Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама: "Баланы мектепке дайындауда алға қойылатын міндеттер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Баланы мектепке дайындауда алға қойылатын міндеттер: *Баланың психологиялық және арнайы дайындығының ерекшеліктерін ескеріп, дүниетанымын, ой өрісін, зейінін, қиялын, еске сақтау, қабылдау т.б. психикалық процестерін дамыту; *Баланың денсаулығын нығайту, өмірін қорғау, сауықтыру, шынықтыру шараларын жүзеге асыру; *Баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыру үшін адамгершілік, эстетикалық, экологиялық, дене, еңбек, ақыл- ой тәрбиесі негіздерін қалау:
Материалдың қысқаша нұсқасы

Баланы мектепке дайындауда алға қойылатын міндеттер:

*Баланың психологиялық және арнайы дайындығының ерекшеліктерін ескеріп, дүниетанымын, ой өрісін, зейінін, қиялын, еске сақтау, қабылдау т.б. психикалық процестерін дамыту;

*Баланың денсаулығын нығайту, өмірін қорғау, сауықтыру, шынықтыру шараларын жүзеге асыру;

*Баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыру үшін адамгершілік, эстетикалық, экологиялық, дене, еңбек, ақыл- ой тәрбиесі негіздерін қалау:

*Мектепалды топтарында бағдарламалық материалдарды меңгерту үшін тәулік режимін, сабақ, ойын, еңбек, серуен, демалысты өзара сабақтастыра ұйымдастыра отырып, мектептегі оқу ісіне дайындау.

*Баланың қоршаған орта турлы түсініктерін кеңейтіп, сабақта алған білімін күнделікті өмірде қолдана білуге баулу;

*Баланың мектептегі оқу әрекетін еркін игеру үшін, мектепалды бағдарламасының білім мазмұнына сай, қарапайым білім негіздерін меңгеру;

*Баланы ұлттық салт- дәстүр негізінде тәрбиелеуде халық педагогикасын басшылыққа алу;





Ата-аналар жиналысына арналған кеңес  

Тақырыбы: Баланы мектепке қалай дайындау керек?

Құрметті ата-аналар! Әлеуметтік-психологиялық қызметтің сапалы жұмысы үшін бізге сіздің балаңыздың өмірі мен дамуының кейбір ерекшеліктерінің білуіміз қажет. Бұл біздің мамандарға, әсіресе, мұғалімдер мен психологтарға баланың ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытудың әдістерін пайдалануға және педагогтарға қажетті нұсқаулар беруге көмектеседі. Сондықтан балаңыз жайлы сауалнаманы толық, түсінікті толтыруыңызды өтінеміз. 1 сыныпқа баратын балалардың ата-аналарына, отбасы мен бала туралы жалпы мәліметтер, баланың отбасында тәрбиеленуінің ерекшеліктері, оның икемділігі мен қызығушылығы, баланың дағдысы мен ептілігінің даму деңгейі, ынтымақтастыққа қадам туралы мәлімет берулері керек. Жалпы, «Баланың бас ұстазы – ата-анасы» екенін ешқашан естен шығармау керек. Ата-ана өз баласын қалай мектепке дайындау керектігі жөнінде мынадай мағлұматтар білуі керек.

1.     Балалардың қабілеті туралы не айтасыз? (6 жасар мен 7 жасардың айырмашылығы неде?)

2.     Жанұядағы бос уақытты қалай пайдаланасыздар?

3.     Баланың  жақсы адам боп өсуіне не кедергі?

4.     Балаларда өзімшілдік мінездің қалыптасуы неліктен?

5.     Баланы неше жастан еңбек етуге үйрету керек?

6.     Балаға жақсы оқу үшін қалай көмектесеміз?

7.     Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі күшті ме, жоқ әлде мектептің жауапкершілігі күшті ме?

8.     Балаңыздың досы кім, сіз оған қалай бағыт бересіз?

9.     Баланың өмір жолындағы ананың және әкенің орны?

10.     Бала тәрбиесіндегі сіздің қателіктеріңіз?

Міне, осындай мағлұматтарды жетік білсеңіз, балаңыздың мектепке деген көз-қарасы жоғары деңгейде болады.

1- сыныпқа қабылданатын оқушылар мынадай ерекшеліктерді білуі керек:

1.     Алфавит бойынша барлық әріптерді тану, білу, бір бірінен ажырата алу.

2.     Буындап қосып оқи алу.

3.     Әріптердің баспа түрін жаза білу.

4.     1-ден 10-ға дейін тура және кері санай білу.

5.     Өз аты-жөнін, мекен-жайын, туған күнін толық білу керек.

6.     Адамның суретін салу, әр мүшесін атап беру (бас, аяқ, қол, көз, т.б.)

7.     Жыл мезгілдерін білу керек.

8.     Қазақша ай аттарын, апта күндерін білу керек.

9.     Геометриялық пішіндерді атау, суретін салуды білуі керек.

10.   Сурет бойынша әңгімелей білу.

11.   Үй жануарларының  аттарын білу.

12.    Құстардың аттарын білуі керек.

13.   Балалар өз ойын толық жеткізе білу.

Әрбір баланың жеке дамуына жағдай жасау және оның оқуда, қарым-қатынаста өзіндік тәжірибесінің қалыптасып, шығармашылық және әлеуметтік белсендігінің дамуына ықпал ету керек. Баланы дұрыс тәрбиелеуді, жақсы әдет, дағды қалыптастыруды ерте бастан ескерген жөн. Ата-ана баланың өсу жолына, тіл мәдиетіне тыңғылықты әзірленуіне тиісті жағдай жасау ата-ананың тікелей міндетті. Қандай тәрбие болсын, үйден, отбасынан басталады. Баланы еңбекке баулу ата-ана борышы. Баланы мектепке, яғни 1 сыныпқа дұрыс дайындау керек, балаға немқұрайлы қарап, ертең оның өміріне қиыншылықтар туғызбау керектігін ата-аналар ешқашан естерінен шығармау қажет. Бала тәрбиесінің ана құрсағынан, отбас-ошақ қасынан басталатынын ұмытпайық. Бүгін ел болып қолға алмасақ, онда келешек ұрпақ алдындағы парызымызды ұмытқанымыз.

  «Баланы мектепке жан-жақты дайындау»

-       Балаңыздан көп талап етпеңіз.

-       Бала қателік жасауға құқығы бар, себебі әр адам қателеседі.

-       Балаңыздың өзін бағалауы тым жоғары болмағанын қадағалаңыз.

-       Балаңызда қателіктер мен кемшіліктер байқасаңыз, арнайы мамандардан көмек сұрауға қорықпаңыз: логопед, психолог, т.б.

-       Оқу демалыспен ұштасып, ұласу керек.

-       Балаңыздың күн тәртібін қадағалап отырыңыз, бала белгілі  бір уақытта оянып, ұйықтауы керек.

-       Ас қабылдауы сәйкес болуы керек.

-       Балаңыз әр жағдайға қалай жауап бергенін байқап отырыңыз.

-       Үй жұмысын орындауға түгел жағдай жасаңыз.

-       Балаңыз үй жұмысын аяқталмай, шаршаса, балаға біраз уақыт демалуға руқсат етіп, демалғаннан соң қайта сол үй жұмысына қайтыңыз.

-        Бала үй жұмысын орындаудан бас тартса, оны қызықтырып, бір айласын табыңыз.

-        Балаңызға жайлы оқу орнын жасаңыз.

-        Балаңызға өзіңіздің қалай оқып, қалай бірінші сыныпқа барғаныңызды айтып беріңіз.

-        Мектепке деген козқарасын дұрыс жасаңыз.

-        Балаңыз «сиқырлы сөздерді» қолдана ма, соны байқаңыз: рақмет, кешіріңіз, сау болыңыз, сәлеметсіз бе т.б.

Балаңыз мектеп табалдырығын аттанғаннан бастап өмірдің келесі сатысына көтеріліңіз. Бұл сатыда балаңыз қуанышқа бөленіп, жыл бойы оқу кезеңі көңілді мезетке толы болатынына жағдай жасаңыз. Бала әрқашан сіздің барыңызды, көмегіңізді сезініп, әр қиындықта сізден көмек сұрауға болатынын білуі керек. Балаңызға дос, дана, кеңесші болыңыз. Сонда ғана сіздің балаңыз жеке тұлға болып, келешекте мақтанышыңызға айналады.

«Баланы мектепке жан-жақты дайындау»

Баланы мектепке жан-жақты дайындау – өте жауапты әрі маңызды іс.

Мектепке алғаш бару бала өміріне үлкен жаңалық, өзгеріс енгізеді, қоғамдағы жаңа орынға бейімделуі мен өсіп-жетілуінің бір бастамасы болады. Демек, «Баланы мектепке даярлау қалай болуы керек?» деген сұрақтың ата-ана үшін маңыз артып, тиісті жауап іздейді. Бұл сұраққа көптеген ата-аналарда екі пікір қалыптасқан: бір ата-аналар алғаш мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап данышпан етуді мақсат тұтса, кейбіреулері, керісінше, бала білмей барса, барлығын мектепте үйренуі тиіс деген пікірде. Осы пікірлердің алтын ортасын қалай таңдаймыз? Баланы мектепке физикалық жағынан да, психологиялық жағынан да қалай дайындаймыз?

Мектепке баратын бала жазу-сызуды біліп баруы міндетті емес, оған барлығын мектепте үйретуге міндетті. Алайда, қазіргі заман оқу бағдарламасының тапсырмаларын ауыртпалықсыз орындау үшін, іс-жүзінде мектеп табалдырығын аттамас бұрын жазу мен оқуды біліп барғаны дұрыс. Балаңыз мектепке бармас бұрын оқу-жазуды білсе – жақсы! Балаға жазу-сызу барысында қарындашты немесе қаламсапты дұрыс ұстап үйретуді ұмытпаңыз. Баланың сөйлеу тілінде кемістіктің болмауы шарт, сөйлеген сөзінің мағынасы өзіне түсінікті болу керек, өзінің ойын жеткізе алуы қажет. Сандарды санаумен ғана шектеліп қана қоймай, салыстыра білуді және талдауды, ойлай білуді меңгере алу тиіс. Сонымен қатар, өздігінен қорытынды жасай білсе, көп нәрсені жақсы түсінеді.

Көрнекі әрекеттік ойлау қабілеттілігі жоғары бала көрнекі үлгімен жұмыс істегенде, заттардың кейпімен мөлшерін ұйқастырғанда қойылған міндеттерді шешуде тиімді әрекеттердің барлық түрін ұйымдастырып шығарады.

Кез-келген ата-ана баланың өсіп жетілуіне, рухани күшті етіп тәрбиелеу жолында алуан түрлі қуаныш пен қиыншылықтарды бастарынан өткізе отырып, оның рухани және ақыл ой мен дене құрылысы жағынан жан-жақты дамуына баулуы керек.







































Баланың мектепке дайын болу жағдайы бірнеше түрге бөлінеді:

  1. Дене бітімінің дайындығы – баланың салмағы мен бойының өз жасына сай болуымен қатар он екі мүшесі сау болуы керек;

  2. Зиятының дайындығы – баланың ой-өрісінің, есте сақтау қабілетінің, тілінің, зейінінің, өз еркімен тапсырма орындай алуының, мақсат қоя білуінің, қателігін түсіне білу қабілеттілігінің өз жасына сай болуы;

  3. Әлеуметтік-психологиялық дайындық – баланың жаңа ортаға деген көз-қарасының, оқушы жауапкершілігінің, өзін-өзі ұстай білуінің, үлкен-кіші адамдармен қарым-қатынасының өз жасына, мектептердің талабына сай болуы;

  4. Ерік аясының дайындығы – баланың өз іс-әрекетін мақсатты түрде қалыптастырып, өз кемшіліктері мен жетістіктерін дұрыс қабылдап, әрекет ете білуі;

Әлеуметтік – психологиялық дайындық.

Баланы мектепке дайындау дегенде көптеген ата-аналар әріптерді танумен, сандарды санаумен ғана шектеліп жатады. Одан басқа, баланың мектепке қажетті құрал-саймандары мен киім-кешектеріне баса назар аударады. Әрине, бұл дайындықтарсыз баланың мектепке дайын болуы екіталай. Бірақ баланың оқуға дайындығын ақыл-ойының даярлығымен, материалдық дайындығымен шектеліп қоймай, оны оқуға психолгиялық жағынан даярлауды қарастыру қажет. Баланың психикалық үрдістерінің дамуы оқуда және басқа адамдармен қарым-қатынас орнатуда қиындыққа кезікпеуіне мүмкіндік береді.

Мектепке келген бала «оқимын» деген ниетпен мектеп табалдырығын аттайды. Бірақ, кейде бала оқуға барғысы келмейді, дегенмен оның себебі әр түрлі болады: бір балалар мектепте көп бала бар және онда көңілді десе, біреуі партаға отырғысы келгендіктен баруы мүмкін. Алайда, мұндай ықыласпен келген балалар біраз уақыттан кейін мектептің олар үшін қатал тәртібіне және күнделікті оқу сабақтарына шыдай алмайды. Жалпы, бала оқу үрдісіне қызығуы қажет. Сонда ғана баланың таным қызығушылықтарының дамуына, жаңа білім алуына мүмкіндік туады. Сонымен бірге баланың мұғалімдермен, балалармен қарым-қатынас жасауы аса маңызды. Яғни, оқу әрекеті ұжымдық сипат болғандықтан, әрбір бала құрдастарымен қарым-қатынас жасай алуға, бірге жұмыс істеуге дағдылануы керек.

Баланың шешім қабылдай алып, мақсат қоя білуі ерік-жігерінің даярлығы болып саналады. Баланың әрекеттерді жоспарлап, олардың орындалуын жүзеге асыруда күш пен бойындағы қабілеттерін жұмсай білуі, қиындықтарды жеңе білуі балалардың оқуға дайындығы осы бағыттармен ұштасып жатса, бала оқуға тез бейімделіп, жақсы оқып кетуіне мүмкіндік туғызады.

Мектепке дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті ойын болғандықтан, оларға бірден оқу әрекетіне ауысу біршама қиындықтар туғызады. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бала педагогтармен және балалармен кезіккенде мазаланады, оқу үрдісінен өзінде жағымсыз эмоциялық сезіну пайда болып, қорқыныш пайда болады. Сондықтан балалардың көңіл-күйі болмай, себепсізден жиі ауыруы «мектеп неврозы» сипатында көрінеді. Яғни мектепті еске алса болғаны, жылап, уайымдайды. Сөйтіп, мектеп бала үшін стресс тудыратын факторға айналып, денсаулығының нашарлауына әкеп соғады. Осы кезде әрбір ата-ана өзінің баласына мектеп туралы қажетті мағлұматтар айтып, баланың мектепке деген жағымды қатынас және сенімділік сезімін қалыптастыра отырып тәрбиелеу керек. Ең бастысы – баланы жолдастарымен қарым-қатынас жасай алуға, басқа балалардың ойымен санасуға үйрету.

Сонымен қатар, балаңызға жылы сөздер айтуды, мақтан тұтуды, қателіктерін түзетуіне көмектесуді ұмытпағайсыз.

Есіңізде болсын!

Жоғарыда атап өткеніміздей, физиологиялық, ақыл-ой жағынан баланың санасына түсетін ауыр салмақтардан баланың мектептегі өмірге бірден бейімделуі оңай емес. Психологтар осы себепті қарапайым ғана мына кеңестерді біліп жүруді дұрыс санайды.

Сабақ орындауға оларды мәжбүрлеуге болмайды. Бұл уақытта балғындар өз бетінше өмір сүруге әрекет жасайтындықтан олармен үлкен адамдарша сөйлесуге тырысыңыз.

Баланың мектепте немен айналысқанына қызығушылық танытыңыз. Қандай баға алғанын, сабағы жайлы, ұстазы туралы және достары жөнінде үнемі сұрап тұрыңыз. Себебі, сыныпта балаңыздың өзін қалай ұстайтындығынан хабарсызсыз. Кейде олар сыныптастарына күлкі болып немесе қорланып жүруі мүмкін ғой? Егер мұны дер кезінде назарға алмаса бала өзіне сенімсіз тұлға болып қалыптасады. Баланың оқуға ынтасы осы себептен де болмайды және өмірге қызығушылығы төмендейді.

Баланың күн тәртібін түзу қажет пе?

Күні бойы сабақ оқудан және айналадағы құбылыстарды баланың ағзасы оңайлықпен қабылдай алмайды. Оның үстіне қазіргі таңда мектеп бағдарламасы өте күрделі. Осыларды ескере келе, баланың күнін жоспарлаңыз. Қай кезде сабақ оқу керек, ойынға қай уақыта барған дұрыс? Бұл баланың тәртіпке бағынуына тез үйретеді. Мәселен, бала кемінде күніне 10 сағат ұйықтауы қажет. Сонда кешкі сағат 21.00-дан кеш жатпасын. Сабақтан келген соң бірден сабақ оқуға отырғызбай-ақ аздап ойнап келуіне рұқсат етіңіз. Баланың түсте бір мезгіл ұйықтап алғаны жақсы. Тұзды, майлы, қуырылған тағамдарды балаға көп бермеңіз. Мейлінше, жеміс-жидектер мен көкөністер жегені дұрыс. Таңғы асты ішуді балаға әдет етіңіз. Күніне кемінде 3 сағат сыртта таза ауада жүрсін.

Түйін:

Үйдің іргетасы мықты қаланса – берік болатыны секілді, баланың білім алуында осы кезден жағдай жасау – болашағын жарқын етеді. Тек дайындықты материалдық тұрғыдан емес, рухани жағына берік етуді бірініші кезекке қояйық.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2019
1922
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12