Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама "Бастауыш сынып пен балабақша арасындағы сабақтастық"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдері мен балабақша тәрбиешілеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бастауыш сынып пен балабақша арасындағы сабақтастық»


Самиева Б.О.

Л.Қлышев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі


Сабақтастық дегеніміз- жүйелі түрде жүреттің заттың бірінен екіншісіне көшуіне негізделген процес. Сабақтастық аяқталған процес деп болжам жасалады.

Сабақтастықтың мақсаты баланың жеке тұлға тетінде дамытуының физиологиялық және психологиялық ойдағыдай мектепке дейінгі тәрбиеден мектеп тәрбиесіне көшу мезгілінде толыққанды баланың келешегі бар тұлға болып қалыптастыру.

Соңғы кезге дейін сабақтастық дегеніміз- оқу мен тәрбие ісін жалғаушы буын деп есептеліп келеді. «Эстофета таяқшасын» бір- біріне беріп, жалғап отыруға негізделген. Бір жағынан мектепке дейінгі буын- жеке тұлғаның фундаменталдық сапасын, яғни оқу негізін мектепте қалыптастырады десе, екінші жағынан- мектеп ізбасар ретінде, мектепке дейінгі жастағы баланың жетістіктерін одан әрі толықтыра түседі.

Білім беру технологиясының инновациялық түрлерінің педагогикалық тәжрибелерін сараптау сабақтастықтың проблемаларын шешуді күн тәртібіне қойып отыр.

Негізі кереғарлық сабақтастық түсінігінің өзінде бірізділік жоқтығы мен осы түсініктің қарама- қайшылығында.

Мұғалімнің түсінігінше сабақтастық деген баланың мектеп табалдырығынан аттар алдында белгілі оқу дағдысы (машығы) болуы. Бала мектепке келгенде мектептік нормалар мен жүріс- тұрыс үлгілеріне үйретілмей келеді.

Ал тәрбиешілер түсінігінше сабақтастық дегеніміз- мектепке алғаш келген балаға ешқандай наразылық болмауы керек. Олардың ойынша әр балаға тиісінше деңгейдегі білім беріліп, мектеп бағдарламасы тек қана осы негізді тағы да қайталап, баланың кейбір қабілеттерін одан әрі дамыту мүмкіндігі үзіледі деп санайды.

Ата- аналар барлық жетістіктерге бір сәтте жеткілері келеді. Олар сабақтастық деген терминді атамай- ақ оны баланы неғұрлым ертерек оқытып, оған үйретуге болатын заттың бәрін үйретуді мақсат ете отырып, «аса алдыңғы қатарлы» жетістіктер мектепке дейінгі жастағы балаға қаншалықты қажет екенін естен шығарылғанын есепке алмайды.

Балабақшаның мақсаты- балыны мектептің қарапайым дағдыларына үйрету ғана емес, баланы тәрбиелеу мен оның дамытуын қамтамасыз ету. Мектепке дейінгі ересек баланың өсіп- өнуі мен толыққанды психогогиялық дамуы ойын түріндегі әрекетсіз мүмкін емес. Сонымен қатар, баланың өз коллективімен немесе үлкендермен бірге жасайтын әдеттегі күнделікті әрекеттері барысында ойынның алатын орыны ерекше.

Бастауыш мектеп пен МД мекемелер қызметінің сабақтастық бірінші сыныпқа оқығысы келетін және оқи алатын, яғни олардың бірінші сыныптың бағдарламасын меңгере алатындай деңгейде дамыған психологиялық алғышарттары жетілген болуы тиіс. Олардың қатарына жататындар: танып- білу және оқыту негіздері, өзін- өзін ұстау мативтері мен іс- әрекетінің сәйкестігі, ережеге және үлгіге сай қызымет жасау, ерікті өзін- өзі ұстауды дамыта білу, жоғары мектепке дейінгі жаста ғана пайда болады. Ал мектепте типті ойындарды пайдаланбаған жаңдайда, одан да кейін пайда болуы мүмкін. Сол себепті мектепке дейінгі мезгілде балалар ойындары және жетекші ойындарын қысқарту нәтижесіз болады.

Мектеп алды дайындық және баланың жан- жақты дамуы- ұзақ мерзім мен жете көңіл бөлуді қажет ететін маңызды процесс.

Мектеп пен мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелерінің өзара бірлестігінің басты міндеттері төмендегідей:

  • 5 – 6 жастағы балалардың мектепке дайындығын жақсарты;

  • Баланың балабақшадан мектепке ауысуының табиғи процесс болуын қамтамасыз ету;

  • Мектеп өміріне қызығушылықтарын тереңдету;

  • Отбасы мен мектептің тәрбие берудегі бірлігін, баланың мектепке барған уақытында жаңа ортадағы жағдайларда отбасының көмегін қамтамасыз ету;


Сабақтастық байланыстардың түрлері

  • Сабақтастық мәселелері бойынша ата- аналар мен мектеп мұғалімдерінің, мектепке дейінгі мекеме педагогтарының қатысуымен өтетін дөңгелек үстелдер, педагогикалық кеңестер, семинарлар.

  • Мектепке дейінгі мекеме тәрбиеленушілері, бірінші сынып оқушыларының және мұғалімдердің бірлескен практикалық әрекеттерін жоспарлау және жүзеге асыру (Мейрамдар, көрмелер, спорттық ойындар)

  • Мұғалімдер мен тәрбиешілер үшін психологиялық және каммуникативті тренингтер

  • Мектеп, МДМ психологтары мен медициналық қызметкерлерінің өзара бірлесіп қызмет етуі.

  • Мектептермен бірлесіп отырып, МДМ-нің түлектерінен бірінші сыныпқа қабылдау жұмыстарын жүргізет отырып, баларадың мектепке дайындық деңгейін анықтау.

  • Ата- аналардың болашақ мұғалімдермен кездесулері.

  • Мектеп алды жасындағы балалардың ата- аналармен ойын тренингтерін, практикумдар өткізу.


Бастауыш мектеп пен балабақшалардың сабақтастығы

Қазіргі уақытта мектепке даярлау 5-6 жастағы балалардың ата- аналары мен тәрбиешілеріне алаңдатушылық тудыратыны жасырын емес.

Соңғы жылдарда мектеп формасындағы қызмет- күн тәртібі бойынша пәндік сурет сабақтарын өткізу, партада «тәртіпті оқушының» әдемі отырысы, тақта алдында жауап беруі, қателерді іздеу, қорытынды жасау, өткен тақырыптарды бекіту, т.б. түрлері көптеген балабақша тәрбиешілері тарапынан қолданылуда.

Осының бәрін мектептен балабақшаға көшірудің физиологиялық негізі жоқ екендігі мәлім, алайда балаларды бастауыш мектепке жақсы дайындауды мақсат ететін тәрбиешілер айқын мағынаға қарамастан, балалардың психикалық және физикалық денсаулығына зиян келтіреді, балалар өз- өзіне сенімділігін, қарым- қатынас қабілетін, қызығушылығын, кейбір жағдайларда тәртіп тәбетін, күш- жігерін, көру қабілетін, т.б. жоғалтады. Шын мәнінде ата- аналар балалардың мектеп өмірінен көшіріп алынған байсалды және құптайды. Осы мәселеде ата- аналар мен тәрбиешілер көз алдындағы бастауыш сынып мұғалімдерін үлгі тұтып, олардың мектеби дидактикалық ақылдарын қабылдап, жағдайды одан сайын ушықтыра түседі. Соның салдарынан балалар ғана емес, ата- аналар мен тәрбиешілер өздерінің өздерінің денсаулығы мен өз- өзіне деген сенімділігін жоғалта бастайды. Осылайша ұрпақтар арасында қатынастардың экологиялық қауіпті деформациясы туындайды.

Педагог- психолог Евгени Евгеньевич Шулешконың (1938- 2006 ж. ж)көп жылдық табысты еңбектерімен оның ізбастарларының қызметі бұл келеңсіздіктерді жоюға болатындығын дәлелдеді.

Бұл проблема тәрбиешілерді қайта даярлауда емес, оларға өз- өзіне сенімділігін қайтару болып табылады. Мысалы, әлеуметтік ойынның педагогикалық жүйесі нәтижелігін көрсетір отыр. Өскіншілердің өз- өзіне сенімділігін арттыруда, балалардың қызығушылықтары көмектеседі, мектеп авторитаризмі бірден бірге жойыла бастайды.

Бастауыш сынып мұгалімі балабақша табалдырығын аттап, балабақша тәрбиеленушілерін, яғни өзінің болашақ оқушыларын, олардың қоршаған ортаға қызығушылықтарын, әр нәрсені білуге құштарлығын, қозғалшақтығын, еркіндігін көрген кезде таң қалып, балабақша өмірінің өзіндік даралығын сезінеді. Сол кезде мектеп мұғалімі балалармен қызымет жөнінде балабақша тәрбиешілерінен тәжірибе алу қажеттілігін түсіне бастайды.

Осылай мектеп мұғалімі ерте ме, кеш пе балабақшағ келіп, тәрбиешілермен сұхбаттасып, өз педагогикалық біліктілігін арттыруға, ақыл- кеңес алуға ниеттенеді.

Барлық мүдделі қатысушылар (пед. калектив, балабақша қызыметкерлері, тәрбиешілер) біріктіре мақсатында сабақтасытықтың мәселелерін негізгі аспектілері мақсатты, мағналы және құрылымды ұйымдастыру болып табылады.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
03.01.2018
1223
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12