400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама: «Бейімбет Майлин – реалист жазушы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бейімбет Майлиннің шығармашылық жолы туралы мәліметтіжеткізу
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бейімбет Майлин – реалист жазушы»

Жиырмасыншы ғасырдағы қазақ әдебиетінің іргелі жанрларын қалыптастыруға айтарлықтай үлес қосып, биік белеске шығарысқан аса көрнекті суреткер жазушы, үлкен ақын әрі драматург Бейімбет Майлин – өндіре жазып, сөз өнерінің алтын қорына жататын туындылар берген бірегей дарын.
Бейімбет Майлин – ақын: әдебиеттегі алғашқы адымын өлеңнен бастады және қазақ поэзиясының дамуына өзіне лайық үлес қосты.
Майлин – реалист. Оның поэзия, проза, драматургия салаларының қай – қайсысында жазған шығармаларының алып қарасақ та, тұнып тұрған шындық: ақиқаттан ауып басқан бір де бір адымы болған емес.
Қалам қызметіне ерте араласқан Майлиннің ширек ғасыр ішінде жазған таңдаулы поэзиялық, прозалық, драмалық шығармалары – біздің бүгінгі сөз өнерімізге қосылған қымбат қазына екенін білдім. Бейімбет шығармашылығын зерттей отырып, Бейімбет Майлин өзінен кейін қолына қалам ұстағандарға анық екі қырымен өнеге:
1/. «Талант - еңбек» деп Горький айтқандай, саңлақ суреткер өлшеулі ғана шығармашылық ғұмырында өлшеусіз еңбек сүйгіштігімен «Жазушылық- жазу, жақсы жазу, жақсы жаза алсаң қалам құрғатпай жазу» екенін тынымсыз да мігірсіз іс – әрекетімен қолма – қол дәлелдеп кетті.
2/. «Әңгіме- шеберлік мектебі» деп Федин айтқандай, құдды қазақтың Чеховы секілді құдіретті зергер әрі қысқа, әрі нұсқа новеллалары арқылы шын мәніндегі әдеби шеберліктің мектебін ашып, осы жанрдағы шынайы, тап – таза, мөп – мөлдір реализмнің үлгісін көрсетті.
Суреткердің өнері өмірімен, яки өз басынан кешкен ғұмыр – тіршілігімен тығыз байланысты екенін көруге болады.
Ол өмірде нені жете таныса, өнері арқылы жұртқа да соны танытады. Бейімбеттің дүниеге көзін ашқаннан көрген – баққаны көбіне ауыл өмірі екенін білеміз. Сондықтан оның ширек ғасыр бойы, сөз өнерінің қай жанрдағы болсын, жазған шығармалары түгел ауыл өміріне арнауы тегін емес.
Кедей деп туғам, кедей деп өлем
Не көрсем де кедеймен көрем.
Кедей қуанса, кедей жұбанса
Бір елі көкке тимейді төбем, - деп жырлаған.
Ал егер Бейімбет бүгін біздің арамызда өмір сүрсе, нені жырлар еді деген сұрақ туындайды? Менің ойымша, қазақ елінің бүгінгі күні әлемге әйгілі ел болғанын, қазақ елінің жеткен жетістіктері мен бағындырған белестерін өз жырына арқау етер еді деп ойлаймын.
Егер де бүгінгі көзқараспен қарайтын болсақ, Бейімбет сол кездегі кедейлердің өмірін жете біліп, өз жырына қосып, кедейдің өткені мен келешегіне мен берген. Бейімбет әйел теңдігіне де үлкен мән берген «Байдың қызы», «Разия қыз», «Қашқан келіншек», «Зәйкүл», «Маржан» әйел теңдігіне арналған шығармалар жазған.
Әйел теңдігі, Майлин поэзиясынан елеулі орын алады. Қазақ қызының тағдыры мен өмірі туралы,әйелдің отбасындағы, қоғамдағы орны мен рөлі хақында Бейімбет қаламынан туған өлең – жырлар бірқыдыру.
Әрине, ақын әйел басының азаттығына айрықша қуанады.
Азат, әйел, қолыңды әкел!
Сен азаттық көркісің
Азаматтығың мәңгі, мәңгі,
Мәңгі – бақи беркісін!
Бейімбет поэзиясының ерекшелігі – жеке адамдардың басындағы, қоғамдық өмірдегі ескілік қалдығы мен оғаш мінез, ағат адамды сатираның өткір тілімен мінеп, шенеуінде. Бейімбет өлеңдерінің әр жолында өмір суреттері иін тіресіп тұрады. Бұл жазушының өмір тұңғиығына терең сүңгіп, өмір өзегінен өзіне керек нәрді екшеп ала білуінен туған ерекшелік деп білеміз.
Шын мәнінде Бейімбет қазақ поэзиясындағы сатира мен юмордың шаңырағын көтеріп, жанр тұрғысында қалыптастырып кеткен жазушы екенін көруге болады.
Бейімбет Майлиннің армандаған арманы, әйел теңдігі бүгінгі күні өз шешімін тапты деп ойлаймын. Себебі, қазіргі қыздарымыз өз еріктерімен жар таңдап, өзінің сүйгеніне қосылып, бақытты ғұмыр кешуде. Бұл да бір кезде әйел теңдігін аңсаған Бейімбеттің арманы еді. Сол арман бүгін де орындалып отыр. Бейімбет Майлин драматургия саласында да кеңінен қалам тербеді. «Шаншар молда», «Ауыл мектебі», «Жасырын жиылыс», «Келін мен шешей» бір перделі скетчтер, «Біздің жігіттер», «Майдан», «Көзілдірік» - көп актілі комедиялар мен драмалары бар.
Бейімбеттің өлеңдері мен поэмалары, әсіресе әңгімелері мен повестері, негізінен, 20-30 шы жылдардағы ауыл тіршілігінің көркем шежіресі деп білемін. Бейімбет өлеңдері мен әңгімелеріндегі айтылатын сыр мен шындықтың «бірталайын жаңа сөзбен таратуды» ғана емес, сол сыр мен шындықты кәдімгі тыпыршыған тірі қалпында қолма – қол, бетпе – бет, көзбе – көз тура сахнадан көрсетуді мақсат еткен де, дәл осы мақсат поэзиясындағы ақын, прозадағы жазушы Майлинді енді келіп драматургия секілді «жаңа сөзге» жетелеп әкелгенін көреміз. Мұндағы бір ерекшелік – Бейімбет пьесаларын оқығанда өмір мен оқиғаларды бел ортасынан қайта кешіп, бұрынан таныс – бейтаныстарыңмен қайта кездескендей боласың. Майлин – сатирик. Әсіресе, жаңа ауылдағы ескілікті, жаңаның жолына кедергі болар кертартпа кеселді, келеңсіздікті ащы сатирамен әшкерелеуге, сықақтап- сынауға келгенде Майлин – сатирик алдына жан салмайды. Майлин қазақ ауылындағы күні өтіп бара жатқан көнені ұлы мысқылмен түйреп, уытты күлкіге айналдыру арқылы қилы – қилы сатиралық мінез, сахналық мүсін жасаған.
Майлиннің драматургиялық шығарма ларын күлмей оқу, не көру мүмкін емес. Майлин драматургиясы – шыншыл драматургия.
Композициялық жағынан шебер құрылған сюжет өзінің шарықтау шегіне жетеді. Ақырғы тарауда сюжеттік шешім болады. Шұғаның өмірден өтуі, әркімнің де жан дүниесін күйзелтеді. Бейімбет шығармаларында көз жаздырмайтын ,үнемі оқушы назарын аударып отыратын тақырыптың бірі-бұрын күңдікте болған,адамгершілік праводан ада қалған,бала бағушы ,босаға күзетуші,отынмен кіріп от басында өксіп өткен,зат орнына сатылған қазақ әйелінің тағдыры.Ғасырлар бойы мал орнына сатылып келген қазақ қызы советтік заманда ғана азаматпын деп сезінді,социалистік құрылыстың барлық саласында-қоғам жұмысына, мемлекет басқаруға, еңбек майданына ерлермен қатар араласты.Оның «Раушан коммунист»повесі де қазақ әйелінің өмірге көзқарасын өзгертіп,коммунист атануының өзі жайдан-жай емес.Бұл шығармалардың барлығында да өмірдің шағын оқиғаларын суреттеу арқылы үлкен пікірлер айтты.Қомақты пікірді бір ғана деталь,штрих арқылы шебер көрсету,сүрлеусіз ұзақ сөйлеуден жалтару-Бейімбет творчествосының ең басты ерекшеліктерінің бірі деуге болады.Бұл жазушының өмір тұңғиығына терең сүңгіп өмір өзегінен өзіне керек нәрді екшеп ала білуінен туған ерекшелік деп танимын.
Бүгінгі көзқараспен қарайтын болсам, жастар арасындағы махаббат өз қалауымен, екі жастың еркімен шешіледі. Ешқандай кедергілер болуы мүмкін емес. Бейімбет аңсаған азат өмір, әйел теңдігі, ауыл өмірі кең тыныс алуда.Қазақ қыздары бүгінде білім алып ,ерлермен тең құқылы, министрлікте, депутаттық қызметте, әкімдік қызметте қай саланы алмасаң да өршіл,еңбексүйгіштік қасиетімен ел басқарып қызмет атқаруда.Жазушы аңсаған әйел тағдыры бүгінде тарихтан ойып өз орнын алды деп ойлаймын.

Қорыта келгенде, Майлиннің прозасы да, поэзиясы мен драматургиясы негізінен ауыл өміріне, оны түбірімен өзгертіп, қайта жасамақ боп өңін айналдырып бара жатқан беймаза мезгіл мінезін бейнелеуге арналған. Жазушы өзі таныған адам кескінін де, заман келбетін де өзгелерге тек осылар арқылы көркем жинақтап танытты. Бейімбет Майлин өнеріне өріс іздеп, толассыз толысу, жазушылық шеберлік жағынан үздіксіз өсу, жетілу үстінде болғанын көрсетті.
Бейімбет Майлиннің шығармашылығын зерттей келе, менің көзқарасым жазушыға деген ерекше болды.
Жазушы поэзия, драматургия, проза саласында жазған еңбектері бізге қалдырған асыл мұра деп білемін ,сонау заманда Бейімбет аңсаған ауыл өмірі бүгінде гүлденген, өскен елді мекендерге айналған. Халықтың санасы өзгерген, білімді, жан – жақты жастар тәрбиеленіп өсуде. Бір кезде «әйел теңдігі» деп шырқыраған жазушының арманы бұл күнде орындалды. Қазақ қыздары білім алып, ел басқарып, туған жерге қызмет етіп, өз еріктерімен отау құруда. Бейімбеттің асыл қазынасын біздер жас ұрпақ мұра ретінде сақтап, рухани азық етіп, мақтан етеміз. Егер де Бейімбет қазір арамызда, осы кезде өмір сүрсе біздің әдебиетіміздің арнасы кеңейіп, Тәуелсіздігімізді жырлаған жазушы болар ма еді деген маған ой келеді. Әрине, олай болмайды, сонда да мен үшін Бейімбет халықпен біте қайнасқан, реалист жазушы деп білемін. Майлин қаламы халық мүддесін жырлаудан ешқашан жаңылған жоқ.Социалистік Отанның шын берілген патриоты,халықтар достығының ,бейбітшілік өмірдің жыршысы болған Бейімбетті сол заманның майталманы деп білеміз. Ұлт тарихында өшпес мұрасымен із қалдырған жазушы жайлы жазған жобамды «Ұлы даланың жеті қыры» деген елбасының мақаласына қосқан біздің үлесіміз деп білемін.Мен жаңа көзқарасымды білдіре отырып,өз ұлтымның болашағына кәміл сенемін.Болашақта жазушы болып,Бейімбеттің жолын қуып,елімнің жетістігін жырлаймын және әдебиетке өз үлесімді қосамын.Менің ұсынысым бойынша міндетті түрде « Бейімбеттану» факультативтік сабақтарын мектептерде енгізу және жас әдебиет зерттеушілерінің арасында қоғамдастық құрылса. Бұл сабақтардың мақсаттары: жазушыны мақтан тұтып,оның еңбектерін бағалай білу және болашаққа көзқарас таныту деп білемін.Біздің мақсатымыз әр түрлі ғылыми жобаларға қатысып,өз еліміздің өткен тарихын,мәдениетін, туған елге деген ыстық сезімін өз бойымызға сіңіріп,тәуелсіз еліміздің өркениетіне өз үлесімді қосу,ел үмітін ақтау.Көк байрағымызды желбіретіп,туған елінің патриоты атану.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
3 наурыз
1030
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі