жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
баяндама Биология сабақтарында САSЕ-SТUDY әдісін қолдану.
«Павлодар қаласы Кенжекөл орта жалпы білім беру мектебі» ММ
Биология сабақтарында САSЕ-SТUDY
(КЕЙС-СТАДИ) әдісін қолдану.
Зардхан Нуршаш Зардханқызы, биология пәнінің мұғалімі
XXI ғасырдың ғаламшарымызға табанын тіреп, төрімізге жайғасқанынан бері он бес жыл өтті. Түбегейлі өзгерістер өміріміздің барық саласын қамтуда. Бұл өзгерістер инновациялық технологиялардың дамуына, зияткерлігі жоғары аламдарға деген сүраныстың артуына әкеліп отыр. Олай болса, білім саласы да өзгерістерді қажет етеді.
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлыгымен Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. «Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады»[1]. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 25 маусымындағы №832 Қаулысымен «Қазақстан Республикасының оқушыларының функционалдық сауатылығын арттырудың 2012-2016 жылдарга арналган Үлттық жоспары» бекітілді. Бүл жоспар оқушыларымыздың алған білімдерін қолдана білуге, шешуші қүзырлықтарды меңгеріп, әлемдік білім кеңестігіне еркін енуіне жол ашты.
Білім беру саласындағы мемлекет қойып отырған міндеттерді орындау мектептен басталады. Ал мектептегі өзгерістерді іске асыратын мүғалім екені белгілі. Заманауи мектепте мүғалім оқушыны өз бетімен білім алуға, ойлана білуге жетелеуі тиіс. Осы түрғыда биологиялық білімнің де маңызы зор. Биология сабақтарында адам, табиғат, қоғам жүйесінің біртұтастығы туралы көзқарас қалыптасады. Зерттеу негіздері іске асырыладыБұларды іске асырудың бір жолы жаңа педагогикалық технологияларды үтымды қолдану»болатыны сөзсіз. Кейінгі уақытта мектепте қолданыла бастаған жаңа әдіс кейс-стадиді қолданудың тиімділігі туралы ой бөліспекпін.
Кейс -стади тәсілі немесе оқытудың нақты жағдаяттар әдісі XX ғасырдың басында Америка Қүрама Штаттарының Гарвард университетінің бизнес мекгебінде пайда болған. Кейс амал-тәсілі алғашқы кезде бизнес мектебінде ғана қолданылып келсе, бүгінде бұл әдіс арқылы оқытудың қолданылу аясы кеңіп, ол қүқық, мәдениеттану, медицина және баска да салаларда жемісті қолданылуда. Қазір кезде кейс-стади тәсілі педагогикалық үрдісте де қолданыла бастады. Бұл әдіс оқушылардың пәнге деген қызығушылыгының артуына. білімді терең меңгеруіне, ақпаратпен жүмыс істей алуына, әр түрлі жағдайларды саралап. өз ойларын еркін айтуына мүмкіндік береді. Кейс дегеніміз :
-
накты болған жағдайды сипаттау.
-
шынай өмірдің бір кезеңі.
-
өмірдің бір салаасында болған оқиға, оның міндеті оқушылар арасында пікірталас тудырып, сол жағдаятты талдап, оның шешімін табуға итермелеу.
Кейсті құрастыру дереккөздері:
-
Проблемалық ситуациялар
Проблемалық ситуациялар қолданылған кейс мысалдарына 9 сынынта экология тақырыбына берілген кейстерді айта адамын Ол кейстерде Каспий, Арал, Балқаштың экологиялық жағдайы сипатталады. Сол кейстерде берілген деректерге сүйене отырып, проблеманы шешу жолдарын іздейді.
-
Қызықты тарихи оқиғалар
Қызықты гарихи оқиғаларға құрылған кейс түріне Бұқар жырауға егінші шаруалар келіп: «Егінді қай жерге ексек көп өнім аламыз?»- деп сұраған екен. Бұқар құрт- құмырсқасы көп жерге қолын сілтеп жүріп кеткен екен. Бұның мағынасы неде? Құрт- қүмырсқалардың егіншілікке қандай пайдасы бар? Зияны болуы мүмкін бе? Мол түсімалудың қандай жолдарын атар едіңдер деген сүрақтар қойылады. Дарвинге шаруалар келіп: «Бедеден алатын түсім азайып кетті. Себебі не?»- деп сұрақ қойыпты. Мәселені зерттеген соң Дарвин «мысық асыраңдар»,- деп кеңес берген екен. Мысық пен беденің түсімі арасында қандай байланыс болуы мүмкін. Тарихта болған атақты адамдарға байланысты осындай кейстер оқушының қызығушылығын тудырады.
-
көркем әдебиет
Д.Исабековтың «Дермене» повесінен үзінде бере отырып, біздің аймағымызда қандай дәрілік өсімдіктерді өсіру мүмкіндігі бар, оның қандай пайдасы болуы мүмкін. Оны өңдеу проблемаларын қалай шешеміз деген сүрақтарға жауап іздейді.
Мен оқушыларым қүрастырған әңгімелерді кейс түрінде қолданамын. Мысалы экологиялық кейс ретінде оқушы жазған жазғы демалыс туралы әңгімені оқушыларга талқылауға ұсынамын. Сол арқылы табиғатта демалу ережесін жасап шығарады.
Кейсті ұсыну түрлері:
Баспа кейстер
Мультимедиа кейстер
Видео кейстер
Кейстерің көлемі де әртүрлі болуы мүмкін- бірнеше сөйлемнен түратын кейс, бірнеше беттен тұратын кейс. Өте көлемді кейстерді қолданудың тиімділігі жоқ: біріншіден- сабақта уақыт шектеулі, екіншіден- оқушыны жалықтырып жіберуі мүмкін. 5,6 сыныптарда кейспен жүмыс 5-7 минутан асып кетпегені дүрыс, 7,8 сыйыптарда 10-15 минут тиімді болса, жоғары сыныптарда 20-25 минуттан артпағаны жөн.
Мұғалімдер пікірталас жүргізу дағдыларын қалай жақсартуға тырысты:
Олар негізгі үш тәсілді пайдаланды. Оқушылардан мыналар талап етілді:
• өз ойларының барысын
түсіндіру;
• серіктесін сендіру, сонымен қатар
• серіктесінен өтіну, оларды сендіру.
Мұғалімдер сапалы пікірталас жүргізуге ықпал жасау үшін
төмендегілерді қоса отырып нақты тіркестер келтірді:
• … екеніне мені сендіріңіз ...
• басқа оқушыны … екеніне қалай сендірер едіңіз
• Сіз неге …. деп ойласыз
Оқушылар сонымен қатар түсініктер мен мысалдар суреттелген
плакаттар дайындауы тиіс.
Мұғалімдер пікірталас жүргізу сапасын жақсартуда оқушыларға көмек көрсету мүмкіндігін дәлелдеді. Соңғы сабақта мұғалімдер көптеген оқушылардың, тіпті үлгерімі төмен оқушылардың да серіктестеріне нақты түсініктер беріп, басқалардың айтқанын сын көзінен өткізіп отырғандығын сүйсіне айтып өтті. Бақылау көптеген оқушылардың мұғалімдер мысалында келтірілген сөйлемдерді пайдаланғандығын байқатты. [2]
Кейс әдісін қолдану үшін мүғалім кейстер жинақтамасын жасауы қажет. Ол кейс бойынша талқыланатын сұрақгар, тапсырмалар ойластырылуы керек.
Кейс қолданып өткізілетін сабақ бірнеше кезеңнен тұрады.
1. Дайындық кезеңі. Мұғалім жағдаятты ойластырады. Оған тапсырмалар дайындайды. Осы уақытта мұғалім ғаламтор, көркем әдибиет мүмкіндікгерін, бұқаралық ақпарат құралдарындағы материалдарды қарастырады.
2. Таныстыру кезеңі. Бұл кезеңде жағдаяттың сипаттамасы беріледі. ақпараттық материал таратылады. Сөздік беріледі.
-
Негізгі кезең. Мұғалімнің кіріспе сөзі. Оқушыларды топқа бөлу. Оқушылардың материалды оқып талқылауы. Шешімді табуы.
4.Қорытынды кезең. Топтың жұмысын тыңдау. Мұғалімнің қорытынды сөзі Бағалау. [3]
Кейс әдісі келесі дағдыларды дамытады:
1.Аналитикалық дағдылар. Бұл оқушылардың қисында ойлауын дамытатын дағдылар. Ақпаратпен жұмыс жасау барысында өте қажег. Оқушы қажетті ақпаратты тауып, ондағы маңызды деректерді маңызы аз деректерден ажыратады, түсіп калған ақпараттың орнын толтырады. Бұл жүмыс жоғары сыныптарда өте қажет. Орта буында осыган дайындық жұмысы ретінде сүрақтар қою, сұраққа жауап беру, болжам жасау дағдылары қалыптасады. Кей жағдайда оқушылар қажетті ақпаратты ғаламтордан іздеп, оларды саралайды. Мысалы, 8 сыныпта кейсті талдау барысында оқушыларға жүрек трансплантациясы туралы ақпарат қажет болды. Олар ақпаратты тауып, қажет ақпаратты бөліп алып, оларға талдау жасады. Трансплантапияның Қазақстанда дамуы туралы хабарлама әзірлеп, оның дамуына бөгет болатын факторларды атады
2. Тәжірибелік дағдылар. Оқушыларга өмірде қажетті тәжірибелік жағдыларды игеруге мүмкіндік береді. 9,10 сыныптарда экологиялық кейстерді орындау барысында модельдеу, график құру сияқты тәжірибелік дағдыларын дамытады.
3.Шығармашылық дағдылар. Оқушылар кейсті шешудің түрлі жолдарын қарастырады, соның нәтижесінде логикалық ойлауы дамиды, шығармашылық тапсырмалар орындайды.
4.Коммуникативті дағдылар. Мұғалім оқушылардың қарым-қатынас дағдысын дамытуға көп мән береді. Олар бір-бірімен сыйластықта жұмыс істеуге, өзгенің ойын тыңдауға, пікірталас жүргізуге, өз ойын нақты деректермен дәлелдеп сөйлеуге, көрнекіліктерді ұтымды қолдануға дағдыланады. Оқушылар ортақ ойды қорыта отырып постер, кластер жасап, оны қоргауды үйренеді.
5.Әлеуметтік дағдылар. Талқылау барысында нақты әлеуметтік дағдылар қалыптасады: адамдардың өзін - өзі бағалау тәртібі, тыңдай білу, дискуссияны қолдау немесе қарама - қарсы көзқарасты дәлелдеу, ягни, өзін өзі үстау және т.б.
6. Өзіндік саралау. Пікірталас кезінде келіспеушілік басқалардың және өзінің пікірін жете түсінуге және талдауға септігін тигізеді. Туындаған моральдық және этикалық мәселелер оларды шешудің әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруды талап етеді.
Бұл әдістің тиімділігі, ол басқа оқу әдістерімен оңай байланысуы мүмкін. Мысалы, жыртқыштермен күрес туралы кейсте Скандинавия елдері мысалдарында жыртқыштармен күрестің зардаптары айтылады. Сонымен қатар жыртқыштардың санының артуы да үлкен шығынға әкеледі. Оқушылар осы проблеманы шешу жолын іздейді. Кейсті ойын әдісімен де байланыстыруға болады. Мысалы рольдік ойын арқылы орманшы, дәрігер, саяхатшы рольдерін бөле отырып. батпақты орманға айналдырудың қандай пайда, зияны бар екенін аштыруға болады. Миға шабуыл әдісі арқылы жағдаятқа қатысты барлық ойларды жинақтауга болады. Пікірталас арқылы түйінді мәселе және оны шешу жолдарына байланысты ойларын айгады. Оқушыларды белгілі бір проблеманы жақтайтындар немесе қарсылар деп бөлуге болады. Мысалы, 10 сыныпта мутация тақырыбы бойынша қолданылған кейсте радиацияның мутагендерге жататыны жазылған. Бірақ атом энергетикасын қолдану энергияның тапшылығын болдырмайтыны да шындық. Ендеше, Қазақстанда атом энергетикалық станциясын салу қажет пе деген сұрақ пікірталас тудырады. Сол арқылы оқушылардың диалогтық, монологтық сөйлеу дағдылары дамиды.
Жұмыстың дені топта орындалғандықтан, топка бөлудің әр түрлі стратегиялары қолданылады. Ол жұмыс та оқушының білімін тексеру арқылы іске асырылады. Мысалы, «Жүректің құрылысы» тақырыбы бойынша кейспен жұмыс істер алдында топқа бөлу үшін лейкоциттерге, эритроциттерге, тромбоциттерге қатысты дерек жазылған қағаздарды таратамын. Сол арқылы өткен тақырыпты қалай меңгергенін білемін. Мақал-мәтелдер, өлең жолдары арқылы топқа бөлу де сабақта әдебиетпен байланыс орнатуға ықпал етеді. Топтық жұмыс барысында оқушыларды сырттай бақылап, олардың қарым-қатынасына талдау жасап отыру қажет. Кейде топтың талқылауын тыңдай отырып, оларға бағьгг- бағдар беруге де болады. Оқушылардың талқыланып жатқан кейс тақырыбынан ауытқып кетпеуіне назар аудару өте маңызды.
Кейс әдісі мұғалімнің де кәсіптік құзыреттілігін жоғарылатудың нақты тәсілдерінің бірі. Себебі кейсті даярлау барысында мұгалім көп ізденеді. Ақпаратпен жұмыс істей отырып одан сапалы, талапқа сай кейс жасау үшін тапсырмалар әзірлейді. Оның үстіне педагогтың шеберлігін қажет етеді. Өйткені кейсті қолданудың қатып қалған қағидасы жоқ. Әр кейстің атқаратын қызметіне байланысты жұмыс түрлерін өзгертіп отыруға болады.Жұмыс барысында оқушылардың жас ерекшеліктерін, олардың дайындық деңгейін де есепке алу қажет. Оқушылардың жұмыс дағдысы тек 5-6 кейс бойынша жұмыс істеген соң ғана қалыптаса бастайды. Қарапайым кейстерден бастап, бірте-бірте күрделендіру орынды. Дайындық жұмысының көп уақыт алатыны сөзсіз. Жұмсалған уақыттың өтеуі оқушылардың қызығушылықпен жұмыс істеуі. Дұрыс құрылған кейс оқушының сабыққа ынтасының артуына ықпал етеді, ой-өрісін кеңейтеді. Оқушылармен өткізілген әңгіме кейспен жұмыс істеудің тиімді екенін көрсетіп отыр. Олай болса, бұл әдісті мектепте қолданудың болашағы бар.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
-
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арна; мемлекеттік бағдарламасы, 2010 жыл 7 желтоқсан.
-
Деңгейлік курстарға арналған қосымша материалдар.
-
Еремин А.С. Обеспечение учебной работы с использованием кейс-метода // Инновации в образовании. - 2010. - №4.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген