жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Баяндама 7сынып
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖАҢА
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Икрамұлы Таңат
Д.Шыныбеков атындағы №155 орта мектебінің дене шынықтыру
пәнінің мұғалімі
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Досбол би ауылы
Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпы адамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру – бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы. Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке, демократиялық дәстүрге өту жағдайында адамзат қоғамының ғасырлар бойы жинақтаған жалпы құндылықтар мұрасына ден қоюы, рухани-адамгершілік негізінде дене тәрбиесін сабақтастықта дамытып, салауатты өмір сүру дағдылары арқылы дене мәдениетін қалыптастыру өзектілігі артуда.
Қазіргі кезде білім беру
мекемелерінің алдында тұрған міндеттердің бірі – жас ұрпақтың
салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын
сақтауға, қоршаған ортасын таза ұстауға және жоғары, сапалы білім
алып, сол білімді келешектегі өмірінде пайдалана білуге
тәрбиелеу.
Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара байланыс салауатты өмір
салты ұғымын құрастырады. Салауатты өмір салтын насихаттауда,
салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру мәселелерін
жетілдіретін, осы саладағы басымдылықтарды анықтайтын ғылым да,
өскелең ұрпақты оқыту, тәрбиелеу формалары мен жаңа әдістерді
ұстанатын білім де қажет. Мектеп оқушыларының салауатты өмір салтын
қалыптастыру туралы алған білімдері болашақ азаматтардың
денсаулығын сақтап қалуға берік тірек болады.
Дене тәрбиесі сабағында жаңа инновациялық технологиялардың
тиімділігі.
Білім – қоғамды тұрақтандыратын, рухани мұраны сақтайтын, ұрпақты
ұрпаққа сабақтастыратын құрал. Қолда бар мүмкіндікті пайдаланып
оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану, жаңа технологияны
әркімнің өз сабағында пайдалану арқылы оқушыларды халықтың дәстүр
үрдісінде адамгершілікке, салауатты өмір сүруге баулу дені сау
ұрпақ тәрбиелеу дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің басты міндеті.
Олай болса, оқыту мен тәрбиелеудің ой елегінен өтетін
әдіс-тәсілдерін, жаңашыл педагогтардың тапқан әдістемелерін біліп
қана қою жеткіліксіз, оны әркім өз мүмкіндігінше күнделікті сабақта
пайдалану қажет.
Өзімнің 8-сыныптарға өткізген « Волейбол» атты сабағымда алдымен
оқушыларға өткен тақырыптарға байланысты сұрақтар бере отырып,
бүгінгі жаңа сабақтың қандай тақырыпта өткелі тұрғанын ашып алдым.
Сабақ барысында оқушыларға жеңілдетілген логикалық сұрақтар беріп,
кейін күрделі сұрақтарды тапсырма ретінде бердім. Сұрақтарға
байланысты жауабын тапқан оқушы, сол жерде практикалық түрде
орындап көрсетеді. Сабақ кезінде оқушының ішкі позициялық көз
қарасы мен бағыты айқын көрініс бере алады. Сонда ғана сабақ
нәтижелі болып, білім сапасы артады. Осы бағыттарда әрбір
мұғалімнің оқытуға, үйретуге өз тұғырнамасы болуы қажет.
Олар мыналар:
- Әр оқушының білім деңгейін, қабілетін, мүмкіншілігін түсіну;
- Оқушының бойындағы жетістіктері мен кемшіліктерін қабылдау;
- Оқушыларға қиындықтарды жеңуге, кемшіліктерден арылуға
көмектесу;
Дене шынықтыру пәнінің басқа пәндерге қарағанда көптеген
ерекшеліктері бар. Мұнда негізінен оқушының қабілеті, бейімділігі
баса назарда болуы керек. Дегенмен де оқушыларды бейімдеу,
қабілетін дамыту, спортқа деген қызығушылығын арттыру жақсы
ұйымдастырылған сабаққа байланысты. Сондықтан оқушылардың пәнге
қызығушылықтарын арттыру мақсатында сабақта тақырыпқа байланысты
спорт түрлерінің шығу тарихын, спорт түрлері дамыған елдерді
спорттың әр саласындағы белгілі спортшылар өмірін алуға болады.
Сондықтан да мұғалім сабақты тартымды етіп теория мен практиканы
ұштастыруында жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі баса
назарда болуы қажет. Бұл мұғалім мен оқушы арасындағы
қарым-қатынас, сабақты жақсы оқитын, спортқа бейім оқушылармен
белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы
жақсы ойлар туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуін
ойластыру. Барлық оқушылар өз қабілетін ең төменгі жеңіл
тапсырмаларды орындаудан бастайды да, оларды міндетті түрде толық
орындап болғаннан кейін ғана, келесі күрделі деңгейдегі
жаттығуларды орындауға көшіп отырады. Бұл оқушылар арасындағы
бәсекелестікті және әр оқушының өз қабілетіне, қызметіне сәйкес
жоғары деңгейге көтерілуіне толық жағдай жасалады. Осылай ойын
элементтерін, әдістерін деңгейлеп орындату арқылы оқушылардың
тапсырмаларды орындауда жинаған ұпайларын «даму мониторингі»
кестесіне белгілей отырып, оқушы біліміне талдау жасап отыру қажет.
Өтілетін тақырыптарға байланысты қызықты сергіту ойындарын
ойнатудың да сабақ барысының сапасын арттыруға ықпалы көп. Атап
айтсам: «Кім шапшаң?», «Көңілді ойындар!», «Мен чемпион!», сонымен
қатар қозғалмалы ойындар және ұлттық ойындарды сабақта түрлендіріп
өткізуге машықтандыру.
Дене шынықтыру пәнінде жаңа инновациялық технологияларды қолданудың
орны орасаң болары хақ. Инновациялық оқыту білімді тереңдетумен
қатар оқушының оқу әрекетіне жетелеп, олардың оқуға деген ынтасын
оятады. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, білім
сапасын көтеруге сыныптан тыс спорттық шаралардың да маңызы зор.
Соның ішінде қазақтың ұлттық ойындары мен қозғалмалы ойындарын, әр
түрлі жарыстарын, тоғызқұмалақ, арқан тартыс, аударыспақ сынды ойын
түрлерін өткізіп отыру керек. Осындай жұмыстарды жүргізу
нәтижесінде оқушылардың белсенділігі артып, спортқа деген
бейімділігі қалыптасады. Оқушылардың танымдық қабілеттерін артырып,
салауатты өмір сүру, адам денсаулығы осы спортқа байланысты
екендігін түсінеді. Нәтижесінде оқушылардың білім сапасы артып, оқу
тоқсандарында жоғары сапаға қол жеткізуге болады.
Жаңаша әдістерді сабақтарда үнемі қолданысқа енгізуде теория мен
практиканың ұштасуына мән бергенде ғана жұмыстың мазмұндылығы
көріне алады.Осы бағыттарда сын тұрғысынан ойлау және деңгейлеп
оқыту технологияларының тиімді әдістерін дене шынықтыру пәнінде
қолдануды ұсынамын. Алдымен «Дене шынықтыру пәні не береді?» –деген
сұраққа:» Қимыл қозғалысты береді. Машықтандыру. Дене мәдениетін
қалыптастыру. Денені шынықтыру, тәрбиелеу. Жалпы дамыту
жаттығуларын меңгертеді. Мемлекеттік стандарттық бағдарламаны
жоспарлай білуді, нормативтік тест жаттығуларды игертуді
береді.
Дене тәрбиесі сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясын тиімді
пайдалану.
Осы технологияның шығармашылық бөлігін басшылыққа ала отырып, ой
толғау жасауға болады. (мыс: дене шынықтыру сабағында сабақты ойын
түрінде ұйымдастыру керек) осы арқылы, оқушылардың бейімділігін
арттыруға болады.Күтілетін нәтиже - дене тәрбиесі пәніне деген
қызығушылықтары артады. Оқушы шығармашылығы, өзін-өзі басқаруы,
құрметі, эстетикалық талғамы артады. Дене шынықтыру сабағында 5-6
сыныптарға сергіту сәтін алуға болады. Өз тәжірибемде 5-сыныптарға
өткізген «Эстафеталық жарыстар» атты сабағымда, алдымен оқушыларға
ой толғау жасау мақсатында қазақтың ұлттық ойын түрлеріне
тоқталуды, ұлттық ойындар туралы өз түсініктерін сұрай отырып,
сабақ барысы кезінде орындатуды жоспарладым. Міне, осы арқылы
оқушылар сабақтың жарыс түрінде топтық ойын әдісінде болатына көз
жеткіздім.
Сабақты қызықты өткізу үшін интерактивті тақта арқылы қазақтың
ұлттық ойындарының тарихын таныстырып өтіп, жасырылған сұрақтарды
табуға машықтандыру, әр топқа белгіленген ұпай сандарына қарай
бағалап отырдым. Кейін сабақ барысын: «Кім шапшаң?» бөлімі деп
алып, бұл бөлімінде оқушылар белгіленген жерге дейін эстафеталық
таяқшамен жүгіріп барып, белгілі жеріне жеткен кезде, тақтаға
жазылып берілген есептерді шапшаң орындап шығып кейін қайтып
келулері керек. Оқушылардың бұл бөлімде сабаққа деген
қызығушылығының артуымен бірге, машықтанады, логикалық ойлау
қабілеттері артады, қимыл-қозғалыс әрекеті дамиды.
ІІІ.Қорытынды.
Жаңа идеяларды қолдана отырып, орындалатын жұмыс бағытым;
1. Оқушымен қарым-қатынасты қалыптастыру.
2. Оқушының логикалық ойлау қабілетін дамыту.
3. Әр оқушының әрекетін, ұлттық болмысын пайдалануға жұмыстану.
4. Оқушының ұлттық моралының орындалуын қамтамасыз ету.
5. Оқушының санасын, сенімін, көзқарасын,білімін арттыру.
6. Оқушының парасатын, ойлауын қалыптастыра отырып
машықтандыру.
Ең бастысы, оқу үрдісінде міндетті пәндерде оқушылардың теориялық
білімін әлеуметтік тұрғыдан қалыптастыруға мән беру керек.
Жұмысымның нәтижесінде:
1) Әр оқушының білімі, қабілеті қалыптасады.
2) Оқушының бойындағы жетістіктері көрінеді.
3) Оқушылар қиындықтарды жеңеді, әлеуеті артады.
4) Жан-жақты дамуға қол жеткізеді.
Білім беру жүйесінің маңызды
міндеттерінің бірі – дене тәрбиесі арқылы салауатты өмір салтын
қалыптастыру мәселесі. Соған байланысты көптеген құжаттар бар,
мәселен: Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 ж 18 мамырдағы
«Халық денсаулығы» атты мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан
Республикасының үздіксіз білім беру жүйесінде
«Салауаттану-денсаулықты сақтау» бағдарламалары. Бұл құжаттардағы
негізгі мәселенің бірі –дене тәрбиесі арқылы салауатты өмір салтын
қалыптастыру, жастар тәрбиесі. Сондықтан да болашақ мұғалімдерге
қойылатын жаңаша талаптар мен өзгерістер туындап отыр. Бұған себеп
қазіргі кезде жеке тұлғаның қоғамдық және әлеуметтік мәні дене
тәрбиесі мұғалімінің назарынан тыс қалмауы қажет. Дене тәрбиесі
сабағындағы сауықтыру, білімдік, тәрбиелік міндеттерімен қатар,
педагог кәсіби жұмысын атқарып қоймай, оқушылардың рухани жеке
тұлғасын қалыптастыруды жүзеге асыруы керек.
Дене шынықтыру пәнінде жаңа инновациялық технологияларды пайдалана
отырып, білім сапасын арттыру тәжірибемнен.
Сабақтарда пайдаланатын құралдарым, керекті материалдарым:
интерактивті тақта, олимпиада жеңімпаздарының фото суреттері,
Қазақстанның спортшылары туралы мәліметтер жинағы, Б.А.Қ
журналдар.
Қазіргі кезде көп айтылып, талқыланып жүрген жаңалықтарды
оқыту үрдісіне енгізу, яғни, инновациялау инновациялық үш бөлімнен
тұрады:
І-бөлім. Кәсіби шеберлік
ІІ бөлім. Біліктілік дағдылары
ІІІ-бөлім. Жүзеге асыру,
қолдану.
Жаңа технология жүйесінде проблемалық, іскерлік ойын арқылы оқытудың маңызы зор. Оқушылар әр түрлі проблемаларды талдайды, оның шешу жолдарын іздестіреді. Мұндай сабақтар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, пәнге деген қызығушылығын арттырады, өмірде кездесетін түрлі қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді. Іскерлік ойын сабақтарын өткізу технологиясы 3 кезеңнен тұрады.
I кезең. Дайындық (рольдерді бөліп беру, оқушыларды топтарға бөлу, проблемаларын алдын ала таныстыру, қажетті материалдарды жинау)
II кезең. Ойын кезеңі
(оқушылар жасаған хабарламаларды тыңдау, пікірталас жасау,
қабылданатын шешімді талқылау және оны бақылау, талқыланған шешімді
қабылдау)
III кезең. Қорытындылау (проблеманы шешудің тиімді жолдары
іздестіру) Іскерлік ойындарының дидактикалық, тәрбиелік,
дамытушылық маңызы зор.
Оқушылар әрбір сабақтан мол білімділік, тәрбиелік, дамушылық алу керек. Сондықтан пәнаралық байланыс арқылы сабақтың біліми, ғылыми сипатымен қатар оның тәрбиелік танымдық, адамгершілік мазмұнда ұйымдастырылуын ойластырған абзал. Оқыту үрдісі кезінде сабақтағы басты тұлға білім беретін мұғалім емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын оқушының болуы.Білім беру саласындағы қазіргі оңды өзгерістер әрбір мұғалімнен өз ісіне мұқияттылықты талап етеді. Нағыз өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге ие бола алады. Ал білікті маман болу үшін көп ізденіс керек екені даусыз. Мен де өз әріптестеріммен қатар оқушы оқыту мен тәрбиелеу ісіне өз үлесімді қосып келемін. Оқушының ойлау қабілетін арттыру, сол қабілетін белсенді ету – басты мақсатым. Әсіресе, мен баланың білімге деген қызығуын арттыратын жүйелі іс - әрекеттер ұйымдастыруға талпынамын. Ол жүйе мына төмендегідей: 1.Шығармашылықпен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар.
* ойындар абстрактілі оқытуға қарағанда өз тәжірибесімен оқытуға мүмкіндік береді;
* ойындар ойын басшысының тәжірибесіне немесе дағдысына тәуелсіз;
* ойындар интуицияны жаттықтырады, мәселені шешу қабілеттілігін және қажетті әлеуметтік мінез-құлықтың түрін таңдауға, үрдістер мен құбылыстардың деректерін түсінуге, стратегиялық баламаны шешім қабылдауға, тәуекелге бел байлауға үйретеді;
* ойындар жеке мәселелерді оқуда және шешуде қабілетті әрі қарай арттыруда, ойынға қатысушылар оқытушының ролін ойнап, бірін-бірі белгілі бір деңгейде оқытады, бірақ әрқайсысы бір ойында өздерінің қабілеттілігі мен қажеттілігіне қарамай көп нәрсеге үйренеді.
Қорыта айтқанда, жаңа технологиялардың көмегімен оқушылардың білімін жетілдіру мен оқу сапасын арттыруға болады. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығы да – мектеп. Қазақ мектептерінің білім деңгейін көтеру және онда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқу-тәрбие үрдісін тиісті деңгейге көтеру, педагогикалық ұжымның жүйелі жұмыстарының нәтижесінде ғана жүзеге аспақ. Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Жошыбаева Гүлнар. Ұлттық мектеп-ел еңсесі. «Қазақстан мектебі», №12. 2003-13 бет.
-
Қоянбаева Сәуле. Танымдық қызығуды белсендіру. «Қазақстан мектебі», №6, 2003.
-
Назарбаев Н. «Қазақстан-2030» Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы, Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы: Білім, 1997 ж, 176 бет.
-
«Қазақстан мектебі» журналы
-
Дене мәдениеті-оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу жүйесінде.//Ізденіс-Поиск. 2009. №2 (2)
-
«Қазақстан – 2030 » стратегиясы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген