400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама "Әдіс-тәсілдер аукционы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға қашықтықтан оқытуда жаңа әдіс-тәсілдердің түрлерін қолдануда
Материалдың қысқаша нұсқасы

Баяндама «Әдіс тәсілдер аукционны»

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Өмір бойы білім алу – әр қазақстандықтың өмірлік кредосына айналуы қажет», - деген сөзі ұстаздарға тікелей қатысты. Өзгелерге білгеніңді немесе білу керектіні үйрету үшін, алдымен, соны қалай үйретуді білу шарт.

Мұғалім шығармашылығы – ұшы-қиыры жоқ ізденіс, өнер, қиял, тапқырлық, үйрену, даму. Үйретуші сөз арқылы емес, әрекет арқылы үйретуді басты назарда ұстағаны жөн. Және сол әрекетті үйренуші атқарғаны дұрыс. Сол кезде ғана берген білім сапалы, алған білім өмірлік болары анық.

«Ең жақсы өткен сабақтың қай жерден, қалай аяқталатынын күні бұрын білмейсің. Бұл сабақты шәкірт пен ұстаздың бірлескен ізденісі деуге болады. Сабақтың барлық жағдайын алдын ала жоспарлап қою шәкірттің еркіндігіне шідер салумен бірдей.

Барлық жерде мұғалімге қойылатын талап: баланы тәрбиеле! Бірақ тәрбиенің не екенін дұрыстап түсіндірген ешкім жоқ. Тәрбиелеу дегенді – тәртіпті қылу деп ойлаймыз.

Оқушылары тым-тырыс отыратын мұғалімнің сабағынан, қажетті жерде шулата білген сабақ қызық.

Кісімен қарым-қатынас мәдениетін отбасынан сіңіре алмаған балаға мектепте де, өсіп, кісі болғанда да мақсатына жету қиын. Ол баланы мұғалімі өте сезімталдықпен жетектеуі қажет болады. Сүйкімсіз баладан, ертең айналасына қадірсіз адам шығуы мүмкін.

Тіл алмайтын ызақор бала кемшілігін бетіне баса беруден шығады.

Шәкірттің сеніміне кіру қиын. Ол үшін шәкіртке әуелі өзің сенуің керек болады.

Ежелгі гректер даналыққа ұмтылу таңғалудан басталады деп есептеген.

Баланың қайғысы мұғалімнің жақсы оқитын және жаман оқитын бала деп бөлуінен басталады. Осыдан кейін баланың рухани дүниесі тек бағамен өлшенеді.

Кісі екеніне күмәнмен қараған баладан кісі шықпайды.

Өзі білетін адам ғана басқаны білдіре алады.

Оқушының кемшілігін көргіш болсаң, ықыласын өлтіресің.

Педагогикалық өрістетпейтін нәрсе: «Анау керек емес, мынау керек емес» дейтін шектеу. Керегі: ізденіс, ізденіс.»

Ал менің әріптестеріме айтарым: "Дәрігер адам тәнін емдесе, мұғалім адам жанын емдейді.

Мұғалім сыныпқа баға қою үшін емес, балаларды шабыттандыру, ең болмағанда, ынталандыру үшін кіру керек.

Әр сабаққа шабыттанып кіріп, қанаттанып шыққан мұғалім – бақытты.

Әр сабақтың қайталанбас тағдыры бар.

Жеке басыңның проблемасы үйіңнің босағасында қалсын.

Сабақтағы әдісті «менікі» деме, «біздікі» де.

Балаларға сабақ үйретудің жаңа әдісін тапсаң, әріптестеріңмен бөлісуге асық. Себебі бәріңнің «илеп жүргендерің бір терінің пұшпағы».

Ендеше, ізденіске жетелейтін, ізденгенге көмекші құрал болар әдіс-тәсілдер қоржынынан шыққан дүниелер кәделеріңізге жарасын!

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың: «Еліміздің ертеңі бүгінгі ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» -дегендей, ұстаздар қауымы барлықтарыңызға   жұмыстарыңызда шығармашылық табыстар тілеймін.

«Бұрыштар» тәсілі: Мұғалім оқушыларға сұрақ ұсынады және мүмкін төрт жауабын

сыныптың төрт бұрышына орналастырады. Оқушылар өзіне дұрыс деген жауаптың

қасына барып тұрады, таңдаған жауаптарын топтық жұмыста тұжырымдайды және

өздерінің көз қарастарын дәлелдейді.

























«Малыбай орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»мемлекеттік

коммуналдық мекемесі











Баяндама

Тақырыбы: «Әдіс-тәсілдер аукционы»











Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Саитова З.А

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 сәуір
592
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі