400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Баяндама: «Балабақша мен ата-ананың бірлігі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге көмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы


МКҚК «Жансая» бөбекжай бақшасы

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы




БАЯНДАМА







Тақырыбы:



«Балабақша мен ата-ананың бірлігі»






Дайындаған:

Аркабаева Актоты Амангалиевна










Балабақша мен ата-ананың бірлігі


Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты.
Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады.

Ата-аналардың балалармен қарым-қатынасында туындайтын қиындықтар, олардың балалардың даму ерекшеліктерін ескермеуінде. Балалар тек өз мүмкіндігінше игерген қимыл іс-әрекетіне байланысты өз-өзіне қызмет көрсетеді.

Сондықтан балалардың жас шамасына байланысты даму деңгейлерін білуі керек.

Туған күнінен 3 жасқа дейінгі балаларда физикалық және психикалық дамуы. Ерте балалық шақ кезеңі екі этапқа бөлінеді: туғаннан 1 жасқа дейін және 1 жастан 3 жасқа дейін.

Сәби шақтың алғашқы жылында сезім органдары тез дамып, қарым-қатынас ерекшелігі байқалады, 1 айдан бастап сәби өзінің айналасындағы адамдарды тани бастайды. Есту, көру арқылы үлкен адамдарға өзінің «күлу», «қимыл жасауы» арқылы реакция береді. Бұндай реакциялар баланың 3 айында пайда болады. Қолдарының көмегімен айналасындағы заттарды ұстай бастайды.

6 айлық даму деңгейінде, ол заттарды қолына ұстап, оған көңіл бөліп оны тістеу, лақтыру арқылы зерттей бастайды. Сонымен қатар 6 айлығында етбетінен өз бетінше жата алады, отырады, сүйемелдеу арқылы аяғын тік басып тұрып, жүре бастайды. Ол айналасындағы қоршаған заттарды танып, біліп, қасындағы адамнаң қарым-қатынасын түсінеді.

Жыл аяғында, 1 жасқа толған кезде заттарды өз еркімен қолданып, үлкен адамдармен тепе-тең қарым-қатынасқа түседі. Заттардың қасиетін түсіне бастайды, бір немесе бірнеше сөз тіркестерін пайдаланады.

1 жастан 3 жасқа дейінгі уақыт аралығында жүру, жүгіру, өрмелеу, лақтыру сияқты қимылдарды игереді. Үлкен адамдарға еліктей отыра өзінің қимыл-қозғалысын жүйелейді. Сондықтан оның даму деңгейіне көңіл бөліп, бағыт берген жөн. «Біз допты домалатамыз, допты алдына ұста, енді оны бар күшінмен итер, менің допты қалай итергеніме қара».

Бала затты зерттей отырып онымен қалай ойнап кеткенін өзі де байқамай қалады. Ол бірінші ыдыстарды ашып – жауып үйренеді, одан кейін оны басқа заттармен салыстырады және оның ішіне заттар салу арқылы пайдалануға болатынын түсінеді. Ерте сәбилік шақ соныңда ол өзін жеке субьекті ретінде қабылдап, өзің жеке тұлға ретінде көрсетеді.

3 жастан бастап мектеп жасына дейінгі жас, яғни 3 жас кезеңінің тоқырауы басталады. Ерте сәбилік шаққа қарағанда баланың әлеуметтік орны өзгереді, енді оның жасына сай кейбір қарапайым өздігінен атқаратын міндеттер пайда болып, үлкендерден тәуелділігі азаяды.

Бала дамуының ерекшеліктері оған және іс - әрекет түрлерінен, әсіресе сюжетті – рөлдік ойындардан көрінеді. Бала өзімен қатар басқа балалармен қарым-қатынас жасай бастайды. Бұл кездегі баланың жетекші іс-әрекеті – ойын. Ойынның арқасында балада сапалы психологиялық өзгерістер пайда болады, онда үйрену әрекетінің негізі қаланады және бір-бірімен қарым-қатынасы дамытылады, ойын үстінде өздерін ұстай білуі, басқаларға өзін таныта білу қажеттілігі туындайды.

Ойын кезіңде бала кейбір заттарды басқа нәрсемен ауыстыра алатынын көруге болады (зат, жануар, басқа адам ретінде өзін қолдана алды). Ойын бұл кезде символиккалық (таңбалық) түрде өтеді. Баланың символды қолдануы – психикасының дамуының елеулі сәті. Бір жағынан қиял көрінісі болса, екінші жағынан әлеуметтік таңбаларды игеруді қамтамасыз етеді.

4-5 жас шамасында көру, есту, тері – қимыл сезгіштігі едәуір жоғарылайды. Көргіштігі артып, түстерді ажыратып, фонематикалық және жоғары дыбыстарды естуі дамиды.

4-7 жас аралығында көрнекі-бейнелі ойлау пайда болады. Ойлау процесінде міндетті түрде әрекет жасамай ол қадылдауы мен елестетуінің даму негізінде бейнелі түрде ойлай алады.

1.Ойын барысында баланың ырықты зейіні мен ырықты есі дамиды, оның өзі тілдің дамуына (ойын барасында өз тілегін түсіндіре білуі) септігін тигізеді.Ақыл-ойдың дамуына (жалпылау, сөздің жалпылама мағынасын қолдану) – ойша әрекетті нақты іс-әрекетке айналдыру.

2. Ойынмен қатар бала психологиясының дамуында іс-әрекеттің тағы бір түрі – жемісті, өнімді еңбек ету іс-әрекеті атқарылады. Оған сурет салу, апликация, мүсіндеу, конструкциялау жатады. Бала салған сурет схемасы түрде болғанымен, одан баланың қабылдауы мен ойлауына тән белгілер көрінеді.

3.Оқу міндеті- қандайда болмасын бір жаңалыққа үйренуге пайда болғанда ғана қалыптасады, осыған байланысты балалар үлкендер нұсқауын зейін қоя тындап, орындайды, өзін-өзі бақылауы пайда болады.Оқу әрекеті бала психикасына, оның қабылдау, зейін, ес, ойлау үрдістерінің ырықтылығы мен басқарылуына талаптар қойын, тиісті психологиялық қасиеттердің қалыптасуына әкеледі. Бала психологиясының дамуы мен қалыптасуына сенсорлық қабілеттер мен таным процестерінің қалыптасуы үлкен әсер етеді.

Ойлау формалары: ұғым, пікір, ой қорытындысы.

Ерте сәби шақта іс-әрекет кезіңде сөйлеу орын алса, ал енді алдын-ала сөйлеуі қалыптасады. Алдымен бала іс-әрекетін сөйлеу арқылы жоспарлай алады, кейін істелетін жұмысты тек ауызша істей алуға келеді. Бұның өзі баланың логикалы (жүйелі) ойлай алуына әкеледі.

Бала қабылдауының ерекшеліктеріне тоқтала кетейік. Біз сенсорлық эталондар бала қабылдауын тәртіпке келтіріп, қабылдауға жеңілдік туғызады.

Мектеп жасына дейінгілер уақытты және кеңістікті қабылдауда көп қиналады «Оң қол», «Сол қол» дегенді шатыстырады, фигуралардың суретін салуда көлем, бұрыш, енінің өзара кеңістіктегі арақатынасын ажырату қиынға түседі.

Зейін тұрақтылығы.

Бөбектерде 30-40 мин, 6-7 жаста 1-1,5 сағат. Арнайы есте қалдыру аз тек нақты бейнелерді суретке түсіргендей есте сақтайды.

Қиял.

Ойын негізінде ертегіге қызығушылық қабілетін қалыптастыру.

Жеке басының қалыптасуы.

«Мен» ұғымы қалыптасады. Балалармен қарым-қатынасы ойын үстінде, егер үлкендермен қатынасы жақсы болса тілін алады.

1)Істің не ойынның қызықты болуы. 2)Кейде қызықтасада басқалармен қатар істеуге талпынады. 3)Өзін басқалар алдында азамат етіп көрсеткісі келеді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
19 қаңтар
3744
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі