Ата -
аналарға арналған баяндама
Адамзат баласының ең негізгі мақсаты - дүниеге
әкелген ұрпағының болашағына жауапкершілікпен қарау. Нәрестенің
өмірге келген алғашқы күнінен бастап дұрыс тәрбие беріп
адамгершілікке саналылыққа баулып өсірсеңіз күндердің күнінде оның
рахатын көріп, қуанышына бөленері сөзсіз.баланың бойына жақсы
қасиеттер ең әуелі өз отбасынан дариды. Отбасынан басталған өнегелі
тәрбие балабақша, мектеп қабырғасында тәрбиеші мен ұстаздардың
ұлағатымен одан әрі жалғасады. Отбасында бала әуелі мәдениеттілікті
үйренеді, сонан соң өзіне тән ар-ұят, ақыл-ой, адамгершілік
қасиеттерге баулынады. Сондықтан ата-ананың өзара сыйласымдылығы,
өзін өзі ұстауы бала тәрбиесі үшін ауадай қажет.Бала бойында 5-7
жасқа дейін мінез бен тәрбие негізі қаланады.Дәл осы кезеңде
кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім
берудің алғашқы сатысы ретіндегі мектепке дейінгі білім беруге баса
назар аударып,бұл сатыны олардың шығармашылық және интеллектуалдық
қаблеттерін дамытуға арналған тиімді бағдарламамен қамтамасыз ету
қажет.Әрі балалардың білім алуға,еңбекке және қоршаған ортаға
бейімі,қарым қатынасы нақ осы кезеңде қаланатынын естен
шығармауымыз керек.
Еліміздің болашағын сеніп тапсыратын мәртебелі
азаматты қалыптастыратын отбасы және мектепке дейінгі тәрбие
мекемесінің кадрлары.Заман талабына сай білімді,мамандығының қыр
сырын терең игерген педагог тәрбиешілерді даярлауда оқу тәрбие ісін
тәжірибемен үйлестіру,кәсіптік білім беруді жетілдіру,жаңа оқу
жоспары,жаңа бағдарламаға сай курстар өткізудің маңызы ерекше.Мұның
өзі ұстаз тәрбиешілердің жұмысына деген қызығушылығын,шығармашылық
қабілетін шыңдауына,бала тәрбиесіне деген түсінігінің кеңеюіне
бірден бір себеп болып табылады.
Балабақшада баланы бүлдіршін кезінен
адамгершілікке,имандылық пен өзіне өзі қызмет етуге,мәдени
гигиеналық машықтарды қалыптастыруға,үлкенді сыйлап,кішіге қамқор
болуға бағытталған жұмыстар жүргізіледі.
Сондай ақ блабақшада тәрбиемен бірег оқу
тәрбие жұмысы қатар жүргізіледі.Бала тәрбиесінде тәрбие жұмысы аса
маңызды.Тәрбие жұмысын тәрбиеші педагог мамандармен бірге ата-ана
да бірлесе отырып жүргізсе келешек ұрпақтың өнегелі де,білімді
болары сөзсіз.Кішкентай бүлдіршіндерді өнер,білімге
баулып,тәрбиелеуде балалар әдебиетіндегі ертегілер мен
мақал-мәтелдер дің,жаңылтпаштардың маңызы өте
зор.Өйткені,тәрбиешінің енемесе ата-ананың
ертегіні әсерлеп айтып,балаға жеткізуі баланың сол ертегі бойынша
түсінігі,қайталап айтып беруі оның тек сөздік қорын молайтып қана
қоймай,ақыл-ойын жетілдіреді.Бала жақсы кейіпкерлерге
еліктейді,жаманнан жиренеді,жақсы болуға,еңбекқор,адал болуға
үйренеді.Мысалы:Ы.Алтынсаринның «Әке мен бала», «Асыл
шөп»,А.Құнанбаевтың жыл мезгілдері туралы өлеңдерінің,хайуанаттар
туралы ертегі-әңгімелердің бала көңілінен шығары сөзсіз.Балалар бұл
шығармалар арқылы табиғатты,жан-жануарлардың адамға пайдалы
екендігін түсінеді.Тәрбиешілер ертегі әңгімелерді оқи
отырып,балаларды достыққа,еңбекқорлыққа баулиды.Осындай жұмыстардың
өзінен тәрбиенің алғашқы баспалдағын көр.