жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Баяндама «Экологиялық тәрбие берудің теориялық – практикалық негіздері»

Ж.Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық интернаттық мекемесі бар лицей
«Ұрпақ тәрбиесі – болашақ тірегі» тәрбие жұмысының
іс – тәжірибесін тарату бойынша оқыту семинары аясында «Экологиялық тәрбие берудің теориялық – практикалық негіздері»
тақырыбындағы биология пәні мұғалімі
Унаева Жаннат Зинушевнаның баяндамасы
Атырау – 2021
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі мектептерде экология пәнін енгізуді тапсыруына орай осы оқу жылынан бастап барлық мектептерде оқушыларды табиғатты сүюге, қоршаған ортаға қамқор болуға үндейтін арнайы сынып сағаттарын өткізу міндеттелді. Бұл қадамға септік болған табиғи ресурстардың сарқылуы, қоршаған ортаның ластануы, жаһандық жылыну және мұздықтардың еруі сияқты экологиялық проблемалар әлем үшін үлкен қауіп төндіруі. Экологиялық ортаның нашарлауы көптеген табиғи оқиғаларды тудырады. Экология осы жағдайды зерттеп, қандай шаралар қабылдау керектігін анықтайды. Барлық тіршілік иелері атмосфера мен мұхит түбінің арасында өмір сүретінін ескере отырып, экологиялық жүйені қорғау керек деп ойлай аламыз.
Осы орайда қазіргі кездегі жастар тәрбиесінің өзекті мәселелерінің бірі экологиялық білім мен тәрбие әлемдегі экологиялық деректерді, ғылыми мағлұматтарды білім мен тәрбие процесінде пайдалану мұғалімнің терең білімділігіне, педагогикалық шеберлігіне, жоғары мәдениеттілігіне байланысты деп санаймын.
Жалпы оқушының экологиялық мәдениетін қалыптастыру бағытындағы тәрбие жұмыстары осы уақытқа дейін де жүргізіліп келді. Дегенмен экологиялық мәдениетті қалыптастырудың педагогикалық – теориялық негіздерімен таныстыра отырып, өзіміздің лицейде жүргізілген шаралармен таныстырылымым көмектесе алды деп ойлаймын.
Табиғат – сұлулықтың өмір – бақи таусылмас қайнар көзі. Сондықтан да ол эстетикалық тәрбие берудің ең маңызды құралдарының біріне саналады. Ал бұл экологиялық тәрбиемен іштей жалғасып, табиғаттың күйзеліп, күйреуіне қарсы тұратындай адамның қалыптасуына ықпал етеді.
Қазіргі кездегі жастар тәрбиесінің өзекті мәселелерінің бірі экологиялық білім мен тәрбие әлемдегі экологиялық деректерді ғылыми мағлұматтарды білім мен тәрбие процесінде пайдалану мұғалімнің терең білімділігіне, педагогикалық шеберлігіне, жоғары мәдениеттілігіне байланысты.
Еліміздің Бас ұстазы Асхат Аймағамбетов:"Сабақтан тыс уақытта экологиялық білім беру деген өте маңызды. Бұл пәнді мектеп бағдарламасына тек бір пән ретінде енгізіп қойсақ, тиімділігі жоғары болмайды. Бала құлағымен естіп қана қоймай, осы жұмысқа өзі тікелей қатысса ғана алған білімі маңызды болады. Сондықтан, оқушының түрлі секцияларға, клубтарға, туристік серуендерге қатысқаны дұрыс", – деген болатын.
Экологиялық білім беру мен тәрбиелеудің міндеттеріне табиғат туралы, оның тұтастығы және қоғаммен бірлігі жайындағы ғылыми негізделген білімді меңгеру, оған ықпал етуге байланысты туындайтын практикалық шараларды дәлелдеп орнықтыру, қоғам мен адам үшін табиғаттың құндылығы шексіз екенін ұғындыру, табиғи ортада дұрыс жүріп–тұрудың нормаларын сақтау, табиғат пен сырласа білу қабілетін дамыту, табиғат пен қайта түлеген ортаны жақсарту жөніндегі қызметті сауатты ұйымдастыру жатады. Міне, осы міндеттерді шешу жастардың экологиялық білімін арттырып, олардың табиғатқа деген қарым–қатынасын қалыптастыруға бағытталады.
Экологиялық тәрбие мен білім беру – көп сатылы процес, ол кешенді тұрғыда қарастыруды қажет етеді
Біріншіден адамның, қоғамның табиғатқа әсер ету ортасындағы білімнің ғылыми жүйесін қалыптастыру;
Екіншіден жеке тұлғаның ізгілік қасиеттері арқылы дүниетанымын қалыптастыруға тәрбиелеу;
Үшіншіден қарым-қатынас негізінде білім мен тәрбиенің жүзеге асуына ықпал ету.
Экологиялық білімді жүзеге асыруда білім беру аспектілері мен принциптерін сақтау керек. Олар негізінен, ғылымилық, байланыстылық, тепе-теңдік, қызығушылық, үздіксіздік, жалғастырушылық, интеграциялау, көрнекілік, қабылдаушылық ұстанымдар.
Ғылымилық ұстаным негізінен, оқушыларға білім беруде фактілер, құбылыстар мен үрдістер, адамның табиғатқа әсері, табиғат қорғау жұмыстары және экологиялық жағдайлардың нәтижелері ғылыми тұрғыда материалдар негізінде берілуі және пайдаланылуы тиіс.
Қызығушылық ұстанымы оқыту барысында білім берудің барлық әдістері мен түрлері оқушылардың бойында қызығушылық сезімін оятып, туған өлкесін оның табиғи байлықтарын сүюге, аялауға ұмтылдыру. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғауға ынтасын арттыру. Мысалы, оқушыны ОҒЖ тартып, зерттеумен шұғылдандыру жұмысы лицейімізде жақсы жолға қойылған.
Үздіксіздік ұстанымы оқушылардың білім деңгейі мен жас ерекшеліктерін ескере отырып, олардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Лицейде 7 – 8 сынып оқушыларынан құралған «Жас эколог» үйірмесі тұрақты жұмыс жасайды.
Күнделікті тұрмыс қалдықтары мен өнеркәсіптің керексіз өнімдері туған жерді ластап қана қоймай, адамзат денсаулығына да нұқсан келтіруде. Ендеше әр нәрсенің соңын ойлап, керексіз заттарды «керек» қылып үйретуді үйірме . Осы мақсатта «Қалдықтың екінші өмірі» айдарымен 7 – 8 сынып оқушылары арасында лицейішілік көрме ұйымдастырылды. Оқушылар қалдықтардан әртүрлі заттарды эстетикалық талғаммен жасау арқылы үнемшілді, тазалықты, экологиялық проблемаларды шешудің жолын түсінді.
Көрнекілік ұстанымы оқушыларға экологиялық білім беруде оқу үрдісінде көрнекі құралдар, диофильмдер, киносюжеттер, компьютерлік роликтер, кеппешөптер, коллекциялар, бейнекөріністер, индикаторды және табиғаттағы бақылаулар нәтижесін пайдалану.
Лицейде 7 – 8 сынып оқушыларынан құралған көлеңке театры жұмыс жасайды. Театр мүшелерінің негізгі мақсаты табиғатты қорғау мәселелеріне баса назар аударып, шағын қойылымдары арқылы оқушылар арасында экологиялық тәрбие жүргізу. Осы орайда «Жер – Ананы сақтайық!» бейнеролигін дайындап, оқушылар назарына ұсынды.
2019 жылы 10 – 11 сынып оқушылары шарларды аспанға ұшырудың зияны туралы түсінік жүргізу мақсатында акция ұйымдастырып, өткізді.
(Видео көрсетіледі)
Интеграциялау ұстанымы экологиялық білім беруде жаратылыстану пәндері (биология, химия, география, физика, т.б) мен гуманитарлық пәндер (әдебиет, тарих, қоғамтану т.б) арқылы оқушыларға берілетін білім негіздерін жеке адамнан қоғамдық деңгейге көтеру. Көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беруді жүзеге асыру жолында «Табиғат саған ана ма, әлде әншейін пана ма?» Showdown (пікір алмасу) және «Қазақстанның, Атырау қаласының экологиялық проблемалары» Экологиялық конференция сабақ т.б. шаралар өткізілді.
Қабылдаушылық ұстаным экологиялық ғылымның мазмұнын оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай жоспарлауы, экологиялық терминдердің түсініктілігін, ұғымдар мен заңдарды қабылдау мүмкіндіктерін ескере отырып жатық әрі түсінікті тілмен берілуі.
Лицей педагогикалық ұжымы өскелең ұрпақ бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы «Еңбек – бақыт бастауы» тақырыбымен сенбіліктер ұйымдастыруды басты назарда ұстайды.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген