Авторы:
Каримова Карина Ержановна
Алматы
қаласы Түркісіб ауданы №1 Алматы қазақ
мемлекеттік гуманитарлық – педагогтік
колледжі 1 курс студенті
Баяндама
Абай
Құнанбаевтың педагогикалық ,психологиялық
көз қарасы.
Абайдың
поэтикалық шығармалары мен қара сөздері
пәлсапалық, этикалық, эстетикалық,
психологиялық және педагогикалық
ой-пікірлерге толы. Абай түсінігінше,
табиғат біздің санамыздан тыс және
бізге тәуелсіз өмір сүреді. Біздің
түйсігіміз бен қабылдауымыз, түсінігіміз
айналадағы ақиқат шындық өмірдің сәулесі
ғана.Білім-ғылым үйренбекке талап
қылушыларға әуелі білмек керек. Талаптың
өзінің біраз шарттары бар. Оларды білмек
керек, білмей іздегенмен табылмас.Әуелі
- білім-ғылым табылса, ондай-мұндай іске
жаратар едім деп, дүниенің бір қызықты
нәрсесіне керек болар еді деп іздемекке
керек. Оның үшін білім - ғылымның өзіне
ғана құмар, ынтық болып, бір ғана
білмектіктің өзін дәулет білсең және
әр білмегеніңді білген уақытта көңілде
бір рахат хұзур хасил болады. Сол рахат
білгеніңді берік ұстап, білмегеніңді
тағы да сондай білсем екен деп үміттенген
құмар, махаббат пайда болады. Сонда
әрбір естігеніңді, көргеніңді көңілің
жақсы ұғып, анық өз суретімен ішке
жайғастырып алады.
Абай
бос даурығуға,бекер сал шашуға,өтірік,өсек
айтуға,жалқаулыққа қарсы шықты. «Бес
нәрседен қашық бол,Бес нәрсеге асық
бол,адам болам десеңіз»,-дей келіп ,Абай
өсек ,өтірік ,мақтаншақ ,еріншек,бекер
мал шашпақ ,Бес дұшпаның білсеңіз ,Талап
,еңбек,терең ой қанағат,рақым ойлап қой
,Бес асыл іс ,көнсеңіз»,деген өсиет айтты
.
Абай
өнер –білім алуға шақырды,өмірде өз
орныңды тап,пайдалы әрекет жаса,дейді
«Сен де – бір кірпіш дүниеге тетігін
тап та, бар қалан!» деген сөздер соның
айғағы.Қазақ елінде ойын-сауыққа көп
әуестеніп,бір үйден бір үйге ,бір ауылдан
бір ауылға селтендеп,қыдырып жүретін
келеңсіз әдет селтендеп ,қыдырып жүретін
келеңсіз әдет барын ашына ескертіп
,одан аулақ болуды арман етті.
Адам
мәселесін Абай әр түрлі :философиялық
биологиялық- психология,эстетикалық
және этикалық көз қарастарын
қарастырған.Абайдың адам тұралы негізгі
тұжырымдары Чернышевскийдің «философиядағы
антропологиялық прицип» ( 1860) деген
еңбегінде айтылатын ойлармен
ұштасады.Чернышевскийдің түсіндіруінше
болмыс бірыңғай болған жағдайда адам
басынан екі түрлі :материалдық (адам
тамақ ішеді,ұйықтайды,жүреді)және
адамгершілік тұрғыдағы (адам
ойлайды,сезеді,қалайды) құбылыстарды
байқаймыз. Абай Жетінші сөзінде: «Жас
бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен
туады.Біреуі ішсе, жесем,ұйықтасам деп
тұрады... Біреуі білсем екен демеклік
.Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын
түгелдеп,ең болмаса денелеп білмесе
,адамдықтың орны болмайды» ,- дейді
ойшыл- ақын .
Шығыс
пен Батыс классиктерінің ағартушылық
ой-пікірлерінен мол нәр алған ұлы ақын
бала тәрбиесі мәселелеріне де кеңінен
тоқталып, өзінің өлеңдері мен қара
сөздерінде педагогикалық көзқарасын
білдіреді. Адам мінезіндегі орынсыз
мақтан, ойсыздық,салғырттық, күншілдік,
көрсеқызарлық сияқты жаман әдеттердің
ақыл мен ойды тоздыратынын айта келіп,
естігенді есте сақтау, көргеннен
үлгі-өнеге алу, жаман әдет-дағдыдан
бойын аулақ ұстау, нәпсіні ақылға
жеңдіру, ұстамды болу сияқты адамгершілік
қасиеттерді насихаттайды. «Егер есті
кісінің қатарында болғың келсе, күнінде
бір мәртебе, болмаса жұмысында бір, ең
болмаса айында бір, өмірді қалай
өткізгенің жайында өзіңнен өзің есеп
ал»,-дейді. Яғни, адамның өзін-өзі
тәрбиелеу мәселесінің маңызы мен мәніне
ерекше тоқталады.
Әнді
кез-келген адам ұға алмайды, оны өте
жақсы тыңдайтын, көкірегі сезімді,
көңілі ояу және қырағы, болжағыш ойы
бар адам ғана ұғына алады:
Көкірегі
сезімді, тілі орамды,
Жаздым
үлгі жастарға бермек үшін
Бұл
сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,
Көңіліңнің
көзі ашық, сергек үшін. (77-бет).
Абайдың
бұл сияқты айтқандарынан мынандай
қорытынды өзінен-өзі келіп шығады:
поэзия адамның психологиясына әсер
етудің мықты құралы болып табылады,
бірақ оның әсер етерліктей күші болуы
үшін, ақын адамдардың психологиясын
жақсы білуі керек және оған әсер ете
білуі керек. Олай болса, поэзиямен
шұғылданып жүрген әрбір адам адамның
психикалық әрекеттерінің ерекшеліктерін,
оның даму заңдылығын зерттеп, оны жақсы
білетіндей болу керек.
Екіншіден.
Абай өз халқын саяси правосыздықтан,
экономика, мәдени жағынан артта
қалушылықтан, надандық, қараңғылық пен
қайыршылықтан құтқарудың жолы халықты,
ең алдымен жас буынды ағартуда және
адамгершілікке тәрбиелеуде деп біледі..
Абай оқыту жұмысы әсерлі, табысты,
балалардың ақыл-ойларын дамытатындай
болу керек деп санайды. Ол үшін, балалардың
психологиясын жете білу керектігі және
оларды оқыту, тәрбиелеу ісін балалар
психологиясының ерекшеліктерімен
санаса отырып құрып қана қоймай, сонымен
бірге оны жан-жақты дамытуға бағыттап
құру керек екендігі өзінен-өзі түсінікті.
Міне
2019-2020жылы бүкіл еліміз Абай Құнанбаевтың
175 жылдық мерекесін әлем болып тойлаймыз.
Ұлтымыздың рухани мақтанышы, ұлы
гуманист, ақын-ағартушы Абайдың
ғылыми-педагогикалық мұрасының зерттелу
жайы туралы және Қазақстанда төңкеріске
дейінгі педагогикалық ой-пікірдің даму
тарихында алатын орны туралы айтқанымызда
ұлы ғұлама ойшылдың педагогикалық
мұрасын алғашқы зерттеушілер, педагогика
тарихы саласындағы көрнекті қазақстандық
ғалымдар, педагогика ғылымдарының
докторлары, профессорлар ,ғалымдардың
еңбектерін ерекше атап өткен жөн.