Мамандықтың бәрі жақсы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мамандықтың бәрі жақсы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі таңда білім берудегі ең өзекті мәселелердің бірі жас мамандардың табысты әлеуметтенуі мен толыққанды өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдай жасай отырып, жұмысшы мамандығының мәртебесін көтеру – қоғамда еңбек адамының қадірін арттыру, оның кәсіби біліктілігін шыңдау, жұмысшы қарым-қабілетін жан-жақты бағалау арқылы жүзеге асатын сан салалы үдеріс. Бұл міндетті шешу үшін кәсіби білім беру жүйесін жетілдіру, біліктілікті арттыру, еңбек жағдайларын жақсарту, еңбекақы мен әлеуметтік кепілдіктерді көбейту, жұмысшы мамандықтарын жаңарту, мән-маңызын кеңінен насихаттау, мемлекеттік, қоғамдық, жергілікті деңгейде қолдау көрсету сынды кешенді іс-шараларды жүйелі жүргізу, қапысыз атқару қажет.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мамандықтың бәрі жақсы»

Бүгінгі таңда білім берудегі ең өзекті мәселелердің бірі жас мамандардың табысты әлеуметтенуі мен толыққанды өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдай жасай отырып, жұмысшы мамандығының мәртебесін көтеру – қоғамда еңбек адамының қадірін арттыру, оның кәсіби біліктілігін шыңдау, жұмысшы қарым-қабілетін жан-жақты бағалау арқылы жүзеге асатын сан салалы үдеріс. Бұл міндетті шешу үшін кәсіби білім беру жүйесін жетілдіру, біліктілікті арттыру, еңбек жағдайларын жақсарту, еңбекақы мен әлеуметтік кепілдіктерді көбейту, жұмысшы мамандықтарын жаңарту, мән-маңызын кеңінен насихаттау, мемлекеттік, қоғамдық, жергілікті деңгейде қолдау көрсету сынды кешенді іс-шараларды жүйелі жүргізу, қапысыз атқару қажет.

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялағаны белгілі. Бұндағы мақсат — еріншектікті тәрк етіп, еңбектің жалауын ұстаған жандарды қолдау, өзгеге үлгі ету. Осы ретте, жұмысшы мамандарды дайындайтын оқу орындарының да маңызы зор. Соңғы жылдары кәсіптік техникалық білім беру мекемелерінің жұмысы жанданып келеді. Жұмысшы мамандықтың тиімділігі оқуды тамамдағаннан кейін студенттер жұмыспен қамтылады.

Арал көпсалалы колледжі 1959 жылы ашылған.65 жылдан астам тарихы бар оқу ордасы Кәсіби білім беру арқылы, тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсуді қамтамасыз ететін техникалық және кәсіптік білімі бар бәсекеге қабілетті мамандар даярлау мақсатында Маркетинг, Электр жабдықтары, Электрмен қамтамасыз ету, Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану, Ауылшаруашылығын механикаландыру, Ауыл шаруашылығы техникасын пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу, Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану, Есептеу техникасы және ақпараттық желілер сынды жұмысшы мамандықтарын  оқытады.

Колледж студенттерінің оқуға деген қызығушылығы жақсы. Әр айтқаныңды қағып алып, білмегенін ұққысы келіп тұрады. Студенттер сабақ кезінде-ақ теорияны практикамен ұштастырып, жұмысқа дайындалып шығады. Әрине, әр кәсіпорынның өз ерекшелігі болады.

Соның ішіндегі «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер» мамандығы бойынша айтатын болсам. Техник –бағдарламашы-бұл нақты бір бағдарламалау тілінде бағдарлама кодын жазатын, бағдарламалық құралды тестілеуден өткізетін, сонымен қатар компьютерге техникалық қызмет көрсететін мамандық иесі.

Бұл мамандық компьютерлік техниканың, жергілікті желінің, бағдарламалық жасақтаманың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді. Компьютерлерге қызмет етеді және ұйымдағы жабдықтардың, компьютерлік бағдарламалар мен ақпараттық желілердің үздіксіз жұмысын реттейді.

Желілік жабдықты қосып, оның жұмысын бақылайды. Ол диагностика жүргізеді және жергілікті желі мен желілік жабдықтың бір немесе бірнеше элементтерінің жұмысындағы ақауларды жояды, жергілікті корпоративті желі арқылы ақпарат алмасады, профилактикалық жұмыстар жүргізеді, ғаламдық желі ғаламтор сегменттерін қамтитын компьютерлік желілердің конфигурациясы мен жұмысын үйлестіреді. Желілік қауіпсіздікке, компьютерлер мен компьютерлік бағдарламалардың жұмысына жауап береді. Аталмыш мамандық компьютерлер мен компоненттерді сатып алудан бастап, веб-сайттар жазуға дейінгі көптеген міндеттерді жүктейді.

Қорыта келгенде мамандық таңдау-әр адамның мақсаты. Әр адам өз қалауы бойынша мамандық таңдайды. Жаман мамандық деген болмайды, мамандықтың бәрі жақсы .





Арал көпсалалы колледжі

Арнаулы пән оқытушысы:

Тажибаева Замзам Дайрабаевна

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.02.2025
131
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі