1-4 сынып оқушыларының тәрбиелік деңгейі /баяндама/
Бүгінгі таңдағы әлеуметтік – экономикалық жағдай, демократияланған, ізгіленген кезең мектептерде тәлім – тәрбие мазмұнын қайта қарап жаңғыртуды, халықтың педагогиканы тәрбие процесінде негізге алуды талап етіп отыр. Өйткені, әр ұлттың тарихының ұрпақтарға оқытылуы, салт –дәстүрінің сақталуы және әдебиеті мен өнерінің дамуы, ұлттық бостандық жағдайында ғана болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Білім мазмұны тұжырымдамасында және Білім туралы заңында : - осы негізде әр халықтың тарихы, ұлттық дәстүрлері бүкіл адамзат мәдениеті дамуымен диалектикалық бірлікте қарастырылып, ол мектептегі білім , тәрбие мазмұнын жаңартудың қайнар көзі бола алады,- деп көрсетілген. Бұл құжаттарда айтылғандай, білім, тәрбие мазмұнын жаңартпайынша, қоғамды жаңарту мүмкін емес. Себебі, қоғамның алға басуы жас ұрпақты білім, тәрбие арқылы дамытуға, жаңаша ойлауға, іскерлікке үйретуге байланысты, - делінген.
Сонымен, оқыту ісін жастардың белсенді ақыл-ой еңбегі, саналы іс - әрекеті негізінде ұйымдастырса, тәрбие процесін ғылыми – тәжірибелік бағытта, ұлттық психология, сана-сезім, мінез-құлықты қалыптастыру негізінде ұйымдастырған абзал.
Жас ұрпақты тәрбиелеуде, оның бойындағы туа біткен табиғи мүмкіндіктерін дамыту, бағалау, сенім, үлгі көрсету, талап ету арқылы жауапкершілігін жетілдіруге, ынтымақтастық педагогикасын пайдалану арқылы жеке тұлғаны қалыптастыруға жол ашылады.
Тәрбие – өсіп келе жатқан ұрпақты өмірге даярлаудың барлық жағын қамтитын, қоғамның талап – тілегіне тәуелді күрделі үрдіс. Тәрбиенің қоғамдық ортаның обьективті, субьективті факторларына тәуелді болуы, жеке адам дамуы мен тәрбиенің байланыстылығы, тәрбиелеушілердің іс - әрекетін қоғамға пайдалы етіп ұйымдастыру.
Өмірде баланы тәрбиелеудің мазмұнын белгілеу жетекші орын алады. Соңғы кезде қазақ орта мектебінің білім мазмұнының тұжырымдамасында тәлім – тәрбие мазмұнының негізгі жақтары көрсетілген. Аталған тәрбие түрлерінің мақсаты дүниенің шындығын өз мәнінде танитын, эстетикалық сезімі, талғамы жоғары, іс-әрекетке жарамды, өзгелермен қарым – қатынас жасауға бейім, үлкенге ізет, кішіге қамқор жасайтын жастарды тәрбиелеу. Қазіргі кезде баланың бойында ұлттық намыс пен қайырымдылық сезімін қалыптастыру айрықша орын алады. Өйткені, әрбір адам ана тілінде өз халқының тәлім – тәрбиесін алуы арқылы өзге ұлттың өкілі алдында өзінің дамығандығын көрсете алады. Бұл тәрбие саласындағы өзін – өзі дәріптеу емес, терезесі тең ұлт ретінде өзінің әдет – ғұрпын, салт – дәстүрін өзгелерге таныту, оның ықпалынан болған қасеттерін мақтаныш ету.
1-4 сынып (7-10 жас аралығындағы) оқушылары педагогикалық тұрғыдан ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Өйткені бұл жастағы бала тұңғыш рет мектеп табалдырығын аттап, әлеуметтік ортамен жаңа қарым-қатынастарға түседі. Бұл төменгі сынып оқушыларының өмірін жаңа жағдаймен толықтырады. Сөйтіп, жаңа ортамен өзара қарым – қатынас жасау үрдісінде оның мінез – құлқы, еркі, оқуға деген қызығушылығы мен танымдық қабілеті дамиды. Сонымен қатар бұл жастағы баланың анатомиялық –физиологиялық ерекшеліктерін білу аса қажет. Мысалы, бұл кезеңде физиологиялық тұрғыдан алғанда 7-10 жастағы оқушыларды негізінен бас сүйегі қатаюды, тұтастай алғандағы қаңқаның қатаюы жалғаса береді. Ми салмағының артуы, жүйке жүйесінің жетілуі, екінші сигналдық жүйенің (сөйлеу) қарқынды дамуы байқалады, сөздік қоры көбейеді. Тежелуден қозудың басым болушылығы, ойдың нақты бейнелеу түрі және естің болуы, елестетудің айқындығы , білуге құмартушылық, ерік үрдісінің дамуы сезіледі, моральдық санасында императивтік (бұйырушылық) элементі, өз құрбыларының мінез – құлқындағы кемшіліктерге әсер ету және өзіне сын көзбен қарамауы басым болады.
Мектепке келген алғашқы күннен бастап балалардың өз құрбыларына , педагоктарға , оқуға, табиғи ортаға деген қарым – қатынасы қалыптасады, алғашқы дағдылар мен әдеттер пайда болып, кейін оқушының мінез-құлқы стилін және оның мектеп ұжымындағы орны мен бағытын айқындайды. Төменгі сынып оқушылары көп әсерленгіштігімен, басқаға назар аудара білушілігімен біршама ерекшеленеді. Сондықтан оларды оқыту үрдісімен және сабақтан тыс кездегі бірлестікте өткізілетін тартымды жұмыстармен қызықтыра білудің маңызы зор. Кіші мектеп жасындағы бала әдетте тәрбиелік ықпалға тез көндігеді. Бұл жастағы балалардың бойында қазірдің өзінде белгілі бір дәрежеде адамгершілік тәжірибесі бар екендігін есте ұстау керек. Балалардың адамгершілік жайындағы түсінігі бастауыш сыныптарда қалыптаса бастайды. Баланың іс-әрекетінде белгілі бір ортаға бейімділік байқалады. Қоғамдық ортада болғанда кіші мектеп жасындағы оқушыларда моральдық түсінік тез дамиды және бастауыш мектептің соңына қарай оларда адамгершілік туралы белгілі бір түсінік пайда болады. Мәселен, егер 1-2 сыныпта оқушының мораль жөніндегі түсінігі тек ата – аналар мен мұғалімдердің пікіріне негізделетін болса, 3-4 сыныпта ол басқа адамдардың іс-әрекетіне талдау жасауға және қорытындылауға тырысады. Сонымен бірге, жинақталады және ол жеке басының әрекеттерін саналы түрде бағалай білу деңгейіне көтеріледі. Бастауыш сыныптарда оқушының бойында өзіне тән мінез – құлықтың қалыптаса бастайтынын және түрліше қайшылықтардың бой көрсететінін білудің маңызы зор.
Осы орайда өз сыныбыммен жүргізілген экспериментальдық зерттеулерге тоқтала кетейін.
« Үй және ағаш» деп аталады. Бұл әдістеме бойынша да баланың психологиялық ерекшеліктері туралы қосымша мәліметтер алуға болады. Үйдің суретін салу арқылы бала өзін жанұясымен байланыстырады.
Мысалы: Қалматай Саятханның салған суреті бойынша мынандай психологиялық ерекшеліктерді айтуға болады. Егер үйдің ағашы, адамдары бәрі кішкентай етіп бейнеленсе, көңіл-күйі төмен, жаны жабығып жүрген торығудың белгісі. Ал есік- терезесі кіші жабық болса, жасқаншақ , тұйық. Терезесі торланған, жабық болса , қорқу белгісі және өздерінен әлі де болса ата-анасына тәуелді екенін көрсетеді.
Несіпбай Мерейлімнің салған суреті бойынша мынандай психологиялық ерекшеліктер айтуға болады. Салынған ағаштың бұтағы биік жоғары өрлеп өссе, белсенді өмірге құштар, оптимист. «Үй» суреті бойынша баланың үлкендердің, ата-анасының шамадан тыс қамқорлығынан құтылғысы келетіндігі дербес тікке ұмтылатындығы байқалады.
«Равен сынағы» деп аталады. Тапсырмаларды орындау барысында 3 негізгі психикалық процесс көрініс береді:
1.Зейін
2.қабылдау
3.Ойлау
Тапсырманы орындағанда зейін қатты шоғырланады, сол себептен тапсырманы шешуге қызығу жоғары деңгейде болады. Тапсырманың қорытындысы бойынша : қатысқаны 21 оқушы, 1 оқушы 6-24% аралығында IY дәрежелі көрсеткішті, яғни ойлау қабілеті орташадан төмен. 18 оқушы 25-74% аралығанда III дәрежелі көрсеткішті, яғни берілген жас тобына сәйкес ойлауы орташа деңгейде. 2 оқушы 75-95% аралығында II дәрежелі көрсеткішті, яғни берілген жас тобына сәйкес ойлауы жақсы деңгейде. Жалпы алғанда 52% құрады. Яғни оқушылардың ойлау қабілеті орташа деңгейді көрсетті.
Осындай тексерулер нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларының мінез құлқындағы қиындықтарды анықтап алған соң, дер кезінде түзету жұмыстарын жүргізу қажет. Себебі бұл жас кезеңінде балалардың мінез құлқындағы қиындықтар бала бойында әлі толық қалыптаспаған. Мінез құлқында қиындығы бар оқушылармен түзету жұмыстарын жүргізу кезінде төмендегі факторларды есепке алмайынша іс табысты болмайды: отбасындағы жағдайы, досы кім, бос уақытында кіммен және қалай өткізеді, сабақ оқуда неден қиналады, сынып ұжыммен және ұстаздармен қарым-қатынасы қалай және т.б. Осындай ерекшеліктерін есепке алу оған дұрыс диагноз қоюмен бірдей. Анықталған қиындықтарды түзету үшін оқушылармен тренингтік сабақтар, рольдік, сюжеттік ойындар, сұрақ-жауап әдістері, әңгімелер жүргізу керек. Ойланып жоспарланған түзету жұмыстары оқу-тәрбие жұмысында мінез құлқында қиындығы бар балаларды қайта тәрбиелеу кезеңінде аса маңызды болып табылады.
Сондықтан да оқу-тәрбие процесінде жеке тұлға, білім беру, дамыту, тәрбиелеу қатар жүргізіледі. Бұны іске асырудың шарты- ата-аналар мен педагогтардың оқушыларға қоятын талабының бірлігі. Сонымен қатар бұл принципті іске асыру отбасы мен мектеп арасындағы тұрақты байланысты, бүкіл жұртшылықтың тәрбиеге белсенді араласуын талап етеді.

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Баяндама "1-4 сынып оқушыларының тәрбиелік деңгейі"

шағым қалдыра аласыз