Жаңа технологияларды биология пәндерінде қолдану жолдары
Орындаған: Чыгырбаева Айнур Куванчбековна
«SMART ILIM» мектеп-гимназиясы
Биология пәні мұғалімі
Кіріспе
Қазіргі таңда білім беру жүйесінің басты мақсаты — бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған, шығармашылық ойлауы қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Бұл мақсатқа жету үшін сабақ үдерісінде жаңа ақпараттық және педагогикалық технологияларды тиімді қолдану маңызды рөл атқарады. Биология пәні — оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытатын, табиғат пен өмір құбылыстарын түсіндіретін ғылым болғандықтан, жаңа технологияларды қолдану бұл пәннің сапасын арттырудың тиімді жолы болып табылады.
Негізгі бөлім
Биология – XXI ғасырлардағы ғылым болып табылады. Сондықтан да ол жаңа ақпараттық технологиялармен тығыз байланысты болды. Қазірге кезеңде білім беру жүйесі оқушыларға жеке тұлға ретінде қарап оның дамуына көп көңіл бөлінуде. Бұл пәнді оқуты біраз талаптарды талап етеді. Интерактивті тақта мектеп сыныптарында әр пән бойынша, соның ішінде биологиядан зертханалық сабақтарды өткізген кезде оның құрылғылары қолданылады.
Елбасымыздың «Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірігі, ақыл-ой азаматтығымыздың алдаспаны» дегендей еліміздегідей ғылым мен техниканың күрт дамып өркендеуіне, экономиканың тез дамуына үлес қосу үшін жан-жақты дамыған, зерек, дарынды, білімді оқушыларды тәрбиелеу ұстаздардың алдын қойған мақсаты. Жас ұрпақты білім беру үрдісінде ең басты мәселе - сабақ мазмұнының сапалы және білімді болуы. Қандай пән болсын, өтілетін әрбір сабақтың мазмұны толыққанды, қызықты, танымдық болуы қажет. Сабақтың құрылымы өте жоғары дайындықты қажет етеді, ол үшін тиімді әдістер керек, жаға технологиялармен сабақтарды өткізу қажет. Күнделікті сабақта оқулықта берілген мәтінмен шектелмей, тақырыпқа сай қосымша қызықты мәліметтер, ғаламтор, слайд, күнделікті өмірде кездесетін құбылыстарға арналған қарапайым тәжірибиеларді орындату оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыратыны сөзсіз.
1. Жаңа технологиялардың түрлері
-
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) – компьютер, интерактивті
тақта, мультимедиялық бағдарламалар, интернет ресурстары арқылы
сабақ өткізу.
- Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы – оқушылардың өз бетімен іздену,
ой қорыту қабілеттерін дамыту.
- Жобалық оқыту технологиясы – оқушыларды зерттеу, тәжірибе жасау,
ғылыми жоба дайындауға баулу.
- Модульдік оқыту технологиясы – оқу материалын модульдерге бөліп,
кезең-кезеңмен меңгерту.
- Ойын технологиялары – биологиялық тақырыптарды қызықты ойын
түрінде бекіту.
2. Биология сабағында қолдану жолдары
-
Интерактивті тақтада анатомиялық құрылымдарды 3D модель түрінде
көрсету.
- Онлайн платформалар (Kahoot, Quizizz, LearningApps) арқылы
тақырыпты бекіту.
- Виртуалды зертханаларда тәжірибелік жұмыстар жүргізу.
- Электрондық оқулықтар мен бейнесабақтар қолдану.
- Биологиялық терминдер бойынша интеллект-карталар, презентациялар
дайындау.
3. Жаңа технологиялардың тиімділігі
-
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады.
- Оқушылардың танымдық белсенділігі мен шығармашылығын
дамытады.
- Уақытты үнемдейді, ақпаратты көрнекі жеткізеді.
- Сабақтың сапасы мен нәтижелілігін жоғарылатады.
Қорытынды
Жаңа технологияларды тиімді қолдану — биология пәні мұғалімінің кәсіби шеберлігінің бір көрсеткіші. Оқыту үдерісінде жаңашыл әдістерді енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттырып, биологиялық ғылымға деген қызығушылығын оятуға болады. Сондықтан әр мұғалім заман талабына сай үздіксіз ізденіп, өз тәжірибесін жетілдіріп отыруы қажет.
Ертеңіне лайық ұрпақ тәрбиелемеген елдің келешегі жоқ десек, сол ұрпақты тәрбиелеудегі ұстаз еңбегі – ұлы еңбек. «Ұстазын сыйламаған елдің ұрпағы азады», - дейді халық даналығы. Осыған байланысты шығармашылық, ізденіс деген әр ұстаздың алдында тұрған үлкен міндет деп ойлаймын.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Баяндама

шағым қалдыра аласыз