Баяндама Білім берудегі инновациялық технологияларды пайдалану ерекшеліктері

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Баяндама Білім берудегі инновациялық технологияларды пайдалану ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім берудегі инновациялық технологияларды пайдалану ерекшеліктері
Материалдың қысқаша нұсқасы











































Білім берудегі инновациялық технологияларды пайдалану ерекшеліктері



«Халық пен халықты теңестіретін - білім» - деп қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов айтқандай, білім бәсекесіне бейім шәкірт тәрбиелеу – біздің мақсатымыз. Инновациялық технологияларды қолдана отырып оқыту – таным әрекетін ұйымдастырудың ұтымды формасы. Инновациялық технологияны қолдану: оқып үйрену, меңгеру, өмірге ендіру, дамыту кезендері арқылы іске асады. Инновациялық оқыту білімді тереңдету мен қатар, оқушыны оқу әрекетіне жетелеп, олардың оқуға деген ынтасын оятады. Бүгінгі күні Қазақстанда білім берудің өзіндік үлгісі қалыптасуда. Педагогика ғылымында баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылыс көбеюде. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі – маңызды мәселелердің бірі. Сондықтанда оқушылардың ой-өрісін, ұлттық

мәдениетін, ұлттық рух пен сана-сезімін дамытып, алғыр тұлғаны қалыптастыру да тәрбие жүйесіндегі инновациялық іс-әрекеттердің өндірілуі үлкен жетістіктерге жетелейді.

Бүгінгі мақсат – әрбір студенттерге түбегейлі біліммен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау

«Инновация» ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Инновациялатын тілінен аударғанда «жаңа», «жаңалық», «жаңарту» дегенді білдіреді немесе "инновация" – бұл нақты қойылған мақсатқа жетуде ойға алынған жаңа нәтиже.

Инновациялық үрдістің негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Бұл яғни, бір мұғалім үшін табылған жаңа әдіс, жаңалық басқа мұғалім үшін өтілген материал тәрізді .

Қазіргі оқу орындарымен педагогикалық ұжымдар ұсынылып отырған көпнұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұнымен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибе де сынап, қараудың маңызы зор.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқада көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; баланың өзбетімен әрекеттену әдістерін меңгерту; баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту; әр оқушыны оның қабілетімен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту; барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу; оқу үрдісін оқушының сезінуі

Бүгінгі танда білім берудің ұлттық жүйесі өте маңызды, қарқынды өзгерістердің сатысында тұр. Қазіргі кезде қоғамдарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Сондықтанда қазіргі уақытта мамандық атаулының барлығы дерлік бейімділікті, ептілікті, ерекше ой қызметін ғана емес, мектеп ұжымынан үлкен жауапкершілікті, қызу белсенділікті талап етеді. Инновацияның өмірге енуі білім беру мекемесінің жұмыс істеуіне себепші болатын ішкі жағдайларға байланысты. Инновацияның кажеттілігі сыртқы себептерменде анықталады, мынадай бірқатар себептерге байланысты: адамдардың мұқтаждылығын қамтамасыз ету қажеттілігі, оқушыларыдың білімге, дағдыға шеберлікке деген ұмтылысы, жоғары сапалы білім алудағы жеке тұлғаның дамуы

Білім берудің мақсаты, оның ұйымдастырушылық құрылымы, технологиялық жағынан жабдықталуын, оқыту әдістемесі коғамның әлеуметтік сұранысынан туындайды. Бұған дейін білім беру үрдісінің негізгі бөліктері: мақсат —>мазмұн —>форма —>әдіс —>оқыту көрнекілігі болса, бүгінде жаңа технология бойынша оқып үйрену —>меңгеру —>өмірге ендіру —> дамыту болып өзгерген.

Егемен еліміздің экономикасымен саясатының, біліммен ғылымның тұтқасын өзге емес, өз еліміздің азаматтары ұстауы керек. Оның негізі бүгін қалануы тиіс. Бұл міндетті шешетін — болашақ қазақ мектебі. Құрғақ қиялдан болашаққа нақты ұсыныс керек. Инновациялық оқыту білімді терендету мен қатар оқушының оқу әрекетіне жетелеп, олардың оқуға деген ынтасын оятады. Казіргі кезде педагогикалық технология ұғымы педагогикалық лексиконымызға бері кеніп келеді.

Технология – бұл қаңдайда болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы деген ұғымды білдіреді. Әдістемелік ізденіс — жаңалыққа жол ашу. Мұғалімдер әдістемелік ізденістерді басшылыққа ала отырып, еңбекті сабақ үрдісінде білулері керек. Қазіргі кезде көп айтылып, талқыланып жүрген жаңалықтарды оқыту үрдісіне енгізу, яғни, инновациялау инновациялық үш бөлімнен тұрады:

1 бөлім. Кәсіби шеберлік

2 бөлім. Біліктілік дағдылары

3 бөлім. Жүзеге асыру, қолдану.

Қазіргі заманғы білім беру мазмұнындағы осы өзгерістердің барлығы – оқытудың негізгі мақсаты. Оқушылардың танымдық ой белсенділігін қалыптастыруда ойын сабақтарын өткізу оқушыларды ө збетінше ізденуге, ойлау қабілетін арттыруға, тапқырлықка баулиды. Сондықтан оқушылар сұрақтармен сөз жұмбақтарды шешу үшін өтілген материалды үнемі қайталап отыруды әдетке айналдырады. Оқушылардың сабаққа деген ынтасы артып, олардың шығармашылық ой-өрістерін, түсінік-танымдарын еселеп, арттыра түседі.

Өз қызметімнің бір саласы бойынша колледж бойынша өткізілетін ашық сабақтар мен күнделікті сабақтарға жоспар бойынша қатысып, талдау жұмыстарын жүргізіп отырамын. Ол қатысқан сабақтарымның бірнешеуіне тоқталып өтсем.

Электронды оқулықтарды тиімді пайдалану да инновациялық технологияның жүзеге асырылуын жетілдіретін мүмкіндік деп ойлаймын. Жаратылыстану пәндері бойынша математика, физика және химия пәндерінде электронды оқулықтарды пайдаланып, сол арқылы салыстыру жұмыстары, сәйкестендіру тапсырмалары, зертханалық жұмыстар және бақылау жұмысы тапсырмаларын орындау мүмкіндіктері қарастырылған

.

«Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйыймдастыру және көліктегі қозғалысыты басқару» мамандығы бойынша білім алатын ІІ курсына өткізілген «Дизельді пойыздар» тақырыбында өткізген арнаулы пән оқытушысы Гулсара Қабдолованың ашық сабағында CLIL әдістемесінің элементтерін тиімді қолдана отырып, үй тапсырмасы кезеңінде Kahoot бағдарламасы бойынша тест жұмысы орындалды. Кахот программасы студенттердің пәнге қызығушылығын арттырады, қолдарындағы смартфон арқылы кіруге мүмкіндіктері бар, тест жұмысын тез әрі, қызықты өткізеді, қолжетімді және студент өз қатесін тексеріп отырады, студенттердің бір- бірімен жарыса жұмыс жасауларына мүмкіндік береді.

Сабақ барысында тілдік мақсаттарды жүзеге асыруда топтық әдіспенжаңа сөздерді

«TRUE OR FALSE» активитиі бойынша қайталату жұмысы жүргізілді. Жұмыс барысында берілген термин сөздерді 3 тілде өзара байланыстырып алады, кейін интерактикті тақта көмегімен осы жұмысты тексереді. Бұл активити 3 тілде сөздерді жаттауға тиімді және жоғары пән аралық байланыс орнату болды.

Тағы бір қатысқан сабақтарымның бірі «Электр жабдықтары» мамандығының «Электр жабдықтарына қызмет көрсету электромонтері» біліктілігінде оқитын ІІ курс студенттеріне өткізген арнаулы пән оқытушысы Абитов Серіктің «Слесарлық жұмыстарды орындауға арналған қол аспабы мен құралдары» тақырыбындағы сабағында білім мен қызмет тәсілдерін меңгеруді бақылау және өзіндік бақылаукезеңінде Quizizz бағдарламасыарқылы тест сұрақтарына жауап берді.Quizizz бағдарламасын қолдану барысында тест сұрақтарын жасауда әр түрлі мүмкіндіктерді пайдалануға болады. Тек сөзбен берілген сұрақтар ғана емес, салыстыру, сәйкестендіру, графикалық үлгідегі тест сұрақтарын жасай алуға болады. Сұрақтардың жауаптарын сол сәтте шығара алады. Quizizz бағдарламасы Блум таксономиясы бойынша бағалаудың жетістіктеріне жетуге мүмкіндік бере алады.

Ең бастысы ойындар оқушылардың көңілін өз бетінше ізденушілікке аударып, қабілетін арттырады. Ойынның әлеуметгік бейнесін зерттеуші белгілі психолог Д.Б.Элькониннің сөзімен айтсақ: "Ойын - ол адамдардың арасындағы әлеуметгік ара-қатынас, практикалық білімдері және қызметі". Оқуойындарынқолданудыңжағымдыжақтарынатоқталсақ:

  • ойындар абстрактілі оқытуға қарағанда өз тәжірибесімен оқытуға мүмкіндік береді;

  • ойындар ойын басшысының тәжірибесіне немесе дағдысына тәуелсіз;



  • ойындар интуицияны жаттықтырады, мәселені шешу қабілеттілігін және қажетті әлеуметтік мінезқұлықтың түрін таңдауға, үрдістер мен құбылыстардың деректерін түсінуге, стратегиялық баламалы шешім қабылдауға, тәуекелге бел байлауға үйретеді.

Ойындар жеке мәселелерді оқуда және шешуде қабілетті әрі қарай арттыруда, ойынға қатысушылар оқытушының ролін ойнап, бірін-бірі белгілі бір деңгейде оқытады, бірақ әрқайсысы бір ойында өздерінің қабілеттілігі мен қажетгілігіне қарамай көп нәрсеге үйренеді. Оқушылар әрбір сабақтан мол білімділік, тәрбиелік, дамушылық алу керек. Сондықтан пәнаралық байланыс арқылы сабақтың біліми, ғылыми сипатымен қатар оның тәрбиелік танымдық, адамгершілік мазмұнда ұйымдастырылуын ойластырған абзал. Оқыту үрдісі кезінде сабақтағы басты тұлға білім беретін мұғалім емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын оқушының болуы. Білім беру саласындағы қазіргі оңды өзгерістер әрбір мұғалімнен өз ісіне мұқияттылықты талап етеді. Нағыз өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге ие бола алады. Ал білікті маман болу үшін көп ізденіс керек екені даусыз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Назарбаев Н. "Қазақстан - 2030" Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл- ауқатының артуы, Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. -Алматы: Білім, 1997. -1766.

  2. Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы», - «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, Педагогикалық шеберлігі орталығы, 2015

  3. Жошыбаева Г. Ұлттық мектеп-ел еңсесі. "Қазақстан мектебі", №12, 2003.- 13 6.

  4. Қоянбаева С. Танымдық қызығуды белсендіру. "Қазақстан мектебі", №6, 2003

  5. Границкая А.С. Научить думать и действовать. Адаптивная система обучения в школе. - Просвещение, 1991.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.02.2025
135
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі