15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Баяндама Бала тәрбиесі бәрімізді алаңдатады
Бала
тәрбиесі бәрімізді алаңдатады
Бала
тәрбиесі бәрімізді алаңдатады. Адам
баласының қасиетті міндеттерінің бірі
–дүниеге ұрпақ әкеліп, артына ізқалдыру.
Баласының жақсы болғанын армандамайтын
ата-ана жоқ. Тіпті баласының болашағы
үшін отқада, суға да түсетін ата-аналар
да баршылық. Кейде баласының келешегіне
алаңдаған ата-ана өз мекенін ауыстыруға
дейін барып жатады. «Ұлың жақсы болсын
десең, ұлы жақсымен көрші бол, қызың
жақсы болсын десең қызы жақсымен көрші
бол» деген өнегелі сөз де содан шықса
керек. Бала тәрбиесі туралы сөз ете
қалғанда, «Алты айлық баласын тәрбиешіге
әкелген ата-анаға, сіз балаңыздың бір
жарым жыл тәрбиесін өткізіп алдыңыз,
баланы іштен тәрбиелеу керек» деген
еврей халқының мысалын келтіріп
жатамыз.
Жер
бетіне қазақтан асқан балажан халық
жоқ шығар. Бір қызын бір ауыл болып
тәрбиелейтін халықтың өз үлгісі
өзінде
Бала
тәрбиесі- қиын да күрделі процесс. Біз
баламыздың тәрбиелі де өнегелі болып
өсіп, өз қатарының алды болғанын қалаймыз.
Бірақ баламызды осы мақсаттарға сай
тәрбиелеу үшін үлкен еңбек, күш жігердің
қажет екенін бәріміз білсекте, мойнымыз
жар беріп, бала тәрбиесімен айналыса
бермейміз. Кейін баламыз есейген сәтте,
«сен маған тартпағансың, мынаны олай
істемедің, ештеңеге қырсызсың» деп
кінәләп жатамыз.
Баланың
әр қылығы қызық. Бірақ сол қызықтауды
да талғап, талдап қарамаса тағы болмайды.
Кішкентай кезінде баламыздың әрбір
сөзін, одан қалса біреуді сабағандығын
әуес көреміз,оны тіпті ересектерге
айтақтап,қыздыра түсетініміз тағы
бар.Баламызды үлкендерді сыйла,құрметте
деп тәрбиелеудің орнына өзіміз теріс
жолға салып отырғанымызды байқамай
қаламыз-ау!Кейін өскенде сол баланың
өз ата-анасына тілі тимесіне кім
кепіл?!Бала кез келген істе өзін
ынталандырып, өзгелердің қолдайтынын
сезсе,сол іске бейімделіп,әдеттеніпкетеді.
Бала
тәрбиесіндегі тағы бір кемшілік-бала
жетістігін көре білу,жігерлендіру,ынталандырумен
байланысты.Баламызды мадақтауымыздан
гөрі,жекіруіміз асып түсіп жататынын
мойындауымыз керек.
Біз
баламызға үнемі талап қойғышпыз.Әуелі
талапты қоймастан бұрын, балаға өзіміз
үлгі көрсете білуіміз керек емес пе?
Қонақ келсе,баламызды бөлек бөлмеге
жіберіп кейде тіпті дұрыс тамақтандыруды
да ұмытып жатамыз. Баламыздың туған күн
тойын атап өтеміз,онда да баламыз үшін
емес, көбінесе,өзіміздің ағайын-туыс,
дос-жарандарымызға арналатыны да шындық.
Біраз қызғаннан кейін баламыздың туған
күні екені есімізден шығып, жеңіл- желпі
әзіл - қалжың айтып, той басқа арнаға
бұрылады. Баламыздың туған күні екені
тост көтерілгенде ғана еске
түседі.
Үй-ішінің
ұсақ-түйек кикілжіңдерін балаға
көрсетпеудің орнына керісінше болып
жататыны да өкінішті. Бала көзінше
қырсыз мінез көрсету, өзге адамдарды
жамандау бала бойында теріс көзқарастарды
қалыптастыруға негіз болады.
Жалпы
біз балажан халық болғанымызбен,оны
тұлға деп танып,ақыл иесі ретінде
қабылдай бермейміз. Көпке топырақ
шашудан аулақпыз, дегенмен мұндай
көріністердің арамызда көптеп кездесетіні
анық. Біздің ойымызша, баламыз, біздің
айтқанымызды істеп, айдағанымызбен
жүретін, әлі ақыл-есі тола қоймаған
тіршілік иесі дейміз де, оған өте қатаң
талап қоямыз. Сол талаптың үдесінен
шыға білмесе,баламызды жер қылып,
жасытамыз. Үлкендер баласына үнемі
жекіп, дауыс көтеріп сөйлейтін болса,
бала жасық болып өседі. Осындай отбасында
тәрбиеленген балалар екі түрлі болып
өседі. Біреулері-бозөкпе, жасық болса,
екіншілері – айқайлап сөйлемесең, сөз
өтпейтін «сабаздың» өзі болып шығады.
Алдыңғылары үнемі жалтаңдап, өзідігінен
шешім қабылдай алмаса, кейінгілері өмір
бойы жүйкемізді жұқартып, бетіңнен алып
отыратын болады.
Бала тәрбиесі кезек күттірмейтін,
күн тәртібінен ещқашан да түспейтін
өзекті мәселе болып қала бермек. Сондықтан
да, мынау өзгермелі қоғамда баламызды
өзімізге жат етпей, жақсы тәрбиелеудің
бірнеше жолдарын ұсынамыз.
Бала
тәрбиесімен айналысуда ата-ана басшылыққа
алуы қажет деп санаған ұстанымдарды
назарларыңызға беріп отырмыз:
1.
Баланың ең алдымен денсаулығын қадағалауға
көңіл бөлу. Денсаулық- тәннің ғана емес,
жанның да кепілі. Дені сау бала ғана оқу
мен тәрбиеге ықыласты болмақ. Балаңызды
кішкентай кезінен денсаулығын күте
білуге,денесін шынықтыруға дағдыландырыңыз.
Денесін шынықтырып қана қоймай, ұқыптылық
пен тазалыққа да үйретіңіз. Үйрету
дегеніміз тек қана ақыл айту ғана
емес,өзіңіздің үлгі болуыңызда.
2.
Баламен жақын сырлас,дос болуға тырысу.
Бала үшін ең жақын адам ата-ана болғанымен
де,бала ата-анасынан жасқаншақтап,ұялшақтайтын
кездері жиі болады. Сондай сәттерде
дұрыс қадам жасап, балаңызды бауырыңызға
тарта білу өте маңызды. Балаңыз өзінше
жасырып жүрген сырын айтып,сізбен
бөлісуі мүмкін. Ондай кездерде балаға
жекімей не болмаса мазақ етіп күлмей
,мұқият тыңдап, өз көзқарасыңызды
білдіріп,кеңес айта білу ата-ананы
баланың сеніміне кіргізеді.Сіздің
балаңызға тұлға ретінде қарап,онымен
ақылдаса отырып, бірлесе жұмыс істеуіңіз
балаңызды жігерлендіреді , оның әр
қадамын сенімді ете түседі.
3.
Бала қандай да болсын қате іс жасаса,
жекіп, дүрсе қоя беруден гөрі түсіністікпен
қарау әлде қайда пайдалы.Ондай кездерде
бала өзі де қуыстанып, ата-анасынан
қорқып тұрады. Керісінше,балаңызға ақыл
айтып, жол көрсетсеңіз,мұның пайдасы
көбірек болмақ. Сондай ақ кейде біз
баламыздың беделін өзге құрбы-
құрдастарының алдында түсіріп , ренжітіп
жатамыз.Бұл баланың ар-намысына тиіп
қана қоймайды, оны өзге достарының
алдында қор етіп көрсетеді, беті қайтқан
бала көпке шейін төменшектеп жүретін
болады. Ең бастысы – қателікті бетке
басып, мойындату да емес, жақсысын
алдымен айтып,баланы жігерлендіре
отырып,кемшіліктерін жұқалап жеткізу,
сонымен кемшілікті жою жолдарын
көрсету.
4.
Бала болған соң,өз қатарластарымен
бірде дос болып,бірде ренжісіп жатады.Тіпті
кейде таяқ жеп келуіде мүмкін. Ондай
сәттерде балалардың арасына түспеген
абзал. Бала қылығын жақтап,арасына
түссеңіз, бала соған әдеттенеді,қит
еткеннің бәрін өзіңізге жеткізіп
отыратын болады. Мұндай жағдайда
балаңызды сырттай бақылаған дұрыс.
Балаңыз үнемі орынсыз таяқ жеп жататындай
болса, әрине араласуға тура келеді.
5.
Балаңыздың немен айналысатынын, қандай
іске икемді екенін бақылау. Шамаңыз
келсе,бала бейімі бар істерді беруге
тырысу. Мұндай істер баланы дамытып
қана қоймай,басқа зиянды әдеттерден
сақтайды. Бос, жұмысы жоқ бала зиянды
істерге бір табан жақын болады. Жасап
әкеліп өзіңізге көрсеткен жұмыстарын
іске алғысыз қылып лақтырып тастау
баланың көңілін қайтарады, қызығушылығын
сөндіреді. Сондықтан баланы үнемі
ынталандырып отыру керек. Баланы әртүрлі
істерге бір уақытта тартып.зорықтырудың
қажеті шамалы. Біз кейде баламыздың
әнші де, биші де, күйші де болғанын қалап,
түрлі үйірмелерге қатыстырамыз. Бала
өз ырқымен істемеген істен тез көңілі
суып, айналасына бей жай қарайтын болады.
Баланы өз жасынан ерте шаршатып алудан
сақтанған абзал.
6.
Баланы еркін тәрбиелеу. Бірақ еркіндіктің
жөні осы екен деп мүлдем қараусыз
жіберуге болмайды. Әр нәрсенің өзінің
шегі болады. Сол шекті бала біліп өсуі
керек. Балаға қарым-қатынасыңыз,көзқарасыңыз
жылы болғаны абзал. Балаға қатты сөйлеу
оны сізден алыстатады. Сосын үнемі
қатты,бұйрық мәнде сөйлеу баланың бойын
әдеттендіріп, үйретеді. Кейін балаға
қатты сөйлемесіңіз сөз ұқпайтын
болады.
7.
Бала кішкентай кезінде барлық ақпаратты
еш кедергісіз қабылдай береді. Сондықтан
балаңызды ақпаратты талдап қабылдауға,
өзінің көзқарасын ашық білдіруге,
ойланып сөйлеуге үйреткен абзал.Ол үшін
балаға осы типтес тапсырмалар берген
дұрыс. Мәселен,баланың алдына көп затты
беріңіз. Балаңыз осы заттардың барлығын
алғысы келгенімен, бір-екі затты өзіне
қажеттілігіне қарай таңдау керектігін
түсіндіріңіз.
8.
Кейбір балалар табиғатынан тынымсыз
болады. Бір затты көрсе, соны міндетті
түрде бұрап, сындырып,ішін ашып көріп
жатады. Өздері бір орында отыра алмайды,
сұрақ қойғыш болып келеді. Табиғатынан
тынымсыз балаларға біз үнемі ұрысып ,
тәртіпке келтіруге шеберміз. Бірақ сол
балалар айтқанға көнбейді, бір қалыпқа
түспейді. Бір қарасаң, сол балалар ақылды
сияқты көрінеді. Балаңыздың бойынан
осындай сипаттарды көрсеңіз қорқыныш
ұяламасын. Мұндай балалар табиғатынан
дарынды болып келеді.Тек баланың бейімін
тап басып, бағыттай білсеңіз болғаны.
9.
Бала тәрбиесіндегі ең негізгі тетік-баланы
өз күшіне сендіріп үйрету.Балаңыздың
болашағына қалай сенсеңіз,оның әр ісіне
де сондай сенім көрсету-баланы сенімді
ете түседі.Балаға ең алдымен өзіңіз
сенбесеңіз оған ешкім де сенбейтін
болады. Баланы өз күшіне сендіру оның
әр қадамын нығайтып,батылырақ болуға
тәрбиелейді.
«Ең
бастысы – баланың жан дүниесі»
Отбасында тәрбие ісімен айналысу
үшін, ең алдымен ата – ана өз өмірін, өз
ісін дұрыс ұйымдастыра білуі
қажет.
Отбасында
бала әр нәрсені естиді, көреді, қалай
өмір сүру керек, өзін-өзі қалай ұстай
білу керек, жағымды, жағымсыз мінез –
қылықтарды байқайды. Сондықтан ата –
ана балаға үңіле қарап, үнемі бақылап
бала жан дүниесіне оң әсер ететін
іс-әрекеттерді дағдыға айналдыру
керек.
Бүгінгі
ұрпақ – ұлт болашағы, қоғамның құнды
байлығы. Мектепте ұйымдастырылатын
жиналыстар, мерекелік іс – шаралар,
т.б. сайыстарға қатысатын тек қана
«белсенді» ата – аналар тобы. Ол әр
сыныптың шамамен 15-20 пайызы. Қалған
80-85 пайыз ата-ана қайда жүр? Олардың өз
балалары, мектебі туралы пікірлері
қандай? Міне, осындай көкейкесті
сұрақтарға жауап тек мектеп ұжымы емес
ата – аналарды да толғандыруы тиіс. Ата
– аналарәртүрлі, олардың мектепке деген
көзқарасы да сан алуан. Сондықтан бұл
педагогикалық – психологиялық мәселені
тек мектеп ұжымының шешуі ғана дұрыс
емес, оған ата – аналарды да тарту қажет.
Ата Заңымызға сүйенсек, «балаларына
қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу
ата – ананың табиғи құқығы әрі парызы»
делінген. Ендеше ата – аналарды мектеппен
тығыз байланыс жасауға, балаңыздың
ортасын, мектептегі білімін зерттеуге
өз үлесін қосуға шақырамыз. Балаға
керекті тек тамақ пен киім емес, балаға
ең қажетті сүйіспеншілік, мейірімділік,
жүрек жылуы.
Біздің
үмітіміздің үкісін үлпілдетіп, сенімімізді
ақтайтын кім? Ол – сіз бен біздің
балаларымыз. Олардың сағы сынбасын
десек, балаларымыздың беделін көтеріп
ата – ана мен мектеп яғни екі жақты
тәрбие жұмысын жандандырайық.
Ата-аналарға
Балаға насихат берудің орнына, оған іс жүзінде көрсету, бірге істеу дұрысырақ болады. Мысалы: Астың алдында қолдарын жууы керектігін жүз рет айтқаннан, бір мәрте қанекей қолдарымызды жуайық деп бірге істеудің әсері көбірек болады.*Оған берілген істі, орындағанын немесе орындамағанын қадағалау керек, өзін бақылауда екенін білсін.*
Бірде бір кісі кішкентай баласы тәтті жеуін койдыра алмай баласын бір ғалым кісіге алып келген екен.Ол ғалым кісі өте дана болғандықтан халық оған түрлі қиын мәселелерін шешуге ақыл сұрап келеді екен. Әлгі кісінің баласының жағдайын муұқият тыңдап алып екі аптадан келулерін өтінеді.Жаңағы кісі жарайды деп баласын екі аптадан кейін ғалым кайта алып келеді.Сонда ғалым кісі баланын басынан сипап енді тәтті жеме деп айткан екен. Содан бері кішкентай бала тәтті жеуін токтатыпты.таңқалған баланың әкесі ғалымға кайта келіп таңқалысын айтыпты.Сонда ғалым өзімнің екі апта бойы кант жемеуіме тура келді деген екен.Сондыктан айтарым балаға озіміз орындамайтын нәрсені айтпастан бұрын озіміз сол нәрселерден бас тартайык!Әкеси темеки шегіп,арағын ішіп оның денсаулыққа зиянын баласына айтқанмен балаға онын түк әсері болмасы сөзсіз.
Бүгінде кей ата-аналар өздерінің міндеттерін тек балалардың қарнын аштырмау, киімдерін бүтіндеу деп те ойлайды. Балаларының білімін мектепте алған бағаларымен ғана бағалайды. Баласы бұзық болса, тәртіпсіз болса мектептегі ұстаздар қауымына тіл тигізіп, қаралап жататын кездері де аз болмайды

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген