жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Баяндама Абай өлеңдерінің өміршеңдігі
Баяндама
Абай өлеңдерінің өміршеңдігі
Жоспары
Кіріспе
Жаңаша оқыту- жаңа заман талабы
Негізі бөлім
Әдебиет сабағында сыни тұрғыдан ойлау арқылы дамыта оқытудың тиімділігі
1.Қызыушылықты ояту:
Топтастыру стратегиясы
Ой қозғау
Зерттеу кестесі
2.Мағынаны тану
Хронолгиялық кесте
Деңгейлік тапсырма
Венн диаграммасы
3.Ой толғау
III. Қорытынды
Оқушылардың әдебиет пәніне қызығушылығын арттыру жолындағы жұмыстар.
« Сабақ беру – үйреншікті жай
ғана шеберлік емес, ол – жаңадан
жаңаны табатын өнер.»
Ж. Аймауытов.
Айтқандай сабақ беру шеберлігінен бөлек жаңадан жаңашылдықты атап көрсетуі тегін емес. Демек, заман талабына сай бәсекеге қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеуде, оқушыларға кажетті білімді меңгерудің тиімді жолдарын, әдіс – тәсілдерін талмай іздеу – жандандырып жаңаша өту, әрбір ұстаздың міндеті екен. Әрбір педагог өз жұмыстың тәсілі мен формасын өз педагогикалық технологиясын таңдай отырып, білім алушылардың білмін жетілдіру бағытында жұмыс істеуі керек. Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Білім берудегі заман ағысына сай технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Бірақ ең бастысы технологияларды тиімді ,жүйелі пайдалана білу керек.
Бүгінгі таңда Қазақстанның дүниежүзілік білім кеңістігіне ену қажеттілігі көтеріліп отырған кезде жалпы білім беру мәселесіне түрлі стратегиялар арқылы білім сапасын арттыру көзделген. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасының түбегейлі мақсаты әлемдік өркениетке сай сапалы білім беру және ақпараттық интеллектуалдық ресурстарды өз бетімен ала алатын, талдай білетін, идея бере алатын, үнемі даму үстінде болатын, жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлға қалыптастыру болып отыр. Жаңа тәсілдер қолдану стратегияларын қамтитын бағдарламалар мұғалімдердің оқу үрдісінде нәтижеге жетуіне өз ықпалын тигізеді. Әлемдік білім алу деңгейіне жетудің негізгі мақсаты - оқушыларға білім беруде жаңа стратегияларды қолдану, сабақ берудің стереотипін өзгерту, сабақ өткізу арқылы зерттеу болып табылады. Білім беру үрдісін заман талабына сай жақсартудың тағы бір жолы-инновация яғни, білім алу жолындағы жаңалықтарды үйрету, қабылдау, бағалау және қолдану үрдісін басқару. Бұл білім беру мазмұнына, әдісіне, формасына ұйымдастыруға және басқаруға қатысты. «Инновациялық»- сөзі ағылшынның «жаңалық ендіру» деген сөз. Инновациялық үрдістің өмірге, енуіне қоғамдағы әлеуметтік сұраныстар мен білім жүйесіндегі білім беру саясатының нәтижесі себеп болады. Білім беру әрі осы аталынған іс әрекеттерді оқушылармен бірге күнделікті ішкі саясатының мәні, мақсаты білім беру ісін заман талабына сай ізгіліктендіру, білім алу кеңестігін кеңейту, оқыту пәндерінің мазмұнын үздіксіз тереңдету, оқыту үрдісіне мұғалімнің жаңаша көзқараста болуын қамтамасыз ету, сабаққа ғылыми ізденіс элементтерін ендіру,оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау жобасының кез келген стратегиялары оқушылардың қызығушылығын арттырады .Сондықтан мектепте білім беру ісін жаңарту жолдары жүргізілуде
Олар:
мұғалімнің өзіндік іс тәжірибесін жаңа заманға сай жаңарту;
басқа озат тәжірибелерді үйрету;
педагогикалық, ғылыми жаңалықтарды, үлгілерді игеру;
өзіндік педагогикалық эксперимент жүргізу (таңдаған тақырыбы бойынша)
әрбір ісін сынақтан өткізіп қателігін талдап отыру.
Жеке тұлға ретінде дамыту педагогикалық қызметтегі әдіснамалық бағыт, оқушының немесе баланың өзін-өзі таныту, өзін-өзі көрсету, өзін-өзі жетілдіру процесіндегі әрекет амалдарының, идеяларының, түсініктердің дамуы.
Баланың үйреншікті сана-сезімінің жұмысы оның ойлау қабілетінің тірегінсіз өтуі мүмкін емес, толық күдіктену мен кедергілерге әкелері сөзсіз.«Баланы өз күшіне сендіріп үйрету керек,»-деп М.Жұмабаев айтқандай.
Балаға жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы дамыта оқытуда
мұғалім
оқулық
әдісімен мұғалім мен оқушы арасындағы жаңа қарым – қатынастарын қалыптастырып, оқушылар берілген тапсырмаларды талдауына, салыстыруына, өз беттерінше әрекет етулеріне, яғни ой еркіндігіне зор маңыз береді. Балалардың өз ойын жеткізе білуге, ойларын түсіндіре алуға баули отырып, тіл байлықтарын, сөйлемдерді құрау және байланыстыруға ғана емес, сөйлеу мәдениетін қалыптастырады. Жаңа тәсілдер қолдану стратегияларын қамтитын бағдарламалар мұғалімдердің оқу үрдісінде нәтижеге жетуіне өз ықпалын тигізуде. Әлемдік білім алу деңгейіне жетудің негізгі мақсаты - оқушыларға білім беруде жаңа стратегияларды қолдану, сабақ берудің стереотипін өзгерту, сабақ өткізу арқылы зерттеу болып табылады.Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясы үш кезең бойынша жүзеге асады.
Қызығушылықты ояту кезеңі. Үйрену үдерісі-бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады.Жаңа ақпаратпен толықтырылып тақырып жайлы қарастырғалы тұрған үрдіс.Осы арқылы ойды қозғау, ояту,ми қыртысына әсер ететін әдістер: стратегиялары жинақталған.Яғни айту,бөлісу,ортаға салу арқылы оның ойы ашылады.Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны бұрынғы білімімен ұштастырады.
Мағынаны тану: бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады,тақырып бойынша жұмыс істейді,тапсырмалар орындайды. Оның өз бетінше жұмыс жасауға көмектесетін әдістің бірі хронологиялық кесте. Мұнда оқыған нақты мәліметтерді басшылыққа алып, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс.
Тақырып туралы ой-толғаныс-бағдарламаның үшінші кезеңі. Бұл әдіс оқу-шының толғанысын ұйымдастыру, өзіне басқаға сын көзбен қарап баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөзімен айтуға дағдыланады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өзі үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әртүрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы-ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді. Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған: «топтастыру стратегиясы», «зерттеу кестесі», «хронологиялық кестесі», «Венн диаграммасы» сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр жеңілдігіне қарай қолданылады.
9-сыныптың әдебиет сабағында өтілген бір тақырыпқа тоқталып, отырмын.
Сабақтың тақырыбы: Қазтуған жырау.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік:оқушыларға ХҮ ғасырдың жырауы Қазтуған Сүйінішұлы- ның өмірі, оның толғаулары кейінгі ұрпаққа жеткен мұралары туралы мәлімет беру.
ә)Тәрбиелік: жырау өлеңдерін, толғауларын оқыта отырып, оқушыларды ата мекенін, туған жерін, елін сүюге тәрбиелеу. Адалдыққа, тазалыққа үйрету.
б)Дамытушылық: өтілген материалдарды тиянақты меңгеруге, ойлау белсенділігі мен шығармашылық қабілеттерін дамыта түсуге ықпал ету, сөйлеу мәдениетін арттыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, баяндау. Топтастыру стратегиясы, Венн диаграммасы, сын тұрғысынан ойлау.
Көрнекілігі: Қазтуған жырау портреті, интерактивті тақта арқылы слайдтар көрсету.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
«Қызығушылықты ояту.»
ХV – XVIII ғасырдағы жыраулар поэзиясы.
1.Жыраулар поэзиясының құндылығы неде?
Өз дәуіріндегі тіршілік мәселес
Өз заманының белгілерін атау.
Келешек заманды болжау.
Терең
ой, ақыл, өсеиет өлеңдері.
2.
Жыраулар поэзиясының неізгі тақырыбы
– ел бірлігі, бүтіндігі,
– бейбіт күннің қорғаны
– молшылық пен ырысы,
–әйгілі батырлардың ерлігі
-еліне деген сүйіспеншілігі.
3. Топтастыру стратегиясы: «Жырау деген кім?»
А
қылгөй
терең ойшыл
ЖЫРАУ
сөз зергері ақын жырау
Ш . Ой қозғау.
«Қыран құстың ұшқаны»
«Ақбөкеннің жүрісі»
«Жайдақ желдің желісі»
«Мөлдір судың аққаны»
«Адам жанының жайма шуақ кезеңі»
Шәкәрім жыраулар поэзиясында «терең сыр» барын таныды (қазақ халқының бүкіл әлеуметтік, рухани тіршілігі бейнеленгенін дәлелдеп берді.)
Халқымыздың жыраулары- сан ғасырлық өмірін өнер өрнегі, мен өлең өрнегіне бейнелеп түсірген , өшпес мұра екені белгілі.
4.Зерттеу кестесі:
Оқушы «Асан қайғы» тақырыбы бойынша өз зерттеуімен таныстырады.
-
Кейіпкер
Өмірге қызығушылығы
Өзіне тән қасиет
Баға беру
Асан қайғы
Өз мақсатына
Жету үшін еліне
шұрайлы,жайлы
қоныс,шүйгін жер іздеумен өмір кешкен
халық қамқоршысы
ел тыныштығын
армандаған
Өз заманының
асқан ақылгөйі
қара сөзбен
қамшы өрген,
терең ойшыл ақын
Жоғары,
Жақсы
IV . Жаңа сабақ
Қазтуған жырау поэзиясы XVғ әдебиетінің көркем үлгісі.
Хронологиялық кесте бойынша мағлумат беру.
|
Тақырыбы |
Тақырыпты ашу |
Нақтылау |
Мысалдар |
1 |
Туған жері |
Еділ бойында Астрахан обл. Красный Яр қаласының маңында дүниеге келген. (Қазіргі Батыс Қаз обл) Жалпақтал мен Жәнібек ауд. жата өлке |
ХІХ ғасырда өмір сүрген ақын Мұраттың «Әттең бір қапы дүние-ай»және «Әрайна, билер, әрайна» өлеңінде: |
...Қабыршақты қара су. Ол Қазтуғанның қонысы еді... ...Әрайна болған Қазтуған Қайғыланып сонда толғай ма? Ел Қиянға қонбай ма, Еділ, Жайық арасы, Кеңшілік қоныс болғай ма?...
|
2 |
Отбасы |
Әкесі-Сүйініш Анасы-Бозтуған Тоғыз ұлы бар |
«Алаң да алаң, алаң жұрт» өлеңінде |
... Онымыз тұрып оқ атсақ, Он сан қалмақ бөлінген.- ...Алаң да алаң, алаң жұрт Ақ ала ордам қонған жұрт Атамыз біздің бұл Сүйініш, Күйеу болып түскен жұрт Анамыз біздің Бозтуған Келіншек болып түскен жұрт. Қарғадай мынау Қазтуған батыр туған жұрт.... |
3 |
Кім? |
Қол бастаған батыр. Сөз бастаған шешен. Ел бастаған көсем. |
«Қазтуған сөзі» толғауы |
...Айдаса қойдың көсемі Сөйлесе сөздің шешені, Арғымағын жаз жіберіп, күз мінген Жазаласа екі жылда бір мінген. Жолдасын жолай іздеген, Өзіне тиген дұшпанын Қарт бурадай тіздеген. Мен қарға бойлы Қазтуған. |
4. |
Жастық шақ |
Оптимисті, думанды |
Мұсағали Арықбайұлы тапсырған қол жазба бойынша «Қазтуғанның туған жерімен қоштасуы» толғауы |
... Көрінген мынау көк Нарын Ойран салып өткен жер. Табаны жерге тимеген, Мандайы күнге күймеген, Жорғадан басқа мінбеген, Сұлудан басқа сүймеген Қамқадан басқа кимеген...
|
5 |
Толғау-лары |
«Алаң да алаң, алаң жұрт » |
|
Мұрат ақын айтуы бойынша жазылып алынған. |
«Әрайна билер, әрайна» |
|
С.Сейфуллинің 1931 жылғы жинағында «Ноғайлар бытырағанда» Қазтуған батырдың айтқаны. |
||
«Қазтуғанның қоныстан ауғанда айтқаны» «Қазтуғанның туған жерімен қоштасуы» «Қазтуғанның сөзі» |
|
Қаз. ғылым-академиясы қол жазба қорында сақталған М.Арықбайұлы ақсақалдың айтуы бойынша, жазылып алынған. |
5.Қазтуған жырларының көркемдік ерекшелігі
Қазтуған жырларының көркемдік ерекшелігі бойынша оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріледі.(Өлең шумақтарында кездесетін әдеби теориялар мен өлең ұйқастарын анықтауға арналған тапсырмалар.)
Тапсырма 1
1-деңгейлік тапсырма: а) ...Арғымақтың баласы,
Арыған сайын тың жортар.
Арқамнан қосым қалар деп,
Ақ дария толқын күшейтер...
ә) ...Жабағылы жас тайлақ,
Жардай атан болған жер.
Жатып қалған бір тоқты,
Жайылып мың қой болған жер.
Жарлысы мен байы тең,
Жабысы мен тайы тең,
Жары менен сайы тең. (Бес ғасыр жырлайды).
–Үзінділерде қандай ерекшелік байқалады және бұл үйлесімділік қалай аталады?
2- деңгейлік тапсырма: Өлеңді құрылысына қарай талдау.
Жауды көрсе жайнаған,
Жай тасындай қайнаған.
Еділде тұрып оқ атса,
Жайыққа түсіп жоғалған.
Алыста тұрып ақырса,
Жаудың туы жығылған.
Жан сауғалап тығылған.
3- деңгейлік тапсырма: Ботташығы бұзаудай,
Боз сазаны тоқтыдай.
Балығы тайдай тулаған,
Бақасы қойдай шулаған,
Бекіре ойнар ақ Жайық
Бес қаруын асынып,
Батырлар жауға жортқан жер.
Емендей белі бүгілген
Жібектей жалы төгілген
Күде білді, күпшек сан,
Бедеу атқа мінген жер.
Еділ мен Жайық екі өзен,
Арасына түнемей,
Бораны ма, дауылы ма,
Желе жорытып жүрген жер.
Өлеңде қандай көркемдік тәсіл пайдаланылған?
7.ВЕНН диаграммасы
ЕРЕКШІЛІГІ
Асан
қайғы Қазтуған жырау
(Кітаппен
жұмыс).
Тапсырма 2
1-деңгейлік тапсырма толғауды оқып мазмұнын ашу.
2- деңгейлік тапсырма:
Ой толғау.
«Жырауларша толғайын» туған жер тақырыбында
шағын эссе немесе өлең жазу.
V.Бекіту. А) Б.Тілеухановтың орындауында Қазтуған жыраудың «Алаң да алаң, алаң жұрт» толғауын тыңдату.
Алаң да алаң,алаң жұрт
Ақ ала ордам қонған жұрт,
Атамыз біздің бұ Сүйініш
Күйеу болып барған жұрт,
Анамыз біздің Бозтуған
Келіншек болып түскен жұрт,
Қарғадай мынау Қазтуған туған жұрт,
Кіндігімді кескен жұрт,
Кір- қоңымды жуған жұрт,
Қарағайдай садақ будырып,
Қылшанымды сары жүнге толтырып,
Жанға сақтау болған жұрт.
Жаңа сабақты қорытындылау:
Қазтуған жыраудың туған жері қалай аталады?
Бозтуған кім?
«Қазтуған сөзі» толғауы өлеңнің мазмұны қандай?
Сүйініш кім?
Қарға бойлы Қазтуған деп неліктен атанды?
Ақын өлеңдерінде нені дәріптейді?
VI.Үйге тапсырма
Қазтуған жырау туралы тың мәліметтер іздеу, өлеңдерін жатқа оқып мазмұнын ашу.
Оқулық бойынша сұрақтарға жауап беру.
VII.Бағалау.(скитер парағы арқылы бағалау).
Сөзімді қорыта келе, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтардың, ғылым мен практика жетістіктерінің негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және оның кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған білім алуға қажетті жағдайлар жасау» екені ғылым мен техниканың дамуы, әлемдік білім кеңістігінің бәсекелестік негізінде дамыған заманда еліміздің болашақ тірегі жас ұрпақты әлемдік озық біліммен сусындатып, қоғамның әртүрлі салаларында саналы іс-әрекетке қабілетті тұлға қалыптастыруымыз керек. Бүгінгі таңда кезек күттірмес мәселелердің бірі болып отыр.»Еңбекті жан тәнімен сүймейінше, ешбір талант та,кемеңгер де шықпайды»-деп Д.И.Менделеев айтқандай, сондықтан да әлемдік стандартқа сәйкес оқыту үшін, халықаралық аренада білімді ұрпақтарымыздың көрінуіне себепкер болуымыз жайдан-жай нәрсе емес.Сондықтан бүгінгі ұсынып отыған баяндамам иновацииялық технологияларды пайдаланудың өз іс-тәжірбиемдегі бір көрінісі. Бұл тәсілдер кәсіби шеберлігімізді арттыру мен оқушылардың жеке тұлға ретінде дамуына өз үлесін қосады деп білемін.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Бес ғасыр жырлайды. Алматы 1989ж
Найманбаева Қ.Қ. Бултчаева Ә.М. «Мектептегі оқу-тәрбие үрдісін басқарудың өзекті мәселелері». Алматы 2007ж
Ашық сабақ факультативті сабақтар Алматы 2013ж
Қазақ тілі мен әдебиеті. Алматы 2006ж
Қазақ әдебиеті . мектеп 2009ж
Қазақстан тарихы: әдістемелік журнал 2012ж
Болашақ газеті 2010ж 13 қараша

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген