Қазақ би әлемі.
Қазақ биі – бишінің қозғалысы мен дене қимылы арқылы көркем образды бейнелейтін, ұлттық сахна өнері. Қазақтың халықтық би өнері ерте заманнан қалыптасқан, халқымыздың аса бай ауыз әдебиетімен, ән-күйлерімен, дәстүрлі тұрмыс салтымен біте қайнасып келе жатқан ел мұрасы болып табылады. Қазақ жұртында сахна өнері, оның ішінде би өнері бұрыннан ерекше қошеметке ие. Бұл өнер талғам мен сезімнің, жинақылық пен нәзіктіліктің көрінісін айшықтайды. Оған қоса, жұрттың эстетикалық болмысын әспеттейді. Ол халқымыздың мәдениетін дене қозғалыстары арқылы жеткізеді. Көрерменге айтар ақпаратты би тілімен көрсету үшін өнерпаздың тума дарыны, ерекше табиғи қабілеті болуы шарт. Музыкалық ырғаққа сай дене қимылы мен қозғалыстары арқылы мың бұралған сан түрлі образдарды бейнелеуге болады. Бекзат өнер саналатын би көрерменге адамның ішкі жан дүниесі мен мінез-құлқын да дәлме-дәл жеткізуді мақсат етеді. Тіпті тіл жеткізе алмайтын дүниелерді бимен айшықтауға болады. Одан бөлек, бұл өнердің денсаулыққа тигізер пайдасы да орасан зор. Ол адамның арқа, іш, аяқ бұлшық еттерін нығайтады әрі сергектік сыйлайды. Және буын мен омыртқадағы зат алмасуын жақсартуға септігін тигізеді. Ал шетелдік мамандар бишілік өнер адамға мол энергия мен мықты қуат береді деп есептейді. Байқасаңыздар, латын-америка мен еуропалық билер спорттық бал билер тобына жатады. Себебі оларда спорттық ойындардың элементтері көбірек кездесетіні мәлім. Жалпы кез-келген халықтың өзіндік ерекшеліктеріне қарай бишілік өнердің көркемдік бейнелеу мазмұны мен құралдары да түрліше болып келеді.
Жалпы адамзаттың қай уақыттан бастап билегенін кесіп айту мүмкін емес. Алайда, осыдан 5 мың жыл бұрын үндістан үңгірлеріндегі қашалып салынған суреттерде биге ұқсас қимылдар бейнеленгенін байқаймыз. Ең алдымен би адамдардың наным-сеніміне байланысты әртүрлі рәсімдерден құралған. Би құрылымының қалыптаса бастаған кезі деп, ежелгі Египетті айтуға болады. Онда адамдар тұрмыстық түрлі рәсімдерді би арқылы жеткізген. Мәселен күн мен түннің ауысуында би қимылдарымен көрсеткен. Көне мәдениеттер ордасы болған Грекия, Рим, Мысыр, Қытай секілді шығыс елдері орта ғасырлардың өзінде билеу мәдениетінің шыңына жетті. Ал, би музыкамен тығыз байланысты болғандықтан халық билері ұрмалы музыкалық аспаптардың ырғақты үнімен орындалған.
Қазақ биі өнерінің кәсіби деңгейге көтеріліп, сахна төріне шығуы, Қазақ мемлекеттік музыка театрының (қазіргі Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры) шығармасымен тарихы тығыз байланысты. Халық бишісі Ысқақ Быжыбаев Мәскеу қаласында өткен КСРО халықтары билерінің Бүкілодақтық фестивальдеріне қатысып, 1936 жылы екінші жүлдені, ал 1940 жылы бірінші жүлдені иеленді. Биші осы өнер сайысында домбыраның сүйемелдеуімен “Насыбайшы” және “Масқарампаз Қара жорға” билерін билеген. Халық биін тұңғыш кәсіби сахнаға шығарған таланттардың қатарында Ш.Жиенқұлова мен Ә.Ысмайлов болды. Бұл екі өнерпаз да арнайы би мектебінен өтпей-ақ кәсіби би өнерін шебер меңгерген. Қазақ халқының алғашқы кәсіби бишісі Жиенқұловадан бастау алған би өнері бірнеше ұрпақтың рухани байлығына айналды.
Шара Жиенқұлова – 1936 жылы Мемлекетттік филармония жанынан би ансамблін құрды. Халық биінің тез қарқынмен дамуына 1955 жылы құрылған Мемлекеттік ән-би ансамблі зор үлес қосты. Ансамбльді реж.-хореограф Л.Д. Чернышова, компазитор Б.Байқадамов, балетмейстр А.Бекбосынов ұйымдастырды.
1989 жылы құрылған “Салтанат” би ансамблі М.Төлебаев, Байқадамов, Л.Хамиди, С.Мұхамеджанов, Н.Тілендиев, Е.Рахмадиев, Ғ.Жұбанова, т.б. композиторлардың шығармаларын сахнада бейнеледі.“Саяхатта”, “Алатау баурайында”, “Жайлауда”, “Аққу қыздар” вокалды-хореограф композициялармен бірге “Кілемшілер”, “Жігіттер биі”, “Бүркітші”, “Қос алқа”, “Асатаяқ”, “Биші қайың”, “Шолпы” және “Салтанат” билері ансамбльдің шығармашылық бет-бейнесін айқындады.
Қазақстан ән-би ансамблі ТМД елдерінде, АҚШ, ГДР, Венгрия, Швейцария, Франция, Англия, Түркия, Корея, Қытай, т.б. елдерде өнер көрсетті. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртістері Б.Черноусов, З.Розмухамедова, Р.Есламғалиева, Ә.Ысмайылов, Б.Байжұманова, Н.Әлдібеков, У.Усина, Д.Нұрғалиева (Андасбаева), Н.Ножкин әр жылдары осы ансамбльде өз өнерлерін көрсетті. Қазақтың фольклорлық-этнографиялық билерінің кәсіби сахнаға шығуында мемлекеттік “Алтынай” би ансамблінің рөлі зор болды. Ансамбль репертуарынан, аңыз-ертегілерге, салт-дәстүр мен еңбек тақырыбына, ойын түрлеріне қойылған ұлттық би өнерінің алуан үлгісін көруге болады.
Би тілі – тек шындықты айтатын құрал. Тіпті билей алмайтын адамдар қимылмен түсінісе алады. Бидің тілі көптеген ұғымды жеткізуге болатын шешен тіл. Би тілімен махаббаты да, күйініш пен қуанышты да, реніш пен назды, қайғы мен тебіреністі тереңінен айтып, ұғындыруға болады. Би - музыкаға жан бітіре алады. Оны өміршең етіп, тірілтіп, көзбен көрінетіндей дәрежеге жеткізеді. Кез-келген би ең алдымен - бостаңдық. Мұң мен қайғыдан, жаман ой мен істен арылу.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
баяндама

шағым қалдыра аласыз