400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі балалардың музыкаға деген қызығушылығын, музыка ұйымдастырылған іс - әрекетінде квест технология құралдары арқылы, ойын жағдайларын модельдеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Музыка ұйымдастырылған қызметінде квест – технологиясын қолдану

Міндеті: инновациялық әдістер мен технологияларды

қолданып, музыкаға деген қызығушылықты қалыптастыру,

шығармашылық ойлауы мен қиялдауын дамыту.

«Музыка — жүрек тілі, ол — сезімдер мен көңіл-күй әлемі. Ол дыбыстар арқылы бейнеленген жан сарайы.

Дмитрий Дмитриевич Шостакович

Балабақшадағы сәбилік шағынан тәрбиеленіп келе жатқан балада музыканы тыңдау, оны түсіну, есте сақтау, ажырата білу, ән салу, би билеу, сазгерлерді, аспаптарды тану қабілеттері бірте - бірте қалыптасады. Ал, балабақшаға қамтылған баланың бойына қысқа мерзім ішінде аталған білім дағдыларын қалыптастыру музыка жетекшісінің алдына қойылған аумақты да, жауапты ісі.

Сол себепті мен осы квест технологиясын алып отырмын. Квест технологиясы ол әрқашан проблемалық-ізденіс сипатқа ие, ал ізденістің өзінде балалар музыка оқу қызметінде өтетін іс-әрекеттің барлық түрлерін бір уақытта біріктіруі мүмкін: тыңдау, ән айту, музыкалық ырғақтық қимылдар, музыкалық аспапта орындау, би шығармашылығы.

Квест технологиясы тиімділігі - дербес және жаңабілім алуға ұмтылады; инициативті; бала белсенді; ізденімпаз

Квест технологиясы өзектілігі - Біріншіден, бұл ойын, ал ойынды әрдайым балалар жақсы көреді, ол қандай формада өткізілмеген. Екіншіден, бұл жай ойын емес, шытырман оқиғалы ойын," құпия ойын", жұмбақ ойын, жаңа ойын. Ойын-бұл мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті, оның барысында баланың рухани, адамгершілік, эстетикалық және физикалық күштері, зейіні, есте сақтау қабілеті, ептілігі, тәртіптілігі дамиды

Күтілетін нәтиже- балалардағы қарым-қатынас дағдыларын дамиды;

қоршаған әлемге, басқа адамдарға, өзіне, құрдастарына оң көзқарас қалыптастыру; сөйлеуді , есте сақтауды, ойлауды, зейінді, қиялды дамыту; жаңа міндеттерді шешу үшін үйренген іс-әрекет тәсілдерін қолдану дағдысын дамыту;

3 жыл бойы тәрбиеленушілерге, балабақша түлектеріне мониторинг жүргізіп отырамын , менің технологиямның көмегімен балалардың музыкалық қабілеті, есту, есте сақтау, аспаптарда орындаушылық қабілеттері дамиды. Нәтижесінде біздің түлектер дарынды балаларға арналған музыка мектептеріне оқуға түсуде.

Өзімнің тәжірибемде мен көптеген әдіс тәсілдерді музыка ұйымдастырылған қызметінде қолданамын, тоқтала кетсек

Шам әдісі, танграм әдісі, диірмен әдісі, қолқап түйме әдісі,текше әдісі, піспе әдісі, лулия шеңбер әдісі.

Өзімнің музыкалық орталығымды әрдайым жаңартып, толықтырып, ізденіс үстінде боламын. Менің осы күнге дейін шыққан әдістемелік құралдарым

«Мерекелік сценариилер жинағы»

«Бала саусағын ойната отырып, ән салу»

«Бала тәрбиесі мен оқытудағы музыкалық дидактикалық ойындардың маңызы»

«Мнемотехнологияны мектепке дейінгі музыка оқу іс-әрекет қызметінде

қолдану.» - деген тақырыпта мен 1-ші ғылыми практикалық конференциясында тәжірибеммен бөлісіп сертификатқа ие болдым.

Сонымен қатар, менің тәрбиеленушілерім әр-жыл сайын өткізілетін конкурс байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда.

Қорытындылай келе, “ Бұлақ көрсең - көзін аш ” – демекші бүлдіршіндердің бойындағы ашылмай жатқан асыл қасиеттерін ояту менің басты міндетім болып саналады. Осы маңызды міндетті орындау үшін баланың музыкалық қабілеттерін түрлі тәсілдермен дамытып, әрқашан ізденіс жолындамын.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 ақпан
183
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі