Әбу Насыр Әл-Фараби
Алменбетов Арман Хайруллаулы
Шымкент қаласы, "Индустриалды-техникалық колледжі"
Әбу Насыр Әл-Фараби 870 жылы
Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы Фараб (қазіргі
Түркістан облысы Отырар ауданы маңайындағы ортағасырлық қала)
– қаласында дүниеге келді. Ғұлама ойшылдың толық аты-жөні –
Әбу-Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед Тархан ибн Ұзлағ Әл-Фараби.
"Ол әулетті отбасыда өмірге келді. Оның әкесі әскери қолбасшы
болған. Орта ғасырда Фараб қаласы ғылым мен мәдениеттің ордасы еді.
Мұнда Александриядан кейінгі әлемдегі ең үлкен кітапхана орналасты.
Осының арқасында Әл-Фараби ондағы құнды қолжазбалар және
кітаптармен танысуға мүмкіндік алды. Ғалымның жастық шағы осы
шаһарда өтті", - дейді "Әл-Фараби" ғылыми-зерттеу орталығының
директоры, профессор Жақыпбек Алтайұлы "Әл-Фараби музейі" атты
деректі фильмінде.
Ғұлама ғалым түркі тайпасынан шыққан. Бұған дәлел оның толық аты-жөнінде "Тархан" деген атаудың болуы. Оның түркі тайпасынан шығуын филология ғылымдарының докторы, шығыстанушы Әбсаттар қажы Дербісәлі растайды."Мен араб ғалымдарының кітаптарын оқыдым. Осы күнгі араб Фарх Саад есімді ғалымның бір дерегі бар. Онда Әбу-Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед Тархан ибн Ұзлағ Әл-Фараби ат-Турки дейді. Яғни ол оның түркі текті екенін жазған. Ғалым ибн-Халиканда ат-Турки дегенді қосады. Ол Әл-Фарабидің түркі екенін жазады", - дейді ол сұхбаттарының бірінде.
Ғалым қалай Әбу Насыр Әл-Фараби атанды
Ғалымның туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар "Барба-Фараб" деп атап кеткен. Сондықтан "әлемнің екінші ұстазы" атанған ойшыл Әбу Насыр Әл-Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбу Насыр атанған. Тарихи деректерде Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған.
Әбу Насыр бала күнінен ғылымға үйір болып өсті. Ғалым алғашында Бұхарада, Самарқанда, одан кейін Хамадан, Бағдат, Шам, Каир, Дамаск, Александрия, Мәдина, Мекке қалаларында болып, білімін үнемі жетілдірумен болды."Ол Хамада қаласында араб тілін үйренді. Одан кейін 20 жылдай Бағдат қаласында тұрып, антикалық философиямен әлемдік мәдениетпен танысты. Жалпы Әл-Фараби бір жерде тұрақтамаған. Ол үнемі бір қаладан екінші қалаға саяхат жасап, білімін шыңдаған. Ғұлама ойшыл бар өмірін ғылым мен білімге арнады. Біздегі мәліметтерге сәйкес, ол 70-ке жуық тілді меңгерген", - дейді профессор Жақыпбек Алтайұлы.Сондай-ақ ғұлама ойшыл медицина ғылымындарын меңгеруге де бар күшін салады. Ол біраз жыл Бағдат шаһарында ғылыми ізденістермен айналысып тұрақтап қалады. Содан кейін Шам аймағына қоныс аударып, 950 жылы өмірден өткенше сол өлкеде қалады.
"Ол Дамаскіде "Қайырымды қала тұрғындары" атты атақты шығармасын жазып бітірді. Шаһар халқы ғалымды қатты құрметтеген. Әл-Фараби қайтыс болғанда халық оны үлкен құрметпен ақтық сапарға шығарып салды. 950 жылы 80 жастағы ғұлама ойшыл Дамаскідегі патшалар мазарында жерленді", - дейді "Әл-Фараби" ғылыми-зерттеу орталығының директоры.
Екінші ұстаздың шығармашылығы
Әл-Фараби білімге деген құштарлығының арқасында Аристотельден кейінгі "екінші ұстаз" атанды. Ол 150-ге жуық философиялық және ғылыми трактаттар жазып қалдырды. Ғалым философия мен логика, саясат пен этика, музыка мен астрономияны зерттеді. Ғұлама ойшыл ғылымды 2 топқа бөлген:Бірінші: теориялық ғылымдар. Бұл топқа жаратылыстану ғылымдары мен метафизиканы енгізген.Екінші: практикалық ғылымдар. Бұл топқа этика, фиқһ, кәләм (исламдағы өзекті тақырыптарын қамтыған ғылым саласы) ғылымдарын жатқызған.Ғылыми еңбектерінің ең әйгілісі – "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактат" ("Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы")."Ғалым қала басшыларын "қайырымды және надан" деп екіге бөледі. Ол кезде қала-мемлекет болған. Оның тұрғындары қай кезде бақытты болады? Ғалымның пікірінше, бұл шаһардың әкімдеріне байланысты. Егер әкім білімді, әділ, ойы таза болса, барлық қала тұрғыны бақытты болады. Ал қаланың әкімі надан болса, өтірік айтса, шаһардың адамдары бақытсыз болады. Әл-Фараби шын бақытқа жету үшін адам үнемі іздену керек дейді. Сондай-ақ адамның мінез-құлқы да жақсы болуы керек", - дейді Жақыпбек Алтайұлы "Әл-Фараби - өркениет философы" деректі фильмінде.Сонымен қатар Әл-Фарабидің "Музыка туралы үлкен трактат" деген шығармасы әлемнің көптеген тіліне аударылған.Әл-Фараби философия саласы бойынша грек ойшылы Аристотельдің "Категориялар", "Метафизика", "Герменевтика", "Риторика", "Поэтика", бірінші және екінші "Аналитика", "Топикасы" және тағы басқа да еңбектерін түсіндірген.Ғалым Аристотельдің әлеуметтік-қоғамдық идеяларын дамыта отырып, өз тарапынан да "Кемеңгерлік меруерті", "Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы", "Мәселелердің түп мазмұны", "Ғалымдардың шығуы", "Бақытқа жету", "Азаматтық саясат", "Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері" сынды көптеген философиялық еңбек жазды. Бұл еңбектерде дүние, қоғам, мемлекет, адамдардың қатынастары туралы заманнан озық тұрған пікірлер, пайымдаулар туралы баяндайды.Мысалы, Әл-Фараби "білімсіз адамгершілік молаймайды, білімсіз адам өзгенің абзал қасиеттерін тани алмайды. Жан-дүниені тәрбиелемей үлкен жетістікке жету жоқ. Ғылым мен тәрбие ұштасса ғана рухани салауаттылыққа жол ашылмақ. Мінез-құлқын түзей алмаған адамның ақиқат ғылымға қолы жетпейді" деп ескертеді.
Ғалымның ұлты жайлы бірер сөз
Әл-Фарабидің еңбектері күні бүгінге дейін өз мән-маңызын жоғалтқан жоқ. Әл-Фарабидің мемлекет, ел басқару жөніндегі тұжырымдары, әлеуметтік-этикалық саяси көзқарастары бүгінгі қоғам үшін де айрықша маңызды. Оның еңбектері еуропалық Ренессанстың өрлеуіне үлкен ықпал етті. Алайда бүгінгі күні қоғамда ғалымның ұлтына байланысты сан алуан пікір бар. Осы орайда шығыстанушы Әбсаттар қажы Дербісәлі бұл мәселені түсіндірді."Бұл кісіні (Әл-Фарабиді – Sputnik) "қазақ" деп жазады. Оны "өзбек, тәжік" деп айтады. Ол – қате. Бұл кісі өмір сүрген уақытта біздің халқымыз жеке ұлт ретінде тарих сахнасына көтерілген жоқ. Сондықтан Әл-Фараби – түркі текті. Бұл мәселеге академик Гафур нүкте қояды. Ол "Әл-Фараби өмір сүрген уақытта қазақ, өзбек деген болған жоқ. Бірақ Әл-Фараби қазақ жерін мекендеген түрік тайпасынан шыққан. Бұл тайпа кейін қазақ халқының құрамына енді. Сондықтан қазақ халқының перзенті деуге негіз бар деп жазды", - дейді ғалым."Әл-Фараби" ғылыми-зерттеу орталығының директоры, профессор Жақыпбек Алтайұлы шығыстанушы ғалымның сөзін толықтырды."Орта ғасырда Әл-Фарабидің ұлтын нақты айту үлкен бір қателік болар еді. Себебі, ол тұста ұлттардың қалыптаспаған тұсы. Әл-Фарабиді түркі дүниесіне ортақ, мұсылман әлемінен шыққан ұлы жерлесіміз деп нақты айта аламыз", - деп түйіндеді сөзін ол.Әл-Фараби – ортағасырлық ғылымдардың қай саласында да үздік білімнің иесі, энциклопедист ғалым ретінде даңқы шыққан ғұлама-ойшыл. Философия мен логика, математика мен физика, музыка мен поэзия, грамматика мен азаматтық саясат.... Көне гректің бай мұрасын жан-жақты игерген ол аристотелизм мен ислам идеяларына өте терең талдаулар жасады. Әл-Фараби шығармаларының тізімін Байхаки, ибн Усайбиа, Омар Фаррух, М.Хортен, Ф.Дитериц, М.Штейншнейдер еңбектерінен кездестіреміз. Фараби мұрасын зерттеуші көрнекті өзбек философ-ғалымы М.М.Хайруллаевтың айтуынша, Фараби шығармаларының толық тізімін, яғни 160-тай еңбектің атауын түрік ғалымы А.Атештің еңбектерінен табасыз[1.15]. Әл-Фараби трактаттарының қолжазбаларын Каир, Дамаск, Бейрут, Ыстамбұл, Лейден, Париж, Мадрид, Лондон, Тегеран, Нью-Йорк қалаларының кітапханаларында сақталған. Ғұлама ғалым және философ Аристотельдің логикаға қатысты барлық дерлік еңбектеріне, атап айтсақ, «Метафизика», «Никомахтық этика», «Риторика», «Поэтика», Птоломейдің «Әлмагесіне», Александр Афродизискийдің «Жан туралы» еңбегіне, Евклид «Бастауларының» бірқатар тарауларына, Порфирийдің «Исагогына», түсініктемелер жасады. Бұлардың арасында «Философияны меңгеруге дайындық», «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Азаматтық саясат», «Бақытқа жету туралы» еңбектері барьь[1.15]. Әл-Фараби антиканың мол мұрасын, әсіресе көне гректің Платон мен Аристотель секілді классик ойшылдарының философиялық көзқарастарын арабмұсылман мәдениетіне енгізумен қатар, ислам мен антиканың идеяларына синтез жасауды да іске асырды. Ол өз заманының рухани шамшырағы болды. Өз дәуірінің барлық сауалдарына жауап табуға тырысты. Бұл ізденістер арғы-бергі бүкіл адамзаттық рухани ізденістермен сабақтасып жатқандықтан еш уақытта өз мәнін жоймақ емес. Әлемдік философия мен ғылым философиясының дамуында, Батыс пен Шығыстың диалогында өзіне тиесілі рөлін атқара береді[1.15]. Әл-Фараби сананың тек теориялық-танымдық қана емес, саяси-әлеуметтік мәселелерді шешуде де алатын орнын жоғары бағалады, адамзат баласы сананы жетілдіру арқылы соғыс секілді қайшылықты жағдайды да шеше алады деп есептеді. Қайырымды мемлекетке мінездеме бере отырып, ол оның ішкі мәнін де ашуға тырысты. Адамзат баласына тату-тәтті көршілік пен өзара құрмет, әлеуметтік әділдік пен адалдықтың нәтижесінде қандай рухани биіктіктерге шығуға болатындығын сөз етті[1.16]. Фарабиді толғандырған бұл тақырыптар қазіргі кезде де еш маңызын жойған жоқ. Бұл тұрғыдағы бүгінгі ізденістер Фараби ғылым философиясының құрамдас бір бөлігі болып табылатын рухани дәстүрге сүйенуі керек.Барлық азаматтары бір ғана ортақ мақсатқа, яғни мемлекет пен жеке адамның игілігіне қызмет етуге 5 жұмылдырылған ізгі, қайырымды мемлекет туралы ғалымның толғаныстары ортағасырлық ислам әлеміне ғана емес, өзінен кейінгі әлеуметтік-философиялық және әлеуметтік-утопиялық ойдың дамуына да үлкен ықпал етті. Әл-Фарабидің музыка теориясы, музыка өнері, риторика мен поэзия, эстетика проблемалары жайлы көркемдік-эстетикалық көзқарастары да аса құнды. Бұларды бүгінгі ұрпақты рухани жағынан тәрбиелеуге, ғылымды дамытуға, мәдени және мәдени-ағартушылық жұмыстарын жүргізуге жан-жақты пайдаланған дұрыс. Әл-Фарабидің жаратылыстануға қатысты мұрасы табиғатты тәңірінің туындысы деп есептейтін ортағасырлық жаратылыстануға тән көзқарастармен тамырлас болып келеді[1.16]. Ғалым Фараби рухани күш табиғатын анықтауға көп мән берген. Ол өзінің «Даналық негіздері» атты еңбегінде адам табиғатының қасиеттеріне қарай оның сыртқы және ішкі дүниесінің бар екенін айтады. Қоршаған ортаның құбылыстарын тани алатын физиологиялық дене құрылысы мен бітім болмысын құрайтын сыртқы тән сезімдері ішкі дүниеге де әсерін тигізеді. Ал ішкі құпия дүние дегеніміз - адамның рухани күштері. Өз кезегінде, даму процесінің үш түрі бар. Ол адамның, жануардың және өсімдіктің дамуы[2.20]. Дамуды осылай жіктеген Әл-Фараби дамудың мазмұнын түсіндіруде: «Өсімдіктерше өз ұрпағын, өзіне тән құрылыс сипатын сақтап қалуды ғана мақсат тұту немесе жануарларға өзінен басым күштермен күресу сияқты мінез-құлықтармен қорғанатын даму мен таным барысындағы ортақ ұқсастықтар адамзат баласының өрісін кеңейте алмайды. Адамның тіршілік етіп дамуы, оның пайдалы, ізгі, игі мақсаттарға бағытталған жолды таңдауына, шындыққа ұмтылуына байланысты. Мұндай үлкен мақсаттарға жетелейтін адамның санасы ғана» [2.20]. Оның еңбектерінде адам баласының ішкі дүниесі мен сыртқы дүниесі арасалмағына ерекше мән беріледі. Ғалымның айтуынша, рухы әлсіз адамдардың ішкі әлемін құрайтын сезім күйлерінің терең өріс алуы оның сыртқы дүниесінің белсенділігін өшіреді, яғни дүние құбылыстарын дұрыс табиғи тепе-теңдікте қабылдай алмайтындай жағдайға жеткізеді[2.20]. Ал білім жайлы кемеңгер бабамыз оның нұрымен кемелденген рухқа ешқандай күш кедергі, тосқауыл бола алмайтынын баяндайды. Адам рухының тұрақтылығы, ең алдымен, оған нәр беретін, дәлелді тәжірибе мен терең ой толғаныстарының сүзгісінен өткен, сөйтіп орнықты пікірге ие болған санаға байланысты дей келіп, рухты сананың сәулесі түсіп тұрған айнаға теңейді[2.20]. Әл-Фараби өзінің ғылыми тұжырымдарында адам рухының кемелденуі санамен тікелей байланысты деген ой келтіріп, тек сана ғана ақиқатқа жеткізетіндігін айтады[2.21]. Өзінің өмір сүрген кезеңіндегі ғылымды Әл-Фараби басты-басты бес салаға бөлді, олар: тілтану, логика (ой жүйесі), математика, физика, азаматтық туралы ілім[3.60]. Оның әлеуметтік-экономикалық мәселелерге, математика, философияға арналған трактаттары осы күнге дейін өзінің ғылыми маңыздылығымен құнды. Ол математиканы қолдану негізінде табиғат құбылыстарының сырын жазып шығуға болады деп тұжырымдаған[3.60]. Фарабидің пікірінше математика адамның білімін тереңдете түседі, әрі басқа ғылым салаларының дамуына тікелей әсерін тигізеді.Оның математикалық трактаттары осы замандағы математика ілімінің негізі болып табылады. Фарабидің анықтауы бойынша логика- ойлаудың заңдары мен ережелері туралы ғылым. Осы ғылымның арқасында адам өзінің ойын анық та айқын, жүйелі түрге келтіреді, ойлау, ой қорыту, талқылау барысында логикалық қателер жіберуден аулақ болады[3.61]. Ұлы ойшылдың логика мен грамматикадағы ортақ моменттері мен айырмашылықтары жөніндегі пікірлері аса құнды. Әл-Фараби логиканы ойлаудың грамматикасы ретінде қарастыра келіп, логика ұғымдары мен категориялары бүкіл адам баласына ортақ екенін айтты. Ол логика ұғымдары мен категорияларын тіл арқылы өрнектеу мүмкіндіктеріне қатысты талдайды, білімнің түрлеріне сипаттама береді[3.61]. Әл-Фараби философия, әлеуметтану, математика, физика, астрономия, ботаника, этика, эстетика, лингвистика, логика, денсаулық сақтау, музыка зерттеу салаларында терең білім алған. Ол ғылымның осы салаларында 160-қа тарта трактаттар жазған[4.64]. Ғылымдар жүйесінде Әл-Фараби жаратылыстану-математика ғылымдарына зор көңіл бөледі. «Ғылымдардың шығуы» деген еңбегінде ғылымды нақты және абстрактылы, сондай-ақ теориялық және практикалық деп бірнеше түрлерге бөліп қарастырса, «Ғылымды классификациялау және анықтау» деген еңбегінде ғылымда тіл, логика және математика саласын жалпы үш түрге топтап, олардың әрқайсысын жекежеке бөліп көрсетеді[5.67б]. Әл-Фарабидің музыка ілімі туралы негізгі ойлары «Ғылымдар классификациясы» - деген еңбегінде айқын көрінеді. Онда Фараби музыка теориясын мынадай бес салаға бөледі: 1.музыкатуралы ілімнің негіздері, зерттеу объектісі, тәсілдері. 2. Музыка туралы ілімнің негіздері, тондардың өзара байланысы мен қатынасы. 3. Музыка теориясының негіздерін зерттеу тәсілдерінде қолдана білу. 4. Тондардың негізін құрайтын музыкалық ырғақтар табиғаты.5.Музыкалық әуен, оны шығару жолы(композиция)[6.172б]. Фарабидің музыкалық еңбектерінің ішіндегі ең көрнектісі – «Музыканың ұлы кітабы». Бұл ғалымның өзінен соңғы ізбасарларына үлгі өнеге болған теориялық трактат. Әл-Фарабидің музыкалық аспаптар жөніндегі еңбектерінің маңызды болатын себебі, ол өз заманындағы музыкалық аспаптарды зерттегенінде болып табылады.Олар үрлеп тартылатын: най, сыбызғы, қырчак, ішекті уд, чанг, рубаб, шахруд, дутар, қобыз, тангур, канун, ұрып ойналатын: нагора, тыйбл, дойра және басқалар. Аспаптардың кейбірі бұл күнде жоқ немесе уақыт өте келе едәуір өзгерген. Әл-Фарабидің заманында санасы ашық әрбір мұсылман ислам ғылымымен шұғылдануды парыз еткен. Оның араб тілді ғалымдар санатына қосылуы осы кезден басталады. Қасиетті Құран Кәрім тек діни қағидалар жинағы ғана емес, сонымен қатар талай ілімнің құпия кілтін бойына бүккен ғаламдық кітап болғандықтан, Әл –Фараби бүкіл ислам ғалымдарына парыз болған Иджтихад және Муджтаһид жолына түскен. Әл-Фарабидің көшпелілер мен отырықшылар өркениетін және Шығыс пен Грек-Рим мәдениетін өзара байланыстыруы әлі күнге дейін елімізді дүние жүзіне танытуда маңызды орын алады. Оның философиялық еңбектерінің тәрбиелік мәні «Тарихи философиялық трактаттарында» көрсетілгеніндей, мәңгілік пен тәуелділік бастауларын құдіретті Алладан, аспан әлеміндегі құбылыстардың мәнінен, ақыл мен адамның жан дүниесінен, түр мен материя арақатынасынан іздеуінде. Ғұлама ойшыл өз кезеңінің діни түсініктерін философиялық тұрғыдан дамытады, халықты ұлттық тәрбиеге баулиды. Орта ғасырдағы ғылым мен мәдениеттің үздік өкілі болған Әл-Фарабидің шығармалары латын, парсы, ағылшын, француз, неміс тілдеріне аударылып, жеке кітап болып шықты. Әл-Фарабидің мұраларының Қазақстанда түбегейлі зерттелуі XX ғасырдың 60 жылдарында басталды. ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша әл-Фарабидің 1100 жылдығын атап өту қолға алынды. Алматы қаласында 1975 жылы Әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылық қызметін зерттеуге байланысты көнференция өткізілді.Қазақстан ұлттық ғылым академиясы бұл мәселемен дәйекті шұғылданды, әл-Фараби еңбектер жинағы 7 том болып шықты. Бұл ретте Москва, Бейрут, Хайдарабат, Анкара, Берлин, Лондон тағы да басқа қалаларда жарық көрген Фараби шығармаларының түпнұсқалары пайдаланылды. ҚР ҒА-ның философия институтында Фарабитану бөлімі жұмыс істейді.Бұл бөлімде үлы ғұламаның еңбектері қазақ және орыс тілдеріне аударылып, жиырмадан астам трактаттары жарық көрді[4.65б]. Ал Қазақтың мемлекеттік ұлттық университетіне Әл-Фараби есімі беріліп, онда дүние жүзінде тұңғыш рет ғұлама ғалымға арналған мұражай ұйымдастырылды. ҚазМУ-де 1994 жылы әл-Фараби шығармашылығына арналған халықаралық ғылымитеориялық конференция өтті. Университет саябағында әл-Фарабиге ескерткіш орнатылды.
Университеттегі Фарабитану орталығы Әл-Фараби мұрасын аудару, зерттеу, насихаттау жаңа, тың бағыт бойынша жүргізілуде[4.65-66б]. Әл - Фараби тұлғасын ашуда мынадай үш негіздің сомдалған жиынтығын көреміз: біріншіден, Әл-Фараби ұлы ғалым, екіншіден, өнер әлемін, оның ішінде музыка дүниесін терең зерттеген адам, үшіншіден ол - сөзсіз дін әлемінің басты тұғырнамаларын философиялық тұрғыдан негіздеген, осы бағытта көптеп еңбек еткен тұлға.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Баяндама: Әбу Насыр Әл-Фараби

шағым қалдыра аласыз