15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Баяндама Балалар мен жасатарға рухани адамгершілік тәрбие беру
Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
Т.Әлиев атындағы №1 орта мектебінің Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Дармағамбетова Бағила
Балалар мен жастарға рухани – адамгершілік білім беру:
қазіргі жағдайы және болашағы.
«Рухани құндылық, биік адамгершілік жоқ жерде үлкен өркениет орнату мүмкін емес» деген болатын. Ендеше, жеке тұлғаның адамды адам ете түсетін қасиетін ашып көрсету, яғни руханилығын дамыту- заман талабы.
Н. Ә.Назарбаев
Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі адамгершілік пен руханилықты дамытуға бағытталған. Соңғы онжылдықта оқытушылар, тәрбиешілер және ата-аналар алдында жас ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беру мәселесі туындады. Алғашқы рет балалар мен жастарды жалпы адамзаттықдамндылықтарға тәрбиелеу міндетін мемлекеттік деңгейде еліміздіңлБірінші ханымы – «Өзін-өзі танум жобасыныңоавторы
Сара Алпысқызы Назарбаева ұсынды.
«Өзін-өзі тануы рухани-адамгершілік білім берудіңебасты мақсаты – жас жеткіншек ұрпақтарды құндылықджәне адамгершілік идеалдарға баулу, оқушылардың өзін жан-жақты қабылдауын қалыптастыру, адамныңджоғарғы мақсаттарын түсінуі іске асырылады.
Өзін-өзі тану пәні жас ұрпаққа адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы, халықтықыпедагогика әдістеріне жәнес жалпы адамзаттықдамндылықтарға оқытудың дүниежүзілік тәжірибесіне негізделіп құрылған.
Рухани-адамгершілік білімінің маңыздылығы жайлы ұлы қазақ зиялыларыда айтып кеткен екен. Ш.Құдайбердіұлы “Ар-ұждан ілімін” әзірлеп оны барлық білім беру ұйымдарына міндетті пән ретінде енгізу жөнінде ұсыныс айтқан. Бүгінгі таңда Қазақстанның барлық жалпы білім беретін мектептерінде өткізілетін өзін-өзі тану сабақтары ар-ұждан сабақтары болып табылады.
Жалпы Ш.Құдайбердіұлы «ыйбердңыжақсы өмір сүруіне үш қасиет негіз бола аладыр –ладал еңбекл(қол), мінсіз ақылн(бас), ,ссі жүрекке (жүрек)”е деп санады. (Жүрек, бас және қол бірігуі. ) Бала кезден бастап адам бойында жоғарғы ар-ұят, өзін-өзі сыйлау сезімдерін тәрбиелеу айуандықйинстинкттен аулақуболуға, зиянды құмарлықтарды жоюға көмектеседіе-деп санады.
Бернар Фонтенель:«онте өміріндегі еңіражетті білім –і өзін-өзі танум десе, «Өзін-өзі тану тұлғаныңнызін-өзі бағалауымен байланысты. Жалпы адам өз бойындағы адамгершілік құндылықтарды дамытудыңамзі білім болып саналады. Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштықы Сүйіспеншілік, Қиянат жасамау сияқты адамгершілік құндылықтарды жете түсінгісі келетін кез келген адам, осы құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен және ақепейілмен таратса, сол адамды нағыз білімді адам деп атауға болады
Ш.Амоношвили мұғалімдерге мынадай кеңес береді: «Педагогикалық үрдісте баламен тіл таба білу, яғни балаға өз ойын , талғамын, көңілдегісін айтуға рұқсат беру көп шеберлікті талап етеді. Осынау қарым-қатынаста бала жанының қозғалысы ұстаз жанының қозғалысымен ынтымақтастық тапқан кезде бала өз бойындағы табиғи дарынын ашады, ал мұғалім өзінің шығармашылық жігер қуатының жемісін көруге мүмкіндік алады. Басқаша айтқанда,бала шығармашылығы мұғалім шығармашылығымен ұласып кетеді. Мұндай жағдайда мұғалім мен оқушы арасында рухани тұтастық пайда болады» ,- деп рухани адамгершілік қарым-қатынас қай кезде орнығатынын осылай пайымдайды.
Е.Н. Ильиннің: Оқушының рухани дүниесі мұғалім үшін негізгі зерттеу нысаны болып табылады», -деген пікірі оқушының рухани-адамгершілігін ынтымақтастықта дамыта оқытуды көздегенін байқатады.
“Өзін - өзі тану” авторлық бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы атап өткендей, «Әр баланың қабілетін ашуы, өзіне жол табуы, өзінің күш-жігеріне сенуі өзінің өмірдегі орнын анықтау үшін өте маңызды! Әлемде махаббат пен мейірімділік аурасын жасай отырып, қарапайымдылық пен махаббат жүректен жүрекке жетуі тиіс», яғни әрбір баланың, ата-ананың жүрегіне жылылық нұрын ұялатуда әрқайсысымыздың орнымыз ерекше. Мұндай озық педагогикалық тәжірибелер оқушылардың рухани адамгершілігін дамыту мақсатында қазіргі кезде біздің оқу тәрбие үрдісінде кеңінен қолданылуда. Демек, рухани адамгершілік тәрбиесіндегі басты мәселе-баланы құрметтеу.
Өзін-өзі тану пәні ең алдымен балаларды ізгілікке баулып, олардың жат
қылықтардан бойларын аулақ ұстауына ықпалын тигізеді. Мұғалім өнерлінің
өрісін кеңейтіп, қабілетті балалардың әр қырынан танылуына жағдай жасау керек. Жоғарыда айтылып өткендей, оқушы бойына рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру арқылы біз өз мәдениетімізді саралап, бағалаймыз. «Өзін-өзі тану» пәнінен дәріс беретін мұғалім ең алдымен жүзі жылы, айналасындағыларға әрқашан мейірім шуағын шашып,балаларға жылы шыраймен,әдемі күлкімен әсер беретін ерекше тұлға болуы қажет. Оқушының жас ерекшеліктеріне сәйкес өзін-өзі тануға, өзін дамытуға бағытталған жұмыстар мектепте ғана емес, отбасында да ата-аналардың көмегімен жалғасын тауып, өзара ықпалдастық бағытта жүргізілуі керек.
Жаратылысымызда мәңгілік ештеңе жоқ. Жер бетіндегі жалпы құбылыс үнемі өзгеріске ұшырап, қозғалысқа түсіп, ол мәңгілік жоғалып кетпесе де, бір күйден, екінші бір күйге ауысып отырады. Сол бір қиын-қыстау кезеңде елімізде өмір сүру, дүниені танып білу сезімінде мейірімсіздік пайда болып, бір-біріне деген сүйіспеншілігі кеми бастады. Мәселен, баланың ата-анасына деген сүйіспеншілігінің жоғалуынан, көптеген қариялар балалары бола тұра, қарттар үйін паналады. Ананың іштен шыққан нәрестесіне деген сүйіспеншілігінің жоғалуы салдарынан балалар үйі тастандыларға толды. Халқына, ағайын-жұртына деген сүйіспеншілігінің жоғалуынан кейбіреулер дүние қоңыздыққа салынып, елден, ағайын-тумадан айрылды. Осының барлығы адам баласының, бір-біріне мейірім шапағатына деген сенім, сезімінің аздығынан болып отыр.
Мектеп - білім ошағы, тәрбие ортасы, тағылым табалдырығы. Осы
ұлағатты ұяда жоғары ізгілік мұраттардың ең құндысы рухани - адамгершілік
тәрбие берудің ошағы “Өзін - өзі тану” пәні десек өте орынды. Пәннің әр тарауы, әр тақырыбы болашақ ұрпақтың бойында адамгершілік қайнарын сіңіріп, мінез - құлқын тәрбиелеуге, жалпыадамзаттық құндылықтарды, адамгершілік принциптер мен мұраттарды өмір бойы басшылыққа алатын тұлға қалыптастыруға негізделген.
Менің ойымша «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі оқушыларды рухани -адамгершілік тұрғыдан өз бетінше және саналы түрде дамуына, жағымды көңіл күйге енуіне әртүрлі мүмкіндік туғызуға, ойы мен эмоциясына, қарым-қатынасына, шығармашылық жұмыс жасауына, ән айту, әлеуметтік қызмет көрсетуіне бақылау жасай білуіне қолайлы жағдай тұғызу қажет.
Бұл бағдарламаны енгізудіңннәтижесінде біздіңіоқу орнында да оқушылардыңшбойынан жақсы қасиеттерді және олардыңлжанр дүниесіндегі өзгерістерді байқадым. Оқушылардыңшызін-өзі тануы, эмоционалдықмоцндылықтар, олардыңлжасалуын көңілмен ұғуы, практикалықршынайы дүниені білдірудіңілоны өзгерту мен қайта жасаудыңажолдары мен іс-әрекеттерін меңгеруге мүмкіндік туды. Бүгінгі күн талабык – болашақомаман бойындағы рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімділігін жоғары қояды. Оған тек жас шыбықтай жайқалып өсіп келе жатқан өскелеңкерпақтыңыбойына шындықыпен қайырымдылықйысенім мен сүйіспеншілік сияқты абзал қасиеттерді сіңіріп, табиғатпен, қоршаған ортамен өзара үйлесімдікті орнықтырған жағдайда ғана қол жеткізе аламыз.
Өзін-өзі тануды жеке пән ретінде 1-11 сыныптардың әрқайсысында
аптасына 1 сағаттан оқыту белгіленген. Оқу материалдары жүйеленіп барлық
сыныптарда 4 тарау бойынша беріледі. Олар:
1 тарау: Адамның өзін-өзі тануына арналған.
2 тарау: Адам және қоғам қарым-қатынасына арналған.
3 тарау: Адам және қоршаған орта қарым-қатынасына арналған.
4 тарау: Адамзаттың рухани тәжірибесіне арналған.
Аталған тараулар өзін-өзі тану үдерісінің түйінді бағыты болып табылады,
өйткені олар адам өмірінің логикасына, жалпы адамзаттық жүйеге толық сәйкес келеді және жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға, өзін-өзі танып, өзін-өзі іс жүзінде мейлінше көрсете білуге айтарлықтай мүмкіндік береді. Өзін-өзі тану пәні әлемнің ең басты құндылығы – адам және адамның өмір сүруі үшін, бақыт үшін, қуаныш үшін жаралғандығына негізделеді.
Бүгінгі жас ұрпақты оқытып қана қою аз, оны жан-жақты дамыту, жаңаша дағдыларға тәрбиелеу қажет. Әлемдік даму, ғылыми технология адамның ұшқыр ойлы, терең білімді, озық тәрбиелі болуын талап етеді. Сондықтан рухани-адамгершілік тұрғысынан білім беру әр тұлғаның азаматтық келбетінің жоғары болып, олардың кез келген ортада белсенділік көрсете алатынын қабілеттерін жетілдіруді көздейді. Сыныптағы рухани адамгершілік, психологиялық ахуал-бала үшін адамдармен қатынастың алғашқы мектебі. Нақ осы өз сыныбында баланың мейірімділікке және зұлымдыққа, тәртіпке материалдық және рухани құндылықтарға деген көзқарасы қалыптасады. Сонымен қатар махаббат сезімін, достықты, жауапкершілік пен шындықты түйсінеді, яғни мектептердегі тәрбие өсіп келе жатқан балалардың барлық өмірлік іс-әрекетіне ықпалын тигізеді.
Дәлел ретінде айтар болсақ, «Өзін-өзі тану» пәнінің 7-сыныптағы «Адамзаттың бірлігі» атты төртінші тарау мақсаты оқушылардың күнделікті қарым-қатынастағы адамгершілік қасиеттер туралы түсініктерін кеңейтуге ықпал ету болып табылады. Бұл тараудағы рухани құндылықтар оларды отбасында, аулада, мектепте өзара сыйластықты, үйлесімділікті түсініп, ата-баба ұрпақ жалғастығы туралы пайымдай алуға үйретеді.
Мысалы осы сыныпта берілген «Отбасылық құндылықтар» атты сабақтың мақсаты әр балаға отбасы, жақын адамдары, өздері жайлы әңгімелете отырып отбасы құндылықтары, ата-баба дәстүрі, ұрпақтар сабақтастығы туралы түсіндіру. Осы тараудағы одан кейінгі сабақтарда (Аялай біл, сен деп соққан жүректі) балалар үшін отбасынан кейінгі әлеуметтік ортасы болып табылатын қоршаған орта, сыныптастар, ондағы өмір, қарым-қатынас ерекшеліктері туралы баяндалып, айнала қоршаған ортамен, өзгелермен үйлесімді қарым- қатынаста болу, әрбір сәттен жақсылықты көре білуге, қуаныш, шаттана білуге үйрету негізделеді.
Сабақ үлгісі:
7 сыныпта «Сүйіспеншілік жолындағы өмір» сабағы екі сағатқа негізделген.
Сабақтың мақсаты оқушыларға сүйіспеншіліктің өмір өзегі екендігін ұғындыра отырып сүйіспеншілік құндылықтары туралы түсіндіру.
Тақырып: Тамырын жайып тереңге
Мұғалім: Дармағамбетова Багила
Сыныбы: 7 «А»
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: Қасиеттері: адамгершілік, мейірімділік, жақсылық, қамқорлық
Мақсаты: Оқушыларға риясыз сүйіспеншілікпен өмірдің мәнді болатынын ұғындыру. Міндеттері: Білімділік: Оқушыларға күллі тіршілікке сүйіспеншілікпен қараудың мән-мағынасын түсіндіру. Дамытушылық: Жақсылыққа ұмтылу, мейірімділік, қамқорлық, адамгершілік қасиеттерін дамыту. Тәрбиелік: Оқушылардыөз Отанын , жақындарын, достарын, айналасындағы адамдарды, табиғатты сүюге, ата-анасын риясыз сүйіспеншілікпен жақсы көруге тәрбиелеу. |
Ресурстар: оқулық, дәптер, ватман, маркер, бейнепроектор, ән мәтіні |
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып,оларды түгендеу. 5 оқу құралдарын дайындату. 5Т ережесі «Тәртіп», «талап», «тыныштық», «тазалық», «татулық» Балалар , тәртіпті сақтап, оқып-білуге талаптанайық. Тыныштықты орнатып , татулығымызды жалғастырайық. Сонымен бірге тазалықты да естен шығармайық. Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену Баяу әуен Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге н/е парта үстіне қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын бастағанын елестетіңіз.Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен тек жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте, бірте қарқын және щұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын.... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрмын....Нұр менің ішімде.... Мен Нұрмын» Осындай НҰР, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз.... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет. Оқушылар өз ойларымен бөліседі.
|
5 мин Сабақ барысында оқушыларға 5 т-ны еске түсіріп хормен айтып шығамыз.Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену» Баяу музыка ойнап тұрады |
Үй тапсырмасын тексеру. Оқулытың 37-бетіндегі Б.Момышұлының « Отан сүйер ұлан бол!» мәтінін оқып келу. Отан қорғаған ерлердің ерлік істерін еске түсіріп , мысал келтіріңдер. - Б.Момышұлы қандай ерлік жасады? - Ол неліктен өз Отаны үшін жауға қарсы шықты деп ойлайсыңдар? - Отанға деген сүйіспеншілікті қалай түсіндірер едіңдер? |
Дәптер тексеру. |
Дәйексөз. «Сүйіспеншілік - жүректен» Ш.Құдайбердіұлы - Ш.Құдайбердіұлы деген кім? - Дәйесөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? - Сүйіспеншілік деген сөзді естігенде ең алдымен кім естеріңе түседі? - Неліктен сүйіспеншілікті жүректен дейді? Оқушылар өз ойларымен бөлісіп болған соң , оларға 3 рет қайталатып, дәптерге жазғызамын. Қорытынды: Әрбір адам өзіне , ата-анасына , Отанына , туған еліне сүіспеншілікпен қарайды.Әлемдегі барлық жақсылық сүйіспеншілік арқылы келеді. Адам жүрегі сүйіспеншілікке толы болса ғана мейірімділік , қамқорлық, адалдық сияқты асыл қасиеттер үнемі байқалып тұрады.Сондықтан да біздің жүрегіміз сүйіспеншілікке толы болу керек. |
Мұғалім дәйексөзді талқылау барысында «әдеп», «сый» сөздерінің мағынасын тереңірек түсіндіріп, оқушылардың үлкендер алдында қандай әдеп пен сый жасай алатындықтарына көңіл аудартып, ойлантуға жетелеуі қажет. |
Оқиғаларды әңгімелеу. Мұғалім сыйы. 1)«Ана махаббаты» аңыз әңгіме Бір күні балалары бір келісімге келе алмай анасына келіп сұрақ қояды: -Анашым, сіз біздердің қайсысымызды ерекше қатты жақсы көресіз? Анасы үндеместен, шырақты жағып былай дейді: -Мынау- шырақ, ол — мен! Оның жалыны- менің сендерге деген сүйіспеншілігім.Осыдан кейін анасы тағы бір шырақты алып, өз шырағы арқылы жақты. -Бұл менің- тұңғышым, оған мен өз жылуым мен сүйіспеншілігімді бердім. Қараңдаршы, екінші шырақты жағуыммен менің жылуым, сүйіспеншілігім азайды ма? - Жоқ! -Менің шырағымның жалыны бір қалыпты. Сонымен анасы қанша баласы бар сонша шырақ жақты. Шырақтың жалыны көбейіп, одан сайын көп жылу берді… Аналарың сендерді үнемі сүйіспеншілікке бөлейді, ал сендерде аналарыңды үнемі риясыз сүйіспеншілікке бөлеңдер! Сұрақтар: 1.Балалар не себепті келісімге келе алмады? 2.Ана өз сүйіспеншілігін қалай көрсетті? 3. Риясыз сүйіспеншілік дегенді қалай түсінесіңдер?
-Сендер шыр етіп дүниеге келгенде ата-анаңның қуанышында шек болмады. Ал сендер алғаш рет сәби жүректеріңмен анаңның аялы алақанын, мейірленген риясыз сүйіспеншілігін сезіндіңдер. Сондықтан да барлық жақсылықтың негізі осы риясыз сүйіспеншіліктен басталып, адам жанын нұрға , көңілін қуанышқа бөлейді. |
Балалар әңгімелесу арқылы өз қорытындыларын жасаған соң, оқулықтағы жаңа ақпаратқа назар аудартады. Оқушы берілген ақпаратты тек қана қабылдап қоймайды, сонымен бірге әңгімелесу әдісіндегі өзшешімі мен ойының дұрыстығын, тіпті болмағанда оның басқа нұсқалардың ішіндегі артықшылығын логикалық түрде түсінеді. |
Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс. Оқушыларды 3 топқа бөлемін. 1-топ . Отанға деген сүйіспеншіліктерін шағын ой-толғау арқылы жеткізу. 2-топ. «Ата-анаға деген сүйіспенпеншілік» өлең шумақтарын шығару. 3-топ. «Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін қағаз бетіне түсіру.( Сурет салу) |
12 мин Оқушыларды өз беттерінше ізденуге, шығармашылыққа баулу. |
Топпен ән айту. Аяулы анашым. Мейрамбек Беспаев Жүректің жалынысың Мәңгілік сағынышым. Қарызым өтелер ме? Ұйқысыз
таңың үшін? Арайлы ай-күнім Бақытым, байлығым Анашым.... Өмірдің сынақтарын Әлдиің құлақта әлі Қабыл ал арман әнін Балаңның жырақтағы Аяулы, Анашым |
4 мин Сабақтың соңында оқушылар мұғаліммен бірге шеңберге тұрып, үнтаспаға қосылып Топпен ән айту. Мейрамбек Беспаев Аяулы анашым өлеңін
айтады. Сонымен қатар сабақ тақырыбы
мен мақсатына орай өз ата-аналарына,
жақындарына тілектері мен ризашылықтарын
білдіруіне болады. |
Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 40-бетіндегі «Отбасы татулығы» аңыз әңгімені оқып келу. |
2 мин Үйге тапсырма беру. |
Сүйіспеншілік- өзін-өзі , өзгелерді тануға жетелеп, өзгелерді сыйлауға негіз болады. Сүйіспеншілік – Отанды, елді құрметтеуге үйретеді, табиғаттың сұлулығын сезіндіреді. Соңғы тыныштық сәтi. Жай, әсем музыка қойылады. Көзімізді жұмып, сабақтың жақсы көңіл - күйін естеріңізге алып, жүректеріңізге түйіп қойыңыздар. «Мен өмірді сүйемін, өзімнің адамгершілік асыл қасиеттерімді жүзеге асыруға дайынмын.» Рахмет! |
Сабақты қорытындылау. Соңғы тыныштық сәті. |
Өзін-өзі тану сабағына рефлексивті есеп
Бүгін 16 қараша күні 7«А» сыныбында «Сүйіспеншілік – жолындағы өмір» тақырыбында өзін-өзі тану пәнінен сабақ өткіздім.
Сабақта өзін-өзі танудың әдістемелік тәсілдері толық жүзеге асырылды. Тыныштық сәтінен алған әсерлерімен оқушылар ой бөлісті.
Жібектің жауабы: - Мен бүгін тыныштық сәтінен өте жақсы әсер алдым. Өзімнен шыққан нұрды бар әлемге шашып тұрған сияқтымын. Айналамның барлығын жақсы көретінімді сездім. Алыстағы туысқандарыма , лагерьде болған достарыма нұр жібердім. Үй тапсырмасы бойынша берілген сұрақтарға оқушылар жақсы жауап берді.
Оқушылар тақырыпқа байланысты сабақ материалдарын (әңгімелеу, шығармашылық жұмыс бөлімдерінде берілген материалдарды) жақсы қабылдап, «сүйіспеншілік» құндылығының мәнін ашуға ат салысты. Сабақтың әңгімелеу бөлімінде «Бір ананың жеті қызы» тақырыбындағы әңгімені бар ынталарымен тыңдап, сұрақтарға жауап берді. Адамға сүйіспеншілік не үшін қажет екендігі туралы пікірлерін айтты.
Оқушылардың рухани-адамгершілік көзқарастағы жауаптары:
Жанель: -Менің ойымша махаббат ,жақсы көру адамның жанын нұрға,көңілін қуанышқа бөлейді.
Аружан: - Менің ойымша риясыз махаббат ол еш қайтарымсыз махаббат.Риясыз сүйіспеншіліктің бастауы да,аяғы да болмайды.
Оқушылардың сабақ мазмұнына қызығушылығы, шабыттануысабақтың шығармашылық бөлімінде танылды. Балалар топта бірлесе отырып жұмыс жасады. Барлық топтар да берілген тапсырманы құндылық, қасиеттермен жақсы байланыстыра білді.Өлең шумақтарын өз шығармашылығымен толықтырып айтып берді. Аналарына арнап айта алмай жүрген риясыз сүйіспеншіліктерін жеткізе білді.
Сабақта қол жеткен және қол жетпеген нәтижелерге тоқталсам, тыныштық сәті, үй жұмысын сұрау шығармашылық жұмыс, әңгімені талдау сәттері нәтижелі болды.
Дәйексөзді талдау кезінде ойлары сәл шашыраңқы болып, соңынан толықтырылды.Топпен ән айту кезінде әннің нотасы жоғарылау болып ,балалардың дауысы шамалы жетіңкіремей қалды .
Сабақты өзгерту және жақсарту бойынша ұсыныстар - уақытты тиімді пайдалану, тақырыпқа байланысты бейне роликтер көрсету.
Қорыта келгенде бүгінгі күні біздің елімізде ұлттық және азаматтық
құндылықтардың негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру және дамыту, жеке адамның рухани күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қажетті жағдайлардың барлығы да жасалуда. Тәрбиенің басты мақсаты әр адамның ішкі құндылығын, тұлғалық қасиетін ашып, бағалауға үйрету. Адамгершілік тәрбиенің, адам бойында осы жақсы қасиеттердің болуы, жанұяға, өскен ортасына байланысты. Бала ісінің дұрыс екенін қоштап, оң бағыт беріп, теріс жерін дереу жөндеп, демеп жіберу ата - ана мен тәрбиешіге жүктелер міндет. “Адам бойында жақсы қасиеттер көп болса, оған бақ та, бақытта қонады” деген сөзге сүйенсек, жағымсыз қылық - қасиеттер болса одан арылту қажет. Көптеген қайырымды істер жасап, жақсы мінез-құлықтарды өн бойыңа жинап, ақылдылық танытсаң, міне адамшылдық болғаны.
С.А.Назарбаева:Біз білім беру жүйесі арқылы қоғамдағы рухани-адамгершілік құндылықтарды жаңғыртқымыз келеді.Сол арқылы әр адам өз бойындағы қабілеттерін толық жүзеге асырып, өз мемлекетімізге ғана емес, бүкіл адамзат игілігіне пайда келтіре алатындай болуы керек…
Баланың бойындағы қабілеттерін ашып, оның өз жан дүниесіне үңіліп, өз болашағына деген сенімін ояту, өзін-өзі құрметтеп, өз ар-ұжданымен өмір сүруі қандай маңызды десеңізші! Мейірбандық пен Сүйіспеншілік жүректен жүрекке жетіп, әлемге шапағат нұрын төге берсін.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Н.Бекарыстанова «Өзін-өзі тану пәні бойынша рухани-адамгершілік
білім беру» Самопознание.kz.№6 2014 жыл
2. А.Сисенова «Бастауыш сынып оқушыларын рухани-адамгешілікке
тәрбиелеуде мұғалімнің алатын орны» Өзін-өзі тану журналы №6 2014 жыл
3. «Самопознание kz» журналы:. №8 июль 2011 (25-29 беттер).
4. «Самопознание kz» журналы. №7 (19) июль 2011 (25-27 беттер).

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген