жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Баяндама. Бастауыш сыныпта жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы оқушы қабілетін арттыру
Ақтөбе облысы Қобда ауданы
Қобда гимназиясының бастауыш
сынып мұғалімі
Оразалы М.О
Бастауыш сыныпта жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы оқушы қабілетін арттыру
ХХІ ғасырда Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде үлкен серпіліс жасалынды. Жаңа мыңжылдық білім беру процесін мүмкіндігінше кеңірек қарауды талап етеді. Әр адамды жаңа тез өзгермелі әлемде іс-істеуге, білім ала білуге, өмір сүре білуге, бірлесіп өмір сүре білуге үйрету қажет. Бұл ЮНЕСКО қалыптастырған «білім берудің төрт тағаны».
Жас ұрпаққа бәсекеге қабілетті әлемдік білім кеңістігінде білім беруді жүзеге асыру үшін қоғамға білімді, іскер, жаңашыл ұстаз- жаңа тұрпатты мұғалім қажет.
Жаңа тұрпатты мұғалім- бұл заманауи педагогикалық құралдардың бүкіл әлеуетін, инновациялық технологияның қыры мен сырын меңгерген, өзін-өзі кәсіби жетілдіруге үнемі ұмтылып отыратын рухани дамыған, әлеуметтік жағынан шығармашыл, интеллектуалды тұлға , білікті маман.
"Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқыту, ізденуді тоқтатқанда оның мұғалімдігі де жойылады” деген К.Д.Ушинский.
Мұғалім мен оқушы кез келген стратегияның әдіс-тәсілін, қыр-сырын жетік түсіне білуі қажет.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан
халқына жолдауында айтылған «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған
елдің тығырыққа тірелетіні анық» деген пікірі нақты дәлел. Бүгінгі
білім беру ісінің мақсаты – тек білім, білік дағдыларын меңгерту
ғана емес, өзін - өзі дамытуға ұмтылатын, ақылды, алғыр, ой - өрісі
кең, ақпарат көздерін өз бетімен қолдана алатын, қабілетті де
талантты, жастарды тәрбиелеу. Үнемі дамып, өзгеріп отыратын баланың
ішкі болмысы мен табиғатын қалыптастыруда мұғалімнің ықпалы
ерекше. Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман
талабына сай білім қажет. Өйткені, тәуелсіз Қазақстанды дамыған
бәсекеге қабілетті елу елдің қатарында, терезесін тең ететін –
білім. Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына
оқу үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Мектеп өміріне
еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі өсіп келе жатқан жеке
тұлғаны жан –жақты дамыту. Соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының
дамуына да жаңа технология элементтерін пайдалану өз әсерін
тигізуде.
Бастауыш мектеп- оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін,
ерекше құнды, қайталанбас кезең.Сондықтан бастауыш білім үздіксіз
білім берудің алғашқы баспалдағы, қиын да жауапты іс. Оқытудың
әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс-
тәжірибесі зерттеліп,мектеп өміріне енуде. Қазіргі заманның
талабына сай болу және жаңа формация мектебінде жұмыс істеп жүрген
педагогтардың алдында тұрған проблемаларды шешу негізгі мақсат
болып табылады, олар:
· баланы оқи білуге үйрету
· баланы ойлауға үйрету
· баланың өзін-өзі тұлға ретінде дамуына жағдай жасау.
Жаңа әдіс-тәсілдерді жүзеге асыру, тиімділігіне қарай пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық мақсат - мүддесіне байланысты,өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа әдіс-тәсілдерді жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады.
Оқушы
тұлғасының дамуына, қабілетінің артуына жаңа әдіс-тәсілдердің
айтарлықтай ықпал жасайтыны сөзсіз және бұл қазіргі таңдағы білім
беру жүйесінің дамуындағы елеулі бағыт. Оқушыларды
шығармашылық іс-әрекетке баулып, олардың белсенділіктерін,
қызығушылықтарын арттыра түсу үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді
қолдануға болады:
1. Балаларға белгілі тақырыпта әңгіме оқып, оқушыларға
басқаша аяқтауға кілт боларлық сюжет ұсыну;
2. Әңгіменің, ертегінің сюжетін бастап беру, аяқтауды
оқушыларға тапсыру;
3.Ертегіні ұжым болып тыңдау;
4. Ұнатқан кейіпкерлеріне мінездеме беру;
5. Қиялдау арқылы сурет салғызу, рөлмен ойнату;
6. Арнайы тақырыпта пікірталас тудыру.
Сондықтан да болар қазіргі кезде
біздің ұстаздар да осы жаңа әдіс-тәсіл элементтерін өздерінің
тәжірибелерінде пайдаланып
жүр.
Тізбектелген сабақтар топтамасына енгізілетін жаңа әдіс – тәсілдер:
«Телефон»ойыны»
« Инсерт»
«Венн диаграммасы»
« Бес жолды өлең»
«Константинополь»
« Кубизм »
«Үш қадамдық сұхбат»
«Миға шабуыл»
«Интервью»
Осы
тәсілдер арқылы әр оқушының пән бойынша ізденімпаздық деңгейлері
көрінеді. Сонымен қатар пәнге қабілеттілігі, қызығушылығы
анықталады. Шығармашылық әр оқушының жеке қабілеттері мен
мүмкіндіктерін, танымдық іс-әрекеттері мен дағдыларының дәрежесі
көрсетіледі.
Шығармашылық жұмыстарды тәжірибемде мынадай тәртіппен
орындаймын: мақсаты, жұмыс барысы, алынған нәтижелері, оқушылардың
пікірлері енгізіледі. Таңдаулы жұмыстардың авторларына қорғау
қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі жүргізіледі, шығармашылық
жұмыс жинақта жарияланады.
Шығармашылық ай қорытындысы бойынша ғылыми жұмысқа
қабілетті оқушылар іріктеліп, белгілі бір тақырып бойынша ғылыми
жұмыстар беріледі.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін көтеруді мұғалім алдына мақсат етіп қояды.
Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға , жаңалық ашуға, жаңа тәсілдер табуға ұмтылуы,ізденуі. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Мұғалім оқушы күйіне кіріп, олардың тақырыпқа қатынас әрекетін ойлайды, өтілетін сабақтың проблемасына қажет жағдайда жоспарланған сабақ мазмұны мен оқыту әдістеріне түзетулер енгізеді.Сабақ тақырыбы бойынша мұғалім оқулықтар, кітаптар, әдістемелік кітаптар, басқа да материалдармен танысады. Мұғалім өзіне, оқушыларға қажетті мәліметтерді іздестіреді.
Қорыта келгенде: Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабаққа және сабақтан тыс уақытта дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады
Мұнда басты назар аударатын
нәрсе – оқушылардың ауызша, жазбаша тілдерінің өзара ұштастырыла
отырып және соған сәйкес жұмыстың ауызша, жазбаша түрде көрініс
табуларын талап ету. Соның негізінде ғана тіл байлығы мол, сауатты
да шығармашыл жас жеткіншекті тәрбиелей аламыз.
Оқушыларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің
басты талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда оқу –тәрбие үрдісін
ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру жаңа
технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы
ерекше.
Қандай да бір технологияны
пайдаланған кезде оқушының белсенділігі, мақсатқа ұмтылуы,
ақпаратты өзі іздеп табуы, шапшаңдығы мен еркіндігі, шығармашылығы,
көңіл-күйінің көтеріңкі болуы қамтамасыз етіледі.
Оқушылардың шығармашылығын, танымдық белсенділігін арттыруда
шығармашылық сабақтардың маңызы
зор.
Оқушылар қазіргі таңда топпен, жұппен жұмыс атқара біледі. Өз ойларын ашық ,нақты және сыни тұрғыдан ойлауға талпынады. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артып, сыныптың білім сапасы көтеріледі. Егер де жаңа технология элементтерің сабақта өз дәрежесінде ұйымдастыра білу, өз нәтижесін береді.
Баяндама Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың мына сөзімен аяқталады: «Еліміздің ертеңі бүгінгі ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында»
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
-
Бастауыш сынып журналдары
-
Мұғалімге арналған нұсқаулық (МАН)
-
Қазақстан Республикасында Білім Беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемелекеттік Бағдарламасы
-
Республика Президенті Н. Назарбаевтың Еліміздің шығармашылық зиялы қауымының танымал өкілдерімен кездесуіндегі сөзінен. Егемен Қазақстан, 1998 ж.
-
«Бастауышта оқыту мазмұнын жаңарту жұмысын жаңа тұрғыда басқару жолдары» 2006ж.
-
О.Н.Ерниязов. «Бастауыш мектеп оқушыларының танымдық қызығушылықтарын арттыруға арналған ойындар мен жаттығулар»
-
А. Асқарбаев, М. Жазыбаев, С. Рахметова. “Бастауыш оқудың тиімділігін арттыру”: Алматы-1975, 6-47 б ет
-
Бастауыш мектеп методикасы. Алматы.- 1987, 6-12 бет
Аннотация
В данной докладе говорится
о проблемах обновления содержания образования, что волнует
учителей, когда в современном мире с огромной скоростью развивается
тенденция глобализации и мировое
соперничество. Использование
новых эффективных методов на уроке для учащихся повысит
эффективность урока путем использования познавательных, творческих
способностей, самостоятельной
работы.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген