Батырлар рухы мен ерліктері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Батырлар рухы мен ерліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
жергілікті жер батыр тұлғаларының ерлігі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Туған жердің батырларының рухы мен ерліктері.

Туманбаева Венера Бактыгалиевна

«Жетісу облысы білім басқармасының Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі» ММ «М.Мәметова атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»КММ



Білім беру технологиясында жаңа бағдар-витагендік оқыту әдісін өз тәжрибемізде пайдалана отырып зерттеу жұмысы жүргізілді. Витагендік әдіс,яғни оқушылырдың ынтмақтаса зерттеу жұмыс жасалды.Осы әдіс арқылы өз өлкесінің тарихи тұлғаларын танып білді.Ұлы Отан соғысы елдің елдігін, ердің ерлігін сынға түсірді «Ұлтарақтай болса да ата қоныс жер қымбат,ат төбеліндей болса да туып өскен ел қымбат»-деп ер азаматтар ел басына төнген ауыр қасіреттен отанын қорғауға соғысқа аттанды.Соғыстың өткір жалыны еліміздің шығысы мен оңтүстігінің ортасын байланыстыра орналасқан Көктерек ауылын да шарпыды.Ресми деректерге сүйенсек ауылымыздан 175 адам соғысқа кетіп ,олардың 88-і елге оралды. Ардагерлеріміз ұлы Жеңістің 45-50 жылдғында ортамызда қасқайып отырып,жауға тосқан өр кеуделерін биік ұрпақтарына ұлағатты өсиеттерін айтқан еді.Қаншама уақыт,қанша жыл өтсе де жүректің түбінде жазылмас жараның ізі қалғаны шындық.

Биыл адамзат тарихындағы ең сұрапыл ,ең ауыр қантөгіс соғыстың жеңіспен аяқталғанына 80 жыл .Осы мерекеде көне көз қарияларымыз кешегі ардагерлеріміздің бірде –бірі ортамызда болмауы өкінішті.Сол бір сұрапыл соғыста жастығын құрбан етіп, ерлік пен қаза болған ерлердің ерлігі ешқашан ұмытылмақ емес. Соғыс қасіретін кешкендердің айтуынша сол бір қиын –қыстау жылдарда біреулер соғысқа аттанып жатса,екіншісінен қаралы қағазкеліп, елдің ішін өшпенділік пен ашу ыза кек кернейді.Соғыстан оралғандардың ішінде төрт мүшесі түгел келгендері кемде-кем. Елге жұдырықтай жүрегін сүйретіп құр сүлдері келіп соғыс салған жарасына дауа болмай туған елінің топырағы бұйыра көз жұмғандар да соғыс құрбандары емеспе..

Осынау бейбіт өмірді аңсап тыныштық үшін өмірлерін қиған боздақтардың асқақ рухын биік ұстап, бізге сыйлаған бейбіт өмірдегі қуанышты жалғастыру бүгінгі ұрпақтың парызы. Бұл ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, аманат болып сақталатын зор еңбектің жемісі.Шыбын жандарын шүберекке түйіп қауіп-қатерге қарсы тұрып, өлімге басын тігіп оқ пен отқа оранған майдан даласында қару асынып елі үшін өмірін қиған боздақтарымыз бен елге аман келген жауынгерлеріміздің табандылығы мен төзімділігі, көзсіз ерліктерін тарих сабағында ,әрбір тәрбие сағаттарында өскелең ұрпақтың бойына сіңіру біздің ұстаздық міндетіміз.

«Өз елін ,өз ерлерін ескермесе ел тегі қайдан аласын кемеңгерлерді»-деген халқымыздың арыс азаматы І.Жансүгіров.

Сондықтан Көктерек ауылынан отанын қорғауға аттанған аталарымыз ерлігімен көзге түсіп, халық әлі тани қоймаған ерлерді танытуды алдыма міндет етіп қойдым.Сұрапыл соғыс қиындықтары мен ондағы жанкешті ұлдардың ерліктері жайлы айтылатын әңгімелері қызықтыра бастады.Ардагер аталарымыздың ішінде көзін көрген қариялардан 1942жылы Шығыс Прусия жеріне соғысқа аттанған Серғазин Бабақұмар Серғазыұлы атамыздың құжаттары мен естеліктері өскелең ұрпаққа қалған мұра.Соғыс салған қасірет Бабақұмар атамыздың жанұясының тарихында із қалдырып кетті. Серғазин Бабақұмар Серғазыұлы Ұлы Отан соғысының тарихында біздің ауылдың ержүрек батырларының есімі ерлігіне лайық ерекше құрметпен аталады. Сол бір аспан мен жер күңіреніп, отқа оранған сұрапыл жылдарда қайтпас қайсарлықтың, ерен ерлік пен өрлік- өжеттіктің өшпес өнегесін көрсетіп, сол тұстағы алып ердің ең жоғары наградасына ие болған батырларымызды жерлестері ерекше мақтан тұтады.

Атамыздың ерлік жолына тоқталсақ; Серғазин Бабақұмар Қайрамбекұлы 1924ж Көктерек елді мекенінде дүниеге келген.1942ж 18 жасында соғысқа шақырылып 2-ші Белорус фронтында соғысты 68- Механизированый бригадасындасының 8 Александрииского Корпусында аға сержант,2-ші Жаяу-әскери Баталеонның командирі барлаушы жоғарғы сержант болған.Аренбург соғысына қатысқан.Соғыстағы ерлігі үшін Қызыл жұлдыз ордені мен марапатталған.11 февраль 1945 жыл. Бірақ марапат көзі тірісінде берілмей,кейіннен 74 жылдан кейін батырдың қызына табысталды.

Соғыстан кейін жұбайы Мушарова Базкен екеуі тұтынушылар қоғамында үздік еңбек еткен » Отличник кооперациясы» төс белгісімен марапатталған.Ардагер атамыз соғыс майданыныан қайтқаннан кейінде еліне қызмететті.Ұрпақтары әке жолын жалғастырып еліне қызмететуде.Бойына патриоттық тәрбиені сіңіріп өсірген ұл-қыздары әр салада еліміздің дамуына өз үлестерін қосуда.Мектебімізде ардагерлерге арналған бұрыш жасақталып болашақ ұрпаққа мұра ретінде естеліктер жинақталған.Ауылымызда есімі аңыз болып айтылатын батыр ата-апаларымыз өте көп.Олар-ата мекенін, туған елін жан аямай қорғап ата-бабаларының ерлік дәстүрін сақтау арқылы өздерінің өшпес даңқын шығарғандар.Көктерек халқы ержүрек, намысшыл халық.Біздің халқымыздың атамекенді ардақтау сезімі өте терең, олар үшін туған жерді қасиет тұту-қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр.Ұлы Отан соғысынан кейін 80 жыл ішінде қазақ халқының ұлттық санасы жаңғырып өзін-өзі тану, өзінің бай ежелден қалыптасқан тарихы мен ұлттық дәстүрлерін құрметтеу,ұлы тұлғалрын таныту ,бай рухани қазынасын әлемдік өркениетпен ұластыру бағытында іс-шаралар атқарылды. Осынау бейбіт өмірді аңсап тыныштық үшін өмрлерін қиған боздақтардың асқақ рухын биік ұстап ,бізге сыйлаған бейбіт өмірдегі қуанышты жалғастыру бүгінгі ұрпақтардың парызы.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Ахметұлы Болатхан. Алпыс асу. –Лепсі, 1995. – 65 б.

  2. Әділбайұлы Жаңабай, Іңкәрбаев Есенай. Көк желекті Көктерегім. 2020-47 б

  3. Сабитов Ташболаттың жазба деректері.

  4. http://old.baq.kz/kk/news/aimaktik_bak_muragat/regmedia-50142









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.10.2025
39
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі