Баянауыл ауданында кездесетін жануарлардағы паразит құрттар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баянауыл ауданында кездесетін жануарлардағы паразит құрттар

Материал туралы қысқаша түсінік
биология ғылыми жоба
Материалдың қысқаша нұсқасы

КІРІСПЕ

Қазіргі таңда барлық денсаулық сақтау мекемелерінің және дүниежүзілік денсаулық қорғау және зерттеу мекемелерін толғандырып отырған жайт - адамның келешегі мен денсаулығы үшін өте қауіпті аурулардың етек алып жайылып кетуі. Бұл аурулардың көбі паразит құрттардың салдарынан болатыны зерттеліп отыр.

Халық мемлекеттің негізгі байлығы. Ал халық денсаулығы басты байлық. Егер халықтың дені сау болса онда алға қойған мақсатты орындап елдің ауқаты да өседі. Денсаулық сақтау мекемелері осы күнге дейін паразит құрттармен талай кездесіп олармен күрес жасап келеді. Дүние жүзінде осы паразит құрттардан миллиардтаған адамдар зардап шегеді. Дүние жүзі бойынша 10 жыл ішінде 4,5 млрд адам паразит құрт ауруымен ауырған. Оның 95%-ы паразит құрт бойынша. Санақ бойынша Еуропада үш адамның бірінде паразит құрт тіршілік етеді. Росс Андерсонның зерттеуі бойынша АҚШ та болатын аурулардың 85% паразиттен болады. Жыл сайын дүние жүзі бойынша 14 млн адам өледі.

Паразит құрттардың бүкіл дүние жүзін кең көлемде алып кеткені соншалықты, тіпті барлық зертханалық орындары және зерттеуші адамдардан да көп. Бүгінгі күнгі басқа мемлекеттермен қарым-қатынас жасап,бір елдің екінші елмен байланысы паразиттердің таралуы мен жайылуына жол ашып отыр. Міне сондықтан да санитарлық эпидемиялық мекеменің «Паразитология және паразитті аурулардың» саласы үлкен жұмыс істеуге талап қойылып отыр. Ол үшін осы саладағы ғылым мен кітаптар, зерттеу үшін зертханалық құралдар осы заман талабына сай сапалы болу керек. Олар барлық өздеріне қолайлы жерде өмір сүреді. Қазақстан елінің медицинасы әлі ақсап келе жатқаны өтірік емес, ал оған қарамастан паразит құрттармен күресу жұмыстары жүргізіліп жатыр.Олармен күресті бүкіл қоғам болып қолға алмасақ, ертең-ақ олар біздің өміріміздің бір бөлшегі болып қалмайтындығына кім кепілдік бере алады.





































ІІ Негізгі бөлімі

    1. Баянауыл ауданында кездесетін жануарлардағы паразит құрттар.

Паразит құрттардың кей түрлері біздің жерімізде біреулері сирегірек кездесіп отырады. Кейбір паразит құрттар тек қана жануардың ағзасында ғана дамып, көбейе алады. Мал шаруашылығына зиянды құрттарға тоқталып кетейік. Иттің эхинококкозы таспа құрт. Ол иттің, қасқырдың және шибөрінің ішегінде өмір сүреді. Дене тұрқы 3-5 мм, 4 сорғышы бар екі қармалауышты басы және 3-4 таспасы бар. Соңғы таспасы дамып жетілген дене бөлігі болып саналады. Оның жұмыртқасы нәжіс арқылы шығып терісіне жұғады. Аралық иесі - сиыр мен қой, шошқа. Дернәсілі- онкосфера деп аталады. Ішке кіргесін қан тамырлардың қабырғасын жыртып ішке еніп, өкпеге, бауыр ға, сүйек пен бұлшықетке өтеді. Мүшелерге барған соң бірінші, екінші және үшінші реттік көпіршіктерге айналады. Өте қауіпті гельминт. Тауықтын паразиті өзінің барлық даму кезенін (шизогония, гаметогания, ұрықтану, ооцистаның түзілуі) ішек эпителиінде өтеді. Бірақ кей жағдайда кокцидияның кейбіреуі ішек қабырғаларының терең қабатында дәнекер ұлпада өтетіндігі байқалды. Үй қоянда паразит ететін Eimeria mаgра-ның тек қана гамонтты емес, ал шизонттары да суб эпителий қабатында дамиды екен. Кокцидияның әртүрлі даму кезендерінің дәнекер ұлпада жайласуы паразиттің зақымымен эпителий жасушаларының эпителилдық пласт түсіп кетіп өзі төменде жатқан ұлпаға қатып кетумен байланысты. Сол жерде ұзақ уақыт дамиды.

Жалпақ құрттар типіне жататын паразит құрттар: Миқұрт . Бұл жалпақ құрттар типінің, таспа құрттар типінің өкілі болып табылады. Миқұрт иттің, қасқырдың, түлкінің және т.б. жыртқыштардың ішегінде, көпіршікті сатысында қойдың миында тіршілік етеді. Жыртқыштар ішін босатқан кезде ондағы миқұртының жұмыртқалары сыртқа шығып шөпке жабысады.

Жайылып жүрген қой шөп жегенде оған қоса миқұрттың жұмыртқасы да қарынға өтіп, одан қан арқылы миға орнығып, финканың бірнеше бастары орналасады. Көпіршіктің көлемі де , салмағы да артып, ми сауытының ішкі жағына қысым түсіреді. Көпіршікті финканың орналасуына қарай қой басын кекжитеді, тұқыртады немесе бір орында тұра алмай , шыр айналады. Сондықтан миқұрттың дернәсілі зақымдаған қойды айналма немесе тентек деген аурумен аурады деп есептейді. Ғылым тілінде бұл ауруды ценуроз деп атайды. Қой – миқұрттың аралық иесі, оның негізгі иесі – қасқыр тұқымдас жыртқыштар. Жыртқыштар миқұрттың дернәсілімен зақымданған қойдың басын жеп , өзіне жұқтырады. Миқұрттың дернәсілі жыртқыштардың ішінде дамып , тұрқы 40-100 см, жалпақтығы 5 см-ге дейін жетеді де, көбейіп жұмыртқалайды. Жұмыртқадан дамыған көпіршік тәрізді финканыңм үлкендігі көгершіннің жұмыртқасындай болады. Айналмамен ауырған қой отығудан қалады да, мүлде азып, ақыры өледі. Айналмамен ауырған қойға ем де қонбайды, сондықтан аурудың алдын алу үшін ауырған қойдың басын ит немесе басқа жыртқыштар жей алмайтындай етіп жерге көму керек. Қой, ешкі, сиырда кездесетін – таспа сорғышқұрт. Дикроцелиоз ауруын тудырады. Таспаша сорғыштың жұмыртқасы құрлықта тіршілік ететін ұлу денесіне түседіде, өсіп жетілісімен сілімейге шыланып, тыныс тесігі арқылы сыртқа шығады. Ұзындығы 8 – 10 мм. Қоздырғыш сорғыш құрттар кіреді. Олар негізінен көз және шыны тәрізді денелерде тіршілік етеді. Гельминттердің ересек кезеңдері балық жеуші құстардың , шағалалардың бірнеше түрінде, ал үйректерде сирегірек кездеседі. Аралық иенінің қызметін таспа ұлулары, қосымша қызметін тұқымтектес балықтар болып есептелінеді. Ақыры иесі шағалалар, паразит құрттардың митоцеркарилердің зақымданған балықтарды жеп, өздеріне осы аурудың дернәсілдерін жұқтырады.

Ауру балықтың көз бұршағы мөлдір болмай, лайлана бастайды. Инвазия қарқынды өтсе және жоғары болса балық соқыр болады. Су бетіне қалқып шығады, қозғалысы бұзылады, көзі көрмей қалған балықтар балық жеуші құстардың жеміне айналады.



































    1. . Паразит құрттар және олардың тіршілігі

Паразит құрттардан дүние жүзі бойынша 4 млрд адам үшкірқұрттан, 102 млн адам ішексорғымен, 900 млн адам анкилостомоздан, 700 млн адам трихоцефалоздан ауырған. Осы жылғы Скрябин атындағы Академияның гельминтологтарының зерттеу барысында жалғыз Мәскеу қаласынының бақтарында иттердің денесінде кездесетін фекалиийлердің жұмыртқаларының 40%-ы болады екен. Гельминттер – бұл көпжасушалы, құрттардың сколецид деп аталатын төмен сатысына жататын паразитті түрлері. Жалпы омыртқасыз жануарлардың құрттар тобы үлкен үш класқа жатады. Жалпақ, жұмыр және буылтық құрттар. Ал барлық гелминттерді үш класқа бөлеміз: трематодтар немесе сoрғыш құрттар , таспа құрттар немесе цестодалар және жұмырқұрттар. Паразит түрлері тек қана тірі ағзалардың дайын тамағымен қоректенеді. Олардың қосымша, аралық және негізгі иелері болады. Негізгі иелеріне көбіне адам немесе ірі қара малдар, ал қосымша иеге былқылдақденелер немесе жәндіктер жатып, оның ішінде құрттар уақытша өмір сүреді. Осы паразит құрттарды 1931жылы Скрябин мен Щульц зерттеп паразит құрттарды биогельминт және геогельминт деп бөлді. Биогельминт дегеніміз - олар жануар арқылы адамға беріледі, ал геогельминт дегеніміз - топырақ арқылы адамға беріледі. Трематодтар - денесі бунақталаған таспа немесе жапырақ тәрізді құрылысты дене көлемі үлкен емес құрттар. Барлық трематодтар - қосжыныстылар. Бұлардың барлығы биогельминттер. Олардың барлығында екі сорғыштары бар. Оның бірі ауызында – сору үшін, екіншісі құрсағында- бекіну үшін. Осы құрттардан болған ауруларды жалпылама трематоз деп атайды. Олардың 5000 – 7000 – ға дейін түрі бар деп есептелінеді. Цестода класы. Цестодалар – олар жалпақ жіпше пішіндес болады. Құралған мүшелерін – проглатид деп атайды. Ұзындығы мен мүшелерінің айырмашылығы бір – бірінен өте көп. Оларда асқорыту жүйесі, тыныс алу жүйесі жоқ. Олардың көбі биогельминттерге жатады. Адамның ағзасын бірнеше ондаған цестод түрі мекендеп зақымдайды. Цестодадан пайда болатын ауру - цестодоз деп аталады. Немотод класы. Кей гельминтар немотод класына жатады. Олардың денелері дөңгелек, жұмыр, цилиндр тәріздес болады. Дара жынысты. Олардың дамуы тура жолмен жүреді және бірнеше иелері арқылы беріледі. Немотодтан пайда болатын ауруды немотодоз деп аталады. Құрттар барлық өзіне қолайлы жерлерде кездеседі. Олардың саны миллионға дейін барады. Сорғыш құрттардың барлығы дерлік қосжынысты болып есептеледі. Олардың көбі дерлік аталығы мен аналығы бір ағзаның ішінде кездеседі. Ол қасиет өздігінен емін еркін қосылып ұрықтануына жол ашады. Яғни олар тек тірі ағзаларда ғана көбейіп дами алады. Олардың бас бөлігінде және құйрық бөлігінде екі түрлі сорғыштары бар. Оның бірі сору үшін, ал бірі бекіну үшін керек. Қармалауыштары арқылы негізгі иенің денесіне енген соң мүшелердің жұқа қабырғаларын жыртып, қан тамырлар арқылы өте қажетті мүшелерге барады да, бірнеше жылдарға дейін дайын тамақпен қоректеніп жатады. Бұлар адамның ішіне енген кезден бастап – ақ, өзінің өкімін жүргізе бастайды. Олар өте қауіпті құрттар, себебі жыл сайын барлық елдерде бұл құрттармен кездесіп өлімге душар болып жатады. Ал бір адамның өлімі ол сол елдің мәселесі. Сондықтан бұл паразит құрттарға немқұрайлы қарамауымыз керек, олардың жер бетін жайылып кетпеуі үшін алдын ала дабыл қағуымыз керек. Жұмыр құрттар, нематодтар – төменгі сатыдағы құрттар типі. Жер шарында кең тараған (теңіздер мен мұхиттарда, тұщы суларда, топырақта, биосферада), кездеспейтін жері жоқ, сондықтан оларды космополиттік жануарлар қатарына жатқызады. (1 – сурет). Жұмыр құрттардың 5 класы бар: нағыз Жұмыр құрттар құрсақ, кірпікшелілер, киноринхалар, түкті құрттар,  коловраткалар. 27 мыңдай түрі белгілі. Бұлардың жалпақ құрттардан айырмашылығы – ішкі мүшелерінің арасында дене қуысының (схизоцельдің) болуы. Сондықтан Жұмыр құрттарды бірінші реттік дене қуысы бар жануарларға жатқызады. Денесі жіп тәрізді (грек. nematos – жіп) созылыңқы келеді. Ұзындығы 1 мм-ден 8 м-ге жетеді. Бұлардың денесінің сырты қалың кутикула қабатымен қапталған. Ұзын, ұршық тәрізді бұлшық еті жиырылғыш келеді әрі қозу толқынын (импульсін) қабылдап, бір бұлшық еттен екіншіге өткізеді. Тері-бұлшық ет қапшығы мен ішектің арасындағы дененің алғашқы қуысы (іші сұйық затқа толы) оның жұмырлығын тұрақты түрде сақтайды, денесінің тірегі болып, зат алмасу процесіне қатысады. Ас қорыту жүйесі ұзына бойына созылған тік түтік тәрізді алдыңғы, ортаңғы және артқы ішектен тұрады. Ауыз қуысы дененің алдыңғы ұшында орналасқан, ол өңешке ұласады. Жұмыр құрттардың қылқұртқа ұқсас бір түрі - суыртқы. Оның аналығының ұзындығы - 150 см, жуандығы - 0,2 мм шамасында. Бұл - адам үшін өте қауіпті паразит, көбінесе Оңтүстік және Орта Азияда кездеседі. Суыртқының аналығы әсіресе аяқ терісінің астында паразиттік жолмен өмір сүрелі. Құрт орныққан аяқтың басы алғашында қышыл, қызарады. Соңынан ісініп, іріңді жарала айналады. Суыртқыны денеден суырып алу өте қиын. Оны жаралан шығару үшін жіңішке шырпыға немесе өсімдіктің жіңішке бұтақшасына орап, суырып алады. Жұмыр құрттар типі дененің ішкі қабырғасы мен ішегінің арасында қуыс болғандықтан, алғашқы қуыстылар типі деп те аталады. Бұл қуыстағы сүйықтықта ішкі мүшелер орналасады. Жұмыр құрттардың денесі үш қабатты. Сыртқы қабат - сірқабық, ортаңғысы - тері асты қабаты және үшіншісі - бірыңғай салалы бұлшықет. Бұлар - екіжақты симметриялы жәндіктер. Тынысалу және қантарату жүйесі жоқ. Олар - дара жынысты жәндіктер. Қосжыныстылары да кездеседі. Жұмыр құрттар - паразиттер, өсімдік, жануарлар және адам ағзасында өмір сүреді. Зәр шығару жүйесі протонефридиялды (зәрді тері бездері арқылы шығарады). Қан айналу және тыныс алу жүйесі дамымаған. Жүйке жүйесінің орталық бөлімін жұтқыншақ маңындағы жүйке сақинасы мен бірнеше жүйке бағаналары (ұзына бойына созылған) құрайды. Жүйке клеткалары жүйке бағаналарымен байланыса жекелеген ганглияларды құрмай, тек құрсақ жүйке бағанасында «құрсақ тізбегін» құрай дамыған. Сезім мүшелері нашар дамыған. Дара жыныстылар, арасында гермафродиттер де кездеседі. Жұмыртқалары жатынның ішінде ұрықтанады. Көпшілігі жұмыртқа салады, сонымен қатар тірідей туатын түрлері де кездеседі. Жұмыр құрттар – адам, өсімдіктер мен жануарлар организмінде де паразиттік тіршілік етеді. Сірқабық өлі ұлпа, сондықтан ағза денесінің өсуіне мүмкіндік бермейді, өзі өспейді. Жұмыр құрттар денесі өскен кезде сірқабықты сыпырып тастайды. Жұмыр құрттардың сірқабықты тастауы тілеу деп аталады. Гиподерма (грекше “гипо”астында,”дерма” тері) қабаты. Сірқабатты астарлап жатады. Астыңғы жағынан біріңғай салалы бұлшықет қабатына қосылады. Паразиттік жолмен тіршілік ететіндер: Суыртқы-адамға және жануарларға зиян келтіретін жұмыр құрттар.Трихинела-бұлшықеттерде Ішексорғы, үшкірқұрт-ішекте.Ересектерден гөрі жасөспірім дер мен балалардың аш ішегінде орнығатын, екі ұшы да сүйірленіп келген, дене тұрқы 20 см-ге дейін жететін ақшыл немесе сарғыш түсті жұмыр құрт-ішексорғы деп аталады.
Қоректенуі қорегі ауызынан түтік тәрізді ішекке өтеді. Ішек 3 бөліктен құралады:алдыңғы,ортаңғы және соңғы.Қорытылған қоректі ішектің қабырғасы сорып,дене қуысын толтырып тұрған сұйықтыққа жеткізеді де,оны дененің жасушалары сіңіреді. Қорытылмай қалған қорек қалдығы дененің соңғы бөлігіндегі аналь тесігі арқылы сыртқа шығады. Жұмыр құрттардың жалпақ құрттардан айырмашылығы, ішкі мүшелерінің арасында дене қуысының болуы. Бұл қуыстың өзіндік қабырғасы болмағандықтан оны алғашқы қуыс немесе схизоцель деп атайды. Сондықтан кейде жұмыр құрттарды алғашқы қуыстылар деп атайды. Денесінің ішкі қуысындағы сұйық заттың біркелкі қысымда болуы оның дене жұмырлығын тұрақты етеді. Құрттардың денесі жұмыр болып келетіндіктен типтің аталуы да солай. Жалпақ құрттар – төменгі сатыдағы құрттар типі. Олардың ұзынша симметриялы денесі арқа-құрсақ жағына қарай қысыңқы келеді. Ұзындығы 0,2 мм-ден 18 м-ге дейін. Жалпақ құрттардың 12500-дей түрі 5 класқа жіктеледі: кірпікшелі құрттар, сорғыш құрттар, моногенетикалық сорғыштар, таспа құрттар, цестода тәрізділер. Соңғы 4 класс өкілдері – нағыз паразиттер. Бірақ кейбір зерттеушілер кірпікшелі құрттардың 3 отрядын: темноцефалиданы, удонеллидтерді және ксенотурбеллидтерді класс ретінде қарастырады. Жалпақ құрттардың еркін қозғалатын түрлерінің денесінің сырты түкті эпителиймен қапталған, ал паразитті түрлері ядросыз қалың қабат – тегументпен жабылған. (3 – сурет )Жалпақ құрттардың негізгі ерекшелігі – тері бұлшық ет қапшығының болуы. Ол эпителий мен оның астында орналасқан бұлшық ет талшықтарының бірігуінен түзілген. Бұл талшықтар бірнеше қабат (сақина тәрізді, ұзына бойына, қиғаш) түзеді. Жалпақ құрттар осы бұлшық ет талшықтарының жиырылуынан қозғалады. Жалпақ құрттарда дене қуысы болмайды, паренхима мүшелер арасындағы барлық кеңістікті алып тұрады. Ол тірек қызметін атқарады. Жалпақ құрттардың ас қорыту жүйесі біркелкі дамымаған. Аузы денесінің құрсақ (кейде алдыңғы) бөлімінде орналасқан. Ол эктодермальды жұтқыншақпен және тұйық бітетін энтодермальды ортаңғы ішекпен жалғасқан. Артқы ішегі және аналь тесігі болмайды. Ал паразит түрлерінде ауыз, ішектері мүлдем жоқ, қорегін сыртқы қабымен сіңіріп, паренхимада қорытады. Жүйке жүйесі бас жүйке түйінінен басталып, денесінің құрсақ жағына жүретін жүйке бағаналарынан (өзара сақина тәріздес өсінділермен байланысқан) тұрады. Қан айналу және тыныс алу жүйелері дамымаған. Зәр шығару мүшесі – протонефридии. Олардың тарамдалған каналдары паренхимада кірпікшелі жұлдыз тәрізді клеткалармен аяқталады. Жалпақ құрттар – гермофродиттер. Жыныс жүйесінің құрылымы өте күрделі. Бұлар негізінен еркек, ұрғашы жыныс бездерінен, ұрық өткізу түтіктері мен ұрпақ жетілдіру органдарынан тұрады. Жалпақ құрттар тікелей, құбылу, иесін ауыстыру арқылы өсіп дамиды. Жалпақ құрттардың көпшілігі адам мен жануарлардың паразиті (мыс., фасциолез, эхинококкоз, т.б.). Жалпақ құрттар бірнеше классқа бөлінеді;

Кірпікшелі құрттар класы. Ақ сұлама - еркін жүзіп қимылдайтын, жалпақ құрттарға жататын кірпікшелі құрт. (4 - сурет)(Денесі кірпікшелі эпителий жасушаларымен қапталғандықтан, кірпікшелілер класына жатады.) Ол кірпікшелерінің көмегімен суда еркін жүзеді. Сұламаның дене қимылын реттейтін әр түрлі бұлшықеттері бар. Сыртқы қимылға сақиналы бұлшықеттер қатысады. Аралық қабат қимылын қиғаш бұлшықеттер реттейді. Ал ішкі қабаттағы қимыл бірыңғай салалы бұлшықеттермен реттеледі. Кірпікшелі құрттардың аузы, асқорыту, зәршығару және жыныс мүшелері бар. Кірпікшелі құрттарда сезім мүшелері дами бастайды. Мысалы, ақ сұламаның қарапайым көзшелері бар. Сипап-сезу сезімталдығы едәуір арта түскен. Ақ сұлама жұмыртқадан дамып, піллә түзеді. Ол жыныссыз да, жынысты да жолмен көбейеді. Сорғыш құрттар классы. Бұл класқа жататын жәндіктер паразиттік жолмен өмір сүрелі. Дене пішіні жалпақ, жапырақ тәрізді. Қоректік денеге сорғыштарымен жабысады. Екі сорғышы болады: біреуі - аузында, екіншісі - бауырында. Осы сорғыштармен қоректік денеге жабысып, бұлшықетті жұтқыншағының сору қимылы арқылы қорегін сорады. Бұлар сондықтан сорғыш құрт аталған. Сорғыш құрттың денесінде кірпікшелер болмайды. Негізгі иесінің бауырындағы өт жолында сорғыштарымен бекініп, өтпен қоректенеді. Сондықтан бауырсорғыш деп те аталады. Кірпікше тек дернәсілдерінде ғана болады. Қоректік зат қалдығын шығаратын өзек болмағандықтан, оны аузынан сыртқа шығарады. Көзі де жоқ. Тіршілік әрекеттерінің даму айналымы өте күрделі. Бауырсорғыш - гермафродит жәндік. Демек бір ағзада аталық та, аналық та жыныс жасушасы болады. Ұрықтанған жұмыртқа бауырдың қантамырлары арқылы ішекке түсіп, одан нәжіспен бірге сыртқа шығады. Жұмыртқаның бірден суға түсуі де, түспеуі де мүмкін. Суға түспегендері одан әрі дами алмайды. Ал суға түскендерінің денесін кірпікшелер қаптап, суда жүзетін дернәсілдерге айналады. Ондай дернәсілдер аралық иесі - кішкене тоспаұлудың денесіне түсе қалса, одан әрі дамып, көбейеді де, келесі ұрпақ үшін тағы бірнеше дернәсілдерге айналады. Ол дернәсілдер тоспаұлу денесінен суға түсіп, құйрықты дернәсілге айналады. Сөйтіп жұмыртқаның құйрықты дернәсілге айналуы 2,5-3 айға созылады. Дернәсілдер бұдан соң құйрығын түсіріп, өсімдік сабағына жабысады. Денесін сірқабақ қаптап, қозғалмайтын күйге, цистаға айналады. Мал су ішкенде немесе су тартылған жердегі циста жабысқан өсімдікпен қоректенсе, циста ішекте жарылып, одан жас бауырсорғыш жетіледі. Ол қантамырлар арқылы - бауырға, одан өт жолына өтеді. Сөйтіп ересек бауырсорғыш көбею барысында екі иеде өмір сүреді. Ол негізгі иесі - мал, үй хайуанаттары, т.б. кейде адам да, аралық иесі - кіші тоспаұлу денесінде тіршілік етеді. Таспа құрттар классы. Бұлар - әсіресе жануарлардың және адамның ішкі мүшелерінде паразиттік ететін эндопаразит жәндіктер. (5 - сурет) Олардың денесі жалпақ, таспа тәрізді болғандықтан, класс таспа қарттар деп аталған. Паразиттік тіршілікке ерекше бейімделген құрттың бірі - сиыр цепені. Ересек цепень (жармасқақ) - адамның ішегінде, ал дернәсілдері мүйізді ірі қараның, яғни сиырдың денесінде дамиды. Бұл жәндік ішекке қармақшасымен және сорғыштарымен жармасып алады, сондықтан жармасқақ деп аталған. Дененің алдыңғы бөлігінде қысқа мойынды басы болады. Басында 4 дөңгелек сорғыштары бар. Дененің сыртын сірқабық қаптайды. Жүйке жүйесі басында жүйке жасушаларының жиынтығын түзіл, екі желілі жүйке құрттың денесін құйрығына дейін бойлай созылады. Оның көзі, асқорыту және тынысалу мүшелері, қанайналым жүйесі болмайды. Зәршығару жүйесі дененің ең соңғы бунағында екі өзектен қосылып, сыртқа ашылатын зәршығару түтіктерінен қүралады. Сиыр цепені -гермафродит жәндік. Сиыр ңепенінің тіршілік әрекеті өте күрделі. Ол денесінде жүмыртқадан дернәсілдің екі түріне ауысады: біріншісі - қармақшалы дернәсіл; екіншісі - таспақұрттың көзге байқалмайтын, мойынға жалғасқан басы бар кішкене көпіршігі - финна. Ересек таспақұрт негізгі несі - адам денесінде өмір сүреді. Жалпақ құрттар - сула, топырақта, ағзалар денесінің сыртылда және ішінде тіршілік ететін омыртқасыз паразит жәндіктер. Бұлардың еркін тіршілік ететін түрлері ұсақ шаяндар, құрттар және судағы жануарлардың қалдықтарымен қоректенеді. Паразиттік жолмен тіршілік ететін жалпақ құрттар, жануарлар мен өсімдіктер ағзасында әр түрлі аурулар туғызады. Халық шаруашылығына айтарлықтай зиян келтіреді. Сонымен бірге таспа-құрттардың барлығы жануарлар мен адам өміріне зиян келтіреді. Ішекте өмір сүретін паразиттер - эндопаразиттер. Ал ағза денесінің сыртылда паразиттік жолмен тіршілік ететін жәндіктер эктопаразиттер деп аталады. Денесі жонынан қүрсағына қарай ығысып, жалпақ болғандықтан, құрттардың бүл типі жалпақ құрттар - ең алғашқы денесі үш қабаттан: эктодерма, мезодерма және энтодермадан түзілген екі жақты симметриялы жәндіктер. Жүйке жүйесі - басында жинақталған жүйке түйіні бар. Зәршығару жүйесі қарапайым құрылыста болып келеді. Артқы аналь тесігі жоқ. Жалпақ құрттар типіндегі ағзалардың барлығында қантарату, тынысалу жүйесі де мүлде болмайды. Олар бүкіл денесі арқылы тыныс алады. Еркін суда жүзіп өмір сүретін жалпақ құрттар - жыртқыштар, ал паразиттік жолмен тіршілік ететіндерінде асқорыту жүйесі жойылған. Бұлар - қос жынысты жәндіктер. Паразит ағзалардың тіршілік әрекет айналымы күрделі. Олар екі неде - алғашқы (тұрақты) және екінші (аралық) неде өмір сүрелі. Алғашқы неде паразит құрттардың жыныстық жолмен көбейетін ұрпақтары, аралық неде дернәсілдік ұрпақтары тіршілік етеді. Буылтық құрттар – омыртқасыз жануарлардың ішіндегі үлкен бір типі. Қазіргі уақытта 9 мыңдай түрі белгілі. Буылтық құрттар 2 тип тармағына бөлінеді: белдеусіздер және белдеулілер. Белдеусіздердің 1 класы – көпқылтанды құрттар, ал белдеулілердің 2 класы – азқылтанды құрттар және сүліктер бар. Буылтық құрттардың денесі ұзын, бірнеше мм-ден 3 м-ге дейін, біркелкі бөлшектелген сегменттерден тұрады. Эпителий қабатының астында сақина тәрізді қиғаш бұлшық еттері орналасқан, солардың жиырылуы нәтижесінде құрттар қозғалады. Буылтық құрттарда екі жақты симметриялы, сегменттелген, ішкі сұйыққа толы өзіндік қабатының болуымен ерекшеленетін целом қуысы болады. Буылтық құрттардың жүйке жүйесі жақсы дамыған, ол жұтқыншақ үсті ганглиядан және ұзынынан орналасқан құрсақ жүйке талшықтары тізбегінен тұрады. Қан айналу жүйесі көпшілігінде тұйық біткен, ол арқа қан тамырынан (қан арттан алға қарай ағады) және құрсақ қан тамырынан (қан алдан артқа қарай ағады) құралады. Терісімен, ал кейбір түрлері желбезек арқылы тыныс алады. Ас қорыту жүйесі алдыңғы, орта және аналь саңылауымен аяқталатын артқы ішектен құралады. Зәр шығару жүйесі – метанефридиялы (әрбір сегментінде орналасқан қос түтікшелер арқылы зәр шығару), кейбір түрлерінде протонефридиялы (қарапайым немесе тармақталған каналдар арқылы зәр шығару). Буылтық құрттардың көпшілігі – гермафродитті, ішінде дара жыныстылары да бар. Төм. сатыдағы өкілдерінің дамуы метаморфоз арқылы жүреді. Олардың дернәсілін – трохофера деп атайды. Буылтық құрттар теңізде, тұщы суда, топырақ арасында тіршілік етеді. Олар Қазақстанның барлық аудандарында кездеседі. Паразиттік тіршілік ететіндері де бар. Көптеген түрлерімен балықтар қоректенеді. Буылтық құрттарға жататын жауын құрты топырақты құнарландырады, ал сүлік медицинада қолданылады.

2.2. Адам ағзасында кездесетін паразит құрттар

Баянауыл өнірінде кездесетін паразит құрттар; Ішексорғы, сиыр цепені, үшкірқұрт, эхинококк, мысықсорғыш құрт, жұмыр құрт, стронгилоид, аскаридалар және жүндібастар, энтеробиоз, гименолепидоз және т.б. Ішексорғы – ол ақ түсті ондай үлкен емес. Ішексорғының ұзындығы (жылқы ішексорғысы) 18 сантиметрге дейін, (кит ішексорғысы) 8 метрге дейін жетелі. Көбінесе жасөспірімдер мен балалардың тоқ ішегіне үшкірқұрт (острина) орнығады. Ол —паразит құрт, аналығының тұрқы 1 миллиметрден аспайды. Ішексорғының алдыңғы ұшында ауызы, соңғы бөлігінде аналь тесігі болады. Аузында үш еріні бар. Сол еріндері арқылы ішектің қабырғасына қадалып, зақымдаған жерінен қан сорады. Дара жынысты, аналығынан аталығы қысқа және аталығының құйрығы майысқан. Аналығы 40см, ал аталығы 20 см – ге дейін жетеді. Ішексорғының жұмыртқаларының түсі – түссіз, жіңішке, ұзындықтары 1,05 мм, тегіс және сыртқы қабаты жақсы жетілген. Оның жұмыртқасының бір жағы тегіс, ал екінші жағы дөңес және жұмыртқаның ішінде қоймалжын зат бар. Лас қол немесе ыдыс-аяқ, жуылмаған көкөніс арқылы жұғады. Ішексорғының құрылысы-алдыңғы ұшында ауызы, соңғы бөлігінде аналь тесігі болады. Ауызында үш ерін бар. Құрт сол еріндері арқылы ішектің қабырғасына қадалады. Денесінің сырты сірқабықпен қапталған.Көзі жоқ. Ішексорғы да (аскарида) - паразит жәндік. Оның денесін қаптаған тығыз қабықша - тері-бұлшықет қапшығы деп аталады. Асқорыту және басқа мүшелері тері-бұлшықеттің астындағы сұйықтыққа толы екінші қуыста орналасады. Ішексорғының аузында үш ерін бар. Құрт сол еріндері арқылы ішектің қабырғасына қадалып, зақымдаған жерінен қан сорады. Оның қорегі ауыздан түтік тәрізді ішекке өтеді. Ішек үш бөліктен құралады: алдыңғы, ортаңғы және соңғы. Қорытылған қоректі ішектің қабырғасы сорып, дене қуысын толтырыл тұрған сұйықтыққа жеткізеді. Дене жасушалары қоректі сіңіреді. Қорытылмай қалған қорек қалдығы дененің соңғы бөлігіндегі аналь тесігі арқылы сыртқа шығады. Ішексорғыда қантарату және тынысалу мүшелері болмайды. Ол таспа құрттар тәрізді тыныс алады. Жұмыр құрттардың жүйке жүйесі жалпақ құрттарға ұқсас. Сезім мүшелері өте нашар дамыған, дененің алдыңғы жағында, терідегі ойықта сезім мүшесі болады. Ішексорғыда көз болмайды. Ішексорғылар - дара жынысты жәндіктер. Аналығынан аталығы қысқа және аталығының құйрық бөлігі ішке қарай имектеніп тұрады. Ұрықтанған жұмыртқалар ішекке бөлініп шығып, қорытылмаған тамақ қалдығымен бірге сыртқа шығып қалады. Ондай ортаға түскен жұмыртқалар (олардың саны 200 000-ға дейін жетелі) бірнеше күннен соң дернәсілдерге айналады. Осылай дамыған жұмыртқалар қолдың кірі және жуылмаған көкөністерден адамның аузына түседі. Одан ішекке өтеді. Ішекте жұмыртқаларды жарып, дернәсілдер ішектің қабырғасына қадалады. Сөйтіп бөсір (аскаридоз) ауруы пайда болады, ішексорғы бөлген улы заттардан ішектің қызметі бұзылады. Дернәсілдер қанмен бірге өкпеге де енуі мүмкін, ондайда қақырық бөлініп, адам жөтеледі. Қақырықпен бірге ішексорғының дернәсілі ауызға түседі. Адам жұтынғанда ішекке барады. Енді ол даяр азықпен қоректеніп, жетіледі. Үш айдан соң ересек ішексорғы жүмыртқалайды. Дене пішіні біржасушалы қарапайымдарға ұқсас жұмыр құрт түрлері - қылтыңбас, зымырақ, құрсақкірпікшелі құрттардың маңызы зор. Өйткені олар бактериялар, біржасушалы жәндіктер, балдырлармен қоректенеді. Сонымен бірге оларды шаяншалар, балық шабақтары, балықтар қорегіне жаратады. Жылқының құйрық қылына ұқсас шумақталған жіңішке (тұрқы 1 м) жұмыр құрт қылқұрт деп аталады. Оның адамға ешқандай зияны жоқ, алайда ол бунақденелілердің денесінде паразиттік тіршілік етеді. Сиыр цепені. Ұзындығы 4 – 10 м . Басының диаметрі 1 – 2 мм Денесі бастан, мойыннан және бунақтардан тұрады. Басының және мойынның бунақтары кіші, ал төмен қарай бунақтар үлкейе береді. Соңғы бунақ жынысы жағынан пісіп жетілгені болып саналады. Толық піскесін үзіліп өзі дара болып шығады. Ол 1000 – 2000 бунақтан тұрады. Оның жатыры жұмыртқаға толы болады. Жұмыртқа саны – 157000. Ол адам ағзасында 20 жылдай өмір сүре алады. Үшкірқұрт. Ол ең көп тараған құрттың бірі. Үшкірқұрттың екі ұшы да сүйірленген, құйрығы үшкір, тұрқы 1,5 см шамасында болады. Оның түсі ақшыл немесе сарғыш болып келеді. Үшкірқұрт екі сүйір үштарын қадап, соқыр ішекте және тоқ ішекте тіршілік етеді. Үшкірқұрттың алдыңғы ұшында - ауыз, соңғы бөлігінде аналь тесік (артқы тесік) орналасады. Аналь тесігінен кейінгі өте үшкір дене бөлігі құйрық деп аталады. Оның денесі тығыз қабықшамен - сірқабықпен қапталған. Сірқабықтың астында ұзын салалы бұлшықеттері болады. Көлденең салалы бұлшықеттері жоқ. Сондықтан үшкіркүрт денесін жиыра, қысқарта алмайды. Оның денесі созылмайды. Пішінін өзгертпей, тек жан-жағына иіледі. Оны социал - экономикалық топтарда көп кездестіреді, әсіресе балалар арасында. Олар қауіпті емес, бірақ олар дискомфорт туғызады. Олар көбіне ақ түсті болып келеді және ол баланың тік ішегіне көп жұмыртқа салады. Содан балада ұйқысыздық, шаршау, іштің өтуі байқалады.Кір қол арқылы қайта ауызға түсіп қайталануы мүмкін. Оның аталығы мен аналығы бөлек орналасқан нематод түрі. Аталығының ұзындығы 2 – 3 мм, ал аналығының ұзындығы 9 – 12 мм. Үшкірқұрт үшкірлеу және ақшылт болып келеді . Бас жағын микроскоппен қарағанда үш ірі ерні болады. Аталығының құйрығы әрдайым құрсағына қарай имектеліп майысып тұрады. Жасушаның ішінде бір жасуша бар , ол қара түсті болып келеді. Эхинококк. Өте ұсақ цестода түрі, ұзындығы 3 – 5 мм, ақ түсті. Басында 4 сорғышы және 2 қармалауышы бар. Оның денесі 3 – 4 таспадан тұрады. Ең соңғы таспасы ірі, жынысы жетілген, әрі жұмыртқаға толы болады, онда 800 жұмыртқа бар. Эхинококк ересек түрінде иттің, қасқырдың, шибөрінің кей кезде ғана мысықтың шегінде кездеседі. Соңғы таспасы піскеннен кейін сыртқа нәжіс арқылы шығып, жүніне жұғады. Дернәсілін онкосфера деп атайды. Мысықсорғыш құрт. Омбы қаласында 1884 жылы мысықта, 1891 жылы адамда табылды. Сол себепті оны мысықсорғыш немесе сібір қосезуі деп атайды. Дене тұрқы 1см. Оның жұмыртқасы ашық сары немесе сұр түсті әрі өте ұсақ болады. Жұмыртқасының өлшемі 26 – 30 мкм. Жұмыр құрт – бұл құрттың өмір сүрмейтін жері жоқ. Бәрінен де оған өмір сүретін ең қолайлы орын – тіршілік етуші, әрекет етушінің организімі. Бір ұрғашы жұмыр құрт күніне шамамен 200 мың аналық тұқым шығарады. Қыруар мөлшердегі жұмыр құрт тұқымы үлкен дәретпен сыртқа шығарылып, дәретхана, топырақ арасында қалып, көкөніске, азық – түліктерге, жалпы тұрмыстық ортаға кең тарайды. Тазартылып жуылмаған көкөніс, жеміс – жидек, шыбын үймелеген азық – түлік, кептірідген көкөніс, т.б. бәрінде жұмыр құрт тұқымы болады. Сол арқылы адам денесіне енеді. Тазалық нашар болғанда, айталық, қол тазалығына көңіл бөлінбегенде, тамақтың алдында, дәреттен соң қолды жумағанда, қолға жұққан жұмыр құрт тұқымы тамақпен ілесе ішке түседі. Тамақ алдында қолды сабындап мұқият жуудың маңыздылығы осыдан – ақ көрініп тұр. Балалардығы жұмыр құрт ауруы. Бала көбінесе жерде ойнап, жеміс – жидектерді де шикі жеп қоятындықтан әрі қолын да жиі жумайтындықтан, жұмыр құрт тұқымының денесіне енуі жиі. Сондықтан ересек адамдарға қарағанда бұл инфекция балаларда көбірек. Жұмыр құрт тұқымы адам ішегінде тұрып, бірнеше сағаттан кейін балапан құртқа айналады. Балапан құрт ішектегі қан тамырға кіріп, қанға өтеді де, қан айналысы арқылы жүрекпен өкпеге, өкпе бөлімінен өтіп, кеңірдекше, кеңірдек, көмей бөліміне келіп, тағы қайталай өңеш - асқазанға кіріп, ең ақырында ішекте мекендейді. Балапан құрт осылайша адам денесін аралап «саяхаттау» арқылы біртіндеп жетіліп, жетілген құртқа айналады. Бұған шамамен екі, екі жарым ай уақыт кетеді.

Жұмыр құрт адам ішегінде паразиттеніп, денедегі әлдеқашан қортылған қорекке ортақтасып, азықтануына ықпал жасайды. Өсіп – жетіліп келе жатқан бала жұмыр құрттың әсерінен арықтап, сарғайып кетеді. Жұмыр құрттан бөлініп шыққан уыт, сондай – ақ зат алмасудан туылған туынды заттар бала ішегін тітіркендіріп, ішін ауыртып, тісін қайратады. Жұмыр құрт ішінара қосымша күрделі ауруларды да тудырады:

  1. Өт жолының жұмыр құрт ауруы. Жұмыр құрт үнгіп кіре алады. Айталық, жұмыр құрт өт жолына үңгіп өт жолының жұмыр құрт ауруын тудырады. Бұл кезде науқас баланың оң жақ үстіңгі құрсағы ұстамалы түрде қатты бұрап ауырады. Бұрап ауырғанда бала бажылдап жылап дөңбекшиді, ауырсыну аракідік бәсеңдейді.

  2. Жұмыр құрт сипатты бауырдың ірінді ісігі. Жұмыр құрт бауырдың ішіндегі ұсақ өт жолдарына үңгіп кіреді, бактерияны ілестіре жүріп, бауырдың іріңді ісігін тудырады, бұл кезде науқасқа шалдыққан баланың қызуы өрлеп, бауыры ісінеді, бауыр төңірегі ауырады.

  3. Жұмыр құрт сипатты соқыр ішек өсіндісінің қабынуы. Жұмыр құрт соқыр ішекке үңгіп кіріп, соқыр ішек өсіндісінің қабынуын тудырады. Іріңдетеді, тіпті тесіп жібереді. Науқас баланың дене қызуы көтеріледі. Оң жақ астыңғы құрсағы ауырады, құсады.

  4. Жұмыр құрт сипатты ішек бітелу. Жұмыр құрттар оңай топтасып түйдектеліп алады, егер құрсақта жұмыр құрт көбейіп кетсе, түйдектелген бойы ішекті бітеп қалады да, жұмыр құрт сипатты ішек бітелуін тудырады. Науқас адамның құрсағы қатты ауырады, іші кебеді, жел шығармайды, үлкен дәреті келмейді, құсады. Бұл аурулар жиі кезігетін хирургиялық жедел аурулар болып есептеледі, шұғыл ота жасауды қажет етеді. Егер дер кезінде емделмесе, өмірге қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан кішкентай ғана жұмыр құрттың өзі үлкен зардап тудыратынын естен шығармай, оған немқұрайлы қарамау керек.

Жұмыр құрттың алдын алу үшін тазалықты қалыптастыру керек. Тамақтан бұрын, дәреттен кейін қолды жуу, тырнақты үнемі алып тұру, жеміс – жидектерді, сондай – ақ көкөністерді шикі жеуден бұрын жуып дизенфекциялау, кептірілген көкөністерді ең жақсысы пісіріп жеу керек. Егер бала жұмыр құртпен инфекцияланған болса, дәрігердің нұсқауымен дер кезінде емдету қажет. Стронгилоид. Оның құрылысы – стронгилоид немесе ішек бөртпесі. Ұсақ, мөлдір, жіп тәріздес құрттар түрі (нематода). Жартыкеш, ұзындығы 2 – 3 мм. Адамнын ащы ішегінде тіршілік етеді. Ішектің қыртысына кіріп, сонымен қатар өт және бауыр жолдарында тіршілік етеді. Бұл таяқшаның аналығы тәулігіне 50 жұмыртқа салады. Жұмыртқадан өзгеше бір дернәсіл, ұзындығы 0,1 – 0,2 мм пайда болады. Алдынғы жағы мұқыл, артқы жағы сүйірлеу келеді. Дернәсілдің жұтқыншағы өзіне тән буылтықтан тұрады. Өмір сүруі: ұзынша дернәсіл, адамның нәжісіне топыраққа түскеннен кейін 1 – 4 ішінде домалақ дернәсілге айналады. Сондықтан оның жұтқыншағы дененің жартысын алып, цилиндр тәріздес болады. Ұзынша дернәсілдердің аналығы мен аталығы топырақта еркін өмір сүріп, жағадан ұзынша дернәсілдер түзеді. Адам лас тамақтарды, көкөніс пен жеміс – жидектерді жегенде ұзынша дернәсілдер бірге жұтылады және тері арқылы өтіп ауруға шалдығады. Кейбір жағдайда дернәсілдер ішекке түскеннен соң 24 сағаттан кейін ұзынша дернәсілге айналып, ішек қырындысына және қан тамырларына енеді. Сонымен қатар ауыз және тері арқылы жұқтырғанда өзінен – өзі ішектің ішкі құрылысы асқынады. Дернәсіл қан мен бірге өкпені жаулайды. Осы жерде ол қан тамырларын үзіп, тыныс жолдарын және сілекей арқылы ауыз қуысын жаулайды. Сілекейді жұту арқылы олар шекті жаулап, өсе береді. Стронгилоидтың адам ағзасында 17 – 27 тәулік өсіп жетіледі. Стронгилоид қоздырғышы стронгилоидоза. Бастапқы кезеңінде қызуының көтерілуі, терінің қызаруы, тері қышуы, бөртпе, өкпенің тыныс алуы нашарлайды. Шек жүйесінде бұл ауруда әлсіздік, бас ауруы, іш өту, іш ауруы, бауыр мен өт жолдары және арықтау байқалады. Бастапқыда қанды және қақырықты микроскоппен тексереді. Дернәсілдерді анықтау үшін бұл құрттың асқазандағы тамақты және нәжістерді тексереді. Осы ауруға күдіктенген кезде бірінші мезгілде лабараториялық тексеріс теріс қорытынды берсе, 3 – 5 рет қорытынды қайталайды, арасында 5 – 7 күн салып қосымша белгілер, созылмалы шек құрты кезеңінде диогностикалық қан асқынуы болып есептеледі. Стронгилоидоз көбінесе жылы және ылғалды климатты жерлерде кездеседі. Бірақта түгел климаттық бөліктерде тіркелген. Дер кезінде ауруды табу және ем жүргізу, жеке бастың тазалығын сақтау, жердің топырақтың асқынған нәжістерден қорғау. Аскаридалар және жүндібастар. Ұсақ құрттар немесе гельминттер адамдардың, жануарлардың ағзасына кіріп алатын арамтамақ құрттар. Ересектер мен балалар аскаридаларды, жүнді бастарды жиі жұқтырады. Гельминттер адам ағзасын улайтын улы заттар бөледі. Адамның қалыпты денсаулығында соның әсерінен өзгеристер: аллергия, ішек жұмысының бұзылуы пайда болады. Адамның тәбеті нашарлайды, іш құрылысы ауырады, лоқсиды, жүрегі айнйды, құсады. Балалар үлкендерге қарағанда әлдеқайда көбірек құрттан зардап шегеді, өйткені баланың әлі толық дайын болмаған ағзасы арамтамақтардың зиянды әсеріне төтеп бере алмайды. Сондықтан олар дене салмағын жоғалтады, ұйықтамайды, мазасызданады, ашуланшақ, керітартпа, созылмақ болып кетеді. Түрлері бозарады, бойдың өсуі тежеледі, еске сақтау қабілеті нашарлайды, оқуда кейін қалады. Көкөністер, жемістер, ауыз суы арқылы адам жұқтыратын құрттар гельминттер болып табылады. Аскаридалар – ұзындығы 20 – 40 см домалақ құрттар. Еркегі ұрғашысына қарағанда біршама қысқа, құйрығы ілгек тәрізді қайырылған келеді. Ересек аскаридалар жіңішке ішекте жыбырлап жүреді, өмірінің ұзақтығы бір жыл шамасында. Аскаридалардың ұрғашысы ішекке күн сайын 200.000 жұмыртқа салады, адам нәжісімен сыртқа шығады. Жұмыртқа тұтас қабықпен қапталған, сондықтан тазартқыш заттарға, сыртқы әсерге өте төзімді. Белгілі температурамен ылғалда оттегі мол жерде жұмыртқа екі айдан бірнеше ай аралығында топырақта жетіледі. Ауасыз жерде личинканың дамуы тоқтайды. Бұл жай жұмыртқадағы личинкалардың ауа жоқ жерде (оттегі өте аз адам ішегінің ішінде дами алмайтындығын), адам аузына салған аспен кең жерде жетілген жұмыртқадағы личинканы ішекке жіберетінің, жұмыртқадан личинка шығып, одан ересек арамтамақ құрттар ішекте пайда болатының дәлелдейді.Аскарида аналықтарының жыныс мүшесі өте жіңішке, жіпше тәрізді, жұп жұмыртқа безінен басталады. Оның қабырғасы бір қабатты эпителий клеткаларынан, ортасында ерекше рахис деп аталатын кіндік желі немесе овоциттердің (жұмыртқалардың) өсу аймағы орналасқан. Рахистің төңірегінде жыныс клеткалары қалыптасады.  Жұмыртқа безі біршама жуандау екі жұмыртқа жолына ауысып, олар одан да жуан екі жатынғажалғасады. Екі жатын қосылып жіңішке қынапқа айналады да, ол дененің алдыңғы құрсақ жақ бөлімінде жыныс тесігімен аяқталады (6-сурет).  Аскариданың iшкi құрылысы: 1 - ауыз, 2 - өңеш, З - iшек, 4- жұтқыншақ нерв сақинасы, 5 - құрсақ нерв бағанасы,  6- бүйiр сызығы, 7 - фагоцитарлы клеткалар,8- аналык без, 9- жұмыртқа жол, 10- жатын, 11 - қынап, 12 - аналь тесiгi,13 - тұқым без, 14 - тұқым жол, 15 - тұқым шығарғыш түтiгi. Көпiршiктiң артқы жағы жiңiшкерiп жұқа бұлшық еттi түтiкше немесе тұқым шашқыш каналға айналады да, ол артқы iшекке ашылады. Осы жерге арқа тұсынан ерекше екi шағылыс қалта ашылады. Онда шағылысу кезiнде көмекшi мүше ретiнде қызмет атқаратын спикула орналасқан. Олардың ауыз қуысы үш «ерiндерiмен» қоршалған. Ауыз тесiгi жұтқыншақпен жалғасады. Жұтқыншақ бұлшықеттерiнiң жұмысы арқасында иесiнiң iшегiндегi заттардың бiр бөлiгi паразит iшегiне сорылады. Iшектерi алдыңғы, ортаңғы, артқы бөлiмдерiнен тұрады. Қорытылмаған заттар аналь тесiгi арқылы сыртқа шығарылады. Денесiнiң алғашқы қуысы сұйық затқа толы. Алғашқы қуыс дененiң тiрегi бола тұрып, зат алмасу процесiне де қатысады. Зәр шығару жүйесi екi бүйiр экскреторлы каналдардан құралған. Олар нематоданың бүкiл денесiнде бойлай орналасқан және алдыңғы ұштары бiрiгiп ортақ түтiкке айналады да, ол сыртқа құрсақ жағында орналасқан зәр шығару тесiгiмен шығарылады. Аскариданың қабырғасы бір қабатты эпителий клеткаларынан, ортасында ерекше рахис деп аталатын кіндік желі немесе овоциттердің (жұмыртқалардың) өсу аймағы орналасқан. Рахистің төңірегінде жыныс клеткалары қалыптасады. Жұмыртқа безі біршама жуандау екі жұмыртқа жолына ауысып, олар одан да жуан екі жатынға жалғасады. Екі жатын қосылып жіңішке қынапқа айналады да, ол дененің алдыңғы құрсақ жақ бөлімінде жыныс тесігімен аяқталады. Аталықтарының жыныс мүшесі аналықтарындай өте жіңішке, жіпше тәрізді тұқым  безінен басталады. Ол біршама жуандау тұқым жолына ауысып, ұрық көпіршігіне жалғасады. Көпіршіктің артқы жағы жіңішкеріп жұқа бұлшықетті түтікшеге немесе тұқым шашқыш өзекке айналады да, ол артқы ішекке ашылады (аналь тесігінің алдында). Осы жерге ерекше жұп шағылысу қалтасы ашылады. Онда көбіне екі немесе одан да көп кутикулярлы ине немесе спикулалары орналасады. Спикуланың ұштары сыртқа шығып, шағылысу кезінде көмекші мүше ретінде қызмет атқарады. Жүндібастар – ұзындығы 4 – 5 сантиметр, ұсақ домалақ құрттар. Денесінің бас жағы жіңішке, шашқа ұқсас. Арт жағы шорт кесілген, жүндібас өзінің бас жақ ұшымен ішектің қабырғасына жабысып алып, жіппен сабақталған ине құсап ішекті тесіп шығады. Жүндібастар әжептәуір өмір сүреді, 5 – 6 жыл кейде одан да көп сүреді. Адам аскаридаларды және жүндібастарды қалай жұқтырады? Өкінішке орай жыртылған жерде, бақшаларды тыңайту үшін кейде дәретханалардың лас заттарын пайдаланады. Егер бұл лас заттар тазартылмаған болса, топырақта аскарида мен жүндібастардың жұмыртқа личинкалары орнығып алады. Былғанған топырақтан бұл личинкалар қолға, жеміс – жидекке, көкөніске жұғады, сондай – ақ әртүрлі тағамдарды, су көздерін, шөпті ластайды. Дәретханадан кейін қол жуу керек. Сөйтіп, кепкен лас заттар аяқ киіммен, соққан жолмен, топырақпен, шаңмен ұшып, гельмиттер үйге кіреді. Адам қолына жабысқан жұмыртқаны аузына салып, аскаридалар мен жүндібастарды жұқтырады немесе жуылмаған жеміс – жидектер, көкөністерден т.б, личинкалар жабысқан азықтарды жеп, өзіне жұқтырады. Көшеде, аулада балалар ойнап жүріп, немесе жануарларды сипап, қолдарын былғайды. Топырақ пен шаңды, ойыншықтарда, жаңуарлардың жүнінде аскарида мен жүндібастылар жұмыртқасы болуы әбден мүмкін. Кейбір жағдайда өзендер мен көлдердің, жылғалардың, құдық суларын қайнатпай, тұтынғанда, аскарида мен жүндібас личинкалары адамның ішегіне барып түседі. Шыбындар өзінің қанаты мен аяқтарына жетілген жұмыртқаны жабыстырып алып, үй ішіндегі мүліктерге, әртүрлі заттарға, тағамдарға жұқтырып кетеді. Аскаридалар мен жүндібастылардан сақтану үшін:

  1. Тамақтанар алдында, дәретханадан шыққан соң қолынды мұқият жуу, аяқ қолыңды таза ұста. Гельмиттердің жұмыртқасы болмас үшін, қолыңның тырнағын қысқа қылып ал.

  2. Жеміс – жидектерді, көкөністерді пайдаланар алдында сумен әбден жуып, ыстық сумен бүріп алу керек.

  3. Ашық су қоймаларының, жылғалардың, өзендердің суын қайнатып іш.

  4. Масаның көзін құрт, азық – түлікке жолатпа.

  5. Дәретхананы таза ұста.

  6. Бау – бақшаны тек тазартылған қимен тыңайт. Оны тазартудың тиімді жолы – ауа бармастай, шұңқырға көміп, бір жылдай жер астында ұстау.

Энтеробиоз. Энтеробиоз ішекқұрты. Ішекқұрттың ұзындығы созылмағанда 1 см. Ішекқұрттың кәдімгі біреуі үшкір болып келеді. (аты сондықтан осыған ұқсас). Кейбіреуі айналмалы болып келеді. Паразиттің түсі әртүрлі: ақшылдау немесе жасыл, қаралау, тіпті қара болып келеді. Тірі құрттар жиырылып барып түседі. Құрттар түнгі уақытта тіршілік ете бастап, шекке келеді де, терінің шетіне жабыса бастайды. Кір қолдан немесе кір заттан жұғады. Бала қолымен қасығын жерден ішекқұрттың жұмыртқасын жұқтырады. Энтеробиоз көп тараған және әлемде көп тараған инфекцияның бірі. Кейбір балалар ұжымында 100 % дейін ішек құртты жұқтырады. Энтеробиозды жұқтырғаннан соң, атқаратын емдік жол 12. Бала отырған орындығында қызығушылығы өз жынысына болады онанизм. Қыз балаларда, бұдан басқа да ішекқұрттар жыныстық жолына түскенде қабынбалы және инфекциялық ауруларға тап болады. (вульвовагинит, уретрит, молочница). Түнде жатар кереуетінде бала жылап мазасыздануы мүмкін (күндізгі ұйқысы дұрыс болуы мүмкін). Егер ішекте құрттар аз болса, мұндай келеңсіз оқиғалар күнде қайталануы мүмкін емес. Басқа да созылмалы аурудың түрлері ішектің дұрыс жұмыс істеуіне кедергі тудырады (іш аурулары, іш кебу, іш жүрмеу, ішке астың тұрмауы т.с.с) аллергиялық реакция беруі, интоксикация, дисбактерияның ішекке әсер етуі. Баланың қасыған дерінен артқы жағынан кешкілікте немесе түнде анықтауға болады. Ішқұртының жұмыртқасын анықтау үшін ( салафандық лентаның қасыған жеріне жапсыруы арқылы) айқындауға болады. Дегенменен мұндай анализді тәңертең тапсырған дұрыс. Егер бала түнгілікте мазасызданып ұйықтай алмаса, қорытынды бойынша 1 – 2 жұма қайталанған дұрыс. Энтеробиозы жұмыртқаларының мүлдем жойылып біткенге дейін тексерілген жөн. Баланы Энтеробиозы ауруынан емдеуде отбасының барлығының атсалысқаны дұрыс. Терапия курсы 14 және 28 күн аралығында өтеді. Гигеналық тазалық шарасын төмендегідей өткізген дұрыс:

-Жеке бастың киімдерін, төсек орынды жуып қайнатып, екі жағында үтіктеп, үй ішін дымқыл тазалық жасап, жуу керек.

-Дәретханаға тазалық жұмысын жасау ең бастысы.

-Қолымен ұстайтын заттардың барлығын, ойыншықтарға дейін сабындап жууып, кілемнің шаңын шаңсорғышпен тазалау керек. Бұл тазалау жұмысын екі апта сайын қайталанған дұрыс.

Гименолепидоз. Гельминтоз – паразиттік құрт (глистер) арқылы таралатын ауру. Бұл топтағы сырқаттардың ішіндегі кейінгі кезде бой алып, кең жайылып келе жатқаны – гименолепидоз. Оны қортык цепень (Карлиновый цепень) деп аталатын құрт тудырады.

Кімдер ауырады? Гименолепидозбен көбінесе балалар ауырады. Сондай – ақ оған ересектер де шалдығады. Таралу себептері: Сөз болып отырған кеселдің кең етек алуына алғысшарт жасайтын себептер аз емес. Олардың негізгілері мыналар;

  1. Жеке бас гигенасының дұрыс сақталмауы;

  2. Ағарту жұмыстарының нашарлығы, халықтың сақтану, алдын алу шараларынан бейхабарлығы;

  3. Осы сырқатқа шалдыққан адамдарды мезгілінде әрі толық емделмеу т.б.

Қалай жұғады? Бұл паразиттің өзгешелігі – пісіп – жетілген жұмыртқалары нәжіспен бірге сыртқа шығады. Сондықтан тазалық сақталмаған жерде оны жұқтыру онай. Ал гименолепидозға бір ұшыраған кісінің одан құлан таза айығуы ұзаққа созылады. Ерекшелігі: Нәжіспен жұмыртқасы сыртқа шығатын басқа паразиттер тек сыртта пісіп жетіледі. Яғни, бір сөзбен айтқанда, олар адам тәнінде көбейе алмайды. Ал қортық цепень іште көбейеді, тәнді одан тазарту, аршып алу қиынға түседі. Жұмыртқадан бөлінген құртшалар (зародыш) ащы ішектің түбіне еніп қоныстанып алады. Сөйтіп, өсе келе жабысқақ ілгектері арқылы сол араға айырылмастай болып жабысады. Ащы шек түгінің қабынуы туындайды. Емі: Ем тек шектің қуысындағы паразиттерді ғана құрта алады. Құртшалар (личинкалар) тірі қалып, біраз уақыттан кейін одан паразит өсіп – жетіледі. Бір рет жазылған ауру осылайша қайтадан қайталап соғады. Сол себепті емді де бірнеше рет қайталап жасауды тура келеді. Шипаның нәтижесі болуы соның өзінде көп күш – жігер жұмсауды қажет етеді. Белгілері: жүрегі айнып, тәбеттің төмендеуі, іші өтеді, басы айналады, ашуланшақ, кейде денесі құрысып тырысуы да мүмкін. Алдын алу: жеке бастың, сол сияқты тамақтанудың гигенасы. Қолды жие – жие жуу, жеке сүлгі пайдалану керек. Азық – түлікті таза жерде ұстау, ойыншықтарды қайнатып тұру, бөлмені сулы шүберекпен сүрту, гаршокты қайнатып сумен жуу, ағарту жұмыстарын өткізу, гименолепидоз сырқаттарды жұрттан оқшаулау.

























2.3. Паразит құрттардың көбеюі мен дамуы.

Үшкірқұрт. Үшкірқұрт адамның төменгі ащы шегінде және тоқ ішегінде мекен етеді. Алдыңғы бөлігі арқылы шектің қабырғасына бекінеді. Аналықтары түнде қышу реакциясын тудыра отырып артқы тесік арқылы қозғалып сыртқа шығады. Әрбір аналық ішекте ұсталынып қалмайтын етіп 5000 – 15000 жұмыртқа салады. Ол жұмыртқалар ақырын төмен қарай жылжып отырып, тік ішекке түседі. Ал аналығы жұмыртқа салғаннан кейін бір айға жетпей өледі. Зақымданған адамның аналь тесігі қышиды. Егер адам құйрығын тырнаса, ол адамның тырнағының ішіне острица жұмыртқалары еніп, одан төсек орынға, ойыншыққа, ыдыс-аяққа, тамаққа түседі де , сосын қандай да бір жағдаймен адамның ағзасына енеді. Үшкірқұрттар соқыршекке түсіп кей кезде адамда соқыршек ауруына себепші болады. Оның адам ішінде өмір сүру уақыты бір ай , бірақ кейде острица кейбір адамда бірнеше айға немесе бірнеше жылға созылуы мүмкін. Сиыр цепені. Сиыр цепені биогельминт. Адам негізгі иесі, ал ірі қара мал аралық иесі болып саналады. Пісіп жетілген соңғы таспалар үзіліп түседі. Аралық иелері су ішкенде және жұмыртқалары бар шөпті жегенде жұқтырады. Жануарлардың шегіде жұмыртқадан қан тамырларына ене алатын онкосфераларға айналады. Сосын қан арқылы түгел мүшелер мен ұлпаларға тарайды. Көбінесе ірі қара малдарда онкосфералар қан көп айналатын мүшелерде тұрақтайды. Үш-төрт айдан кейін олар пісіп жетіледі. Адамға құрты бар етті жегеннен жұғады. Әсіресе ет толық піспеген, қуырылмаған және дұрыс қақталмаған болса жұғады. Адамның шегіде дернәсіл ары қарай дамып, мықты сорғыштары арқылы ащы ішекке бекінетін сколекстерге айналады. Екі – үш айдың ішінде құрт адам ішінде тез өсіп, бір күнде аналықтары алты – сегіз таспадан, ал бір жылда 51 млн. 100 мың. Жұмыртқа шығарады. Адам ішінде 10 жылға дейін өмір сүреді.

Эхинококк. Эхинококктың дернәсілінің бірінші сатысы онкосфера деп аталады. Денесі шар тәрізді және үш жұп қармалаушы бар. Жатырында жатып онкосфералар үлкен болып өседі. Ең қауіптісі көпіршік түріндегі дернәсілдердің сыртқа қарай емес ішке қарай өсуі. Осы кезге дейін сиырдың бауырынан 40 кг – дық, ал адамнан 1 кг – нан асатын дернәсіл тіркелген. Эхинококктың келесі дернәсілі финна деп аталады. Ол баланың басына сыйып кететіндей көпіршік түрінде болады. Финна кезеңінде ол ірі және ұсақ мүйізді малдардың, иттің, қасқырдың ішек-қарнына еніп, тіршілік етеді. Эхинококк жұмыртқалары иттің кір жүнінің үстіне түседі, ит өзенге барып шомылса жұмыртқалар суға түседі, одан топыраққа сосын шөпке және т.б жерлерге түсіп, дамуын бастайды. Эхинококк жұмыртқалары жақсы сақталады. Оның жұмыртқалары су, тамақ арқылы үй жануарларының ішіне оңай енеді. Одан ішек-қарынға, бауырға барады. Ол ағзаға енгеннен кейін оның қоймалжын заты эхинакокк көпіршігіне айналады. Ұзындығы 10 – 20см. Көпіршіктің іші ақ сұйықтыққа толы. Оны эхинококк құмы деп атайды. Мысықсорғыш құрт.Мысықсорғыш құрттың жыныс жүйесі денесінің үлкен бөлігін алып жатыр. Оның дернәсілдері жұмыртқасынан жатырында жатып шыға бастайды. Кірпікшелі дернәсілі (мирацидий) суға түскеннен кейін бірінші аралық иесі былқылдақ денеге кіреді. Былқылдақдененің ішінде қозғалмайтын қапшық түріндегі спороцистаға айналады, ал одан келесі сатылы – редия шығады. Редиядан кейін құйрығы бар қозғала алатын церкариге айналады. Церкарии былқылдақденеден шыққасын омыртқалының денесіне түсуі керек. Сосын ол сазан сияқты балықтардың бұлшық етіне сыртында қабықшасы бар метацеркарииге айналады.

Ішексорғы. Ол адамның ас ішегінде паразит етеді. Тәулігіне аналығы 200 000 жұмыртқа шығарады. Ішексорғы жұмыртқалары жылы топырақта оттегісі мол ауада жұмыртқалары дами бастайды. Топырақта бірнеше жылға дейін тіршілігін жоймайды. Дернәсілдерінің ұзындығы 0,04 мм, ені 0,03 мм. Ішектің көктамырларынан бауырға өтеді де бауырдың көктамырлары арқылы және қан ағысы арқылы жүректің оң жақ бөлігіне барады. Одан кейін ол өкпе салатамырлары және қылтамырлары арқылы өкпеге, ауа тамырларынана жетеді. Сосын түнде жұтқыншаққа түсіп, сыртқа шығу мүмкін немесе қайта сілекей арқылы ішекке баруы мүмкін. Ішекке қайта түскен дернәсіл ересек күйге дейін піседі. Дернәсілдер қолдың кірі және жуылмаған көкөністерден адамның ауызына түседі. Дернәсілдер қанмен бірге өкпеге енеді.Ондайда қақырық бөлініп, адам жөтеледі. Дернәсіл ішексорғы қақырықпен бірге ауызға түседі . Одан ішекке өтеді .Ішекте жұмыртқаларды жарып, дернәсілдер ішектің қабырғасына қадалады. Ішексорғы бөлген улы заттардан ішектің қызыметі бұзылады. Адам жұтынғанда дернәсілдер ішекке барады да, дайын азықпен қоректеніп, жетіледі де 3-айдан соң ересек ішексорғы жұмыртқалайды. Жұмыр құрттар – дара жынысты жәндіктер.Ұрықтанған жұмыртқалар ішекке бөлініп шығып,қорытылмаған тамақ қалдығымен бірге сыртқа шығады.Ондай ортаға түскен жұмыртқалар дернәсілдерге айналады.

Нағыз жұмыр құрттардың даму. Жұмыртқалар жатынның ішінде ұрықтанады. Нематодтардың көпшілігі жұмыртқа салады, сонымен қатар тірідей туатын түрлері де кездеседі (Trichinella туысынан). Тіршілік циклі қарапайым, ұрпақ алмасуы болмайды. Бірақ, кейбір түрлерінде,мысалы, бақа өкпесінде паразиттік тіршілік ететін Rhabdias bufonis-тің дамуында гетерогония байқалады (екі түрлі ұрпақтың пайда болуы). Нематодтардың жұмыртқалары тығыз қабыршақпен қапталған. Жұмыртқадан сыртқы пішіні ересек формасына ұқсас личинка шығады. Личинка өсуі мен дамуында төрт рет түлейді, бұл кезде ескі кутикула тасталып, жаңасы түзіледі. Кiрпiкшелi құрттар дамуы. Теңiз жалпақ құрттырының көпшiлiгi түрленiп дамиды. Личинка бiр қатар уақыт жүзiп жүредi де, ескектерi жойылып, личинка жүзу қабiлетiн жояды да теңiздiң түбiне түсiл, жас кiрпiкшелi құртқа айналады. Жұмыртқадан планктонды личинкалар дамиды. Кiрпiкшелерi арқылы су қабатында личинка жүзiл жүредi. Тұщы суларда тiршiлiк ететін жалпақ құрттарда (ақ планария) тура дамиды. Жұмыртқадан бiрден ересектерiне ұқсас организм шығады. Власоглав - оның жұмыртқасы топырақта дамиды, бірақта ол төмен температурада өсе алайды. Топырақ беті +150,+370 С болғанда ол дамиды. 3-4 айда ол дамып шығады. Ол адамға кір жеміс-жидектер арқылы, бақшада топырақты қопсытқанда немесе кішкентай балалар топырақта ойнағанда , егер қолдарын ауызға салатын болса, адам ағзасына енеді. Ол адам ағзасында бірнеше жыл бойы өмір сүреді. Анкилостома және некатор. Ол жылы топыраққа енеді де 10-15 күн немесе бірнеше ай бойы топырақта өмір сүре алады. Ол адам ағзасына топырақты қолмен ұстап оны аузына салса, ондаоның жұмыртқалары адам ағзасына енеді. Ол адам ағзасында 15 жыл өмір сүре алады. Странгилоид. Оның жұмыртқалары топыраққа түскеннен кейін, адам жеміс-жидек жесе немесе көкөністі жесе ол адам ағзасына енеді. Ол адам ағзасына енгеннен кейін қыл тамырларға түседі одан альвеолдың ішіне еніп, одан бронхыға барады. Кішкене өскеннен кейін ішек қарынға енеді, ол адам ағзасында бір айдай дамып шығады. Трихинелла. Ол адамның, қасқырдың, түлкінің, иттің, мысықтың, шошқаның, аюдың, борсықтың ішек қарнына еніп, зақымдайды. Трихинелла бір айда 2000 тірі личинка шығарады. Ол ішектің қабырғасы арқылы қанға одан бұлшықетке өтеді. Ол адам ағзасына шикі, шала піскен жабайы жануарлар еті арқылы адам ағзасына енеді. Трихостронгилид. Ол кішкентай және үлкен жануарлардың ішін зақымдайды. Оның жұмыртқалары қоймалжын заттан бастап дамиды. Адам лас,қайнамаған суды ішкенде, қымыздық және т.б өсімдік жегенде енеді. Жұмыртқасы сыртқы ортада тез дамиды.

Жіпшеқұрт. Ол балық жейтін тірі ағзаны зақымдайды. Ол адамның, мысықтың, иттің шошқаның ішек –қарнын зақымдайды. Ол ішек қарын ауруларын тудырады. Ол балықтың уылдырығында көп кездеседі. Егер адам зақымданған шортанды, балықты жесе ол адам ағзасына еніп, зақымдайды.Оның жұмыртқасы тірі ағзаға енген соң екі айдан кейін ұзын лентаға айналады. Бұл паразиттің өмір сүруі 10 жыл. Шошқа цепені. Шошқа цепені адам ағзасына еніп миды, көзді, бұлшықетті зақымдайды. Шошқа цепені тудыратын ауруды цистицерхоз деп атайды. Ол бір адамнан екінші адамға тез жұғады, бірақ тез емделіп жазылып кететін құрт. Егер адам емделмесе онда 18 жыл бойы 600 миллион жұмыртқа салады, ал өмір бойы 11миллиард жұмыртқа салады екен. Бұл құртты табу қиын емес, нәжісті тексергенде қаруланбаған көзбен оңай-ақ құрттың қармалауыштарын байқап қалуға болады.























2.4 Жұғу жолдары мен ауру белгілері

Паразит құрттар адамға мынадай жолдармен жұғады:

  1. Көбі ауыз арқылы.

а) геоорально- қолды жумағандықтан, тамақпен, жануардың жүнінен, құстың қауырсынын ұстағанда, топырақ ұстағанда жұғады.

ә) ксентотрофты- шала пісірілген ішінде құрттың жұмыртқасы бар ет және балық арқылы.

  1. Қарым - қатынас жасау арқылы:

а) жыныстық жолмен

ә) лас су арқылы

б) ауа арқылы

  1. траноплацентарлы жолмен

а) Балаға ана құрсағында жатып жұғу жолы.

ә)Транамиссивті - маса, қоңыз, ұлу жәндіктердің жұғуы арқылы.

Паразит құрттар өте көп жұмыртқа салады. Сондықтан олармен дер кезінде күресу керек. Олар адамға жұққан күнінен бастап ағзаны уландырады, ал олардың ағзаға жұқандығын оның белгілері арқылы білеміз.

Құрттардың мынадай белгілері бар.

Ауру белгілері:

  1. Шаршау

  2. Тәбеттің болмауы

  3. Ашуланшақтық , жүйкенің тозуы

  4. Құсу ,іші өтуі, іштің үрленуі, газдың болуы

  5. Сілекейдің көп бөлінуі

  6. Қан аздық

  7. Бұлшықет пен буынның ауруы

  8. Бас ауруы

  9. Дене температурасы (37-380) көтерілуі

  10. Ұйқының қашуы

  11. Денеде аллергиялық бөрту

  12. Ұйықтап жатып тіс қайрау

  13. Өкпе, (әсіресе бронхо, астма) ауруы.

Әрбір құрттың жұққаннан кейін белгісін беретінін білеміз. Олардың әртүрлі болатынын ұмытпайық. Мысалы: эхинококк кезінде адамның іші ауырып, оң жақ бүйірі шаншиды. Бауырының және басқа мүшелерінің үлкейгенін байқайды және кей кезде кеудесі ауыратындай жөтеледі. Баланың ішінде ішексорғы мен үшкірқұрт болғанда оның шаршағанын, ашуланатынын, ұйқысының қашуын, ұйықтап жатып тіс қайрауын байқаймыз. Сиыр цепені кезінде балаларда тәбеті нашарлап, есте сақтауы төмендеп талма ауыруына шалдығады. Үлкендерде іші жиі ауырады. Мысықсоғыш құртың болса, оң жақ қабырға асты ауырып, бауыры ісініп, қуығы ауыратынын байқайды. Гименолепидозбен көбінесе балалар ауырады. Сондай – ақ оған ересектер де шалдығады. Бұл паразиттің өзгешелігі – пісіп – жетілген жұмыртқалары нәжіспен бірге сыртқа шығады. Сондықтан тазалық сақталмаған жерде оны жұқтыру онай. Ал гименолепидозға бір ұшыраған кісінің одан құлан таза айығуы ұзаққа созылады. Белгілері: жүрегі айнып, тәбеттің төмендеуі, іші өтеді, басы айналады, ашуланшақ, кейде денесі құрысып тырысуы да мүмкін.

Адам аскаридаларды және жүндібастарды қалай жұқтырады? Өкінішке орай жыртылған жерде, бақшаларды тыңайту үшін кейде дәретханалардың лас заттарын пайдаланады. Егер бұл лас заттар тазартылмаған болса, топырақта аскарида мен жүндібастардың жұмыртқа личинкалары орнығып алады. Былғанған топырақтан бұл личинкалар қолға, жеміс – жидекке, көкөніске жұғады, сондай – ақ әртүрлі тағамдарды, су көздерін, шөпті ластайды. Дәретханадан кейін қол жуу керек. Сөйтіп, кепкен лас заттар аяқ киіммен, соққан жолмен, топырақпен, шаңмен ұшып, гельмиттер үйге кіреді. Адам қолына жабысқан жұмыртқаны аузына салып, аскаридалар мен жүндібастарды жұқтырады немесе жуылмаған жеміс – жидектер, көкөністерден т.б, личинкалар жабысқан азықтарды жеп, өзіне жұқтырады. Көшеде, аулада балалар ойнап жүріп, немесе жануарларды сипап, қолдарын былғайды. Топырақ пен шаңды, ойыншықтарда, жаңуарлардың жүнінде аскарида мен жүндібастылар жұмыртқасы болуы әбден мүмкін.

Стронгилоид пен көбінесе баларлар мен ересек адамдар ауырады. Осы жерде ол қан тамырларын үзіп, тыныс жолдарын және сілекей арқылы ауыз қуысын жаулайды. Сілекейді жұту арқылы олар шекті жаулап, өсе береді. Стронгилоид қоздырғышы стронгилоидоза. Бастапқы кезеңінде қызуының көтерілуі, терінің қызаруы, тері қышуы, бөртпе, өкпенің тыныс алуы нашарлайды. Шек жүйесінде бұл ауруда әлсіздік, бас ауруы, іш өту, іш ауруы, бауыр мен өт жолдары және арықтау байқалады.

Жұмыр құртпен балалар ауырады. Өсіп – жетіліп келе жатқан бала жұмыр құрттың әсерінен арықтап, сарғайып кетеді. Жұмыр құрттан бөлініп шыққан уыт, сондай – ақ зат алмасудан туылған туынды заттар бала ішегін тітіркендіріп, ішін ауыртып, тісін қайратады. Құрт ауруының жұғу түрлері;

  • Мысық сорғыш (описторхоз) былқылдақдене. Зақымдайтын мүшесі және, жұғу – балық, ауыз арқылы өт, бауыр, ұйқы безі.

  • Фасциол(фасциолез) былқылдақдене. Зақымдайтын мүшесі және жұғу – су, өсімдік, ауыз арқылы бауыр, өт.

  • Қысқа цепень (гименолепидоз). Зақымдайтын мүшесі және жұғуы – кір қол, ойыншық, тамақ ащы ішек.

  • Егеуқұйрық цепені. Зақымдайтын мүшесі және жұғуы – ұн , ұннан жасалған тағамдар арқылы жұғады.

  • Шошқа цепені (тениоз). Зақымдайтын мүшесі және жұғуы – шикі ет арқылы жұғады.

  • Эхинококк (эхинококкоз). Зақымдайтын мүшесі және жұғуы – кір қол , лас су арқылы жұғады.

  • Ішексорғы (бөсір). Зақымдайтын мүшесі және жұғуы – топырақ, көкөніс арқылы жұғады.

  • Анкилостома (анкилостомоз) .Топырақ, лас жеміс, кір қол. Паразит құрттар адамның ағзасын зақымдап, өлімге апаруы мүмкін.

















2. 5. Күресу және емдеу шаралары.

Адам мен ауыл шаруашылық малдардың ішқұрттардан құтқарудың мынадай әдістері белгіленді:ішқұрт таратушыларды паразиттерден құтқару, яғни ішқұрттарды жою. Сыртқы ортадағы ішқұрттарды жою, ол мыналарды қамтиды:

  1. Көңді биотермиялық жолмен зиян келтірмейтіндей ету, мұңдайда көң дұрыс төгілсе , бактериялардың тіршілік әрекетінен температурада + 500С. Тіпті + 700С –ге дейін көтеріліп , ішқұрттардың жұмыртқасы мен дернәсілдері өледі.

  2. Тынайтқышта дайындалған адам нәтежиесіне шымтезек немесе жылқының тезегін салып өңдеу.

  3. Мал жайылымын жүйелі түрде алмастыру, сонда көптеген ішқұрттардың дернәсілдері тиісті иесі болмағандықтан өледі.

  4. Сойылан малдың ұшасы мен ет өнімдерін малдәрігерлік тексеруден өткізіп, тазалығын анықтау.

Мектептерде ішқұрттардың жұмыртқасы таралмау үшін ай сайын оқушыларды дәрігерлік тексеруден өткізу - міндетті іс. Сондай –ақ оқушылардың тазалық сақтауын , әсіресе көкөністерді алдын ала жуып , тек соңынан ғана тамаққа пайдалануды, кез келген суды қайнатпай ішпеуді, шала піскен ет пен балықты жемеуді талап еткен жөн. Паразиттердің аралық иесі моллюскілерді ол үшін балық өсіретін көлшелерде мезгіл - мезгіл құрғату, химиялық реактивтерді пайдалану керек. Хлорды немесе сөндірілген ізбесті пайдалану керек. Бұл әдіс тоғанмен суды жіберген соң, тоғанның ылғал тобына сеуіп шығамыз. Сондай - ақ пайдалы әдістің бірі хлорофос 0,1 – 0,1 % ерітіндісі болып есептеледі. Биологиялық әдіс өте тиімді. Ол үшін тоғанға қара амурды жіберу керек. Ол былқылдақденелерді жеп, биологиялық милоятордың қызметін орындайды. Торлы қоқыс жинағышты жинау керек.

Құрт ауруын қымызбен емдеу. ХІХ ғасырдың 50 – жылдары орыс дәрігерлерінің туберкулезді қымызбен емдегені белгілі. Олар қымызды сол кездегі туберкулезге қарсы ең тиімді дәрілер қатарына жатқызған. Қымызбен емдеу әдісі өкпе туберкулезіне шалдыққандарды сауалту үшін содан бері табысты қолданылып келеді. Қымыздың құрамында туберкулез емі үшін пайдалы, жеңіл сеңетін биологиялық белсенді нәруздар, алмастырылмайтын амин қышқылдары, эссенциальды май қышқылдары, дәрумендер, минералды элементтер мен әрқилы антибиотиктер бар. Олар қорғаныс қабілетін күшейтуші және антиоксиданттық қасиеттерге ие. Қымызға ем ретінде мән берілетін жерде сонымен қатар ауа – райы, тамақтану, санитарлық – гигиеналық жағдайлар, демалыс пен қимыл қозғалысты реттеу, емдік дене тәрбиесі және басқа да терапевтік шаралар зор маңызға ие. Қымызбен емдеуде оны мөлшерлеу (дозировка) ерекше рөл атқарады. Әр науқасқа берілуі тиіс қымызды мөлшерлеуде оның жеке ерекшелігі ескеріледі. Науқас сол мөлшерленген қымызды сүйсініп ішуі тиіс. Науқасқа берілетін қымыздың орташа мөлшері күніне 4 бөтелке мен 6 бөтелке аралығында , яғни шамамен 2 – 3 литрдей. Орташа мөлшер деп отырғанымыз – науқастардың көпшілігіне ортақ мөлшер. Науқастардың кейбір топтары қымызды одан көп, не аз ішуі мүмкін. Қымыз мөлшерін тағайындауда әр науқастың жеке ерекшелігі – туберкулездің түрі, даму үдерісі, қорғаныс қабілеті ескерілуі қажет. Әйелдер қымызды ерлерге қарағанда аз ішеді. Қымызды алғаш ішкенде 0,5 литрден бастау және таңғы астан 1 – 1,5 сағаттан кейін, түскі астан 1 – 1,5 сағат бұрын ішу керек. Егер қымызды көп мөлшерде ішу өажет болса, онда тағы да қосымша кешке, яғни кешкі ас алдында ішкен дұрыс. Қымызды жаймен сораптап ішеді. Ішпестен бұрын көмірқышқыл газын шығарып алу қажет. Оның мөлшерін біртіндеп екі күннен кейін бір литрге, тағы екі күн өткен соң 1,5 литрге көбейтеді.

Құрт ауруынан құтылуға болады.Сонау заманнан күні бүгінге дейін тұқымы құрымай келе жатқан үлкен індеттің бірі – туберкулез, яғни құрт ауруы. Оның қалай және қайда пайда болғаны анықталғанша, жер бетіндегі талай ел бұл дерттің зардабын тартардай – ақ тартты. Әлемнің небір ғылымдары оның негізгі қоздырғышын табу үшін ізденді. Ақыры, оны алғаш рет 1882 жылы неміс ғалымы Роберт Кох тапқан болатын. Сонан да туберкулез қоздырғышы кейін ресми тілде «Кох таяқшасы» деп аталатын болды. Құрт ауруының басқа індеттерден айырмашылығы – одан бірден айығу қиын. Сол себептен де құрт ауруы қазіргі таңда да әлем медицинасының үлкен проблемасының бірі. Оның қоздырғышы организмге бір еніп орныққаннан кейін әрі қарай көбейіп, ағзаларды мүжи бастайды. Ем қабылдап, жолына тосқауыл қойылмаса, ақыры өлімге әкеп соғатыны белгілі. Ал биздің Баянауыл ауданында жыл сайын 89 адам құрт ауруына шалдығады. Ауру қауіпі жоғары деп есептелетін жерлердегі адамдарға жылына бір рет, ал қамаудағы қылмысты адамдарға жылына екі рет тексеру жүргізіледі. Жасөспірімдер жылына кем дегенде бір рет флюрографиялық тексеруден өткізілу керек. Ертеректе дерт тек өкпеге ғана тән болса, қазір оның қоздырушысы басқа ағзаларға зиянын тигізе бастады. Санақ бойынша, құрт ауруының 85 пайызы өкпенің, қалған 15 пайызы өкпеден тыс ағзалардың үлесіне тиіп отыр. Егер адамдар өз денсаулығына уақытылы көңіл бөліп, мемлекет қамқорлығы аясында тегін емді дер кезінде дұрыс қабылдап, қажетті қағидаттарды орындау өресі биіктесе, бұл індет деңгейін барынша төмендетуге мүмкіндіктер мол.





2.6 Кездесу жиілігі

Мен паразит құрттардың Баянауыл ауданымызда кездесу жиілігін 2014 жыл аралығында аудан бойынша 20 адам тіркелген. Оның 5 – і ересек адам, ал 15-і балалар. Мұның себебі не? Менің ойымша балалардың жеке бас гигиенасын сақтамауынан болып отыр. Ал ересек адамдар сиыр және балық еті арқылы жұқтырған. Ауданымызда ең көп кездесетін құрт ішексорғы. Ішексорғының кездесу жиілігі. Ішексорғы құртынан туатын аурудан 2014 жыл аралығында жалпы 3 бала ауырған. Құрттардың ішіндегі ең қауіптісі эхинококк екенін білеміз. Жыл сайын дәрігерлер онымен кездесіп отырады. Ондай құрттар мида және бауырда қатерлі ісіктер тудырып, ағзаны уландырады.

Эхинококктың кездесу жилігін. Эхинококк құртынан туатын аурудан 2014 жыл аралығында жалпы 4 ересек адам ауырды. Бұдан 5 адам ауырғанын азғантай деп санауға болмайды. Себебі, олар адамның ең негізгі мүшелерде мекен етіп, бір жылда 400 000 000 жұмыртқа салатынын еске тұтқан жөн. Баянауыл ауданында мысықсорғыш құртынан науқастанған адамдар да кездесті. Олардың адамға мысық жүні және балық арқылы жұққаны анықталды. Мысық сорғыштың кездесу жиілігі. Мысықсорғыш құртынан туатын аурудан 2014 жылдар аралығында жалпы 1 ересек адам ауырды. Мысықсорғыш құртының ауруынан науқастанған адамдар басы ауырып, дене қызуы көтеріліп, бауырларының қызып ауырады. Сиыр цепенінің кездесу жиілігі. Сиыр цепенімен ауданымызда үш адам тіркелген. Үшеуі де құрты бар сиырдың бауырынан жұқтырған. Сиыр цепені бауыр мен бұлшықетте оратылып, ұзындығы 10 метрге дейін жеткенше жатады. Финноз ауруына шалдыққан науқастар тек қана 2011 жылы және 2013 жылы ғана тіркелді. Жалпы 0,69 %-тін құрайды.

Осы көрсеткіштер арқылы мен адам ағзасы үшін құрттардың өте қауіпті екенін көрсетіп отырмын. Біздердің көбімізде бұл құрт кездесуі мүмкін, бірақ біз оларды байқамай өз алдымызға өмір сүріп жата береміз. Сондықтан да денсаулығымызға немқұрайлы қарамайық, дер кезінде емделіп жыл сайын дәрігерге көрініп отырайықшы. Олардың санын жыл сайын азайтып отыру керек, ол үшін мектепте бастауыш сыныптарда және жоғары сыныптарда осы құрттар туралы мәлімет беріп, олардан ауруды болдырмау үшін ең бірініші жеке бас гигиенасын ұстау екендігін миға тоқытқызу. Мені тағы бір қызықтырғаны осы құрттарды, әсіресе балада кездесетін түрлерін қалай анықтайтыны болды. 14 жасқа дейінгі балалардың ағзасынан ішексоғы мен үшкірқұрттың жұмыртқалары бар. Ол үшін Рабинович әдісін қолдананған шарт. Осы әдіспен зертханалық жұмыс жасайтын болсақ мынадай құрал – жабдықтар керек: Эфир майы, спирт, кастерленген май, клей. Осы заттарды араластырып жабысқыш зат жасаймыз. Осы затты әйнек таяқшамен алып баланың құйрығына қойып, микроскоппен қараймыз. Осы әдіс арқылы энтербиоз ауруларын, гельминттарды және кейбір кезде сиыр цепенінің жұмыртқасын анықтай аламыз. Анықтау бойынша биылғы жылы энтербиоздан 10 бала үшкірқұрттан ауырды. Сонда қорытындылағанда 14 жасқа дейінгі балалардың көбі 6-7 жас аралығында паразит құрттардан зардап шегеді. Олардың барлығы дәрігерге жіберіліп, емдеуге тіркелді.











ІІІ. Қорытынды.

Осы жұмысымды қорытындылап кетсем. Біріншіден паразит құрттар адам денсаулығы үшін өте қауіпті ауруларды туғызады, оған немқұрайлы қарауға болмайды. Себебі: бұл жерде адамның денсаулығы жөнінде сөз қозғалады. Ал халық мемлекеттің негізгі байлығы, ал балалар ертеңгі Қазақстанның болашағы. Екіншіден паразит құрттар барлық жерде кездеседі. Қазақстан мемлекетінің басты байлығы – адам.біз қазақстан мемлекетінің азаматы, болашағы болғандықтан біз денсаулығымызды сақтап , паразит құрттардан әрдайым сақтанып жүруміз керек. Мен Баянауыл ауданынында жиі кездеметін паразит құрттарды зерттеп, олардың түрлерін , тудыратын ауруларын , кездесу жилігін анықтап , оларды зерттедім. Менің зертеуім бойынша біздің ауданымызда 2014 жыл аралығында 20 адам ауырғаны анықталды. Сонда олардың 15 жас бала екені, ал 5 ересек адам ауратынын анықтадым. Осы көрсеткіште көрсетілгендей 94,6% бала ауыратыны көрсетілген. Сонда паразит құрттардан көбіне жас балалар зардап шегетіні көрсетіліп тұр. Әрине бұл бізге қуанышты жайт емес, себебі балалар Қазақстанның болашағы емес пе! Паразит құрттардан балалар зардап шекпеу үшін менің ойымша біз ол үшін төмендегі шараларды қолдануымыз керек: әрдайым мектеп оқушыларының даярлық тобынан бастап, бесінші сынып аралығындағы балаларға паразит құрттар жайында лекция оқып отыру, жыл сайын балаларды медициналық тексерістен өткізу, шала піскен ет пен балық етін жемеуге тырысу, қайнатылмаған суды ішпеу, әрдайым ас алдында қолды иіс сабынмен жуу, төсек орынды үтікпен үтіктеу, мектеп бағдарламасында берілген 7 сынып биологиясында паразит құрттарға толығырақ тоқталу, қоқыс маңайында жүрген ит пен мысықты үйге алмау, ал алсаңыз міндетті түрде тексерту, егер балық ішінен құрт шықса ешқашен да оны мысыққа бермеу. Міне осы мен ұсынған шараларды қолданып отырса онда біз паразит құрттарға қарсы тұра аламыз деп үміттенемін. Қазіргі кезде Қазақстан мемлекеті көптеген дәрежеге жетуде. Біз 15 жыл ішінде тәуелсездігімізді алып , өзіміздің конституциямызды қабылдап , БҰҰ –на кіріп, ал енді 50 мемлекет қатарына кіруге ұмтылудамыз. Осы 50 мемлекет қатарына кіру үшін бізге денсаулығы мықты, білімді азамат керек. Сондықтанда біз жеке бас гигиенасын ұстап, денсаулығымызға көңіл бөлуіміз керек. Қазақ халқы «Денсаулық - зор байлық» дегендей, мен ғылыми жобамды осы мақалмен аяқтағым келеді.





















Пайдаланған әдебиеттер

  1. Заяц Р.Г. «Основы общей и медицинской паразитологии» М.Феникс (2002 жыл 117 бет)

  2. Ятусевич А.И.,Расковская И.В, Каплич В.М. «Ветеринария и медицинская паразитология» – М.Медицинская литература, (2001. 42 бет)

  3. ГенисД.Е. «Медицинская паразитология»-М., Медицина,(1979 жыл 76-130 бет)

  4. К.Жүнісова., М.Шаймарданова., Қайыров Қ., «Зоология сабақтары» А.Мектеп, (1981жыл 148-152 бет)

  5. ТельЛ.З., ДаленовЕ.Д., «Валеология»-Астана(2003жыл 111-115 бет)

  6. Дейнека И.Я., «Эхинококкоз человека», М: Медицина., (1968 жыл)

  7. "Қазақ Энциклопедиясы" 7 том 2 бөлім

  8. Биология:Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2007. ISBN 9965-34-607-0 Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар2007 - 1028 б.ISBN 9965-08-286-3











46



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
27.11.2018
1314
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі