Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Баяндама. "Ертегілер арқылы баланың тілін дамыту"

Материал туралы қысқаша түсінік
ертегі арқылы баланың тілін дамытып қана қоймай қиялының ұшқыр болуна да септігін тигізетіндігі туралы баяндалған.
Материалдың қысқаша нұсқасы











БАЯНДАМА



ТАҚЫРЫБЫ:

«ЕРТЕГІЛЕР АРҚЫЛЫ БАЛАНЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУ









ТӘРБИЕШІ: Жаныбекова Асел Серикбаевна











2020 ОҚУ ЖЫЛЫ

Еліміз тәуелсіздік алып, дербес мемлекет болған кезде халқымыздың болашағын ойлайтын, парасатты, саналы азамат тәрбиелеу – біздің басты міндетіміз. Білім мен тәрбиені ұштастыру әр педагогтың басты мақсаты. Әрбір тәрбиеші баланың бойына тәрбиенің ең негізгісін, ең құндысын сіңіре білуі керек. Баланы тәрбиелеуде ең алдымен мейірімділікке тәрбиелеп, ақылын дамытуға ерекше көңіл бөлген абзал. Мейірімді, ақылды балалардың тіл байлығы да мол болады.

Біздің халқымыздың ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан асыл мұрасы – аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, айтыстар, батырлар жыры мен ертегілер. Қазіргі таңда біздің мақсатымыз - жас ұрпаққа осыларды айту арқылы осы асыл қазынамызды үйретіп, жеткізіп келеді.

Балалардың сөйлеу қабілеттері мектеп жасына дейінгі шақта қалыптасады. Балалардың тілін ана тілінде дамытуға халық ауыз әдебиетін пайдалану тиімді. Негізінде адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалаптасады. Сондықтан да баланың жан-жақты қалыптасыу үшін мектеп жасына дейінгі балалардың бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек. Балалардың жан-жақты жетіліп, тілінің дамуына ең алдымен ата-анасы көп көңіл бөлуі тиіс. Балалардың басқа да адамдармен қарым –қатынасының негізі өз отбасында қалыптасады. Бауыржан Момышұлы өзінің «Ұшқан ұя» атты кітабында «Ертексіз өскен бала - рухани мүгедек адам. Біздің қазіргі балаларымызға әкелерімен шешелері ертегі айтып бермейді. Ал бесікте жатқанда құлағына анасының әлди үні сіңбеген баланың көкірегі керең болып қалмаса деп қорқамын» деген. Сондықтан да балалардың жан-жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі балалардың бойына жақсы қасиеттерді сіңдіре білу керек.

Ертегіні сахналау жұмысына ересек және мектепалдыдаярлық топтын балалары қатысып, қалған ертегіні кейіпкерлендіргенде сөзін жатқа айтып, кейіпкерлерінің мінез-құлқын іс-әрекетін, дауыс ырғағын өзгерте жеткізуге тырысады. Осы әрекеттер үстінде олардың тілге деген қызығушылығы арта түскені байқалады. Қандай ертегіні алсақ та ол белгілі бір мазмұнға құрылады, оқиға желісінің басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі болады. Ертегі - ауыз әдебиетінің ықылым заманынан келе жатқан көне мұрасы. Оның ертегі деп аталуының өзінен де, сол сияқты ертегілердің «Бұрынғы өткен заманда, ерте-ерте, ертеде» деп басталуынан да оның атам заман туындысы екенін аңғару қиын емес. Ертегілерде халық басынан кешкен, ғасырлар ізі жатыр. Оларда еңбекші халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғүрпы, елдік тарихы, қилы-қилы асулары, арман-мұраты бейнеленген.

Ертегілер баяу басталып, оқиға желісі күрделене түседі. Кейіпкерлер арасындағы қайшылықтар өрістей кеп әділдік үстемдік құрып, жағымсыз іс-әрекет жеңіліс тауып жатады. Талай-талай іс-әрекеттер мысқылмен беріліп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді. Бала жағымсыз кейіпкерлердің жағымсыз әрекетінен бой тартып, жақсылыққа құмартады. Ертегінің осындай әр жақты сырынтартымды, бала санасына лайықтап жеткізу ойнаушының шынайы шеберлігіне тікелей байланысты.

Балалардың тілін дамытуға, мәдениеті мен ой-өрісін, дүниетанымын жетілдіруде рөлдік ойындар тиімді нәтиже береді. Рөлді ойнап тұрған бала өзін сол кейіпкерге теңеп, кейіпкердің жақсы қасиеттерін бойына сіңіреді. Балалар жақсы мен жаманды айырып, бір-біріне деген қарым-қатынас жақсара түсіп ұялшақтықтан арылып, сенімділік пайда болады. Баланың тілін дамытудағы ертегінің тигізер әсері мен тиімділігі өте зор.

Балалар ертегілердің бірнеше түрлерін біліп, ойлау қабілеттері жүйеленіп, тіл байлықтары дамиды. Балалар ертегі тыңдағанды ұнатады. Тыңдаған басқа, ертегіні көріп-біліп, өздерін сол ертегінің кейіпкері сезінің ол тіптен басқа. Балаларды көзі ашық, тілге шешен, жан-жағындағыларды сыйлай білетін сыпайы, мәдениетті етіп тәрбиелеуде балаларға арналған көркем шығармалардың маңызы зор. Әрбір тәрбиеші сондай-ақ ата-аналар да қысқа ертегілерді, әңгімелерді оқи отырып, олардан қойылым жасап бергендері өте дұрыс.

Ертегілерді рөлге бөліп орындауға барлық бала бара бермейді. Ертегіні көрермен ретінде тыңдап, көзбен көру, көргендерін достарына немесе басқаларға әңгімелеп беру арқылы балалардың дұрыс сөйлеу мәдениеті алға басады. Сонымен қатар балалалар оқыған естіп білгендерін осы өмірде алдарынан шығатын түрлі жағдайларға қолдана алады. Оқу іс-әрекеттерін шағын қойылымдар көрсете отырып жүргізсе, балалардың қабылдау қасиеттері артып, көрген білгендерін, естігендерін әңгімелеуде үлкен жетістіктерге жетеді. Тілдері жаттығып, сөздік қорлары кеңейіп, орынды сөйлеу, шындықты айту дағдылары қалыптасады. Ертегілер арқылы балалардың тілін дамыту, ертегілерді барлық оқу іс – әрекеттерінде қолдану арқылы жүзеге асырылады. Ертегілерді әрбір оқу іс – әрекетінде қалай қолдануға болатындығына тоқталатын болсақ, мысалы «Жыл басына таласқан хайуанаттар» Көркем әдебиет оқу әс – әрекетінде осы ертегіні оқып, мазмұнымен танысып, негізгі ойды анықтасақ, енді математика оқу іс – әрекетінде осы ертегінің кейіпкерлерін пайдаланып денелерінің көлемін салыстыруға болады. Атап айтсақ, түйе мен тышқанды, қой мен сиырды салыстыру арқылы үлкен, кіші немесе биік, аласа деген ұғымдарды қалыптастырып таныстыруға болады.

Ертегілер әрқашанда қазақ халқының өмірінде маңызды рөл атқарып келген. Себебі, ертегілердің мазмұнында халықтың тұрмыс тіршілігі салт-дәстүрі, әдет- ғұрпы, бүкіл болмысы, адамдардың өзара қарым-қатынасы, мінез-құлқы т.б. бейнеленген. Ұрпақ тәрбиесінде ең тиімді тәрбие құралы ретінде ертегілер тілі жеңіл, түсінуі оңай болғандықтан, ертегілердің балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік тәрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да атқарар қызметінің маңызы өте зор. Ертегілер мектеп жасына дейінгі балалардың ой-өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, елін қорғауға, өнерді игеруге, жалпы адамгершіліктік құндылықтарды бойына сіңіруге септігін тигізеді. Сонымен қатар баланың сөздік қорын да молайтуда қызметі өте зор. Ой өрісі дамып, сөздік қоры молайған баланың айтар ойы да, істер ісі де өнегелі болмақ. Демек, бала тілін дамыту - қоғам дамыған сайын күнделікті қажеттілікке айнала беретін ең өзекті мәселелердің бірі. Қазақ халқының жас ұрпаққа тәрбие берудегі тиімді құралдарының бірі - ертегі. Ертегілердің мазмұнында халықтың тыныс-тіршілігі, әдет-ғүрыптары мен дәстүрлері, бақыт жолындағы күресі, адамдардың өзара қарым-қатынастары мен мінез-құлықтары, адамдардың еңбексүйгіштігі, өз халқына, Отанға, туып-өскен табиғатқа деген сүйіспеншіліктері бейнеленген. Т.Барласұлы ертегінің адам баласына тәлім-тәрбиелік, рухани маңызы жөнінде айта келіп: "Ертегі - рухани тәрбиенің мәні аса зор, көзіміз көріп, қүлағымыз ести алмайтын, тек ақылмен ажыратып, жүрекпен ғана түйсіне алатын материалдық әлеммен бірге шегі жоқ рухани әлем болмысының біртұтас түсінікті баян етілген көрінісі", - деп анықтама береді. А.Байтұрсынов «ертегінің қадірі қанша деп сұрағанда, керегіне қарай жауап беріледі » деп ой қорытады. Ертегі халықтың қиялынан пайда болған.

Сөз соңында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде жатыр. Қазақ тілі әлі бірте-бірте мемлекеттік қызметте, экономика мен өмірдің барлық саласында басымдық танытатын болады» деген сөзін басшылыққа ала отырып қазақ тілінің бүгінгі кездегі рөлі зор дер едім. Әр адамның жүрегі тіл дегенде тебіренетіні анық. Тіл туралы сұрақтар кез келген адамды мазалайды. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»,- деп ұлы ақын Қадір Мырза - Әлі жырлағандай, өзге тілді білу қажет, ал өз тілімізді одан да артық білген жөн. Баланы бақша табалдырығынан бастап ана тілін құрметтеуге шақырып, насихаттау керек. Қазір балаларға арналған әдеби көркем әдебиеттер мен ертегілер шығып, театрда қазақша қойылымдар көрсетіле бастады. Бұның бәрі - тілді дамыту үшін істеліп жатқан игі істер.Тілдің сапасын арттыру жөнінде кемшіліктер де жоқ емес. Тіліміз арқылы мәдениетімізді, дінімізді дәріптейміз, өнеге тұтамыз. Елдің болашағы-балаларымыз. Сондықтан өзге елде білім алып жүрген жастарымыз бір-бірімен ана тілінде еркін сөйлеп, елінің тілінің мәртебесін көтеріп, ана тіліне деген сыйластығы мен құрметі жойылмағанда ғана тіліміздің болашағы жарқын болады деп үлкен сеніммен айта аламыз. Тілсіз өмірді елестету қиын. Сондықтан болашағымызды бұлыңғыр қылуға жол бермей, тіл дағдарысына төтеп беріп, тілімізді қастерлеу біздің қолымызда.Тіл-барлық адамзаттың ең басты, керекті қазынасы. Ол жоғалса, халық та, ел де жоғалады. Тілімізді шұбарлап өзге тілді аралас сөйлеу –тілге істелген қиянат. Тіл үшін үлкен тірек болар - сол тілді сөйлейтін адамдар. Сен тілді құрметтесең, сені елің құрметтейді деп қорытындылаймын.















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.10.2020
3729
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12