баяндама

Тақырып бойынша 31 материал табылды

баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
баяндама
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қазақ өлеңдерінің құрылысы – қазақ әдебиеті теориясының категориясы, қазақ өлең сөзінің жасалу жүйесінің негізгі шарттары мен заңдылықтары. Қазақ өлеңдерінің құрылысын әдебиет теориясының категориясы ретінде алғаш зерттеген – А. Байтұрсынов. Ол өлең теориясын өлең айшықтары, шумақ түрлері, өлең тармақ тұлғалары, бунақ буындары, өлең ағындары, тармағының кезеңдері, тармақ ұйқастығы деп бөліп қарастырды. Буын ырғағы мен өлең ырғағын ажырату үшін, буын ырғағын жорғақ деп атауды ұсына отырып, оның тіл табиғатына қарай үш түрлі жолмен жасалатындығын айтады. Олар:

  • дауысты дыбыстарында ұзын-қысқалық бар тілдер;

  • екпін буыны бірыңғай келетін тілдер;

  • екпін буыны бірыңғай келмейтін тілдер.

Байтұрсынов енгізген Қазақ өлеңдерінің құрылысы атауларының үлгісі:

  • өлең кестесі – айшық, оның төрт түрін анықтайды;

  • өлеңді айтқанда сезілетін дауыс толқынының арасы – бунақ;

  • бунақ ішінде – буын;

  • бунақ араларындағы дауыс толқынының жіктері – кезең;

  • өлең кестесінің реті – тармақ және шумақ.

Ғалым әлем әдебиетінде қалыптасқан өлең жүйелерінің ішінде (метрик., силлабо-тоник., тоник.) қазақ өлеңіне силлабикалық өлең жүйесі тән екендігін, сондай-ақ, қазақ поэзиясының ырғақтық-екпіндік байлығын молынан пайдалана біліп, өлең өрнектерін дамытып, байытуға зор үлес қосқан Абай екендігін алғаш рет дәлелдеді. Абай жаңа өлшем, шумақ, ұйқас түрлерін орнықтыруда асқан шеберлік көрсетіп, бұрыннан белгілі көп тараған өлшем – өрнектерді, айшықтарды керек жерінде жаңаша түрлендірді. Абайдан кейін бұл дәстүрді дамытқан Сәкен СейфуллинМ.ЖұмабаевС.ТорайғыровІ.Жансүгіров. Кеңестік кезеңде Қазақ өлеңдерінің құрылысын теориялық тұрғыдан зерттеулерде идеологиялық себептерге байланысты Байтұрсыновтың есімі аталмағанымен, ол жасаған атаулар пайдаланылып, әрі қарай дамытылды.

Академик З.Ахметовтің пікірінше қазақ өлең, жырларында жеті буынды тармақ (4 буын – 3 буын) пен сегіз буынды тармақ (3 буын – 2 буын – 3 буын) ежелден еркін араласып келе береді. Халықтық поэзиядағы ең көне өрнектердің бірі – жыр өлшемінде осындай жеті сегіз буынды тармақтар қолданылады. Әдетте эпостық дастандар (жырлар) мен толғаутерме секілді ықшам, желдірмелі әуенмен айтылатын, тармақтары жеті-сегіз буынды болып, түйдектеліп келетін шығармалар жыр деп аталып жүрді. Сондай-ақ, жыр дегенді эпостық поэзияға тән өлең түрі деген мағынада да айта береді. Жырмен қатар халық поэзиясында аса кең тараған өлшем – он бір буынды өлең (4 буын – 3 буын – 4 буын, немесе 3 буын – 4 буын – 4 буын). Бұл өлшем халықтық ән-өлеңдерде, айтыстарда, дастандарда, лирик. өлеңдердің көпшілігінде қолданылған. Қазақ поэзиясында ең көп пайдаланылатын өлең өлшемдері – жеті буынды, жеті-сегіз буынды, он бір буынды болады. Алты буынды өлең, онан да қысқарақ төрт буынды өлең сиректеу кездеседі. Он бірден буын саны көбірек, мысалы, он төрт, он бес буынды өлеңдердің тармағы құрама болып келеді, яғни жеті буынды екі тармақтан, сегіз буынды екі тармақтан құралады. Түркі тілдес халықтардың өлең өлшемдерінің ішінде ежелгі заманнан қолданылып келе жатқаны – жеті буынды өлең.[1]

Өлең құрылысы

Тармақ-поэзиядағы өлең ырғағының негізгі бөлшегі; буын саны тұрақты келетін өлең жолы. Бунақ- өлең жолының, яғни тармағының ырғақтық жағынан жеклеген бір бөлшегін құрайтын буындар тобы; көбейген сайын өлеңінің ырғағын күшейтіп ширата түсетін өлең тармағының бөлшегі. Өлең құрылысы – өлең өлшемдерінің жасалу жүйесі, дыбыс үндестігі мен ырғағына тән ерекшеліктерді белгілейтін шарттар мен заңдылықтар. Өлең-жырдың күнделікті айтылатын жай сөз, қара сөздерден басты айырмасы олар мөлшерлі жеке жолдарға, яғни тармақтарға бөлінеді. Өлең тармағының құрылыс жүйесі әр халықтың поэзиясында өзінше қалыптасқан. Дүниежүзілік әдебиетте орын тепкен өлең құрылымы 4 түрге бөлінеді:
1) 
Метрикалық өлең жүйесі өлең ырғағында ұзын буын мен қысқа буынның кезектесіп келуіне негізделеді. Мысалы, ежелгі грек және рим поэзиясында кең орын алған ямбхорей, т.б.
2) 
Силлабо-тоникалық өлең жүйесінде екпінсіз буын мен екпінді буындар кезектесіп келеді. Ол орыснемісағылшын халықтары поэзиясында кездеседі.
3) 
Тоникалық өлең жүйесі орыстың халық поэзиясында қолданылған. Оны жазба әдебиетте орнықтырған A.Маяковский болды. Мұнда ырғақ екпінді буындарға негізделеді, екпін түспейтін буындар есепке алынбайды. Кейбір қосарланып келетін сөздер болмаса, тармақтағы әр сөз бір екпінмен айтылып, дербес ырғақтық бөлшек құрайды. Мұның өзі өлеңді мәнерлеп, тақпақтап оқуға мүмкіндік береді.
4) 
Силлабикалық өлең жүйесі буын санының мөлшерін тұрақты сақтауға негізделген. Бұл өлең құрылысы французчехитальян және барлық түркі тілдес халықтардың поэзиясында қолданылады. Бұл өлең құрылысының басты сипат-белгілерін қазақ өлеңдерінің құрылымынан анық аңғаруға болады. Өлең құрылысының ұлттық сипат белгілері ұлт тілімен тамырлас. Қазақ өлеңі, алдымен буынға негізделіп, ырғақ пен тармақ та, ұйқас пен шумақ та буынға бағынады; қысқышы Қазақ өлеңдерінің құрылысы.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі