жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Баяндама "Бала тәрбиесіндегі мұғалімнің ролі"
Бала тәрбиесіндегі мұғалімнің рөлі
Алматы облысы
Қарасай ауданы
«Алтын ауыл орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталықпен» КММ
Мукушева Лаура Тазабековна
Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» еңбегінде: «Кісі міні ақылменен түзелер, халық міні білімменен түзелер», - деген екен. Ендеше, мұғалімдер халық мінін біліммен түзету үшін еңбек ету керек.
Кім болса да, қандай мамандық иесі болса да, әр адамның бос уақытында өзі қызығып, ұнатып істейтін белгілі бір ісі болады. Біреулер спортпен, біреулер музыкамен, басқа біреулері кітап оқумен, енді біреулер қолөнермен, яғни әркім өзінің жанына жақын қалаулы ісімен құмарта шұғылданады.
Өмірдегі көп мамандықтын ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкірт жандылықты қажет ететін мамандықтың бірі – мұғалімділік. Олай дейтініміз мұғалім еңбегі, біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған білім беруге тиіс болса, екіншіден, ол үнемі оқушы- шәкірттермен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманмен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.
Мұғалім алдына бір-біріне ұқсамайтын, әрқайсысының өзіндік өзгешелігі бар мыңдаған шәкірттер өтеді. Сондықтан мұғалімді әр баланың жан дүниесін танып білуші, әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады.
Мұғалім күнбе-күнге өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әрқандай кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға да тиіс.
Осындай да күрделі де, қиын жауапкершілікті арқалаған мұғалім өз пәніне қатысты үнемі білімін жетілдірумен, сабақ өткізу шеберлігін таңдаумен бірге педагогикалық – психологиялық өресін өсіріп отыруға мәжбүр болады. Онсыз ұстаз оқушының қабілетін, қызығушылығын,ішкі қажеттерін сезіп, бағдарлай алмайды, яғни оның шәкірттерге берген білімімен, тәрбиесі де мазмұнды бола алмайды.
Ушинскийдің айтуынша, мұғалімге шексіз шыдамдылық қажет. Іскер мұғалімдер өзі қойған талабынан қайтпайды.
...Кейбір ата-ана:
Менің балам мектепке бармастан бұрын пысық, айтқанды тез аңғаратын бала еді, мектепке барғаннан бері «кері кетті» деп мектепті кіналайды.
Ал бағызы бір ата-ана баласының оқуды жақсы оқи алмағанын оның
жаратылысынан қабілетсіз, зейінсіз туғандығынан көреді. Мұндай ата-аналар әдетте:
- Меңіреу, кеще, айтқанды ұқпайды, - деп баласының еңсесін түсіріп, тауын жығып мүлдем жасытып жібереді.
Мұндай ата-аналар баланың оқуына өздерінің кінәлі екендігін
аңғармайды. Сондай жағдайда ұстаздар оқушыға психологиялық көмек көрсете білуі керек. Мысалы: баланы мақтау керек, қолдау керек, қуаттау керек, алғыс айту керек, оның тәрбиелік іс-әрекетін мадақтау керек.
Біздің мектептерімізде басты назар оқушының үлгеріміне итермелейді, әлі күнге дейін «теңестіру» принципі орын алуда. Мұғалімдер қазіргі мектеп, сабақа қатысты мәселелер туралы жиі кеңеседі. Мектеп – барлық шәкірттерді математик, химик, географ т.б. етіп шығаратын оқу орны емес. Сондықтан барлық пәнді тоғытып оқыта беру теориалық жағынан да, сарамандық жағынан да тиімді емес. Түсінбейтін, қызықпайтын пәндерді зорлап оқыту баланың оқуға деген ықылас- ынтасын жояды, зейініне зиянын тигізеді. Сонын кесірінен сүйіп оқитын пәніне селқос қарауы мүмкін. Меніңше мектепте оқытатын пәндерді үш топқа бөлген жөн. Бірінші топ – оқушыларға тиісті пәндер, екінші топ – ерікті, қосымша оқуға тиісті пәндер, үшінші топ – оқушының өзі таңдап алған сүйікті пәні,- дейді әдіскер мұғалімдер. Әр жеке пән бойынша жүргізілген жұмыстары оқушының пәнге деген қызығушылығын біртіндеп дамытуға болатындығын көрсетеді.
Педагогикалық қызметтің ойдағыдай болуының қажетті шарты – баланы жақсы көру. Балаларды жақсы көрмей тұрып, оларды адамгершілік пен адалдыққа тәрбиелеу мүмкін емес. Балаға салқын қарау, көп жағдайда олардың мінез-құлқына рақымсыздықтың, іс-әрекетіндегі теріс қылықтың пайда болуына әкеп соғады. Балаларды біреуді жақсы, біреуді жек көруге тәрбиелеуге болмайды.
Бала жақсы көргенді – жақсы көреді, құрметтегенді – құрметтейді, шәкіртін жақсы көрген мұғалім, жұмысын да ұнатады. Әрине баланы жақсы көру мұғалімнің басқа да толып жатқан қасиеттерін алмастырмайды, керісінше, бұл қасиеттер жақсы көрумен тез үйлесіп, оның мән мағынасын толықтыра түседі.
Қазақтың ұлы ағартушыларының бірі А.Байтұрсынов «Мұғалім нашар болса, жайлы мектепте отырып та сабақ бере алмайды. Мұғалімдік оңай нәрсе емес...» деген екен.
Бүгінгі мұғалімдерге қойылатын талаптардың ең негізгісі мыналар:
үнемі ізденісте жүру;
Жеке көзқарастары бар және оларды қорғай білетін тұлға болу;
Шәкірттерін білімді өз бетінше оқып-үйренуге баулу;
Болып жатқан педагогикалық жағдайларды, құбылыстарды талдай білу;
Баланы сыйлау, жақсы көру;
Өзі таңдаған мамандықты сүю.
Ғұлама ғалым Әл-Фараби: «Ұстаздық мінез-құлық нормасы мынандай болуға тиіс: ол тым қатал болуға да болмайды, тым ырыққа да жығыла бермеу керек, өйткені тым қаталдық шәкіртті өзінің ұстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру ұстаздық қадірін кетіреді, оның берген сабағы мен оның ғылымына шәкірті селқос қарайтын болады. Ұстаз тарапынан барынша ынталылық пен табандылық қажет. Өйткені олар жұрт айтқандай, тамшысымен тас тесетін бейнебір су тәрізді» деген екен.
Соңғы жылдары мұғалімге деген көзқарас төмендеп бара жатқаны да шындық. Мұғалім мәртебесінің төмендеуінің әлеуметтік себептері жеткілікті-ақ.
Мұғалім әр кез еңсесін көтеріп, өзін құрметтеуге, өзгелерді өзінен санасуға, құқықтық және саяси мәдениетін көтеруге әрекеттенуі керек. Қоғамдық өзгерістерге бей-жай, бойкүйез, білімі таяз, мұғалімдік мамандықтың қоғамдық мәнін түсінгісі де келмейтін мұғалімнің беделі мен тәрбиесі қандай болмақ?
Ал үстіміздегі ғасыр қатаң бәсекелестік дәуірі болмақ.
«Ақыл жастан» десек те сол жасты ақылды етіп тәрбиелейтін біздің арамызда әр кезде де болған, арамызда жүр, әлі де бола береді деп ойлаймыз. Сол ұстаздардың арқасында халқымыздың әлемге әйгілі, ғылым әлеміне танымал адамдар өсіп шығады. Хан да, қара да ұстаз алдын көреді.
«Адамға абырой әперетін төрт іс бар: құмда қазылған құдық, өзенге салынған көпір, жол жағасыда отырғызылған саялы ағаш, ұстаздан ұлағатты білім алған шәкірт»- деген шығыс даналығы тегіс айтылмаса керек. Білімді, мейірімді ұстаз кез келген ортада абырой, беделге ие болады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген