Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама "Елбасының 5 қазан 2018 жылғы жолдауына" жастардың көзқарасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жолдауда айтылғандай Елбасының келер жылы "Жастар жылы" деп жариялаудағы жастардан күтетін үміті
Материалдың қысқаша нұсқасы

Елбасымыздың әр жылғы Жолдауының қайсысын алып қарасаңыз да еліміздің болашағы – Біздерге, яғни жастарға қолдау көрсетіп, нәтижелі жұмыс жасауға жағдай жасалатынын көреміз. Биылғы «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» атты жолдауында да стратегиялық маңыздылығы мен белгілі бір мерзімде нақты міндеттер мен мәселелердің шешілуін қамтамасыз етуге бағытталған. Елбасы жолдауының

«VІ. ӘРБІР ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ ЕЛІМІЗДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР ҮДЕРІСТЕРІНЕ АТСАЛЫСУЫ» атты 6 тармағы: «Әрбір қазақстандық жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін және олардың Отанымызды өркендету жолындағы маңызын жете түсінуге тиіс.

Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуға тиіс.

Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек.

Келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынамын.

Біз ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғыртуға кірісуіміз қажет.

Бұған арнайы «Ауыл – Ел бесігі» жобасының іске қосылуы септігін тигізеді.

Бұл жоба арқылы өңірлердегі еңбекке қатысты идеологияны ілгерілетуді қолға алу керек.

Бойскаут қозғалысы сияқты «Сарбаз» балалар-жасөспірімдер бірлестігін құрып, мектептерде әскери-патриоттық тәрбиенің рөлін күшейткен жөн.

«Өз жеріңді танып біл» жаңа бастамасы аясында еліміздің өңірлері бойынша жаппай мектеп туризмін қайта жаңғырту керек.

Бүгінде халықтың әлеуметтік көңіл-күйін айқындайтын негізгі салаларда теңдессіз шаралар ұсынылып отыр.

Бастамалардың қаржылық көлемі
1,5 триллион теңгеден асады, ал жиынтық әсері одан да көбірек. Бұл халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға зор серпін береді. 

Бұл – ең сенімді әрі тиімді инвестиция.» деді Н.Ә.Назарбаев. Осы орайда елбасымыздың бірнеше жаңа бастамалар туралы айтқанын көріп отырмыз. Осыншама қаражатты «Ең сенімді әрі тиімді инвестиция» деп жастарға, ауыл жастарына, мектеп жасөспірімдеріне сенім білдіріп қарағаны көңіл қуантады. Келер жылғы «Жастар жылында» сенім артқан мәселелердің , жаңа бастамалардың жүйелі нәтижелері көрініс табуына әрқайсысымыз үлес қосуымыз қажет деген ойдамын.


Жалпы Жолдаудан жастарға арналған негізгі үш бағытқа тоқтала кетер болсам, ол біріншіден- білім мәселесі. Елбасымыздың білім саласына қыруар қаражат бөлінетіндігін және еліміздің беделді 10 ЖОО әлемдік стандартқа сай етіп жасақталатынын мәлім ету біздің дамыған ел болуға бағыт алғанымызды көреміз. Екінші, 2015 жылдан бастап жас отбасыларға бастапқы жарнасыз және төмен пайыздық көрсеткіште үйлер салуға 180 миллиард теңге қаражат бөлінетінін жеткізді. Еліміздегі жас отбасылардың 80 пайызға жуығында жеке пәтер жоқтығын ескере отырып Елбасымыз жастарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мәселесін дөп басып айтты. Үшіншісі- ұлт аралық достық . Еліміздің әлемге үлгі болар тұсы – ұлт аралық татулық, осы жағдайларды жастарға ұғындыру керек екені айтылды.

Еліміз "тәй-тәй" басып, тәуелсіздік туын желбіреткеннен бастап Президентіміздің нұсқаған бағдары мемлекетімізді тек алға жетелеуде. Әрине, егемендікке қол жеткізу оңай емес, алайда оны жаһандану заманында болып жатқан ахуал жағдайында сақтап қалу одан да қиын. Елбасының ұсынған бағыты еліміздің бүгінгі қатерлер мен мүмкіндіктер заманында әрі қарай дамуын шарықтата түспек. Қысылтаяң уақытта Президенттің көрсеткен сара жолы әркімге қажет. Халықтың басына күн туғанда қиындықтан алып шығар басшының көрсеткен жолы ғана. Н.Ә. Назарбаевтың кезекті Жолдауы да қазақ елі үшін пайдасы мол боларына сенімдімін.

Еліміздің болашағы, жаңа әрі жас буыны - біздер! Қазіргі техникалық мамандықтардың, ғылым мен инновацияның шарықтап тұрған заманында, біздер шеберліктің шыңына жете біліп, білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға дағдылануымыз қажет! Сен еліңе қажетсің, елің саған қажет!




























































276 мектеп





Баяндама



Тақырыбы: «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» жолдауы









Дайындаған: А. Алшоразова

















2018-2019 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.11.2018
736
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12