Материалдар / Баяндама Дене тәрбиесінің оқыту әдістері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама Дене тәрбиесінің оқыту әдістері

Материал туралы қысқаша түсінік
Дене тәрбиесінің әдістері. Әдіс, әдістеме, әдістемелік тәсіл ұғымдары. Дене тәрбиесінің барлық әдістері арнайы (тек қана дене тәрбиесі процесіне тән) және жалпы (дидактиқалық білім беру және тәрбие бағытында қолданылатын) болып екі топқа бөлінеді. Дене тәрбиесінің арнайы әдістері: 1. Қатаң шектелген жаттығулар әдістері. 2. Ойын әдісі. 3. Жарыс әдісі. Дене тәрбиесінің жалпы әдістері: 1. Сөз қолдану әдістері. 2. Көрнекі қолдану әдістері. Ойын және жарыс әдісі. Дене тәрбиесі үрдісінде спорттық және қозғалмалы ойындардың элементтерін қолдану – ойын әдіс деп аталады. Дене тәрбиесі жаттығуларын жарыс, бәсеке түрінде орындауды жарыс әдісі дейміз.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Дене тәрбиесінің әдістері


Дене тәрбиесінің әдістері. Әдіс, әдістеме, әдістемелік тәсіл ұғымдары. Дене тәрбиесінің барлық әдістері арнайы (тек қана дене тәрбиесі процесіне тән) және жалпы (дидактиқалық білім беру және тәрбие бағытында қолданылатын) болып екі топқа бөлінеді. Дене тәрбиесінің арнайы әдістері: 1. Қатаң шектелген жаттығулар әдістері. 2. Ойын әдісі. 3. Жарыс әдісі. Дене тәрбиесінің жалпы әдістері: 1. Сөз қолдану әдістері. 2. Көрнекі қолдану әдістері.

Ойын және жарыс әдісі. Дене тәрбиесі үрдісінде спорттық және қозғалмалы ойындардың элементтерін қолдану – ойын әдіс деп аталады. Дене тәрбиесі жаттығуларын жарыс, бәсеке түрінде орындауды жарыс әдісі дейміз.

Жаттығу кезіңде көп қайталанып жүктеме мен тынығуды алмастыра орындайтын қимыл-әрекетті біз қатаң шектелген жаттығу әдістері деп атаймыз. Қатаң шектелген жаттығулар әдістері екі топқа бөлінеді : 1. қимыл - әрекетке үйрету және дене қуаты қасиеттерін жетілдіру. Қимыл - әрекеттердің күрделілігіне қарай тұтас та, бөлшектеп те үйретуге болады. Күрделі қозғалыс техникасын үйренуді жеңілдету үшін жақындататын жаттығулар қолданылады. Жақындататын жаттығулардың техникасы негізгі, күрделі жаттығудың бөлшектеріне ұқсас болып келеді. Бұл жаттығулар бір тұтас түрде, оқушыларға түсінікті және қолайлы болуы керек.

Дене қуатының қасиеттерін дамыту үшін: бірқалыпты орындау, қайталау, өзгермелі орындау, аралық орындау, шеңберлі орындау әдістері қолданылады.

Дене тәрбиесінің жалпы әдістері. Сөз қолдану әдісі. Сөз қолдану әдісі үш топқа бөлінеді: 1. Баяндау, әңгімелесу, түсіндіру әдістері. Бұл әдістерді қолдану кезінде сөз оқушыларға білім беру мақсатында пайдаланылады. 2. Бұйрық беру, тапсырма, нұсқау беру әдістері. Бұл әдістер жаттығушылардың әрекеттерін басқаруға пайдаланылады. 3. Талдау, бағалау әдістері. Бұл әдістер жаттығушылардың әрекетін талдауға, баға беруге арналған. Көрнекі ықпал ету әдісі. Бұл әдістер жиынтығы көру, есту және үйренетін жаттығудың қимылын қабылдауды қамтамасыз етеді де, үш топқа бөлінеді: көру көнекілігі, есту көрнекілігі, қимыл көрнекілігі әдістері.

Өзін-өзі бағалауға арналған тапсырмалар:

«Әдістемелік тәсіл», «Әдіс», «әдістеме» дегеніміз не?

Дене тәрбиесінің арнайы және жалпы әдістері.

Қатаң шектелген жаттығулар әдістері.

Қимыл- әрекетке үйрету әдісі.

Дене қуаты қасиеттерін дамыту әдістері.

Ойын әдісі.

Жарыс әдісі.

Сөз қолдану әдісі

Көрнекілікті қолдану әдістері.

«Жүктеме» , жүктеменің көлемі, қарқыны.

Жатығу орындаған кездердегі тынығу аралықтары, түрлері.

Шеңберлі орындау әдісі, оның варианттары.

Бірқалыпты және аралықты орындау әдісі.

Қайталап және өзгермелі орындау әдістері

Әдебиет: негізгі [1-7]

қосымша [2,3,6]
Дәріс 4: Дене тәрбиесі қағидалары

Дәріс мақсаты: дене тәрбиесі және спорттың қағидаларын, қимыл - әрекетке үйрету кезеңдерін оқу, үйрену.

Тақырып бойынша сұрақтар:

1. Дене тәрбиесі қағидаларының топтары. Саналылық және белсенділік қағидасы.

2. Көрнекілік, жүйелілік қағидалары.

3. Біртіндеушілік, реттілік және даралық қағидалары.

4. Дене тәрбиесі мен спорттағы үйрету үрдісі, оның теориялық және тәжірибелік бөлімі.

5. Қимыл-әрекетін таныстыру, үйрету және жетілдіру кезеңдері.


Тақырыптың қысқаша мазмұны:

Саналылық және белсенділік қағидасы. Бұл қағиданың мақсаты – дене тәрбиесі үрдісі кезінде жаттығушылардың санасында дене тәрбиесі мен спорт әрекеттеріне деген саналы терең ой, тұрақты ынтығушылық, қызығушылық қалыптастыру және олардың осы әрекеттерге белсенді ұмтылуын ұйымдастыру.

Көрнекілік қағидасы. Көрнекілік – дегеніміз адамның сезім мүшелерін тану, түсіну, ұғыну үрдісінде қолдану. Ал дене тәрбиесі мен спорт үрдісінде көрнекілік қағидасы үйрету және тәрбиелеу кездерінде қолданылады. Қозғалысқа үйретуді көру арқылы ғана емес, есту және бұлшық ет түйсігі арқылы да түсіне білу керек. Әр түрлі анализаторлар белгілері оқушылардың санасында үйренетін жаттығу туралы толық түсінік тудырады.

Жүйелілік қағидасы. Дене қуаты қасиетін дамытудағы және қозғалысқа үйретудегі жақсы нәтиже тек қана дене тәрбиесі жаттығуларын жүйелі орындағанда ғана болады. Жүйелілік–сабақтар арасында ұзақ үзіліс болмауы, сол арқылы жаттығушылардың дене қуаты дайындығы деңгейін түсірмеуі.

Реттілік қағидасы. Қимыл әрекетке үйрету және дене қуаты қасиетін дамыту реттілігіне арналған талаптар үш дидактикалық ережеден тұрады: 1. Жеңілден – қиынға. 2. Қарапайымнан – күрделіге. 3. Меңгерілген қимыл әрекеттен – меңгерілмеген қимыл - әрекетке.

Біртіндеушілік қағидасы. Орындайтын жаттығулар техникасының біртіндеп күрделенуін, жүктеме көлемі мен қарқыны біртіндеп өсуін біртіндеушілік қағидасы дейміз.

Даралық қағидасы - дене тәрбиесі үрдісінде оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру түрінде жүргізіледі. Даралық қағидасы әр адамның дайындық деңгейіне, жыныс және жас ерекшеліктеріне байланысты. Жеке басының, психикасының ерекшеліктеріне, жүктемеге шыдамдылығына, сыртқы орта әсерін сезіну мүмкіншіліктеріне, жұмыс істеу стиліне байланысты.

Дене тәрбиесіндегі оқыту дегеніміз адамның дене қуатына және психологиялық жетілуіне бағытталған арнаулы білім жүйесінің қимыл- әрекетке үйрету, қалыптастыру, меңгеру, жетілдіру үрдісі. Ол үш кезеңге бөлінеді. Теориялық мағлұматтың көлемі мен мазмұны жалпы педагогикалық қағидалармен (жүйелілік, ұғынықтылық т.с.с.) анықталады, оқу мақсатына, оқушылар тобының ерекшеліктеріне байланысты төрт топқа бөлінеді. Олар: дене тәрбиесінің әлеуметтік керектігі туралы (денсаулықты нығайту, жұмыс қабілеттілікті арттыру т.б.), дене тәрбиесі жаттығуларын қолдану ережелері туралы (футбол, баскетбол, волейбол ойындарын ойнау ережелері және т.б.), медициналық – биологиялық (дене гигиенасы, шынығу, ұйықтау, тамақтану, жаттығу режимдері туралы баяндаулар, әңгімелер), үйрететін қимыл – қозғалыс техникасы туралы мағлұматтар. Теориялық мағлұматтар алу көздері: қимыл тәжрибелілігі, арнайы оқулық, сөз және көрнекі қабылдау әдістері, мұғалімнің әрекеті, кино және бейнефильмдер көрсету т.б.

Нақтылы дене тәрбиесі және спорт тәжірибесінде қимыл-әрекеттердің техникасын үйрету үш кезеңнен тұрады: таныстыру, үйрету және жетілдіру.

Қимыл-әрекетін таныстыру кезеңі. Бұл кезеңнің міндеті – оқушыларға үйренетін жаттығу туралы түсінік беру және соны үйренуге ынтасын ояту. Түсіну, ұғыну үрдісі қалыптасу кездерінде бір-біріне байланысты, сабақтасты үш кезең пайда болады: 1. Үйрену міндеттерін ұғыну. 2. Орындау жобасын кұру. 3. Жаттығуды орындап көру. Қимыл-әрекетке таныстыру кезеңінің негізгі әдістері: Тұтас және бөлшектеп үйрету әдістері. Сөз қолдану әдістері: түсіндіру, баяндау. Көрнекі қабылдау әдістері: қимыл- әрекетті көрсету, көрнекі құралдар қолдану ж.т.б.

Қимыл - әрекетіне үйрету кезеңі. Бұл кезеңнің міндеттері, оқушыларға техника негізін үйрету, оны тұрақты орындауға жеткізу және осылар арқылы қимыл шеберлігін қалыптастыру. Оқушының әрбір жаттығу техникасы бөлшегіне ықылас сала орындайтын қимыл әрекетін қимыл шеберлігін дейміз. Құрылым жоспары бойынша үйрету кезеңі екі бөлімге бөлінеді: 1. Қимыл шеберлігін қалыптастыру. 2. Қимыл шеберлігін жетілдіру.

Қимыл-әрекетін жетілдіру кезеңі. Бұл кезеңнің мақсаты – қимыл дағдысын қалыптастыру, сол арқылы жоғары қимыл шеберлігіне жету. Жаттығуды көп қайталағаннан соң қимыл шеберлігі дағдыға айналады. Қимыл дағдысы деп- жеке қозғалыстарға емес, нақты әрекет нәтижесіне бағытталған қимыл әрекетін автоматтандыра орындай алу қабілеттілігін айтамыз. Жоғары қозғалыс шеберлігі дегеніміз қалыптасқан қимыл дағдыларын нақты өмір жағдайларында қолдану шеберлігі (жүгіру, секіру және басқа өнеркәсіптік, әскери әрекеттер). Жоғары қозғалыс шеберлігі үйрету үрдісінің соңғы межесі.



Өзін-өзі бағалауға арналған тапсырмалар:

Дене тәрбиесі мен спорттың қағидалары, оларды топтау.

Саналылық және белсенділік қағидасы.

Жүйелілік қағидасы.

Біртіндеушілік қағидасы.

Реттілік қағидасы

Даралық қағидасы

Көрнекілік қағидасы.

Қимыл-әрекетіне үйретудің кезеңдерін атаңыз.

Қимыл әрекетіне таныстыру кезеңін сипаттаңыз.

Қимыл әрекетіне үйрету кезеңін сипаттаңыз.

Үйрету кезеңінде кезігетін қателер.

Қимыл әрекетін жетілдіру кезеңін сипаттаңыз.

Жоғары қимыл ептілігі.

Қимыл-әрекетіне үйрету кезеңдерінде қолданылатын әдістерді атаңыз.

Әдебиет: негізгі [1-7]

қосымша [2,4,6]
Дәріс 5: «Дене қуаты қасиеттері, оны дамыту әдістемесі»

Дәріс мақсаты: дене қуаты қасиеттерін зерттеу, оларды дамыту әдістерін, амалдарын білу, ұғыну.

Тақырып бойынша сұрақтар:

Дене қуаты қасиеттері, анықтамасы, түрлері

Күш және оны дамыту әдістемесі

Жылдамдық және оны дамыту әдістемесі

Төзімділік және оны дамыту әдістемесі

Ептілік және оны дамыту әдістемесі

Икемділік және оны дамыту әдістемесі.

Тақырыптың қысқаша мазмұ

Адамның денесінде, санасында белгілі бір деңгейде сақталып тұрып, ол қозғалғанда, әрекет жасағанда пайда болатын қасиеттерді дене қуаты қасиеттері дейміз.

Күш және оны дамыту әдістемесі. Сыртқы қарсылықты жеңу немесе бұлшық, ет көмегі арқылы оған қарсылық көрсетуді күш дейміз. Күштің пайда болу түрлері: өз күш мүмкіншілігі статикалык кезде (дене қалыбын ұстау) және ақырын қозғалыс кезінде, күш жылдамдығының мүмкіншілігі тез, жылдам қозғалыста пайда болады (секіру, лақтыру т.б.). Бұл жағдайда спортшы күшіне жылдамдық қосу арқылы, жаттығуды тез орындау арқылы жоғарғы нәтижеге жетеді. Күшті дамыту үшін жоғарғы қарсылық жаттығулары қолданылады. Олар екі топқа бөлінеді: 1 Сыртқы қарсылық жаттығулары. Сыртқы қарсылықтарға: әр түрлі спорт кұралдарының салмағы (штанга, гирлер, гантельдер т.б.), серігінің қарсы әрекеті (қосақ жаттығулар), сыртқы ортаньң қарсылығы (құмда, қарда, суда жүгірулер т.б.) жатады. 2 Өз салмағының ауырлығын басқару жаттығулары (аспа темірде тартылу, еденнен итерілу, отырып тұрулар, секірулер т.б.). Дене тәрбиесі тәжірибесінде мынандай көп тараған күш дамыту әдістері бар: Жоғарғы күш салу әдісі. Қайталап күш салу әдісі. Статикалық (қозғалмайтын) күш салу әдісі.

Жылдамдық және оны дамыту әдістемесі. Жылдамдық дегеніміз - адамның белгілі бір уақыт аралығында кеңістікте жылдам қозғалған әрекеті. Жылдамдық үш түрде пайда болады: 1 Қарапайым және күрделі қозғалыс әрекеті жылдамдығы. 2 Жалғыз қимыл жылдамдығы. 3 Қимыл жиілігі. Жылдамдық жаттығулары аздаған мөлшерде сабақтың негізгі бөлімінде, орталық жүйке жүйесі қалыпты жағдайда тұрған кезде беріледі. Қимыл жиілігі жылдамдығын дамыту үшін қайталау, өзгермелі орындау, ойын, жарыс әдістері қолданылады.

Төзімділік және оны дамыту әдістемесі. Төзімділік, анықтау әдістері, түрлері. Адамның жұмысты ұзақ, қарқынын азайтпай орындай алу қабілетін төзімділік дейміз. Төзімділікті анықтаудың тузу және жанама деген екі әдісі бар. Төзімділіктің екі түрі бар: жалпы және арнайы. Спортшы ағзасын жаттығу жасап жатқан кезде энергиямен қамтамасыз ету жағынан төзімділік: аэробты, анаэробты және аралас (аэробты-анаэробты) деп үшке бөлінеді. Төзімділікті дамытқанда ұзақ және қатты қарқында орындалатын қозғалмалы ойындар, біртіндеп ұзаратын қашықтыққа 300, 500, 700, 1000 метрге жүгіру, 2000 метрді жүгіру мен жүруді алмастыра өту т.с.с. Ақырын және орта қарқында журуді алмастырып 2-3 шақырымға жүгіру, шаңғымен 3-5 шақырымға жүгіру т.с.с. Жоғары мектеп оқушыларына кросс дайындықтары, 3-5 шақырымға жугіру, шаңғымен 5 шақырымға жүгіру, өзгермелі және қайталап жүгіру жаттығулары қолданылады.

Ептілік және оны дамыту әдістемесі. Адамның кеңістікте үйлесімді қозғала алуын, жаңа күрделі қозғалысты тез меңгере алуын, өзгерген жағдайға байланысты өз әрекетін тез басқаша құра алу қабілеттілігін ептілік деп атаймыз. Ептілікті тәрбиелеудің негізгі амалдары: жаңа немесе жаңадан пайда болған элементттері бар спорттық, қозғалмалы ойындар, гимнастика, акробатика жаттығулары. Жақсы үйренген жаттығуларды қайталау ептілікті дамытпайды. Сондықтан мұғалім әрбір дене тәрбиесі сабағында 1-2 жаңа жаттығу немесе бұрын үйренген жаттығудың элементтерін жаңалап үйретіп отыруы қажет. Ептілікті дамыту жаттығуларын сабақтың бірінші жартысында өткізген дұрыс, өйткені оқушы ағзасы болдыра бастағанда ол жаттығулар аз нәтиже береді. Ептілікті дамыту әдістері: қайталау, ойын, жарыс әдістері.

Икемділік және оны дамыту әдістемесі. Адамның жаттығуды үлкен амплитудамен орындай алу қабілеттілігін икемділік дейміз. Икемділік белсенді және енжар болады. Икемділікті дамытудың негізгі амалы созылу жаттығулары. Ол жаттығулар мынандай түрлерде орындалады: қарапайым созылу, серіппелі созылу, сермеу, дене қалпын ұстау, сыртқы көмектің әсерімен созылу т.с.с. Икемділікті дамытудың негізгі жолы қайталау әдісі. Сонымен бірге ойын, жарыс, шеңберлі орындау әдістері қолданылады.



Өзін-өзі бағалауға арналған тапсырмалар:

Дене қуаты қасиеттері. Анықтама.

Күш, күштің түрлері.

Күшті дамыту амалдары мен әдістері.

Жылдамдық, оның түрлері.

Қарапайым қозғалыс жылдамдығы, оны дамыту.

Күрделі қозғалыс жылдамдығы, оны дамыту.

Жалғыз қимыл жылдамдығы мен қимыл жиілігі.

Жас ерекшеліктеріне байланысты жылдамдықты дамыту.

Төзімділік, оның түрлері.

Аэробты төзімділік, дамыту амалдары мен әдістері.

Анаэробты, аралас төзімділік, дамыту амалдары мен әдістері.

Ептілік және оны дамыту әдістемесі.

Икемділік, оның түрлері.

Икемділікті дамыту амалдары мен әдістері.

Әдебиет: негізгі [1-10]

қосымша [2,4,6]
Дәріс 6: «Мектеп жасындағы оқушылардың дене тәрбиесінің негіздері»

Дәрістің мақсаты: мектеп жасындағы оқушылардың дене тәрбиесінің негіздерін білу.



Тақырып бойынша сұрақтар:

Мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері.

Мектеп жасындағы балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты дене дамуы мен дене қуаты дайындығы

Тақырыптың қысқаша мазмұны:

Мектеп жасындағы балалардың денсаулығына, дене қуаты дайындығына, өмірге қажет әр түрлі қозғалыс шебердігі мен дағдысының қалыптасуына дене тәрбиесінің маңызы өте зор. Мектеп жасындағы оқушылардың дене тәрбиесінің міндеттері: сауықтыру міндеттері, білім беру міндеттері, тәрбие беру міндеттері. 1. Өмірге қажетті қозғалыс шеберлігі мен дағдысын қалыптастыру және жетілдіру. Оқушылардың қалыптастыру керек қозғалыс шеберлігі мен дағдылары мынандай бес топқа бөлінеді (З.И.Кузнецов, 1968): 1) адамға кеңістікте қозғалуға көмектесетін қозғалыс шеберлігі мен дағдылары. Олар: жүру, жүгіру, суға жүзу, шаңғы тебу; 2) адам қозғалғанда оның денесін басқаруға керек дене қалыптары мен тұрыстарының дағдылары. Олар: негізгі тұрыс, бастапқы қалып, әр түрлі дене қалыптары, тұрыстары, саптық жаттығулар және т.с.с.; 3) әр түрлі қозғалыстарды спорттық құралдармен орындау дағдылары. Олар: доптармен, скакалкалармен, гантельдермен, гимнастикалық таяқтармен орындаулар; 4) қол, аяқ қозғалыстарын дененің басқа мүшелерінің қозғалыстарымен үйлестіре басқара білу дағдылары. Олар: аунап түсулер, ілініп тұрулар, жоғары көтерулер, тірелулер, тепе – теңдік сақтаулар; 5) Қолдан жасалған кедергілерден өтуді қамтамасыз ететін кешенді қозғалыстарды орындайтын дағдылар. Олар: тіреле секірулер, өрмелеулер, ұзындыққа және биіктікке секірулер;

2. Дене мәдениеті мен спорт саласында керекті білімді қалыптастыру. Оқушылар білуі керек: 1) дене тәрбиесі жаттығуларының ережелері мен жолдарын; 2) ағзаның негізгі жүйелеріне дене тәрбиесі жаттығуларының әсерін; 3) өз бетімен жаттықтырулардың ережелері мен әдістерін; 4) дене жаттығулары сабақтары, жаттықтырулары кезіндегі өзін - өзі бақылаудың негізгі тәсілдерін; 5) жанұядағы дене тәрбиесінің рөлін;

Мектеп жасындағы балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты дене дамуы мен дене қуаты дайындығы. Ғалымдардың дәлелдеулерінше осы кезеңдегі негізгі денсаулық белгісі - оқушылардың дене дамуы. Балалардың бойы мен салмағына қарап олардың өмір сүру жағдайы мен сыртқы ортаның бала ағзасына жағымды, жағымсыз әсерін білуге болады. Балалардың бойы мен салмағы олардың денсаулықтарын анықтайтын санитарлы – гигиеналық, дәрігерлік – қоғамдық көрсеткіш болып табылады.

Мектеп оқушыларынан жылына екі рет, қыркүйек, мамыр айларында алынатын, олардың дене қуаты дайындығы деңгейін көрсететін сынақ жаттығулары. Осы көрсеткіштер бойынша оқушылардың дене қуаты қасиеттерінің даму деңгейін анықтап, келешек жұмыстарға өзгерістер енгізуге болады. Бұл стандарттық сынақ жаттығулары қарапайым және дене қуаты деңгейі туралы көп ақпараттар береді. 1. 1000 м жүгіру. Сынақ жаттығуы төзімділік деңгейін анықтауға арналған. 2. 10 м 5 рет қайталап жүгіру. Сынақ жаттығуы жылдамдық және ептілікті бағалауға арналған. 3. Кермеде тартылу (ер балалар). Сынақ жаттығуы қол мен иық деңгейінің күш төзімділігін бағалауға арналған. 4. Кермеде салбырай асылу (қыз балалар). Сынақ жаттығуы қол мен иық деңгейінің статикалық күш төзімділігін бағалауға арналған. 5. Шалқалап жатқан қалыпта 30 сек бойы кеудені көтеру. Сынақ жаттығуы кеудені көтеру бұлшық еттерінің күшін бағалауға арналған. 6. Отырған қалыптан алдыға еңкею. Сынақ жаттығуы омыртқа мен жамбас-сан буынының икемділігін өлшеуге арналған.

Өзін-өзі бағалауға арналған тапсырмалар:

Мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесінің міндеттері.

Білім беру міндеті, оған сипаттама

Мектеп жасындағы балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты дене дамуы.

Оқушылардың дене қуаты дайындығы

Әдебиет: негізгі [1-8]

қосымша [2,4,6]
Дәріс 7: «Сабақ - мектептегі негізгі оқу түрі»

Дәрістің мақсаты: мектептердегі дене тәрбиесі жұмыстарының түрлерін, дене тәрбиесі сабағының мазмұны, құрылымын және сабақ өткізу негіздерін студенттерге үйрету.



Тақырып бойынша сұрақтар:

1. Мектептегі дене тәрбиесі жұмыстарын ұйымдастыру түрлері.

2. Дене тәрбиесі сабағы, сабақтың құрылымы мен мазмұны.

3. Дене тәрбиесі сабағына мұғалімнің даярлығы.

4. Сабақтарды жүйелеу.

5. Денсаулығы нашар оқушылармен дене тәрбиесі жұмысын жүргізу.



Тақырыптың қысқаша мазмұны:

Мектеп оқушыларының дене тәрбиесі және спорт жұмыстары арнайы ұйымдастырылған екі түрде жүргізіледі. Ол дене тәрбиесі сабағы және басқа жаттықтыру жұмыстары деп аталады. Дене тәрбиесі үрдісін орындайтын негізгі түр – дене тәрбиесі сабағы. Дене тәрбиесі сабағы мұғалімнің басшылығымен, арнайы мемлекеттік бағдарлама, белгіленген сабақтар кестесі бойынша, 1-11 сынып оқушыларына міндетті түрде жүргізіледі.

Жаттықтыру жұмыстары оқушылардың қозғалыс белсенділіктерін жоғарылату, денсаулықтарын нығайту, дене жаттығуларына деген қызығушылықтарын арттыру, жаттығулардың ағзаға керектігін қанағаттандыру мақсатында төмендегідей топтарға бөлініп жүргізіледі. Олар: 1. Күн тәртібі ішіндегі сауықтыру жұмыстары. 2. Сыныптан тыс дене тәрбиесі және спорт жұмыстары. 3. Мектептен тыс дене тәрбиесі және спорттық жұмыстар. 4. Жанұяда орындалатын дене тәрбиесі жаттығулары.

Оқу сабағы жалпы білім беретін мектептерде басқа пәндермен қатар сабақтар кестесі бойынша аптасына үш рет жүргізіледі. Дене тәрбиесі сабағының бір-біріне байланысты сабақтың мазмұны және сабақтың құрылымы деген екі түрі болады.

Мұғалімнің сабақ өткізуге дайындалуы. Сабақтың ойдағыдай өтуі, мұғалімнің жақсы даярлығына байланысты. Дайындық 12 түрлі дайындық іс-әрекеттері арқылы орындалады.

Барлық сабақтар мазмұнына байланысты құрама және пәндік сабақтар деп екі үлкен топқа бөлінеді. 1. Пәндік сабақтардың негізгі бөліміне оқу бағдарламасында берілген бір спорт түрінің негізгі жаттығулары кіргізіледі. Мысалы, шаңғы спорты, гимнастика, спорт ойыны волейбол ж.т.с.с. 2. Құрама сабақтарда, бір сабақтың негізгі бөліміне әртүрлі спорт түрлерінің негізгі жаттығулары кіргізіледі. Пәндік және кұрама сабақтар орындайтын міндеттеріне байланысты оқу, жаттықтыру, бақылау, құрастырылған сабақтар деп бөлінеді.

Денсаулықтары және дене қуаты дайындығы деңгейіне байланысты мектеп оқушылары үш топқа бөлінеді: негізгі, дайындық және арнайы. Арнайы дәрігерлік топтардың негізгі жұмыс міндеттері: денсаулықты нығайту, тыныс алу органдарының жұмыстарын жақсарту, ағзаны шынықтыру, дене қуаты жұмыс қабілеттілігін, дене тәрбиесі жаттығулары арқылы ақыл-ой жұмыс қабілеттілігін жоғарылату, ағзаның ауырудан әлсіреген дене қимылы белсенділігін арттыруға бағытталған. Сонымен қатар теориялық білім беру және қимыл ептілігі мен дағдысын меңгеру жұмыстары жүргізіледі

Өзін-өзі бағалауға арналған тап

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!