Материалдар / Баяндама: "Бастауыш сыныптарда көркем шығармалармен жұмыс жасау"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама: "Бастауыш сыныптарда көркем шығармалармен жұмыс жасау"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне баянгдама ретінде
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қаңтар 2021
451
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1 А.С.Пушкин атындағы мектеп-гимназия













Баяндама :

«Бастауыш сыныпта көркем шығармалармен жұмыс жасау»







Сынып жетекшісі: Таскынова Н.А









Бастауыш сыныптарда көркем шығармалармен жұмыс әдістемесі
Жоспар:
1. Бастауыш сыныптарда көркем шығармалардың ерекшеліктері.
2. Бастауыш сыныптарда әңгімелерді оқыту.
3. Бастауыш сыныптарда өлеңдерді оқыту. Өлеңдердің тәрбиелік мәні.
4. Бастауыш сыныптардаертегілерді оқыту. Ертегі әлемінің түрі мен кейіпкерлеріне мағлұмат беру.
5. Бастауыш сыныптарда мысалдарды оқыту.
6. Батырлар жырын оқыту әдістемесі.
7.Бастауыш сыныптарда шешендік сөздерді оқыту.
8. Бастауыш сыныптарда мақал-мәтелдерді, жаңылтпаштарды, жұмбақтарды оқыту.
Мақсаты:Бастауыш сыныптарда оқытылатын көркем шығармалардың ерекшеліктерімен таныстыру, әдеби білім мен әдістемелік дағдыларын дамыту.

1. Бастауыш сыныптарда көркем шығармалардың ерекшеліктері.
Жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбие берудің сапасын түбегейлі жақсартуды іске асыруда мұғалімдерге зор жауапкершілік жүктелген. Мұның өзі оқытудың тиімді әдіс, тәсілдерін талмай іздестіруден, сабақ сапасын жаңа деңгейге көтеруден көрінеді. Жас ұрпақтың рухани дүниесі мен ой-қиялын бірінші болып білім жарығымен нұрландыратын адам – бастауыш сынып мұғалімі. Кішкентай шәкірттер бірінші мұғалімнің көмегімен оқудың, жазудың, ойлаудың дағдыларын игере бастайды. Сөйтіп олардың дамуына кең мүмкіндіктер ашылады.
Мектепте өтілген көптеген пәндердің ішінде оқушыларға терең білім, жан-жақты тәрбие берерде әдебиеттің алар орны өлшеусіз. Әдебиет адамды рухани биіктетеді, жан сұлулығына тәрбиелейді, ізгілікке, адамгершілікке баулиды. Адамды асыл армандарға бастайды. Онда адамзаттың ілгері жарық сәулеге, жақсы өмірге ұмтылған ұшқын қиялы, сол жолдағы күрес-тартысты, ел басынан кешірген қилы-қилы оқиғалар, халқымыздың елдік қасиеті, бүгінгі жазира өмірі бейнеленген көркем әдебиетте адамдар тағдыры бар тіршілік болмысымен көрінеді. Оқырман алдынан талай тағдырлар өтіп жатады. Олардың әрқайсысы өзіндік тіршілігімен, қайталанбас мінезімен, өкініш-опығымен, қуаныш-қызығымен, арпалыс-тартысымен көрінген. Көркем әдебиет ойын сөздің күші арқылы жеткізеді де, оқушыларға өзінше әсер етеді. Балаларды адамгершіліке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеуде көркем шығарманың маңызы зор. Балалардың ой-санасын дамытуға, мінез-құлқын қалыптастыруға, дүниетанымын кеңейтуге көркем әдебиет шығармаларындағы кейіпкерлердің өмірі мен іс-әрекеттері үлкен әсер етеді. Әсірссе, бастауыш сыныптың оқушылары өздерінің жас шамасына қарай суретті кітапшаларды, ертегі, аңыз-әңгімелерді, батырлар туралы шығармаларды сүйіп оқиды. Ондағы басты кейіпкерлердің іс-әрекетіне еліктейді, тәтті қиялдарға беріледі, өзінше қорытынды жасауға тырысады.
Бұл сыныптағы оқушылар көбінесе оқу техникасына жаттығады. Әріптен сөз, сөзден сөйлем құрап оқи бастасымен-ақ, оқушыларда өзін қоршаған орта, жаратылыс, табиғаттың сырларын, көпті білуге деген ынта, көркем шығарманы оқу, мұғалім әңгімесін зейін қоя тыңдау, білмегенін сұрап алу белсенділігі басым болады. Мәселен, бастауыш сынып оқушыларында танымдық мақала, іс-қағаздардың жеке түрлері, өлең, әңгіме, ертегі, мысал өлең, мақалдар мен мәтелдер берілген. Осы тұста көркем шығарма, оның түрлері мен жанры туралы мәлімет беруді міндеттеу дұрыс болмас еді.
Олар туралы алғашқы ұғым беруді бастауыш сынып бағдарламасы талап етеді. Бастауыш сыныптан бастап оқушыларға әдебиеттік білім беру, әдебиеттің білімдік, өмір танығыштық қасиетін, оның тарихы мен бүгінгінің байланысын таныту әдебиет сабағының басты нысанына айналды.
Оқушыларға әдебиеттен білім берудің алғашқы сатысында мұғалімді ойландырарлық мәселелер баршылық, мәселен, 11 жасар бала ұғымына көркем шығарманы қай тұрғыда танытқан жөн, әдеби шығарманы оқудан, онымен жалпы таныстықтан талдаудың қандай айырмашылығы бар: көркем шығарманы талдау, әдеби теориялық ұғымды қалыптастыру қажеттілігінің сыры неде, әдеби білім мен шеберлік дағдыларының арасындағы қарым-қатынасты байланысты ұғындырудың тиімді жолы қайсы деген сұрақтар өзінен-өзі туындайды.
Әдебиеттік оқу сабағының негізгі материалы – көркем шығарма. Көркем шығарманы талдау принципінде орта буын мен жоғары буында ұқсастық бар. Бірақ әр сынып оқушыларының жас ерекшелігіне және іскерлік, шеберлік дағдыларының сапасына қарай талдаудың әр буында өзіндік салмағы бар.
Енді оқушыларға әдеби білім берудің сол кезеңдерін, онда қалыптастырылатын іскерлік пен шеберлік дағдыларын байқап көрейік.
Сөзбен жұмыс істеу – сөзіндік қорын молайту – тіл көркемдігін, сөз өнерін меңгеру деген сөз. Ал сөз өнері – әдебиет.
Көркем шығарманы оқу, талдау барысында оқушы жазушының әр сөзін таңдап, талғап қолданатындығында көзі жетеді, ана тілінің көп қырлылығын меңгертеді.
Неғұрлым осындай жұмысқа тереңдеп барған сайын оқушылардың көркем әдебиетке деген ынтасы артады.
Бастауыш мектептегі оқу сабағы аса маңызды рөл атқарады. Бастауыш сыныпта ана тілінде қоғам және ондағы адамдар туралы, сүйікті отанымыздың мейлінше бай, көркем де сұлу табиғаты, сондай-ақ жануарлар дүниесі туралы деректерді оқып, үйренеді, өмірге қажетті сан алуан машықтарды меңгереді.
Соның нәтижесінде оқушылардың келешекте жоғары сыныптарда жақсы оқуға, белгілі бір мамандыққа деген құмарлығы артады.
Әдебиеттік оқу сабағы арқылы оқушының рухани дүниесі байиды, жай білім беріп қана қоймайды, ол өмірдің ең қымбаттысы, ең асылы – жақсылық пен ізгіліктің ұрығын себеді. Бұл пәннің әр сабағын – адам бойындағы асқақ арман, берік сенім, әсемдік пен сұлулыққа құштарлық тәрізді ең мөлдір сенімдер мен кісілік қасиеттер туралы сырласу сабағы десе де жарасады.
Қазақтың көрнекті қайраткері, ірі тіл маманы Ахмет Байтұрсынов: «Кішілік болмас үшін әр ұлт баласын әуелі өз тілінде оқытып, өз тілінің жүйесін білдіріп, жолын танытып, балалар әбден дағдыланғаннан кейін өзге тілді оқыта бастайды», — деген еді.
Бастауыш сынып оқушылары көптеген әдебиет жанрларымен көбінесе әдебиеттік оқу сабақтарында таныса алады. Сондықтан заман талабына сай әрбір сабақ беру әдісін жетілдіру арқылы сабақтың сапасы мен тәрбиелік маңызын арттыру бағытында мұғалімге шығармашылық ізденісті қажет етеді.
Жас буынды төл мәдениет мәйегі мен тәрбиелеу барысында бастауыш мектеп мұғалімдерінің мүмкіндігі де, міндеттілігі де жоғары.Ендігі қажеттілік – тынымсыз шығармашылық ізденіс. Шығармашылықпен жұмыс жасауға талаптанған мұғалімге мектеп бағдарламасындағы әдебиет пәнінің әрбір тақырыбын, әрбір көркем мәтінді ұлттық тәрбиемен өзектестіре оқытуға жол ашық. Сол себепті мәтін аясында көркем образдарды талдап тану арқылы оқушының өмірлік көзқарасын қалыптастыруға, дүниетанымын дамытуға ықпал ететін әдебиеттік оқу сабақтарында халықтық мұраларды оқыту барысында білімділік, дамытушылық мақсаттарға қоса, тәрбиелік сипатына баса назар аударылған абзал.

2. Бастауыш сыныптарда әңгімелерді оқыту.
Бастауыш мектеп балалары өте қарапайым түрде әңгімелейді және тек жай сөйлемдермен немесе көмекші сұраққа бір сөзбен ғана жауап береді. Сондықтан мұғалімнің бұл мәселеге ерекше көңіл бөлгені жөн. Әңгімелеуге үйретуде мыналарды ескеру қажет:
1. Балалардың қойылған сұраққа дұрыс, толық жауап беруі.
2. Мұғалім қолданған күрделі сөйлемдерді қайталатқызу.
3. Өздеріне сөйлемдер құрату.
4. Сөйлемге қажетті сөздерді ойлап тауып айтуға үйрету.
5. Сөз жасау, сөзге түрлі жалғау-жұрнақтар қосып айтуға үйрету.
6. Суретті көрсете отырып және суретсіз (белгілі оқиға) әңгіме құрату.
Оқылған шығарма мазмұнын бір рет қана әңгімелету жеткіліксіз, оны бір-екі аптадан қайталаған жөн. Алғашқыда шығармаға арналған суреттер бойынша, ал келесі сабақта оны әңгімелету керек.
Әңгімелесу сабақтарында бала әңгімесінің мазмұнын бақылап, оның қандай сөздерді, сөйлемдерді қолданғанын бақылау керек. Оның лексикалық қатесін түзетіп, сөйлеуінің даму ерекшелігіне қарай дұрыс әңгімелеуге бағыт беріп отыру қажет.
Бастауыш мектеп оқушыларының есту қабілеті біркелкі жетілмейді, өсе келе дамиды. Олардың естуін дамытудың, тілін ширатудың бір жолы кітап оқу арқылы болмақ. Мұғалім баланын сөзді ұғу қабілетін де әңгіме кезінде белгілі бір мерзімге дейін сөзге зейін қоюын да ескеруі қажет.
Мұғалім шығарманы өзінін қалай орындауына ғана көңіл бөліп балалардың зейінін назарынан тыс қалдырмауы керек. Егер балалардың көңілі алаңдай бастаса тәсілді дереу өзгертіп сұрақ беріп оқып отырған затты не бейнесін көрсетіп образды нақтылап балалардың көңілін аудару шарасын жасау қажет.
Мұғалім әңгімені оқығанда балалардың алдында тұруы керек. Олар оқығанда естумен қатар мұғалімнің бет пішіні мен мимикасын, ым-ишарасын да байқайтын болсын. Әрине мимика мен ым-ишара сөз мәнеріне жатпайды, дегенмен, сөйлеген сөзге қосымша ажар береді, әр түрлі сезім күйін көрсетеді.
Мимика көркем сөз оқушының ой сезімімен байланысты көрінетін бет құбылысы оны сөздің сырттай көрінісінің мәнері ретінде ерекше қолданады.
Сөйтіп ым-ишара қосымша мәнерлеу тәсілі болып саналады, көркем сөз орындаушы бұны сөз сөйлеп тұрған кезде оқиғаның мәнді жерін айқындау үшін пайдаланады. Бірақ ым ишараны орынсыз жерде көп қолданудан аулақ болу керек. Ең кажеттісі көркем сөз орындаушының суреттеліп отырған оқиғаға өз көзқарасын білдіретін көңіл күйін сездіретін психологиялық ишыратты жасау.
Бұл мәтінің қосалқы сырын ашуға себебін тигізеді, оны психологиялық кідірістің орнына да қолдануға болады, оның мақсаты тыңдаушылардың назарын аударып айтылған ойдың мән мағынасын көрсету, иландыру, зердесін жеткізу.
Мимика мен ым-ишара ауызекі сөйлегенде әсерлі шығады. Шығарманы оқып болған соң балалардың алған әсері жөнініде әңгіме жүргізу – сабаққа қойылатын талаптардың негізгі бір бөлігі. өйткені әңгімені ықыласымен тыңдаған балардың алған әсері іштеріне сақталмайды. әдетте олар әңгіме аяқталысымен ойларын бірден айтатыны белгілі. Мұғалім балалардың ойын тыңдап алған соң, өз пікірін қосады, қорытындылайды. Әңгіме не туралы айтылғанын балаларға нақтылап береді.
Мұғалім әңгімесінің ерекшелігі:
Бала есейген сайын оның танымы, тәжірибесі молая бастайды, соған орай мұғалімнің әңгімесі мазмұны жағынан күрделеніп көлемі ұлғаяды. Әңгіме айту шығармашылық жұмыс. Мұғалім жақсы әңгімеші болу үшін оны бақылап, көрген-білгенінен түйгені, білімі мол болу керек, сөйлеу мәдениетін игерген болуы тиіс. Әңгімені айтуда тек айналадағы болып жатқан өмір жаңалықтарын хабарлап қоюы жеткіліксіз. Әңгімеші тыңдаушыларына эмоциялық әсер етуі керек. Әңгімедегі іс-әрекетке оқиғаға өз көз қарасын, көңіл-күйіңді білдірумен тынбай тыңдаушыларды да бірге еліктіріп әңгімеге араластырып отыруды көздеу керек. Әңгімеші хабарлап отырған жайтқа өз көзқарасын дәл тауып айтқан сөзімен, сөз саптауымен, интоннациясымен білдіреді. Баланың түсінігіне сай мазмұнды және еліктіретін қызықты әңгіме құрау үшін жалпы мәдениеттілікпен қатар мұғалімнің ой-өрісі кең, еңбекқор, тапқырлығы да болуы шарт.
Балаларға әңгіме айтып беру.
Әңгіме айту алдында балалардың зейінін аудару қажет. Оның бірнеше тәсілі бар. Ең алдымен, балалардың өздерінің көргендеріне көңіл аударту (мұғалімнің айтайын деп тұрған әңгімесіне ұқсас оқиғаны естеріне түсіру) жөн. Бұдан соң балалардың біліміне қарай (мұғалімнің әңгімесінде айтылатын оқиғаға байланысты қысқаша әңгіме жүргізу) сурет немесе кітаптың ашық бояулы мұқабасын көрсету, әңгіме тақырыбын хабарлау сияқтыларды жүргізуге болады.
Әңгіме айтып тұрған кезінде мұғалім әлсін-әлсін әр балаға бір көз қиығын тастап отыруы керек. Сонда мұғалімнің олармен тікелей қарым-қатынас жасап отырғаны сезіледі. Алайда балалардың назарын аударып, оны аяғына дейін сақтау үшін, ең әсерлі құрал әңгімешінің шеберлігі болмақ. Оған лайықты тақырып таңдап алу, тартымды образдарды жасау, қызықты сюжет құру, хабарламаны қорытындылау, тілінің жатық бейнелі болып келуі жатады. Қай әңгіме болмасын бір ғана мақсатты көздеуі тиіс. Ол, жеткіншектерге – рухани тәрбие беру, балалардың ой-қиялын ояту, мейірімділік, адамгершілік сезімін, отанды сүюге тәрбиелеу.
Шығармашылық әңгіменің түрлері. Мұғалім балаларға әңгіме айтудың бірнеше түрін қолданады. Оларға өмірден көргендерін (есте қалғанын, бақылағанын) айтып беру, көркем шығарманы түсіндіріп әңгімелеу, сурет бойынша әңгіме жүргізу, ұлы адамдардың өмірбаяндарымен таныстыру, көркем шығарма мәтіні бойынша дайындау барысында оны қысқартып әңгімелеу, бөгде біреудің атынан айтып беру, көпшілікке арналған ғылыми мақала негізінде құралған хабарлама әңгімеге сюжет құрып айтып беру сияқтылар жатады. Осылдардың барлығы шығармашылық әңгіме.
Өмірден көргендерін (есте қалғанын, алған әсерін) әңгімелеу. Әңгіменің бұл түрі оңайлау, өйткені бұған тікелей сезіну, көру фактілері арқау болады. Мұғалім әңгіменің бұл түрінің ең қызықтысын, балалардың жас ерекшелігіне сай келетінін, тәрбиелік мәні, маңыздысын ғана таңдайды.
Сөйлеуге үйретудің негізгі әдістерінің бірі — мұғалімнің балаларды жетекші сөздер арқылы әңгіме қатыстыра білуі.
Оқылған шығарма мазмұнын әңгімелеп беруге үйретуде мұғалім шығарма мазмұнына сай сұрақтар бере білуі керек.
Мұғалім балалардың әңгімелеріндегі кейбір фактілерді толықтырып отыруға тиісті.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!