Автомобиль қозғалтқыштары. Жалпы құрылысы мен
басты бөлшектері
Қозғалтқыш. Автомобильдерде поршеньді төрт
тактілі бензинді және дизельді іштен жану қозғалтқыштарын
қолданады.
жану қозғалтқыштарын қолданады
Поршеньді қозғалтқыштардың өлшемдері болып
анықталатындар: поршень жүрісі, цилиндр диаметрі, цилиндрлер саны,
сығындау дәрежесі, қозғалтқыштың тиімді қуаты, жанармайдың үлестік
шығыны және қозғалтқыштың үлестік салмағы.
Литражы бойынша қозғалтқыш: аса кіші литражды,
кіші литражды, орта литражды және
үлкен литражды болып жіктеледі.
Энергияны механикалық жұмысқа айналдыратын машина
қозғалтқыш деп аталады.
Қозғалтқыштар:
1. басқару жүйесіне қарай - компьютерлі,
механикалық, вакуумды.
2. қолданылатын отынға қарай - мұнай өнімді және
газ тәріздес отын
3. қоспа құраудың әдісіне қарай - қоспаны сыртта
құрайтын қозғалтқыштар және іште құрайтын
қозғалтқыштар
4. Қоспасының тұтану әдісіне қарай - жұмыстың
қоспасы электр ұшқынынан оталатын және жұмыстық қоспасы сығылудан
оталатын қозғалтқыштар
5. Жұмыстық процестің орындалу жөнінен - 4 және 2
тактілі қозғалтқыштар
6. цилиндрлерінің саны бойынша - бір, екі және
көп цилиндрлі
7. цилиндрлердің орналасуы бойынша - горизонталь,
қиғаш, тік, жұлдызша
V және W тәріздес
қозғалтқыштар.
Автомобильдік қозғалтқыштар көбінесе төрт тактілі
процесс бойынша жұмыс істейді, өйткені, екі тактілі
қозғалтқыштармен салыстырғанда төрт тактілі қозғалтқыштардың
тиімділігі артық болады.
Жылу энергиясын механикалық энергияға
айналдыратын механизм - қосиінді - бұлғақты механизм. Цилиндр
ішіндегі қоспаның жанған кезде ұлғайғаны поршеньді төмен қарай
ығыстырады. Бұлғақ пеен иінді білік осы қозғалысты айналмалы
қозғалысқа ауыстырады.
Дүние жүзінде өте көп тараған - іштен жанатын
қозғалтқыштар. Отын жануы үшін оттегі қажет, сондықтан отынды
ауамен араластырады. Тозаңдатылған отынның ауаның белгілі бір
салмақ пропорциясымен араласқан қоспасын жанғыш қоспа деп атайды.
Жұмыс істеп тұрған қозғалтқыш цилиндрінде жанғыш қоспа қалдық
газбен араласып, жұмыстық қоспа құрайды.
Отын ауамен арнайы аспап - карбюратор немесе
инжектор арқылы араласса, онда мұндай қозғалтқыштарды бензинді деп
атайды. Жанғыш қоспа электр ұшқынымен тұтанады. Дизельді
қозғалтқышта жанғыш қоспа цилиндр ішінде пайда болады және сығылған
ауа қызуынан тұтанады.
Дизельді қозғалтқыштан бензинді қозғалтқыштың
айырмашылығы, мұнда клапанмен жабылатын енгізу каналы арқылы
цилиндрге жанғыш қоспа сорылады, ал форсунканың орнына цилиндр
қалпақшасына оталдыру шамы орнатылады.
Поршеннің ең шеткі қалпын жоғарғы шектік нүкте,
ал ең шеткі төменгі қалпын төменгі шектік нүкте деп атайды.
Поршеннің бір шекті нүктеден екінші нүкте аралығын поршень жүрісі
деп атайды. Поршеннің бір жүрісінде иінді білік жарты айналым
жасайды.
Жоғарғы шектік нүктеде орналасқан цилиндр
қалпақшасы мен поршень арасындағы кеңістік жану камерасы немесе
сығылу камерасы деп аталады. Поршеннің жоғарғы шектік нүктеден
төменгі шектік нүктеге орын ауыстырғанда босаған кеңістікті
цилиндрдің жұмыстық көлемі - V, деп атайды, d - цилиндр диаметрі,
ал S - поршень жүрісі деп аталады.
Цилиндрдің жұмыстық көлемі литрмен өлшенеді.
Қозғалтқыштың барлық цилиндрінің жұмыстық көлемі литраж деп
аталады. Шағын көлемде 1, 2 литрге дейін ол текше сантиметрмен, ал
үлкен көлемде - литрмен өрнектеледі.
Цилиндрдің толық көлемі – жану камерасы мен
жұмыстық көлем жиынтығы.
Бензинді қозғалтқышқа қарағанда дизельді
қозғалтқыш едәуір үнемді.
Сығылу дәрежесі өте жоғары болғандықтан ол отынды
15 - 25% кем жұмсайды.
Дизельді қозғалтқыштардың
кемшіліктері:
- олар тым үлкен, өйткені цилиндрдегі газ қысымы
өте жоғары келетіндіктен бөлшектердің беріктігін арттыруға тура
келеді;
- бензинді қозғалтқыштарға қарағанда оны
оталдыру, әсіресе қыста өте қиын.
Автомобильге орнатылған дизельді қозғалтқыш
мынадай механизмдер мен жүйелерден тұрады:
Қосиінді - бұлғақты механизм. Поршеньдердің
ілгерілемелі – кейінді қозғалысы иінді білікті айналмалы қозғалысқа
келтіреді
Газ таратқыш механизмі клапандар жұмысын
басқарады, поршеньдердің белгілі бір қысымда сығып тұруға және
цилиндрдегі пайдаланылған газды шығаруға
арналған.
Қоректендіру жүйесі ауаны, жанғыш қоспаны немесе
отынның белгілі бір
Мөлшерін инжектор немесе форсунка арқылы
тозаңдатылған күйінде қозғалтқыш цилиндрлеріне беріп тұруды
қамтамасыз етеді.
Майлау жүйесі үйкелетін бөлшектерді майлайды,
және оларды салқындатады, желініс және күйе қалдықтарды шайып
тазалауды қамтамасыз етеді.
Салқындату жүйесі жану камерасының қабырғалары
мен шамын, форсунка мен клапандарды қатты қызудан қорғайды және
цилиндрлерде қалыпты жылу режимін сақтайды.
Іске қосу жүйесі қозғалтқышты оталдырған кезде
иінді білікті айналдыру үшін қажет.