ХХІ ғасыр-жаңа технология мен ақпараттандыру
ғасыры. Өскелең елдің айбынды болашағы үшін – ең әуелі сапалы білім
қажет. Ол үшін еліміздің білім саясатындағы әлеуетін жұмылдыру,
ғылымның басым бағыттарын дамыту жолындағы ресурстарды
шоғырландыру, оның жетістіктерін өндіріске енгізу инновациялық
дамудың негізгі көзі. Сондықтан,бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы
білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі заманда елдің
бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен
анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес
дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс –тәсілдермен оқытып, ой –өрісі
кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы
себептен туындап отыр. Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды
дамытқан бұл үрдістің жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле
бастауы көңілді қуантады.
Осыған байланысты қазіргі
таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар, өзгерістер мен
жаңалықтар мұғалімнің өткені мен бүгіні, келешегі мен болашақ жайлы
ойланып, жаңа идеялармен жұмыс жасауға негіз болады. Елбасымыздың
жолдауында айтқандай: Болашақта өркениетті дамыған елдердің
қатарына ену үшін, заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды
дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін – білім. Ғылым мен техниканың
күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымының теориясы мен оқыту
үрдісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Соған орай оқытудың
парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас
пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың
әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру,
оны тиімді қолдана білу міндеті
тұр.
Жаңа бағдарлама бойынша жаңаша
көзқарас қалыптасып, білім деңгейі биікке көтеріліп
келеді.
Бүгінгі білім беру жүйесінің ерекшелігі -
білім алушының қандай да бір іс-әрекетке құзіреттілігін дамыту,
арттыру, қалыптастыру. Біз оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын
бағалаудан оның құзыреттілік қасиетінің қалыптасуын бағалауымыз
керек, қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты
рөлде оқушының құзыреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін
дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынасу, өзін-өзі дамыту,
өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған. Сол себептен
оқытуға деген көзқарас өзгеріп отыр, оқыту нәтижесін бағалауда да
жаңа бағытқа ие болуда.
Қалыптастырушы бағалаудың
мақсаты (формативті) -күнделікті оқу үрдісінде
оқушылардың ағымдағы білім деңгейлерін анықтау үшін және мұғалім
мен оқушы арасында өзара байланысты орнату үшін қолданылады. Ол
бағалау күнделікті оқу үрдісі кезінде жүргізіледі, оқушыға өз
жұмыстарын өңдеуге және жоғары нәтижеге жетуге көмектеседі,
мұғалімге оқушының материалды меңгергені туралы ақпарат жинақтауға,
талдауға және жоспарлауға мүмкіндік береді. Қалыптастырушы
бағалауды көбінесе «оқушының дүниені тануын бағалау және білім
беруді жақсарту үшін бағалау» деп атайды, себебі, ол оқушының жеке
басының дамуы мен қалыптасуына көмектеседі. Бұл бағалау жүйесі
мұғалімнің әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізуіне мүмкіндік береді,
оқушының материалды меңгермегендігін басынан-ақ байқауына, оқушы
білімін диагностикалауына мүмкіндік беріп, мұғалімге оқу үрдісін
басқаша ұйымдастыруға көмектеседі, ал оқушыға – өзінің білім алуына
деген үлкен жаупкершілікті сезінуді жүктейді. Бағалау – бұл
оқушының ілгерілеу дәрежесін анықтаудан гөрі кең ауқымды нәрсе.
Бағалау оқушының өзінің таным үрдісіне қызығушылығын арттырып, оны
алға жетелейді. Осы орайда қалыптастырушы бағалау басқа бағалау
әдістерімен салыстырғанда оқушыға материалды тереңірек түсінуіне
көмектеседі, сонымен қатар сол материалды сараптап, өмірде қалай
қолдануға болатындығы туралы ойлануын оятады. Қалыптастырушы
бағалау жиынтық бағалаумен салыстырғанда оқушы мен мұғалім арасында
кері байланысты қамтамасыз етеді. Бұл бағалау шеңберінде
мұғалімдерге оқушылардың жетістік деңгейін тексеріп отыратындай,
қандай да бір қабілетін айқындайтын қалыптастырушы тестілеу және
қолданылып жүрген түрлі әдістер мен формалар ұсынылады. Бағалау
үрдісіне мұғаліммен қатар оқушының өзін қатыстыруды талап етеді.
Өзін-өзі бағалау мен өзара бағалау түрлерін қолдануды, тиімді
керібайланыс жасауды, ол үшін сұрақты дұрыс құруды, бағалау үшін
критерий қолдануды ұсынады. Бұл ретте оқушылар өздерінің білімін
қандай дәрежеде екенін айтып, алда нені жетілдіру керектігін
тұжырымдайды. Осындай рефлексия кезінде алған білімдерді бекіту
жүзеге асады, жаңа ұғымдарды енгізумен бірге белсенді қайта құруды
елестету, «менімен сәйкес келетін» білімді меншіктеу сияқты жаңа
мағына туындайды, ұзақ мерзімді білімдер қалыптасады. Оқушылар өз
ойларын сөзбен жеткізуге тырысады немесе графиктік түрде еркін
дәйектілейді, өз пікірлері мен идеяларын басқа оқушылармен
бөліседі, өз жеке бастарының ойлану операциясын сараптайды.
Қалыптастырушы бағалау әдістемесін қолдану қазіргі таңда мұғалім
жұмысын бағалаудың жаңа жүйесінің маңызды критерийлері болып
табылады. тттттит