Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Баяндама "Дарынды оқушымен жұмыс түрлері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Дарынды оқушылармен жұмыс жасау қарастырылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЛДДддДдааа
Дарынды оқушымен жұмыс

Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында білім беруді инновацияландыруға сай икемдеу үшін білім беру жүйесін ақпараттындыру, жаңа талапқа сай дамыту талабы қойылып отыр. Осы талапқа сай бүгінгі таңда білім беруде жеке тұлғаны дамыту, дана және дара ойлай алатын дарынды баланы оқыту мен тәрбиелеу жолдарын айқындау қажеттігі айқын.


Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, өнуі, әлемде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты. Сондықтан да, мемлекет басшысы болашақта қазақ елінің көсегесін көгертіп, ғылымын көркейтер деген үмітпен жас дарындарға үлкен назар аударуда, қолдау көрсетуде. Осы орайда қандай да болмасын білім беру мекемесі оқушыларға мемлекеттік білім стандартына сай білім берумен шектеліп қалмай, оларды ғылыми ізденіс жұмыстарға тартып, шығармашылық, дарындылық қабілеттерін дамыту бағытында жұмыс жүргізуі тиіс.


Қазіргі білім берудің мақсаты білім, білік, дағдымен қаруландыру ғана емес, солардың негізінде дербес өзгермелі қоғамда лайықты өмір сүріп, жұмыс жасай алуына, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке ақпаратты өзі іздеп тауып, ұтымды пайдалана алатын, жан-жақты дамыған, білімді, өз ісін және өзгенің ісіне әділ баға бере алатын жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етіп отыр.


Мектеп – білім берудегі бар мүмкіншілікті қамтамасыз ететін білім ошағы. Өз ұлтын, тілін сүйіп, қастерлейтін адам ғана, сонау әлімсақтан мирас болып келе жатқан ата-ананы, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық, мейірбандық, инабаттылық көрсету сияқты ізгі қасиеттердің иесі бола алады. Қазақ жастары осындай ұлтжандылығымен, өздеріне тән ұлттық болмысымен және рухани тазалығымен ерекшеленуі тиіс. Ар-намысын жоғары ұстаған ел ғана басқа ел алдында әрдайым абыройлы, сыйлы болмақ. Міне осы тұрғыда мектеп мұғалімдерінің алдындағы басты назар аударатын міндеттердің бірі білімді де тәрбиелі тұлға тәрбиелеуге бар күштерін жұмылдыру. 


Бүгінгі білім берудегі тәжірибе оқушылардың әртүрлілігін көрсетіп отыр. Білім берушінің алдындағы басты назар аударатын негізгі міндеттердің бірі – дарынды балаларды анықтап, оларға адамгершілік қасиеттерді дарыту, шығармашылыққа үйрете отырып, терең біліммен қаруландыру. Интеллектілері шығармашылыққа жақын сараптай алатын, байланысын сезе алатын өте жақсы дамыған оқушылар өз қатарларынан өзгешелініп тұрады. Олар өздерін қызықтыратын сұраққа үнемі жауап іздеп, білімқұмарлықтарымен және өзіндік ізденімпаздықтарымен көзге түседі. Дарынды балалар мектепке баруға құлшынады, сабаққа барған кезде осындай дарынды балалармен қиын жағдайға ата-аналарда, оқытушылар да тап болады. Осындай білімқұмар балаларға сынып іші жалықтырып жібереді. Мұғалімдер сынып ішіндегі барлық баламен жұмыс жасауы үшін тырысып бағады, себебі бір сыныпта дарынды баламен қатар, қабылдауы төмен балаларда отырады. Оқу бағдарламасын барлығына дерлік ұғындыру, барлығымен жұмыс жасау мұғалімге қойылатын басты талап. Ендеше, осындай жағдайлар дарынды баланы жалықтырып алмау үшін арнайы жұмыс жасау қажеттігін көрсетіп отыр.


Бүгінгі таңда дарынды бала сөзі жиі қолданылып жүр. Дарындылық — адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Қазіргі таңда барлық оқушы дарынды оқушы. Бұл қасиетті байқап, оның бар екеніне көзжеткізіп, бойындағы дарынын одан әрі өрбітуге, ұштауға, арман асуларын жұлдыздай жарқырап, тау бұлағындай мөлдіреп, халқының, ата-анасының мақтанышы болуға мүмкіндік жасау мұғалімге артылатын жүк.


Дарындылық – баланың алғырлығы, зерделігі, қабілетімен дамып отыратын үздіксіз процесс болғандықтан, айрықша табиғи қабілеті мен нақты пәндерден ерекше дарындылығы бар балалардың интеллетуалдық қабілетін дамыту, шығармашылық тұлғаларды қалыптастыру. Дарындылықты қалыптастыру мен дамытуда мұғалімнің алар орны ерекше. Осы орайда білім алушының қабілетін айқындай отырып, дарындылығын анықтау — баланың дамуын бағдарын талдаумен байланысты ұзақ процесс. Осы тұрғыда алдымен дарындылық ұғымын анықтап алсақ. «"Дарындылық"» ұғымы "сый" ("дар") деген сөзден шыққан, дамудың алғышартын білдіреді. Бұл ұғымға педагогикалық энциклопедияда төменгідей анықтама беріледі. "Дарындылық — белгілі бір іс-әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғарғы деңгейі".


Балалар дарындылығын зерттеумен және ерекше балаларды оқыту және тәрбиелеудің психологиялық — педагогикалық жақтарын қарастыру қырлары әр қилы болуы тиіс. Қазіргі күнде ерекше қабілетті балаларды іріктеп, олардың әрі қарай дамуы үшін жағдайлар жасауы керек екендігі анық. Себебі, баланың қабілеттері мен таланттарын толық ашу өзіне ғана емес, мемлекетке де қажет болып табылады. Жаңа технологияларды практикаға енгізу және игертудегі сапалы қадамның сандарынан қоғамның стандартты емес ойлау қабілетіне ие, өндірістік және әлеуметтік өмірге, жаңа мазмұн енгізетін, болашаққа қатысты жаңа міндеттерді қойып, оларды шеше алатын мамандарға деген қажеттілік өсті.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы және адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Осы мәселе негізінде дарындылықты анықтап алу негізге алынуы шарт.


«Бұлақ көрсең көзін аш» деген ұлағатты сөзге сүйеніп, бар мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілетін дарынын ашу — мұғалім міндеті, бала бойындағы ерекшелікті, қабілетті танып, соған бағыттап дарынды баланың болашағының ірге тасы дұрыс қалануына мүмкіндік жасауымыз қажет. Дарынды баламен жұмыс жасаудағы бағыт оқу бағдарламасын тереңдетіп, оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Дарындылықты анықтауда бірнеше жақта қарастырылды. Олар: интеллектуалдық дарындылық, шығармашылық дарындылық, әртістік дарындылық, музыкалық дарындылық, техникалык дарындылық және спорттық дарындылық. Баланың жанына жақын дарындылықты дәл тауып, соны жандандыруға жұмыс жасалынғанда дарынды баламен жұмыс өз нәтижесін табады.

Дарындылық — жеке тұлғаның өте күрделі, көп аспектілі қыры. Дарындыларды шығармашылық жолға бағыттап, оны іске асыра білу және ғылыми — білім кеңістігінде қалыптасқан жеке тұлға үшін мына талаптар мен міндеттерді оқытушы ескеруі керек.


Міндеттері:
— оқу процесін тиімді ұйымдастыру;
— өзін-өзі бақылау мен өз білімін жетілдіру;
— жеке тапсырмалар беру арқылы оқыту;
— жеке тұлғаның қасиеттерін, қабілетін анықтау.
Осы міндеттерді орындау үшін және оқушылардың дарындылығын анықтауға қойылатын талаптар:

 

1.Шығармашылық:
-ойлау;
-қабілет.

 

2.Мотивация (жеке-мотивациялы ерекшелік). 
• күрделі тапсырмаларды шешуге ұмтылыс;
• пәнге қызықтыру.

 

3.Оқушылардың әлеуметтік үйренуі:
• сөйлесуде;
• тәртібінде. 


Келесі кезең — бағалаушылық болып табылады. Бұл кезеңнің негізгі міндеті диагностикалық кестеде ізденіс кезеңінде алынған ақпараттарды нақтылау мен бекітуге бағытталған. Осы кезең барысында педагогикалық іс-әрекет бір реттік зерттеумен арнайы бағдарлама бойынша сабаққа ауысады. Бала туралы алынған ақпаратты негізділігі мен дәлелділігіне қарай осы кезең барысында жүйелі түрде кең танымал психодиагностикалық әдістемелерді қолдана отырып, балаларды жеке және ұжымдық зерттеу жүргізіледі. Бұл жұмыстың жүйелілігі, ұзақ мерзімділігі бала туралы алынған ақпараттардың дәлелділігінің қосымша кепілі қызметінде атқарады.


1. Дарынды оқушыны қалай оқыту керек? Бұл мәселені шешу үшін әуелі дарындылық ерекшеліктері анықталады. Сол ерекшеліктерді дамытуға бағытталған оқыту технологиясы белгіленеді.


2. Қандай оқушы дарынды, ерекшелігі неде? Бұл сұраққа жауап беру барысында арнайы оқыту технологиясының мазмұны анықталып, құрылымдық жүйесі жасалды.
Дамыта оқыту деп мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері оқушының өнімді ойлауының даму заңдылықтарына сәйкес берілген оқытуды айтамыз. Өнімді ойлаудың жүйесі – танымдық іс-әрекеттен логикалық іс-әрекетке келтіру, одан шығармашылыққа бағыттау. Ол үш негізгі аспектіні қамтығаны дұрыс. 


1. Танымдық — оқу материалдарын игеруі, қызығуы, танымдық белсенділігі.


2. Логикалық — оқу материалдары бойынша логикалық ойлау процесі арқылы құрылымындағы тапсырмаларды орындау.


3. Шығармашылық — шығармашылық әдіс-тәсілдері игеруі, шығармашылыққа қадам жасау, түрлендіру, ой туындатуы, қорытынды жасау, ғылыми-ізденіс жүргізу.


Оқушыларды шығармашылыққа баулу үшін тағы бір қажеттілік — баланы психологиялық дайындықтан өткізу. Психологиялық дайындық, яғни педагогтің псикологиялық әсері шығармашылық кезеңде баланың шабытын оятып, құлшындырып, еліктіріп отырады. Шығармашылық шеберлік үшін оқушыға ұстаздың берер психологиялық әсері мынадай болмақ керек деп ойлаймыз:


— "сенің қолыңнаи бәрі келеді", "сен қабілеттісің", "жаз", "үйрен' деп, баланың еркін билеп, сенім білдіру;
— оқушының кішкентай жегістігі болса да, жоғары бағалап, мадақтап, көтермелеу, оқушылар басылымында өлең, әңгімелерінің жарық көруіне көмектесу;
— шығармашылық сәтте оқушыға құптаушылық көзқарас білдіру, сезім күйін бақылау, қамқорлық таныту;
Шығармашылық ойлап — табудың әр түрлі тәсілдерін үйрене отырып, дарынды балалар пәндерді оқу барысында өздерінің «шығармашылық қабілеттерін» қолданып, К.Урбан айтқандай, нақты ғылыми зерттеулер мен дивергенттік ойға тікелей әсер етудің шексіз мүмкіндіктерін көрсетеді.
Бала бойындағы дарындылық, ғылымилық қабілетін ашу, жақсы танымдық қасиеттерін зерттеу, айқындау – ең басты мәселе. Ал оқытудың түпкілікті нәтижесі – өз ойын дәлелдей алатын, жан – жақты білімді, білімін жүзеге асыра алатын, қалыптасқан өзіндік азаматтық көзқарасы бар іскер, ақылды, адамгершілігі мол тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру. 
Оқушының дарындылығын анықтап, дамыту мақсатында әр пән мұғалімінің алдында төмендегідей мақсаттар мен міндеттер болуы орынды:


1. Дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін ескеру;


2.Жан-жақты ақпараттандыру;


3.Коммуникативті бейімдеу;


4. Дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету;


Осы мақсаттар мен міндеттерді орындауда мектеп ұстаздары мынандай жұмыс түрлерін қолданады:


1. Икемді және ұтқыр оқу жоспарын құрады;
2. Жеке пәндерді оқытуда тәуелсіз қозғалыс жасайды;
3. Дарынды оқушының өзінің жұмысын өзі жоспарлап, шешім қабылдауына ықпал етеді;
4. Дарынды оқушының қызығушылығына байланысты оқу жоспарын құрады;
Осындай жұмыс түрлерін ұйымдастыруда ұстаздар мынандай мәселелерге баса назар аударады:
1. Пән сабақтарында шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды іріктеу, орындау, талдау жұмыстарын жүйелі жүргізуге;
2. Дарынды оқушылардың білім деңгейі мен олардың өз мүмкіндіктерін пайдалану көрсеткішін арнайы әдістемелер бойынша жүйелі түрде тексеріп отыруға;
3. Сабақтан тыс мезгілде жүргізілетін жұмыстарға — пәндік олимпиада, ғылыми конференцияға, интеллектуалдық турнирлер мен шығармашылық байқауларға дайындық жұмыстарын жыл бойы жоспарлы жүргізуге;
ХХІ- ғасырда әлемдік білім беру жүйесінің дамуындағы негізгі басымдықтарының бірі – мектеп білімін жаңарту. Ол оқушылардың неғұрлым өз бетінше білім алып, оны іс жүзінде қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған.
Оқушылардың ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыруы мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау керек. Сондықтан да ғылыми жоба технологиясының тиімділігі күннен күнге артуда. Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат – оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта әр түрлі жағдаяттарда, әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу. Егер оқушы ғылыми жобасы тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса — ол болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып қалыптасады. Әр түрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай отырып, әр түрлі адамдармен тіл табыса отырып, әр ортада дұрыс бағыт – бағдар бере алады.
Сонымен, оқушының ғылыми жұмысының тиімділігі – көзбен көріп, құлақпен естіп, есте сақтай отырып, оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде. 
Пәндік олимпиадалардың негізгі мақсаттары мен міндеттері педагогтардың ғылыми-әдістемелік деңгейлерін



Әдістеме атауы: Е.Е. Туниктің дарындылықты анықтау негізіндегі шығармашылық ойлауды зерттеу әдістемесі.


Мақсаты: Шығармашылық ойлаудың түрлі көрсеткіштерін — сөздік-шығармашылық ойлау, көрнекі-бейнелік ойлауды бағалау, дарындылықтың негізін анықтау.
Шығармашылық ойлау бағасының көрсеткіштері:
ой жүйріктігі (жеңілдігі, өнімділігі) – бұл шығармашылық ойлаудың жүйріктігін сипаттайды.
ой икемділігі – тез ойлауға көшуге сипаттайды.
ой ерекшелігі – ойдың даралығын білдіреді.
ойдың нақтылығы – шығармашылық ойлаудың логикалылығын, бірдейлігін, дұрыс шешімге келуді білдіреді.
Алынған нәтижелер сандық және сапалы талдауға, математикалық-статистикалық өңдеуге дайындалды.
Әдістемелік зерттеу нәтижелері.
Зерттеу зорлық-зомбылықсыз, ішкі қалау ниеті жағдайында өтті. Көптеген балалар өте үлкен ниетпен жауап берді.

1-ші субтест. Газетті қолдану. (вербалды сала).
Бұл тест бойынша кейбір балалар қиналды. Жиі кездесетін жауатар мынандай болды: «шапка, ұшақ жасау, газетті жамылу, астыға төсеу, оған бірнәрсе орау тағы басқа ерекше болған жауаптар: «палатка етіп, ойынға қолдану және газет коллекциялау пакеттерді жапсыруда қолдану».


2-ші субтест. Қорытынды.
Бұл тестке де көп балалар қиналды орташа алғанда 3 минут ішінде 3 жауап берілді. 0-ден 5 жауапқа дейін берді. 75 жауап берілді
Жиі кездесетін жауаптар: «адамдар мен аңдар бір-бірін түсініп, әңгімелесетін болады. Бір-біріне қонаққа барып, көмектесетін болады».
Ал ерекше деп танылған жауаптар: «Аңдар олимпиадаларға қатысатын болады, ғылымды алға жылжытатын болады, теледидар құрайды, адамдармен бірге оқып — өмір сүретін болады».
Жоғары нәтижені 2 оқушы көрсетті.


3-ші субтест. Бейнелеу. (бейнелік сала).
Балалар түрлі өз қалауы бойынша суреттерді салуы тиіс болады. Көптеген балалар адам, клоуы, үй суреттерін салды.
Ал ерекше суреттер еркін тақырыпта болды. Олар: түнгі теңіз, шаршаған өзге планеталық адам, бассейндегі қайық, жемістері бар тәрелке.




4-ші субтест. Жасырылған форма.
Мұнда балаларға заттар жасырылып сипатталады. Олар сол зат сипатына орай жауап беруге тырысады. Жиі берілген жауаптар: шелек, адам, күн, тышқан.
Ерекше сирек жауаптар: тиын (ақша), көйлек, стақандағы шыбын, молекула, су перісі, шанышқы.
Алынған зерттеу нәтижелері арқылы балалардың шығармашылық ойлау табиғатын зерттеуге, әрі педагог-психологтар өз қызметтерінде қолдануға, ерекше дарынды, талантты адамдарды іріктеуде кеңінен пайдалануға болады.
Екі аса ерекше дарынды балалардың интеллект құрылымын зерттеу үшін Р. Амтхауердің тестісі қолданылды. Бұл тест кәдімгі топтық интеллектуалды тест болып табылады. Тест тапсырмалары вербалды және сандық материал әрі бейнелерден тұрады.





































42 Е.Қашағанов атындағы орта мектепте дарынды оқушылармен жүргізілген Е.Е. Туниктің дарындылықты анықтау негізіндегі шығармашылық ойлауды зерттеу әдістемесінің анықтамасы

2017-2018 оқу жылы


Мақсаты: Шығармашылық ойлаудың түрлі көрсеткіштерін — сөздік-шығармашылық ойлау, көрнекі-бейнелік ойлауды бағалау, дарындылықтың негізін анықтау.


4.04.2018 жылы 9 «а» сынып оқушылары Шахантегі Аружан, Қайтбек Ұлдана, 9 «ә» сынып оқушылары Серікбай Зарина, 10 сынып оқушылары Қайтбек Даяна, Нұрлыбай Меруерттен Е.Е. Туниктің дарындылықты анықтау негізіндегі шығармашылық ойлауды зерттеу әдістемесі алынды.


Оқушылардан: газетті қолдану (вербалды сала); бейнелеу (бейнелік сала);жасырылған форма субтесттері алынды. Алынған әдістеме қорытындысы төмендегідей:


1. Ой жүйріктігі (жеңілдігі, өнімділігі бұл шығармашылық ойлаудың жүйріктігін сипаттайды) - Серікбай Зарина, Қайтбек Даяна, Нұрлыбай Меруерт жоғары.
2. Ой икемділігі ( тез ойлауға көшуге сипаттайды) Шахантегі Аружан, Қайтбек Ұлдана жоғары.
3. Ой ерекшелігі (ойдың даралығын білдіреді) Серікбай Зарина, Қайтбек Даяна жоғары.
4. Ойдың нақтылығы (шығармашылық ойлаудың логикалылығын, бірдейлігін, дұрыс шешімге келуді білдіреді) - Шахантегі Аружан, Қайтбек Ұлдана, Серікбай Зарина, Қайтбек Даяна, Нұрлыбай Меруерт жоғары.


Ұсыныс: Дарындылық мәселесі әрі қарай зерттеуді қажет етеді Берілген жұмыста дарындылықтың оқушыларда қалыптасуы мен дамуына көңіл бөлінді. Бұл зерттеу жұмысы дарындылық проблемасы бойынша көптеген сәйкес жұмыстарды толықтырылсын.


Мектеп психологтары: М.А.Меирханова

М.Б.Нурелова









Тақырыбы: Ата-аналардың бала тәрбиесінде сенімділік  білдіруі, қолдау көрсетуі

(Ата-аналармен жұмыс)

Мақсаты: ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы (сенімділік білдіруі, қолдауы, үміт артуы) туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімін көтеруге көмектесу. Міндеттері: - Шағын дәріс арқылы ата-аналарға бала тәрбиесіне қатысты ақпараттар беру; - Ситуациядан шығу арқылы бала тәрбиесінде кездесетін қиыншылықтардың алдын алу; - Ата-аналардың баламен қарым-қатынасында,  баланың үмітіне балта шабатын сөздерден аулақ болуға кеңес беру.

Тренинг бағдарламасы:


Шағын дәріс “Бала тәрбиесінде ата-ана тарапынан қандай қасиеттер керек?”

Мақсаты: Баланы бағалауға, сезінуге, түсіне білуге баулу. 

Ата-аналар тәрбиеде шыдамдылықты талап ететіндігін мойындайды. Алайда оған арнайы білім қажеттігін жұрттың бәрі біле бермейді. Бүгінгі жиналысымызда ата-ана мен бала арасындағы психологиялық қарым-қатынасы жайлы әңгімелеп, оны жаттығулар арқылы көрсетуге тырысамыз.

Бала әрдайым ата-ананың аялы алақанын қажетсініп тұрады. Қиындықтар туған сәтте ата-анасының тарапынан қолдау тауып, үлкен сенім артылған бала ісі оңға басады.

Әрине, әр ата-ана баласына деген сезімін түрліше жеткізеді. Қандай жағдай болмасын, баланың өзіне деген сенімін тудырып, қолдап отыру керек. Бала бір істен қателескен жағдайда оған шыдамдылық көрсету керек. Мұндай сәтте өзге отбасыларымен салыстыруға әуестенбеу керек. Рас, кейде өзге біреудің балалары бойындағы қабілеті айрықша сияқты көрінеді. Бірақ, ол басқа бала. Сондықтан әр баланың өзінің жеке басының ерекшелігін, ешкімге ұқсамайтын кейбір қасиеттерін сезіну керек. Кейде бала бір сәтсіздіктерге ұрынады. Ата-ана қатты уайымдап, баланың еш нәрсеге икемі жоқ, қабілетсіз деген асығыс қорытындыға келеді. Осыдан баланың өзіне деген сенімі күрт жойылады, қолын қусырып, кездескен қиыншылықтарды жоюға дәрменсіз болады. Мұндай жағдайда ата-ана баласының жай ғана талпынысының өзін қолдап түсіне білуі керек. Ең бастысы, бала біздің оны қалай бағалайтынымызды және одан не күтетінімізді сезінуі және түсінуі тиіс.

Жағдаяттар шешу:


1-жағдайдабаланың мектепке өкпесі зор. Ол шешесі тарапынан қолдау тапқысы келеді. Түсініп, жағдайын сұрар деп ойлайды.

2- жағдайда бала өзіне сенімсіз, ата-анасынан қолдау күтеді. Ата-аналар тарапынан «Сен мүлде дайындалмайсың, сондықтан еңбегіне қарай аласың! » немесе «Бүгін шаршап тұрмын» деген жауаптар болмағаны жақсы, бұндай жауаптардан немқұрайлықты, салғырттықты сезеді.

•      Кез келген шешімді қабылдауға асығыстық жасауға болмайды. Балаңыз сіздің оның ісіне немқұрайды қарамайтыңызды көретіндей, оны тыңдауға дайын екендігіңізді байқайтындай болсын.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.10.2020
419
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12