Тақырыбы: Биология сабағында әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану
Жамбыл облысы
Т.Рысқұлов ауданы
Луговой ауылы
Максим Горький атындағы орта мектеп
Биология пәні мұғалімі: Молдабекова Жазира Дүйсенбекқызы
Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы - заман талабына сай, келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың, болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты талабы.
Тиімді әдіс- тәсілдер- сапалы сабақ кепілі. Пәндерді оқытуда тиімді әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, сабақты қызықты да тартымды өткізу мұғалімнің шеберлігіне байланысты екені баршамызға мәлім.
«Биология» пәні бойынша оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттары оқушылардан өздерінің дағдыларды үйренуі туралы ой-пікірлерін білдіріп, оны талдай және бағамдай білуді талап етеді. Әдістердің тиімділігі мұғалімнің оларды әдістемелік тәсілдермен байыта білуіне байланысты. Әңгімелеу, сұхбаттасу барысында табиғи объектілерді, суреттемелерді, сызбаларды, жүйелеуші және жинақтаушы кестелерді пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, негізгі материалды игеруге жағдай жасайды. Биологияны оқыту үдерісінде әдіс таңдаған кезде оқу материалының мазмұнын және шешілуге тиісті нақты оқу-тәрбие міндеттерін, биология кабинетінің оқу жабдығымен жабдықталуын, үлестірмелі материалдың болуын, оқушылардың жас ерекшеліктерін, олардың дайындық деңгейін ескеру қажет.Оқу оқушылардың ойлауын дамытуға септігін тигізуі үшін оларды біліммен қатар, талдау, жинақтау, салыстыру, сәйкестендіру, ортақ, жеке және ерекше белгілерін анықтау, жалпылау, қорытындылар жасай білуді қалыптастыру қажет.
Мысалы, мен өз сабағымда «Тұлғаны таны», «Миға шабуыл», «Синквэйн», «Кілт сөздер», «Кестені толтыр» әдіс-тәсілдерін қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарының арттатындығын аңғардым. Сабақ барысында ресурстарды молынан қолдануға тырысамын. Яғни, қолжетімді ресурстарды дұрыс, әрі ұтымды пайдалану тиімді. Ал осы әдіс-тәсілдерді сабақ үдерісінде тиімді пайдалану үшін сабақ мақсаты нақты әрі қолжетімді болуы керек. Өйткені сабақтағы ең маңыздысы қойылған дұрыс мақсат пен күтілетін нәтижелер. Дұрыс қойылған мақсат күтілетін нәтижелерге жету жолында нақты іс- әрекетке жетелейді. Сондықтан сабақтарымды жоспарлауда мен үшін маңызды сабақ мақсатын нақты әрі қолжетімді етіп құру болды.
Осындай
әдіс-тәжірибиелерді сабақта қолдану үлкен жетістіктерге жеткізеді ,
бала дамуында үлкен нәтиже береді ойлаймын.
Менің ойымша сабақтың тиімділігі: оқушы шығармашылық деңгейге
мұғалім арқылы емес, өз іс-әрекеті арқылы жетуі. Жаңа
әдіс-тәсілдердің ұтымдылығы да осында.. Сонымен қатар, бұл әдістер
сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын орнатуға да мүмкіндік береді.
Оқушылар өз сұрағының жауабын естуге тырысады және өзіндегі
жауаптың сұрағын тыңдауы тиіс. Осы жерде сынып оқушыларының
арасында сыйластық қалыптасып, бір- бірінің сөзін тыңдауға
бейімделе бастайды.
Кез келген сабақ өз мақсатына толық жету үшін оған белгілі бір әдіс- тәсілдерді таңдап, саралап қолдану керектігін тәжірибе көрсетіп отыр. Сол себепті сабақтарымда мен игерген әдіс-тәсілдерімді кеңінен қолдану арқылы, оқушыларымның өз бетімен білім алуға дағдыландыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуды көздедім.
Биология - бұл ҰБТ көп таңдалатын пән пән. Сондықтан, осы пәнді оқытуда жаңа технологиялардың тиімді әдісін алып жетілдіру барысында есте сақтауға негізделген ақыл ойын дамыта отырып оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруға болады.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға жасушалардың құрылымы, құрамы және атқаратын қызметтері туралы толық ақпарат беру.
2. Оқушылардың жасушаларды әртүрлі параметрлер бойынша жіктей білу дағдыларын дамыту.
3. Оқушылардың логикалық ойлау, талдау және салыстыру қабілеттерін дамыту.
Сабақтың міндеттері:
-
жасушалардың құрылысы және олардың құрылымы туралы түсінік қалыптастыру.
-
жасушалардың химиялық құрамы және олардың маңызды қызметтерімен таныстыру.
Сабақтың әдісі:
1. Түсіндірме әдісі: Мұғалім жасушалардың құрылымы, құрамы және қызметтері туралы негізгі түсініктерді түсіндіреді, олардың биологиялық рөлі талқыланады.
2. Көрнекілік әдісі: Сабақ барысында жасушалардың құрылымын бейнелейтін суреттер, кестелер, модельдер және бейнематериалдар қолданылады. Бұл оқушыларға жасушаның құрылымдық деңгейлерін визуализациялауға көмектеседі.
3. Практикалық жұмыс: Оқушылар тапсырмалар орындай отырып, жасуша құрылымын моделдейді.
Қорытындылай келе, менің көкейге түйгенім: алдымызға бір мақсат қоя отырып, сол мақсатқа жету жолында шәкірттердің жүрегіне жол тауып, әрекеттендіре білу шеберлігіне жетсек, егемен елдің ұл-қыздары білімді де білікті болып шықпақ. Соның арқасында біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз.
Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер және тапсырмалар

Дискриптор: бүгінгі тақырыпқа сәйкес ғалымның аты-жөнін, еңбегін анықтайды
Синквейн әдісі арқылы “Жасуша” сөзіне өлең құрау
1. Жасуша
2.екі сын есім
3. үш етістік
4. бір сөйлем
5. екі синоним
1. Жасуша
2.екі сын есім
3. үш етістік
4. бір сөйлем
5. екі синоним
Дискриптор:
-
жасуша сөзіне қатысты екі сын есім, үш етістік, бір сөйлем, екі синонимді келтіре отырып бес жолды өлең құрастырады
Кілт сөздерді пайдаланып, берілген суреттен жасуша компоненттерін сәйкестендіріңіз
Кілт сөздер: ядро, хлоропластар, жасуша қабықшасы, вакуоль

Дескриптор:
-
жасуша компоненттерін анықтап санмен сәйкестендіреді
«Кестемен жұмыс» әдісі
|
Жасуша компоненттері |
Құрылысы |
Қызметі |
|
Ядро |
тұқымдық мәліметтер бар |
|
|
Цитоплазма |
|
Жасуша құрылымдарын біріктіру |
|
Жасуша қабырғасы |
Целлюлоза, нәруыздардан құралады |
|
|
Вакуоль |
|
Қор заттарын жинау |
|
Пластидтер |
Хлоропласт жасыл түсті хлорофилл дәндерінен құралған |
|
Дескриптор:
-жасушаның компоненттері құрылысын көрсетеді
-жасушаның компоненттері қызметін сипаттайды
Қолданылған әдебиеттер
1. Кобдыкаров К.К,. Монохов В.М. «Педагогическая технология, проектирование учебного процесса» Вестник КАЗТУ Серия, Педагогическая наука.
2. Макаренко А.С. Таңдамалы педагогикалық шығармалар.
3. Биология және сауаттылық негізі.
4. Жанпейсова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде, Алматы.
5. Биология және салауаттылық негізі.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
баяндама

шағым қалдыра аласыз