400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама: "Абай - ұлы тұлға" 4-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндамада Абай шығармашылығы туралы баяндалған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ



ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

САЙРАМ АУДАНЫ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІ







Реферат









Тақырыбы: Малға достың мұңы жоқ малдан басқа...






















Қарабұлақ

Малға достың мұңы жоқ малдан басқа...


«Малға достың мұңы жоқ малдан басқа...» - Абайдың 1896 жылғы жазған өлеңі.


Малға достың мұңы жоқ малдан басқа,

Аларында шара жоқ алдамасқа.

Табысына табынып, қалтаң қағып,

Тойғанынан қалғанын берсе алашқа.


Мал жияды мақтанын білдірмекке,

Көзге шұқып, малменен күйдірмекке.

Өзі шошқа, өзгені ит деп ойлар,

Сорпа сумен, сүйекпен сүйдірмекке.


Ақылды деп, арлы деп, ақпейіл деп

Мақтамайды ешкімді бұл күнде көп.

Осы күнде мал қайда, боқ ішінде,

Алтын алсаң, береді боғынан жеп.


Осыны оқып, ойлай бер, болсаң зерек.

Еңбекті сат, ар сатып неге керек?

Үш ақ нәрсе адамның қасиеті:

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.


Өлеңнін сипаттамасы

Әрқайсысы 4 тармақтан тұратын 4 шумақ. Шығармаларындағы басты өзекті тақырып - адамгершілік, ар, намыс мәселесі, сын семсерін сұққан жері - ынсапсыз байлық, өлшеусіз өрескел билік десек, Абай бұл өлеңінде қалтқысыз көңілмен халық мүддесін көздейтін демократтық биік деңгейге кетеріліп, қоғамдық мазмұны аса маңызды шындықтың бет пердесінашып береді.

Ақын бұдан бұрынғы сынында ар-ұяттан бөзген, тойымсыз би-болыстарды қанша айыптаса да, ара кідік олардың ішінде де тәуірлері бар, әр нәрсе адамына қарай деген пікірдің ұштығын шығарып қоятын (Мысалы, «Бай сейілді...» өлеңінде).

Бұл ақын өмірінің белгілі бір көзеңіне ғана тән кемшілік екенін осы туындысы айқын дәлелдейді. Абай енді оларды «жақсы», «жаман» деп бөліп жармай, өз заманыңдағы барша би болыстарға, байларға арылмастай үкім айтады. Мал жиған адамның дүниеқоңыз, қүнсыздығын барыншауытты тілмен, өлтіре ешкерелейді. Байлықтың ондайларға бос күпіл, қайырусыз билік үшін ғана керек екенін ашық айтып, имандылықтан, мейірім-сауаптан ада қалған жандарға жиіркенішін білдіреді. Олар өздері шошқа болған соң, басқа адамдар ит болып көрінетінін ескертеді.

Ақын өз журтына жаудай тиіп отырған, қоғам денесіндегі осынау жұқпалы дертті шеней отырып, оған қарсы қоятын, мерөзді сылып тастайтын күшті де атайды. Ол-адал еңбек, ащы тер. Аштан өлсеңде арыңды сатпа деп, адалдыққа, адамгершілікке шақырады.

Абай адамдардың асыл қасиеті байлықта, билікте емес, үшақ нәрсе: «ыстық қайрат, нүрлы ақыл, жылыжүрек» деп біледі.

Еңбек, сана, мейірім. Бұл - Абайға дейінгі қазақ ақындары осынша өткір, уытты тілмен барынша ашынып айта қоймаған тұжырым.

Туынды 11 буынды қара өлең уйқасымен жазылған. Алғаш рет 1959 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Абай Құнанбай ұғылының өлеңі» деген жинақта жарияланды. Шығарма ешқандай тек стол. өзгөріске үшырамаған. Өлең қарақалпақ, орыс, ұйғыр т.б. тілдерге аударылған. [1]








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
752
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі