өскелең ұрпақты адамгершілікті, парасатты етіп тәрбиелеу. Бойларында адамгершілік қасиеттер қалыптасқан тұлға – ол- ертеңіміз. Тіл қадірін, ел намысын қорғай алатын ұрпақ тәрбиелеу- біздің қолымызда. Ұлттық құндылықтардың қасиетін сезіндіру арқылы оқушыларызды саналы, парасатты етіп тәрбиелейік. Ал біздің алдымызда жол көрсететін «Білім кемесінің- ұстазы», жерлесіміз Қанипа Омарғалиқызы тұрғанда, ол кісінің мемлекеттік тіл мен әдебиетті тереңдетіп үйретудің жолдары көрсетілген сара жолы тұрғанда, біз еш адаспауымыз қажет. Тіл мәртебесін бірге көтерейік!
II.ҚАЗІРГІ ТАҢДА БАТЫРЛАР ЖЫРЫН ЖАҢАША ТҮРДЕ ОҚЫТУ.
2.1 АЛПАМЫС БАТЫР ЖЫРЫН БАСҚА БАТЫРЛАРМЕН САЛЫТЫРА ОҚЫТУ.
Батырлар жырын мектеп бағдарламаларына сәйкес, жаңаша оқыту әдістерінің ішінде кеңістікте ойлау, яғни білімді үш өлшемде зерделеу аса маңызды болып отыр. Бұл баланың еркін ойлауына ықпал етіп, болашақта жеке тұлға болып қалыптасуына оң әсерін тигізеді
Осы ретте біз мектеп бағдарламасында оқытылатын ежелгі жыр, мәтіні мыңдаған ғасырдың мағыналы да мазмұнды тарихи жүгін арқалап жеткен, бүкіл түбі бір түркі әлеміне ортақ, тіпті түгел адамзаттың асыл армандарына арқау, Алаштың алып тұлғасы «Алпамыс» жырын тілге тиек етпекшіміз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының алғашқы тарауларының бірінде Ұлы даладағы ежелгі металлургия жайлы айтылады. «Металл өндірудің амал-тәсілдерін табу тарихтың жаңа кезеңіне жол ашып, адамзат дамуының барысын түбегейлі өзгертті. Сан алуан металл кендеріне бай қазақ жері – металлургия пайда болған алғашқы орталықтардың бірі», дейді Елбасы. Олай болса жоғарыда біз тілге тиек еткен «Алпамыс» жыры тура осы Ұлы даладағы ежелгі металлургия жайлы көп құпияны мәтін астарына бүгіп жатқан сыңайлы. Мұның бәрі аталған жырдың интер мәтініне жаңаша үңілгенде ашық көрініс табады.
Шапса қылыш кеспейтін деп, жырды жаңаша талдау уақыт талабы дер едік. «Қазақ тарихында бүкіл әлем ғұмыр кешіп келе жатқанын» (Е.Бекмаханов) жаңа ұрпақтың санасына сіңіруіміз қажет. Одан ұлттық сана салтанат құрып, мемлекетшіл рух елі мен жеріне адал перзенттерді өмірге әкеледі.
Алпамыс – қаны бір киіз туырлықты түркі жұртының барлығында дерлік бар. Өзбекше Алпамыш, башқұрттар Алпамыша, татарлар Алпамша, Батыс Сібірде Алып Мәмшән, Алтайда Алып Манас, ал Түркияда Алып Бамсы. Сәйкесінше, қырғыздардың Манасы. Бір ғана образ, ортақ тұлға, бір сөзбен айтқанда культ. Осы тізбекті әрі қарай жалғай түсіп, ежелгі грек аңыздарының атақты қаһарманы Ахиллес образы да тілдік өзгеріске ұшырай отырып (Ахиллес – Алпамыс), Алпамыс батырдан бастау алуы мүмкін дер едік.
Таласбек Әсемқұловтың Гумилевтен естігеніндей, «әлемдегi ең ұлы жәдiгертанушылардың бiрi, Геродоттан басқа, парсының ресми тарихынан басқа, беймәлiм ерте заманнан келе жатқан тағы бiр тарихи мектеп болған». Ол мектеп өкілдері жазған тарих қазір де оқытылмайды. Бірді-екілі ғалымдар ғана әр жерде айтып, жазып жүр. Міне, біздің сөздің сенімсіз естілетіні де осы жерден басталады. Баяғыда, Ақселеу Сейдімбек ағамыздың мұхиттың арғы бетіндегі Ацтек, Майя тайпаларының тамыры қазақтан тарайды деген сөзі де ертегі деп қабылданып кетті...
Жалпы – аңыз, ертегі, жыр-дастандарда шындық бар деп ұғынуымыз керек. Ондағы 80 пайыз қиял-ғажайыпты алып тастағанның өзінде 20 пайыз шындық қалады. Оның астарында саяси да, әдеби һәм тілдік үлкен мән жасырылады. Негізгі мәнмәтіннің көптеген қабаттарында қаншама дәуір бойы өмір сүріп, бүгіннен болашаққа жетіп отырады. Жырдың әртектілігі, ашықтығы, көпнұсқалығы да осындай шарттардан келіп туындайды. Жаугершілік замандарда саяси мәннің ықпалы мен қажеттілігі зор болған. Мысалы, ерте замандардағы «Алпамыс», «Илиада», «Одиссея» сияқты жыр-дастандар бір жағынан қарсы күшке бағытталған ақпараттық шабуыл екенін білуіміз керек.
Сонымен «Алпамыс» жырындағы басты қаһарман Алпамыс пен «Илиада» геройы Ахиллесті салыстырып, екі тарихи кеңістікке жаңа көзқараспен қайта үңіліп көрелік. Жуырда белгілі түркітанушы, зерттеуші ғалым Мақсат Байлының бір сұхбатын оқыдық. «Илиада – түрколог көзімен» деген толымды еңбегі жарық көрген ғалым аталған сұхбатында ескі жырға этимологиялық сараптама жасай отырып, атақты «Илиаданы» жаңаша талдайды. Еңбекте қысқаша айтқанда эллиндік өркениет далалық прототүріктерден тамыр тартады деген болжам жасалған. Ғалым өз кітабында «мыс» сөзіне жеке тарау арнаған. Иә, кәдімгі жез яки мыс. Құнды, қатты металдың «Илиада» жырында көп кездесетінін, оның қазақ дүниетанымы мен тұрмыс-тіршілігіндегі маңызды бұйым екенін бұлтартпас дәлелдермен байыпты зерттеген. Н.Гнедичтің аудармасындағы жырда кездесетін «Се и вожди, и властители меднодоспешных данаев», «Их остановят везде меднолатные рати ахеян», «Взяв, наконец, копье, повершенное острою медью», «Вышли, пылая друг друга пронзить смертоносною медью», «Скован, тринадцать он месяцев в медной темнице томился» деген жолдардан ол дәуірде мыстың қаншалықты маңызға ие болғандығына көз жеткіземіз. Сәйкесінше, халық жадында сондай қатты металдан жаратылған, тұтас сомнан құйылған мыс батырдың идеалын қалыптастыру, жас ұрпақтың сол идеалға еліктеп, қайратты, ержүрек, көзсіз батыр болып ержетуін тілеген әдебиет әр уақытта «Алпамыс», «Илиада» сынды батырлар жырын тудырып отырған. Ал енді гректерде «Зевстың ұлы Скиф, ең бірінші мыс балқытушы» деген сөз бар. Тек гректер ғана мысты купрум демеген, холакус деп атаған. Қазақша – қола. Елбасының аталған мақалада «Ежелгі заманда-ақ Қазақстанның Орталық, Солтүстік және Шығыс аймақтарында тау-кен өндірісінің ошақтары пайда болып, қола, мыс, мырыш, темір, күміс пен алтын қорытпалары алына бастады» деп отырғаны осы тарих. Сонымен, Алпамыс кім? Алып + мыс. Алпа + мыс. Болмаса, қазақ дүниетанымындағы жағымсыз қара күш, жеңілмейтін зұлымдық иелері де «мыс+тан кемпір», «жез+тырнақ». Барлығы біз айтып отырған түсті металдардың қиялдағы жемісі екені байқалады. Енді салыстырып қарасақ, «шапса қылыш кеспейтін» Алпамыс та, денесіне оқ дарымайтын Ахиллес те осындайлық қиялдағы құрыш, қола батырлар. Қандай жырдың негізінде қандай батыр дүниеге келгенін ойша саралап көріңіз.
Тарихтан білетініміздей билеуші, көшбасшы ұлы хандардың, бектердің, батырлардың есімі қатты металдардың атымен аталуы бірнеше дәуірлерде дәстүрлі жүйемен жалғасып отырған. Мысалы, Құрыш патша (Кир), Томир+ис (Томир – темір), Темучин (Темір+шін), Ақсақ Темір.
Сонымен біз Гомердің тек Илиадасын сөз қылғандықтан, Одиссеяның Алпамыс сияқты ұзақ уақыттан кейін барып Отанына оралатынын, оның баласы Телемахтың Жәдігер сияқты жәбір көріп жүргендігін қосымша ғана айтып өтпекшіміз.
Барлығымыз Алпамыстың да, Ахиллестің де батырлық сипаттарын жақсы білеміз. Тіпті олардың осал тұстарын да жалпылама білетіндейміз. Бірақ сөздің тура мағынасы мен ауыспалы мағынасы болатынын ескеріп, екі жырды қайта салыстырып оқитын болсақ, оқиға тіпті де Ахиллестің «өкшесінде» еместігі айқындала бастайды. Біз осы күнге дейін Ахиллестің әлсіз тұсы расымен өкшесі деп пайымдаймыз. Ол бір нұсқасында өкшесіне садақ тиіп өледі, ал кейбір халық жадындағы ауызша тараған нұсқаларда алып батырды жерден тік көтеріп алса, яғни өкшесі жерден көтеріліп кетсе жойқын күшінен айырылып қалады делінеді. Бізге керек нұсқа да осы болса керек. Оның ерекшелігі (батырлығы) жерге тірелген өкшесінде болған. Ахиллес бір ғана батыр. Ал біздің ата-бабаларымыздың жаугершілік замандағы бірлігі, батырлығы, намысы, қазақтың, қазақ болып сақталып қалуы, тақымын жылқыдан, табанын жерден ажыратпағандығын аңғаратын болсақ, «Өкше» әлсіздігін аса дәлелдеудің қажеті жоқ деп есептейміз. Яғни, жырдағы «әлсіз өкшенің» түпкі мәні «ұлтарақтай жеріңнен, өкше тірер өлкеңнен айырылсаң сенің күшің кетеді, рухың жойылады» деген идеяны меңзеп жатса керек.
Осы
жүйемен Алпамыстың әлсіз тұсын
іздеген уақытта «Өкше», «Ұлтарақ»,
«Ұлтан», яғни Алпамыстың әлсіз жағы
Ұлтанқұл екені көрініс береді.
Қазақ дүниетанымы тіпті тереңнен,
тектілік мәселесінен тамыр тарта
отырып, ұрпақ жадына ататек мәселесін
алға шығарады. Шын мәнінде,
Алпамыстың әлсіз тұсы, опасыз Ұлтанқұл
еді. Бұл жерде «Өзіңнен тумай ұл болмас»
философиясы Отанды қорғауға құлықсыз,
өз Отаны болмаған соң қасиетті
атажұрттың қадірін білмейтін Ұлтанқұл
сияқты жағымсыз образдар Алпамыстай
ерлердің әлсіздігі болатынын
мазмұндайды.
Ахиллес грек
мифологиясында кездесетін батыр
екені шындық болғанымен,
аңыз желісінің сақ тайпаларынан,
далалықтардың санасынан туған
жиынтық бейне екенін де ешкім жоққа
шығармайды.
Мемлекет басшысы айтқандай, біз де «Алпамыс» жырын оқып отырып, ата-бабаларымыз жаңа, неғұрлым берік металдар өндіру ісін дамытып, олардың жедел технологиялық ілгерілеуіне жол ашқанын, қазба жұмыстары барысында табылған металл қорытатын пештер мен қолдан жасалған әшекей бұйымдары, ежелгі дәуірдің тұрмыстық заттары мен қару-жарақтары бұл туралы тереңнен сыр шерткенін бейсана сезіндік.
Шын
мәнінде, осының бәрі ежелгі замандарда
біздің жеріміздегі дала өркениеті
технологиялық һәм әдеби тұрғыдан
қаншалықты қарқынды дамығанын
көрсетеді.
Алайда үлкен таразы –
тарих бар. Жоғарыдағы долбар турасында
бізге дейін де шексіз пікірлер,
түрлі даулар болып келген. Нақты
дерексіз, ешқандай
жәдігерсіз сөйлегендіктен, бұлай
болмаған күнде болжам деп қарастыратынымыз
ақиқат. Сондай-ақ «Одиссея», «Илиада»,
«Алпамыс» жырларындағы мотивтер
ұқсастығын кездейсоқтық дей алмас
едік.
ҚОРЫТЫНДЫ
Өзінің ел-жұртын, халқын сүйген, оларға жан-тәнімен беріле адал қызмет кеткен және бұл жолда тамаша ерлік істер жасаған батырлар жайында шығарылған жырлардың бала тәрбиесінде алатын орны орасан зор. Мұны көп ғасыр бойына халықтың ұмытпай сақтап келуінің, сүйе жырлап, сүйсіне тыңдауының өзі-ақ дәлелдей түседі.
Халық өткен кезде батырлар жырын өскелең ұрпақты елін, Отанын сүюге, халыққа адал қызмет етуге тәрбиелейтін құралдың бірі есебінде пайдаланған. Жырдағы батырлардың ел қорғаудағы ерлік істерін жастарға үлгі, өнеге еткен. Бұл ретте де батырлар жырының тәрбиелік мәні болған.
Ертеден
келе жатқан батырлар жыры біздің
заманымызда да тәрбиелік мәнін жойған
жоқ. Ескі мәдени мұраны қадірлей білетін
оқулық құрастырушы әдіскерлер бұл
жырлардың ең таңдаулысын, идеялық-көркемдік
сапасы жоғарыларын пайдалануда. Бұған
батырлар жырының ең таңдаулы үлгілерінің
бастауыш сынып оқушыларына оқытылуы
дәлел. Патриоттық ерлік істерді, Отанды
сүюшілікті суреттейтін батырлар жырын
халық аса жоғары бағалайды, ескіден
сақталған мәдени мұраның – халықтық
педагогиканың ең жақсы үлгілері деп
таниды.
Ауыз
әдебиетінің ең үлкен саласының бірі
ретінде батырлар жырын педагогика
ғылымы саласынан зерттесе, патриоттық
тәрбие туралы ұғымдар ашылар еді. Белгілі
әдебиетші ғалым Ә.Қоңыратбаев: « Ел,
халық санасымен жасалған «Қобыланды
батыр», «Алпамыс батыр», «Қамбар батыр»,
«Ер Тарғын» сияқты батырлар жырында ел
тәуелсіздігін сыртқы жаулардан қорғау
сарыны үстем» деген. Шынында да, батырлар
жырында патриоттық сезімді ардақтап,
батырлықты мадақтаған, ақылдылық,
парасаттылық, достық тәрізді адамгершілік
игі қасиеттер дәріптелген. «Патриотизм
өзінен-өзі келетін қасиет емес. «Отанды
сүй» деп жалаң айғайлау жастарды
патриотизмге тәрбиелеу боп табыла
бермейді, міне мынадай Отанды сүй деп
тәрбиелесек, сірә, сол ұғымды болар. Ол
үшін ауқымды мемлекеттік бағдарлама,
мәдениет жөніндегі заң керек » деген
Д.Исабековтің пікірі өте орынды.
Қай халық болсын өзінің батырлар жырында елеулі оқиғаларды көркем бейне арқылы жинақтап, өзінше бағалайды, өзінің көзқарасын білдіреді. Сол бейне - халықтың алып қуатының, қажымас қайратының, сарқылмас күйінің көрінісі.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.
Әрінова Б. Оқулық, 6-сынып қазақ әдебиеті.
Алматы «Атамұра», 2011 жыл, 304-бет.
2.
Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі.
Алматы “Рауан”, 1997 131-бет
3.
Жұмабаева З. “Әдебиетті инновация мәнде
оқыту” Ұлт тағлымы 2003, №2 250-бет
4.
Икапова Д. “Оқушыларға батырлар жырын
оқыту” Қазақ тілі мен әдебиеті 2004, №7
122-бет
5. Имжарова З. “Пікірсайысы – жаңашылдық қайнары” Қазақстан мектебі 2003, №6 54-бет
6. Көшекова А. “Батырлар жырының зерттелуі” Қазақ тілі мен әдебиеті 2004, №6 73-бет
7. Мырзабекова К. “Алпамыс батыр жырының сюжеті мен композициясы” Қазақ тілі мен әдебиеті , 2003, №12 35-бет
8.
Сағындықова Қ. “Білім сабақ санасынан”
Қазақстан мектебі , 2004 №7 30-бет
9.
Серікбаев Т. “Дәстүрлі емес сабақтар
туралы бірер сөз” Қазақстан мектебі ,
2002 №11-12 62-бет
10.
Тәжібаева С. “Дәстүрлі емес сабақтар”
Қазақстан мектебі , 2003 №2 27-бет
11.
Тілешова С. Оқулық, 6-сынып қазақ әдебиеті.
Алматы «Атамұра», 2011 жыл, 304-бет.
12.
Үрістенбекова Г. “Пікірталас дамыту
және тәрбиелеу құралы” Қазақстан
мектебі 2003 №5 39-бет
13. Ісләмжанұлы І. Оқулық, 6-сынып қазақ әдебиеті. Алматы «Атамұра», 2011 жыл, 304-бет.
14. «Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл» ғылыми –әдістемелік журнал. №12-18 бет, 10-23бет, 5-19 бет. 2009 жыл. Алматы қаласы
.«Ақиқат» ұлттық –қоғамдық саяси журнал №2-28бет, №7-3 бет, №11 бет.2009 жыл. Алматы қаласы
. Қ.О Бітібаева. «Қазақ әдебиетін тереңдетіп оқытудың инновациялық әдістемесі мен технологиясы». 2012 Алматы.
. С.Ч Тұрсынғалиева, Ә.С Берекенова. Қазақ әдебиеті. Әдістемелік құрал. 9 сынып
.Т.Жұртбай. Ұраным- Алаш. Алматы: «Ел шежіре», 2008 жыл
. Д.Қамзабекұлы. Руханият: мақалалар мен зерттеулер. Алматы: «Білім», 1997
.Әрінова Б. Оқулық, 6-сынып қазақ әдебиеті. Алматы «Атамұра», 2011 жыл, 304-бет
.Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. Алматы “Рауан”, 1997 131-бет
.Жұмабаева З. “Әдебиетті инновация мәнде оқыту” Ұлт тағлымы 2003, №2 250-бет
Кеңес Одағының Батыры, мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы, академик Мәлік Ғабдуллиннің 100 жылдық мерейтойына орай өткізілетін «Мәлік Ғабдуллин феноменін зерттеу және зерделеу мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция МАТЕРИАЛДАРЫ
Н.05/1-22. Басылым 2.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген