Материалдар / Баяндама: Дина Нұрпейісова
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама: Дина Нұрпейісова

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал оқушыларға, студенттерге тиімді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Сәуір 2021
690
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ДИНА НҰРПЕЙІСОВА

Дина Нұрпейіс келіні (1861-1955) – қазақтың әйгілі күйші композиторы. Туып өскен жері Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданына қарасты Бекетай құмы деген жер. Топырақ Алматы қаласынан бұйырған. Қазақстанның халық әртісі (1944). Халық өнерпаздарының 1937 жылы өткен республикалық байқауына қатысып 75 жасында халық аспаптарын тартатын өнерпаздардың Москвада өткен Бүкілодақтық бірінші байқауында, одан кейін 1944 жылы 83 жасында Орта Азияның бес республикасынан өнерпаздар қатысқан Ташкенттегі он күндікте Дина тағы да жүлделі орындарды жеңіп алады. Әкесі белгілі домбырашы адам екен, қызы Динаға 8 жасынан бастап-ақ сол өнердің қыр-сырын үйрете бастаған. Оның ұлы күйші Құрманғазымен алғаш кездесуі де осы кез. 8-9 жасар Дина ұстазының күйлерін үйреніп қана қоймай, оның күйшілік-орындаушылық өнердегі ерекшеліктерін, дәстүрін жалғастырады. Динаның тырнақалды «Бұлбұл», «Байжұма», «Көгентүп» атты күйлерінде халықтың күйшілік дәстүрі айқын сезіледі. 1916 жылғы оқиғаға шығарған «1916 жыл» күйінде Құрманғазының Исатай мен Махамбетке арнаған «Кішкентай» күйінің әсері байқалады. Дина ата-ана шаңырағында бұлаңдап өскен жас кезінің өзінде ақ Дәулеткерей, Мүсірәлі, Әлікей, Түркеш, Ұзақ, Есжан, Байжұма, Баламайсаң сияқты күшілердің күйін нәшіне келтіре тартып, төңірегі «домбырашы қыз» деп атаған. Қаршадай қыздың даңқын естіп, әйгілі Құрманғазы арнайы іздеп келген. Ол Динаның домбыра тартысына сүйсініп, болашағынан үлкен үміт күтіп, батасын берген. Осыдан кейін Динадан көз жазбай, үнемі айналып соғып, додалы күй айтыстарына ертіп барып, домбыра тартудың терең сырларын үйретеді. Дина тоғыз жасынан бастап он тоғыз жасына дейін, қашан ұзатылғанша Құрманғазының баулуында болады. Құрманғазыдай дәулескер күйшінің ұстаз болуы Динаның ғана бақытты болып қойған жоқ, исі қазақтың күй өнерінің бақыты болды. Дина 1880 жылы Беріш ішіндегі Бесқасқа руынан шыққан Тұрманұлы Қанас деген жігітке тұрмысқа шығады. Қанас пен Динадан Нұрпейіс атты бір ұл туған. Алайда, алғашқы перзенті дүниеге келген соң Қанас көп кешікпей қайтыс болады. Дина ата салтымен қайын інісі Шәпекке қосылады. Күйеуінің атын атамайтын дәстүр бойынша Дина күйеуі Шәпекті «Жәпек» деп атайтын болған. Кейбір деректерде «Жәпек» деп жазылуы содан. Динаның алғашқы күйеуінен көрген перзенті Нұрпейіс 14 жасында қайтыс болады. Кейін ел ішінде санақ па, сайлау ма, әйтеуір бір тізім алу атай алмаған Дина фамилиясының орнына қайтыс болған тұңғышы Нұрпейістің есімін атаған. Міне, Динаның Нұрпейіс келіні атануының сыры осында. Жәпек пен Дина бақытты ғұмыр кешіп, берекелі жанұя құрған

Халық әртісі, күйші, композитор, қазақ халқының мәдениет қайраткері Дина Нұрпейісованы жасынан өнер қонған ерекше қабілетті дарын иесі деп атауға болады. Оның бұл дарынын алғаш байқаған әкесі екен. Бірде ол Динаға әпкелері ән салған кезде, оларды домбырамен сүйемелдеуін өтінеді. Оның домбырада ойнауы ата-анасының көңілінен шығып, олар Динаның музыкаға деген құштарлығын жан-жақты қолдап отырды. Дина 9 жасында Дәулеткерей, Мүсірәлі, Байжұма сияқты күйшілердің шығармаларын бұлжытпай орындайтын болды.

Дина Нұрпейісова.

Отбасы

Дина Кенжеқызы 1861 жылы Батыс Қазақстан облысы қазіргі Жаңақала ауданының Нарынқұм жерінде дүниеге келген. Малшылықты кәсіп еткен әкесі домбыраның құлағында ойнаған болса, анасы Жәниха және екі үлкен әпкелері әнді тамылжыта айтатын шебер әншілер болған деседі.

Ұлы ұстазбен алғашқы кездесу

1870 жылы атақты күйші Құрманғазы қыздың ауылына келеді. Бұл уақытта Динаның күйшілік өнері жайлы әңгімелер елге тарап үлгеріп еді. Сондықтан Құрманғазы талантын сырттай естіп, әдейі жас қызды іздеп келіп, өзіндік бағасын беруді ойлайды. Қыздың өнеріне тамсанып, ақыры оны өзі баули бастайды. Осылайша тоғыз жыл бойы Дина Құрманғазыдан күйшілік өнердің қыр-сырын меңгерді.

Алғашқы туындылары

Осы жылдары ол өзінің тырнақалды шығармаларын дүниеге әкелді. «Бұлбұл», «Байжұма», «Көген түп» атты күйлері Динаның дарынды композитор екенін дәлелдеді.

Тұрмыс құруы

Дина 19 жасқа толғанда Нұрпейіс Мақатұлына тұрмысқа шығады. Сол жылдары құжат аларда оның фамилиясы Нұрпейісова болып тіркеліп кетеді. Қазақтың дәстүрімен атасының атын атай алмаған жас келін өз тегі ретінде күйеуінің атын жаздырған екен.

Дина ұзатылғанда әкесі оған қара қасқа ат сыйлапты. Толқыған Дина әкесінің құрметіне «Қара қасқа ат» атты күйін дүниеге әкелді.

1885 жылы Динаның аяғы ауыр кезде Нұрпейіс дүниеден өтті. Қазақтың әмеңгерлік дәстүрі бойынша ол күйеуінің кіші інісі Нұралыға тұрмысқа шығады. Нұралыдан он құрсақ көтереді, дегенмен, олардың көпшілігі аштық пен аурудан шетінеп кеткен.

Он алтыншы жылға арналған күй

1916 жылы Ресей патшалығы 18-49 жас аралығындағы қазақ азаматтарын елдің қарсылығына қарамастан күштеп әскерге ала бастайды. Дегенмен, майданға байлардың балаларының орнына кедей-шаруалардың балаларының жіберілуі – көтерілістердің басталуына түрткі болады. Әскерге алынғандардың қатарында Динаның ұлы Жұрынбай да бар еді.

Осы дүрбелеңнен кейін, 1917 жылы патша құлағанда басқа ақын-сазгерлермен бірге Дина да бірнеше күй шығарды. Дегенмен, оның «Он алтыншы жыл» атты күйі қуаныш пен шаттық сарынын арқау етуімен ерекшеленеді.

Даладағы аштық

Аштық жайлаған 1922 жылы Динаның отбасы Каспий теңізі жағалауына көшіп, Астрахан облысы Марфин ауданы Козлово ауылында тұрақтайды.

Мойындау

1937 жылы Ахмет Жұбановтың тапсырмасымен домбырашы Смағұл Көшекбаев Динаны Алматыға алып кетеді. Сол жылдың күзінде Алматы қаласында ұлт дарындары бас қосқан екінші республикалық жиында Динаға ресми түрде сый-сияпат, құрмет көрсетілді. Ол өзінің «Бұлбұл», Құрманғазының «Төремұрат» пен «Қайран шешем» атты күйлерін шебер орындағаны үшін ең алғашқы сыйлығын алды.

Осыдан кейін Дина Қазақ филармониясына жұмысқа алынып, оған «Еңбек сіңірген өнер қайраткері» атағы берілді. Осы жылы ол Жамбыл Жабаевпен танысады.

Жамбыл Жабаев пен Дина Нұрпейісова

Мәскеудегі жеңіс

Ол 1939 жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтық ұлттық аспапта орындаушылар байқауында бірінші орынды иеленді. 2000 қатысушы арасынан таңдалып алынған 9 үздік өнерпаздың бірі болды.

Ұлы Отан соғысы басталған тұста ол майдандағы ұлын зарыға күткен сағынышын «Ана бұйрығы» атты шығармасына арқау етті.

1944 жылы 83 жастағы Дина Ташкентте өткен Орта Азия республикалары музыкасының 3-ші онкүндігінде өнер көрсетті. Сол жылы ол (Қазақ ССР-інің халық әртісі» атағын иемденді.

Ал, 1945 жылы соғыстың аяқталуына орай «Жеңіс» күйін жарыққа шығарды.

Дина Нұрпейісова мен Күләш Байсейітова ©munara.kz

Немерелері

Соғыстан кейін Дина соғыста көз жұмған ұлы Жұрынбайдан қалған Ақжан, Балжан және Гүлжан атты немере қыздарын өз қамқорлығына алды.

Соңғы концерт

Дина Нұрпейісова халық алдына соңғы рет 1952 жылы 91 жасында шықты.

1955 жылдың 31 қаңтарында ұлы күйші дүние салды. Оның жасы сол кезде 94-те болатын. Дина Кенжеқызы Алматы қаласының орталық зиратында жерленген.

Оның шығармалары қазақ домбыра өнерінің нағыз классикасына айналды.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!