жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Баяндама АКТ
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси-экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытүдың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.
ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қоғамды ізгілендіру білім мен мәдениет жүйесін дамыту процесінде ақпараттық технологиялар маңызды рөл атқарады. Қоғам дамыған сайын адамдардың өмірге деген көзқарастары өзгеруде, білім алуға тілдерді үйренуге деген ынтасы арта түсуде. Білім беруді ақпараттандыру, пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. Кез келген мемлекеттің дамуы ақпарат мәдениетінің деңгейіне байланысты. Білім беру жүйесін ақпараттандыру бағыты – жаңа ақпараттық -коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы дамытып және дистанциялық (қашықтан) оқыту, жеке тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын көтеруді көздейді. Интернет желісі мен электронды поштаның кеңеюі, оның күнделікті тұрмыста қолданысқа енуі оқушылардың ойлау жүйесінің артуына, ақпараттарды мол қабылдауына өз әсерін тигізіп отыр.Ақпараттық –коммуникативтік технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Сол сияқты ақпараттық технологияны пайдалана отырып сабақтың сапасын арттыруға болатыны белгілі. Бүгінгі мемлекеттің білім беру саласындағысаясаттың тұжырымда- масындағы міндеттердің бірі – білім беру жүйесі мен оқытудың сапасын арттыру, сабақтың әдістерін және мазмұнын жетілдіріп, әдістемелік жағынан дамыту болып табылады. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты әрі жан-жақты маман болу мүмкін емес. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген. Соның бірі – білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, бүкіләлемдік коммуникация желісіне шығу.«Ақпарат» термині латынның Informatio «түсіндіру» «мазмұндама» деген сөзінен шыққан, бір нәрсені жетілдіріп түсіндіру деген мағынаны білідіреді.Ақпараттар алмастырылады, сақталады, өңделеді және белгілі бір тапсырманы шешу үшін қолданылады. Ақпаратты тек қандай да бір мәліметтердің жиынтығы деп түсінуге болмайды. «Ақпараттық технология» терминін академик В.М.Глушков енгізген.Білім беру процесін ақпараттандыру оқушыға білім берумен байланысты болғандықтан, В.Глушковтың анықтауынша, « Ақпараттық технологиялар » ақпаратты өңдеумен байланысты процестер болып табылады. Ал білім беруде компьютерді және оның құралдарын пайдалана бастаған кезде оқытудың ақпараттық технологиялары ұғымы пайда болды. А.Горячевтің тұжырымдауынша, «Ақпараттық технология» - мәтінідік редактор, электрондық кесте, мәліметтер базасы, графиктік редактор, мультимедия және коммуникациялық технологиямен сипатталады. Ақпараттық-коммуникативтіктехнологиялар (АКТ) – бұл сандық технологияның «кең аясы», ақпараттарды тарату мен жолдау, құру үшін қолданылады және қызмет көрсету мақсатында (компьютерлік жабдықтау, бағдарламалық қамтамасыз ету, телефон линиялары, ұялы байланыс, электронды пошта, ұялы жәнеспутниктік технологиялар, сымсыз және кәбілді байланыс, мультимедиялық құралдар, сол сияқты Интернет)». АКТ құралдарын И. Сильвановичекі түрге жіктейді: аппараттық және бағдарламалық. Аппараттық құралдар. Компьютерлер мен онымен байланысты ақпараттық жәнекоммуникациялық технологиялар жалпыға орта білім беруді ақпараттандырудың негізі болып табылады. Сол үшін компьютерлер олармен басқарылатын құрылымдар, әдетте жабдықтық қамтамасыз ету деп аталып, АКТ құралдарын пайдалану ерекшеліктерін тану үдерісінде қарастырылуы тиіс. Соның өзінде құрылымдар ерекшеліктері мен әр түрлі жабдықтық қамтамасыз етудің түрлі құралдарының қызметі соңғы онжылдықта ақпараттанудың пәндік саласына берік енді. Осыны ескере отырып, компьютерлердің және басқа да жабдықтық қамтамасыз ету жүйелерінің ерекшеліктеріне тоқталу логикалық негізді болмақ, жалпы білім беруде ақпарттандыру үшін анағұрлым маңызды. Компьютерлік бағдарламалық қамтамасыз ету, анықтама бойынша, АКТ құралдарының ажырамас бөлігі бола отырып, жалпы білім беру үдерісінде қолданылады, мақсатты негізде дербес компьютерлерді және басқа да олармен өзара әрекетте жұмыс атқаратын жабдықтық құрылымдарды түсіну мен қызметке енгізу лайықты іске асады. Ақпараттық – коммуникативтік технология құралдары оқыту құралы қызметiн атқарады. Дәстүрлi оқу құралдарынан басқа оқушыларға мына типтегi материалдар ұсынылады:- компьютерлiк үйрету бағдарламалары;- электрондық оқу құралдары;- компьютерлiк тестiлеу жүйесi мен бiлiмдi бақылау;- электрондық анықтамалар мен энциклопедиялар;- аудио және видеоматериалдар;- Интернет желiсiндегi ақпараттық материалдар; Білім беру жүйесін ақпараттандыруда электрондық оқыту кешенін пайдалану тиімділігі зор. Электрондық оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты - «Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту». Білім берудің кез келген саласында «Электрондық оқулықтарды» пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Қазіргі уақытта электрондық WEB оқулықтың қандай екендігі туралы біртұтас ой жоқ. Электрондық оқулық дегеніміз – мультимедиялық оқулық, осы себепті электрондық оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуға тиіс. Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Өйткені, оқушының өзіне көрнекілік қолданған тиімді қажет элементінің жанында жазуы болады.Мазмұны қиындау бір үлкен тақырыптың бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады. Бейнеклиптер уақыт масштабын өзгертуге және көріністерді тез немесе жай түрде көрсетуге пайдалы. Электрондық оқулық таңдап алынған хабарды көшіруге мүмкіншілік туғызады. Электрондық оқулықтың ең қажет элементі – аудиохабарлар. Мысалы: құстардың дауыстарына қарай қандай құс екенін ажырата білу, жүрек қағысын байқау. Ақпараттық-коммуникативтік технологияның ағылшын сабағында оқушылардың қызығушылықтарын арттыруда қолданылатын бір түрі – электронды оқулықтар. Электрондық оқулық ешқандай қосымша қағаз құралдардың көмегінсіз, яғни тек қана компьютерлік программалар негізінде жасалынуға, барлық негізгі функцияларды қамтамасыз етуге және барлық талаптарды орындауға тиіс.Электрондық оқулықпен оқытудағы жетістіктер:-Таным белсенділігінің деңгейін арттыру;-Білімді актуалдандыру, компьютерді меңгеру; -Пәнге қызығушылығын арттыру;-Аналитикалық ой мен дағды деңгейін арттыру; -Өз ойын шығармашылық тұрғыда компьютермен жеткізу. Бұл жағдайда оқушылардың пәрменділігі артып, олардың интеллектуалдық дамуына әсер етеді. Электрондық оқулықпен жұмыс істеу ерекшеліктері мен тиімділігі. Интеллектуалдық ерекшеліктері: - танымдық қызығушылық, оқу мотивациясының дамуы;- ақпараттық эрудиция, қабілеттілік; - диалектикалық дүниетаным, ақыл-ой еңбегінің интенсивтілігі, адамгершілік рефлексиясының, өзін-өзі бақылаудың жоғары деңгейі; - шығармашылық және тиімді ойлау, пікір айту.Интеллектуалдық-логикалық дағды: - салыстыру, анализдеу;- қажетті ақпаратты тез таба білу;- практикалық кері байланысты қамтамасыз ету;- жағдайды, оқиғаны сипаттау, анықтама беру. Қорыта келгенде, электронды оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығы байқалады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруді электрондық оқулықтарды сабақта пайдалануды – оқытудың жаңа ақпараттық технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. АКТ құралдарын оқыту үрдісінің барлық кезеңдерінде, атап айтқанда, жаңа тақырыпты түсіндіруіне, алған білімді бекітуде, қайталауда, білім мен білік дағдысын бақылау барысында қолдануға болады. Сондықтан оқытудың АКТ құралдарын интерактивті деп атайды, өйткені ол оқытушы мен оқушының іс-әрекетіне араласып, онымен сұхбаттасуға мүмкіндік береді. Ақпараттық – коммуникативтік технологиялар жаңа танымдық құралдар қолдану мен ұйымдастыру мүмкіндіктерін береді .

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген