Қ.О.БІТІБАЕВАНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫ ТІЛ МӘДЕНИЕТІНЕ ЖЕТЕЛЕУ ЖОЛДАРЫ
ИНТЫКПАЕВА БАКЫТ ТУРСЫНХАНОВНА
ҚАДЫР МЫРЗА ӘЛІ АТЫНДАҒЫ
«BINOM SCHOOL» МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ,
АСТАНА ҚАЛАСЫ,
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Қазіргі қоғамда, ақпарат пен техниканың дамыған заманында, тұлғаның тілдік дағдыларын дамыту, тіл мәдениеті мен ауызша және жазбаша тілін дамыту қажеттіліктен туындап отыр. Себебі қоғамда бейімделіп өсіп келе жатқан жас ұрпақтың шұбарлап, сөйлеу тіліндегі кедергілерге тап болуы – күрделі мәселе.
«Тіл – ұлттың тұғыры, ұрпақтың ғұмыры. Қазақ тілі қазақты әлемге таныта алады. Халықтың тілі – халықтың төлқұжаты», – деп халқына Жолдауында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жолдаған еді [1,37б]. Ұлттың болашағы ұрпағына байланысты десек, сол ұрпағын тәрбиелеудің кілті тіл арқылы жүзеге асатыны анық. Сол себепті де оқушыларды тіл мәдениетіне баулу – мектеп мұғалімдеріне қойылған талаптың бірі, себебі қай пәннің болмасын білім алудағы өзегі сөз өнеріне, тіл мәдениетіне келіп түйісетіні анық. Алайда оны жүргізудің инновациялық технологиясынан іздену - бүгінгі күнгі басты талаптардың бірі. Осы орайда отандық әдіскер ұстаз Бітібаева Қанипа Омарғалиқызының педагогикалық мұрасының ұрпақ тәрбиесіндегі маңызын ерекше айтамыз.
Әйгілі әдіскер ұстаз, «Ұстаздықтың Падишасы», «Қазақтың Қанипасы» атанған Қанипа Омарғалиқызының әдебиетті оқыту әдістемесінде оқушыларды тіл мәдениетіне, ауызша, жазбаша тіл шеберлігіне баулу жолдары кеңінен қарастырылған. Ол туралы әдіскер ұстаз: «Тіл мәдениетіне дағдыландыру, көркем, әдеби тілін жетілдіруде қазақ тілі сабағының орны ерекше. Шебер мұғалім осы екі сабақты үндестіріп, бір мақсатқа, бір бағытқа жұмсайды», – дейді [2,203б]. Яғни, өзге де пәндермен байланыстырып тіл мәдениетіне жетелеу мұғалімнің шеберлігін, шығармашылық қабілетін талап ететіндігін аңғарамыз.
Қ.Бітібаеваның әдістемесінде тіл дамыту жұмыстарына: оқушының сөздік қорының дамуына, көркем сөйлеуіне, шығармашылық ізденісіне жол ашатын бірден-бір сара жол, басты құралдардың бірегейі деп баса назар аударылған.
Сондай-ақ, шығармашылық жұмыстар – тіл дамытудың негізгі арнасы. Ол туралы: «Өтіліп отырған тақырыппен тығыз байланыста, мақсатты түрде жүйемін жүргізілген тіл дамыту жұмысы оқушының тілін ұстартуда, шығармашылық жұмыстарға жұмылдыруда, білімін көтеруде маңызды», – деген Қ.Бітібаеваның технологиясына негіздеп оқушылардың ауызша, жазбаша тілдік дағдыларын қалыптастыруда тәжірибемізде нәтиже көрсеткен әдіс-тәсілдерімізді ұсынамыз.
|
Қ.Бітібаеваның инновациялық технологиясы негізіндегі Шығармашылық тапсырмалар |
Ой толғау, шығарма, балама жазу |
|
Модель, жобалау, макет қорғау |
|
|
«Ұлылар үндестігі» салыстыру |
|
|
«Идеялар презентациясы» |
|
|
Сөзжұмбақ сайысы, жарыс. |
Қ.Бітібаеваның жазба жұмысын жаздырудағы инновациялық технологиясын тәжірибемізде тиімді қолданамыз. Мәселен, Балама жазу, «Бестік диктанты», «Шығарма-болжам» жазу, Пікір жаздыру, Хат жазу т.б жазба жұмысының түрлері оқушының жазбаша тіл мәдениетінің жетілдіруде маңызды. Мысалы, Балама жазуға оқушылар қызыға ынта танытады. Оқушылардың жас ерекшелігіне сай мәтін ұсынылады. Сондай-ақ деңгейлік тапсырма: А деңгейі толық, В деңгейі жартылай, С деңгейі асты сызылған жолдарды баламаға айналдырады.
-
С.Сейфуллин «Сыр сандық»
Балама
Сыр сандықты ашып Қара
Ашып қара сырласым
Сыр пернені басып Қара
Басып қара жырласын...
Сонымен қатар қазақ тілі пәнін әдебиет пәнімен сабақтастырып өткізудің тіл дамытудағы тиімділігі ерекше. Ол туралы Қ.Бітібаеваның еңбегінде: Әдемі сөйлеудің келелі, көзді бұлағы халық тілінде:
А) шешендікке, ақыл-нақылға негізделген даналық сөздер...
Ә) мақал-мәтелдерді сөздік қорыңа қосып, ұтымды қолдануға тырыс.
Б) «Шешендік қоржынын жаса. /3,216б/
Тәжірибемізде оқушылардың тіл дамыту жұмысын бірлескен топта ұйымдастыру уақытты үнемдеуде әрі ынтымақтастық ортасын құруда оң нәтиже көрсетеді. Алайда, топта бірін-бірі тыңдамай, артық сөйлеуді болдырмау үшін мәдениетті сөйлеудің ережелерін құрғызып, топпен назарға алуды ұсынамыз. Осы орайда ұстаздың тағылымына жүгінеміз: «Мәдениетті, әдемі сөйлеу үшін көп сөйлеу міндетті емес. Қай жерде болмасын қысқа сөйлеуге тырысу. Сөйлемдер шұбалаңқы, шашыраңқы болмасын...» /3,22/.
Мәселен, төменде тәжірибеміздегі қазақ тілі сабағында пәнаралық байланысқа сай ұсынылған тапсырмалар:
-
«Сөз сырына саяхат» тапсырмасы:
-
«Батырлар жырындағы» көнерген сөздер. / Мұғалімнің көмегімен ұсыну/
-
«Сын есімдер көркем әдебиетте». /Мұғалім нұсқауымен/
-
Іздендіру, зерттеу бағытындағы шығармашылық тапсырма:
|
Мақал-мәтелдер |
Шешендік сөздер |
Жұмбақтар |
Үндестігі |
Ерекшелігі |
|
|
|
|
|
|
|
Батырлар жырынан үзінді |
Архаизм сөздер |
Тарихи сөздер |
|
|
|
|
|
Абай «Аттың сыны» |
Сын есімдер |
|
|
|
|
|
«Мозайка» әдісі. «Батыр» моделін құрастыру. (макет, графика, мозайка т.б)
Өз қалауы бойынша тақырыпты таңдап алады.
– Спорт әлеміндегі батыр тұлғалар...
– Ерлігімен танылған Отан қорғаушы батырлар...

-
«Суреттер сөйлейді» тапсырмасында берілген суреттерге әңгіме құрайды. Сындарлы ойлауға жетелейді. /Слайд/
-
Қазіргі таңда өзекті мәселе – кітап оқу. Кітап оқыған оқушы ғана сауатты жазып, дұрыс сөйлей алады. Осы мақсатта «Оқуға құштар сынып» жобасы қолға алынып, оқушылардың сөздік қоры мен шығармашылық белсенділігін арттыру мақсатында жұмыс атқарылуда. Оқушылар тіл мәдениеттерін жетілдіру үшін ұстаз тарапынан ұсынылған немесе өздеріне ұнайтын заманауи шығармаларды оқып, Қанипа Омарғалиқызының шығарманы талдау технологиясы негізінде «Оқуға құштар сынып» дәптеріне талдап, сыныптастарымен ой бөліседі. «Оқуға құштар сынып» жобасының мақсаты – оқушының тіл байлығын дамытумен қатар, жан-жақты шығармашылық ойларын шыңдау. Ойын жеткізе алмайтын оқушылар шығарманы сурет түрінде салса, кейбірі макет құрастырады. Өлең шығарып, эссе түрінде шығарманың түйінді ойын жазып, бүгінгі өмірмен байланыстырады. Ең бастысы, шығарманың сюжетін меңгеріп, танымы қалыптасады.
Қорытындылай келгенде, Қ.Бітібаеваның инновациялық технологиясы – заманауи, озық технология. Қазіргі қоғамға керек деген тілдік дағдыларды дамыту үшін де ұстаздың тіл дамыту жұмысына негізделген әдістемелеріне жүгінеріміз анық. Ендеше, ұстаздың педагогикалық тағылымы – ұрпақ қазынасы деп аяқтаймыз.
Қолданылған әдебиеттер:
-
Тоқаев Қ.Қ. Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимылдар кезеңі. Т.3. – Нұр-сұлтан, 2021. – 176 б
-
Бітібаева Қ.О. Әдебиетті оқыту әдістемесі. 2 бас. Алматы: Қазақ университеті, - 2019ж. 268б
-
Бітібаева Қ.О. Әдебиетті оқыту әдістемесі. Алматы: Рауан, - 1997ж. 285б
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
БАЯНДАМА

шағым қалдыра аласыз