400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама" ЭТНОМӘДЕНИ ДӘСТҮРЛЕР МУЗЫКА САБАҒЫНДА"

Материал туралы қысқаша түсінік
Өнер мектебінің баян класының оқытушыларына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Андирова Алмагул Борановна

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы

№11С.Сейфуллин атындағы ДБАМОҚМИК



ЭТНОМӘДЕНИ ДӘСТҮРЛЕР МУЗЫКА САБАҒЫНДА



Музыка — адам жанын жарқындататын өнер. Сондықтан музыка адам баласына қатты әсер етеді. Бірақ ойналған әуенді сөзбен жеткізу мүмкін емес, оны тек музыканы жан — дүниесімен түсінетін адам ғана әуен ырғағымен ғана қабылдайды. Өйткені "Музыка — жүрек тілі", яғни сезім, қобалжу, көңіл - күйдің тілінен ұққан жөн.
Музыка — шынайы өнер, адамға әсер етіп, құдіреттің эмоциялық орасан зор күш арқылы эстетикалық талғамын оятады.

Мектептегі музыка сабақтарында оқушылар алғаш рет этномәденит негіздерімен танысады .Халықтық музыка,классикалық және бүгінгі күннің музыкасымен танысып,меңгереді.Этномәдениеттің негізін құрайтын оқушылардың алғашқы қадамы халық музыкасы:жыр,айтыс,эпос,аңыз әндермен күйлермен танысудан бастайды.Халықтың аңыз күйі «Ақсақ құлан»,Қорқыт «Ұшардың ұлуы», «Қыз Жібек», «Біржан Сара» т.б.эпостық жырлар халқымыздың этностық туындылары боп саналады. Қазақтың домбыра, қобыз саз сырнай, сыбызғы, шаңқобыз және басқа да музыкалық аспаптары күйлердің дамуымен бірге жетілген. Күй – қазақтың рухани мәдениетінің аса маңызды саласы. Күйлер – ұлы оқиғаларды, өмір шындығын, қазақ жерінде болған айтыс – тартысты, жорықтарды, той – думанды, елдің тұрмыс – тіршілік салтын, әдет – ғұрпын, табиғатын суреттеген.

Бағдарлама музыка сабағының көп іс - әрекеттігін байқайды: ән үйрену, музыка тыңдау, би қимылдарын үйрену, оның аттары, ою - өрнектерді білу, оны суреттеп салу, аттарын білу, ауызекі шығармашылығы – тақпақ, айтыс, мақал – мәтел, жұмбақтар т. б.

Бастауыш сыныптарда оқушылар халық мәдениеті,өнерімен танысса, 4 сыныптан бастап орыс,орта азия,кавказ халықтарының мәдениетімен танысады.Олардың ұлттық музыкасы,салт-дәстүрлерімен таныс болады.Себебі Қазақстанның ұлан байтақ елінде жүздеген этнос өкілдері қоныстанған.Өзіміздің Батыс Қазақстан өлкесінің өзінде жүздеген халық өкілдері бар.

Елбасымыздың өзі әр халық өкілдерін құрметтеу,сыйлау,олардың мәдениетін,салт-дәстүрін үйрену,насихаттау қолға алынған.Осы орайда елімізде,әр облыс,аудан орталықтарында Халықтар Достығының Ассамбюлеясы орталығы ұыймдастырылып,турлі халықтардың этномәдениеті насихатталуда.Жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде танымдық,достық қасиеттерінің дамуына көп әсерін тигізеді.

Этномәдениетті терең түсіну үшін,мектеп қабырғасындағы музыка сабақтарында,өзіміздің ұлттық аспаты игеруде тек өз халқымыздың мәдениеті ғана емес,юасқа ұлт уәкілдерініңде мәдениетін меңгереді. Атап айтатын болсақ: «Мұрагер» , «Елімай» қосымша юағдарламаларында да этнос ерекшелігі ескерілген.

«Мұрагер» атты бағдарлама ән-күй пәні бойынша қазақ орта мектебінің бірінші-алтыншы сыныптарына арналған. Бағдарламаның негізгі мақсаты - өзінің тілін, дінін, дәстүрін, өнерін, әдет-ғұрыптарын біліп, халқының асыл қазынасының мұрагері сезінетін, өз елін, туған жерін, ата мекенін сүйетін Қазақстан Республикасының азаматын тәрбиелеу.

Бағдарлама төмендегідей педагогикалық міндеттерді көздейді:

1) домбыра сүйемелдеуімен ән айтып, күй тартуды үйрету, жыраулық дәстүр, айтыс өнерін меңгеріп батыс Европа және Шығыс музыка өнерінің дәстүрлерімен танысу;

2) қазақтың кейбір қолөнер түрлерін үйретіп, оқушылардың көркемдік ой жүйесін қалыптастыру;

3) балалардың творчестволық ынтасын, ой өрісін, фантазиясын, қиялын, дамыту;

4) дәстүрлі өнеріміз арқылы қайырылымдыққа, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеп, мәдиенетті, жан-жақты дамыған адам етіп шығару.

Бағдарламаның басты темірқазығы – балаларға домбыра үйрету арқылы олардың жалпы халық өнеріне деген ынтасын арттыру. Домбыра үйрету барысында біз халықтық музыка педагогикасына арқа сүйедік. Ол домбыра қағыстарын көзбен көріп, сөз иірімдерін құлақпен ілу сияқты домбыраны нотасыз үйрету әдістемесіне негізделген. Сонымен қатар, дәстүрлі ортада шәкірт ұстазына еріп жүріп, жекеше түрде дайындалып, соңына еріп батасын алған. Ал бала саны жиырмадан асатын сыныпта бұл методикамен жұмыс істеу қиын. Сондықтан «Мұрагер» бағдарламасы балалардың санына қарамай кез келген сыныпта қолдана беруге болатын, коллективті түрде нотасыз домбыра тартып үйретудің әдістемесін ұсынады. Бұл арада біздің бағдарламамыз қазақтың дәстүрлі педагогикасын және Европаның ең озық әдістемелік үлгілерін бойына сіңірді.

Ән-күй дәстүріміздің жалпы халықтық мәдениетіміздің бір саласы болғандықтан, бағдарламада басқа да халық көркем-өнер мұраларымыздың ішінде тек қана домбыра тартуды толығырақ меңгеруге көмектесетін түрлері іріктелініп алынды.

Елім – ай бағдарламасы. Авторы Мұрат Балтабаев

Қазақтың домбыра, қобыз саз сырнай, сыбызғы, шаңқобыз және басқа да музыкалық аспаптары күйлердің дамуымен бірге жетілген. Күй – қазақтың рухани мәдениетінің аса маңызды саласы. Күйлер – ұлы оқиғаларды, өмір шындығын, қазақ жерінде болған айтыс – тартысты, жорықтарды, той – думанды, елдің тұрмыс – тіршілік салтын, әдет – ғұрпын, табиғатын суреттеген.

Бағдарлама музыка сабағының көп іс - әрекеттігін байқайды: ән үйрену, музыка тыңдау, би қимылдарын үйрену, оның аттары, ою - өрнектерді білу, оны суреттеп салу, аттарын білу, ауызекі шығармашылығы – тақпақ, айтыс, мақал – мәтел, жұмбақтар т. б.
Ал, екінші тоқсандағы «Тұлпар» тақырыбында оқушылар «Сырым сазы», «Кішкентай», «Саранжап» т.б. күйлерден халқымыздың күресін, батырлығын көреді.

Басқа халықтар сияқты қазақ халқының кең тараған жанры - ән. «Бозторғай», «Маңмаңгер», «Япырай», «Өсиет» т.б. әндерінде кең даланы, табиғат әсемдігін, махаббатты бейнелеген.

Бірінші, үшінші тоқсан тақырыбына лирикалық сюжеттегі күйлер еніп, ондахалықтың өмірі, өнерге, музыкаға деген көзқарасы, адам сезімі терең бейнеленген («Аққу», «Бұлбұл»).

Халық өнерінің тәрбиелік әсері фольклордың «қолданбалы» саласында да (киіз басу, кілем тоқу, т.б.) орын алып, балалардың көркемдік қажеттілігін күшейтіп отырды. Бұл сала еңбек әндерінің тууына себеп болды.

Бұл бағдарламаны фольклордың басқа да маетриалдарымен тереңдетуге болады (ертегі, жыр, тақпақ, жаңылтпаш, ойын т.б.).

Ең бастысы, мәселе халық фольклорының синкреттік табиғатын жоғалтпай, әр тақырыпқа өткен сайын, халық дәстүрлердің, фольклордық материалдардың жалпы эстетикалық мәнін ашып, оқушыларға жеткізіп отыру.

Музыканы тыңдау арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің негізгі мақсаттары жүзеге асады. Іс-қимыл бірге музыканы тыңдаумен қатар оны қиялдау арқылы басқа ғылыми салаларын жетік меңгерген үлкен септігін тигізетіні анық. Музыканы сезінген бала, ол математика пәнін жетік меңгеріп, яғни көрсеткіш көрсететіні баршаға аян. Музыка - сезініп қана қоймай, оны көз алдына елестете алып оқушы ана тілі мен әдебиет пәндерін жетік меңгеретін болады. Кейбір балалар музыканы жай ғана тыңдап, ешқандай әсер, сезіну, қобалжу, эмоциялық әсер ала алмаса, ол оқушы музыкадан басқа жалпы пәндерден білім көрсеткіші төмен болады. Оқушылар алғаш рет Музыканы дұрыс түсініп тыңдай білуге тәрбиелеу арқылы оқушылардың ой-өрісін, сезімін, санасын, киімін, талғамын жалпы өнерге деген сүйіспеншілігі мен мәдениеттілігін дамытамыз.
Мектептегі балаларға берілетін тәрбие саласының бірі -эстетикалық тәрбие. Эстетикалық тәрбие өнер құралдары бойынша, яғни музыкада - дыбыс, суретте - бояу, әдебиетте - сөз арқылы жасалынған көркем бейнелер негізінде оқушының дуниетанымын арттырып, өмірдің шындығы мен әсемдікті сезіну қабілетін дамытуға жағдай жасалған.

Өнер —көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы.

«Өнер» терминін екі мағынада анықтауға болады. Кең мағынасында өнер адам баласының жасампаздығын білдіреді де, "ендіру", "жасау", "құру" деген негізден өрбиді. Мысалы, көне гректердің өнерді білдіретін ұғымы "poiesis" — адам қолынан шыққан, өндірілген заттар әлемі ретінде табиғи әлем — "physiske" қарама-қарсы қойылған.

Өнер өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында алмай, өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. Оны қоғамдық сананың өзге формаларынан даралайтын белгісі де адамның шындыққа деген эстетикалық қатынасы болып табылады. Өнердің мақсаты – дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру. Көркем шығарманың бел ортасында нақты бір тарихи жағдайда алынған жеке адам тағдыры, адамдардың қоғамдық қатынастары мен қызметтері тұрады. Олар суреткер қиялы арқылы өңделіп, көркем образдар түрінде беріледі. Шығарманың суреттеу тәсілі, құрылымдық келбеті, көркем бейне жасаудың материялдық арқауы өнер түрлерінің ерекшеліктерін айқындайды. Осыған сай өнердің:

т.б. түрлері бар.

Өнердің қызметін, қоғамдық сананың, адам танымының айрықша формасы ретіндегі ерекшелігін айқындайтын белгілі бір анықтама беру немесе оның адам өміріндегі маңызы мен мәнін анықтау жайлы тартыстар бүкіл мәдениет тарихында тоқталған жоқ. Өнер жайлы: “табиғатқа еліктеу”, “Құдайды тану”, “шындықты бейнелеу”, “сезім тілі”, т.б. анықтамалар берілді. Көптеген теорияшылар өнердің күрделілігі мен санқырлылығына сай оның мән-маңызын тек танымдық немесе идеялдық, яки эстетикалық деп біржақты қарастырушылар да болды. Осындай көзқарастарға қанағаттанбай өнертанушылар өнердің бойында таным да, шындықты көре білу де, жасампаздық та, көркем бейне де, рәміз сияқты көптеген мәселелер келісті үйлесімде, тығыз қарым-қатынаста деген тоқтамға келді. Өнер жеке тұлғаның жан-жақты дамып жетілуіне, оның эмоционалды күйіне, интеллектуалды өсуіне ықпал етіп, адамзаттың қордаланған сан ғасырлық мәдени тәжірибесінен, даналығынан сусындауға мүмкіндік береді. Өнер туындысы адам сезіміне қозғау салумен бірге, баяндалған оқиғаны басынан өткізгендей тебіреніске, кейіпкердің қуанышына сүйінген, қайғысына күйінген толғанысқа әкеледі, эстетикалық ләззәтқа бөлейді. Ол ерекше көркем образды рәміздер жүйесі арқылы, айрықша көркем тіл ретінде көрініп, адамдардың санасына жол табады. Адамның көркем шығармашылдық әрекеті сан алуан қалыпта дамып, ол өнердің түрлері, тектері, жанрлары ретінде таратылады. Өнер теориясы бойынша көркем шығармаға негіз болған матерялдық арқауына байланысты өнер түрлерінің негізгі үш тобы туындайды:

1) мекендік немесе пластикалдық (кескіндеме, мүсін, графика, көркем фото, архитектура, т.б.) яғни, көркем бейнені кеңістікте түзетін өнер түрлері,
2) мезгілдік (сөз және 
музыка өнері), яғни көркем бейнелерді уақыт кеңістігінде құратын өнер түрлері.
3) мекенді-мезгілдік (
би, актерлік өнер және осыған негізделген аралас түрлер – театр, кино, телевизия, эстрада, цирк, т.б.), яғни көркем бейнені белгілі бір уақыт кеңістікте түзетін өнер түрлері.

Сөз өнері іштей – жазба әдебиет, ауыз әдебиеті болып бөлінсе, музыкылдық өнер – вокалдық, аспаптық музыка түрлеріне бөлінеді. Сахналық өнер – драмалық, музыкалдық, қуыршақ, эстрада, цирк, т.б. болып жіктеледі. Ауыз әдебиеті – эпос, лирика,драма сияқты тектерге бөлінуімен қатар, бейнелеу өнері – портрет, пейзаж, натюрморт, сахна өнері, комедия, трагедия, водевил, т.б. жанрларға бөлінеді. Өнер, жалпы алғанда, әлемді игерудің тарихи қалыптасқан көркем әдісі ретінде өзіне тән ерекшеліктер мен өзіндік сипатқа ие. Өнердің эстетикалық қызметі арқылы танымдық табиғаты мен тәрбиелік сипаты айқындалады. Әрбір тарихи кезеңнің, сондай-ақ әрбір халықтың өзіне тән эстетикалдық талап, талғамдары болады. “Өнер алды – қызыл тіл” деген қазақ мәдениетінде сөз өнерінің орны ерекше болған. Қазақ фольклорының шағын жанрлары – мақал-мәтел, жұмбақ, лирикалдық ән-өлеңдер, билер институты тудырған шешендік сөздер табиғатының эстетикалдық сипаты басым. Халық музыкасында қалыптасқан әншілік, күйшілік дәстүрлердің де өзіндік болмысы анық. Кең тынысты лирикалдық әндер арқылы халық өзінің ішкі сезімдерін сыртқа шығарған болса, күмбірлеген күй арқылы өздерінің эстетикалдық әр филосиялдық ой-толғамдарын жеткізіп отырған. Осы белгісіне орай өнерді әрі эстетикалдық, әрі этникалдық құбылыс ретінде қарастыруға да болады. Халық мұрасы тұсында оның этникалдық арқауы басым болса, кәсіби өнерге келгенде эстетикалдық сипаты үстем. Өнер туындылары арқылы өмір шындығын көрсетудің әр түрлі тарихи кезеңдерге тән өзіндік көріністері бар. Соларды саралай отырып, адамзат баласының көркем қиялмен ойлау жүйесінің даму, жетілу жолдарын аңғарамыз

Қорытып айтқанда, этномәдениет түсініктері бала кезден қалыптасып,әр тұлғаның танымдық өрісінің кеңейіуне жол ашатыны хұқ.Этномәдениетті меңгерген адам әркез мәдениетті,эстетикалық талғамы мол тұлға деп білеміз.







Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Тарихи тұлғалар . Танымдық – көпшілік басылым . Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған . Құрастырушы : Тоғысбаев Б. Сужико(ва А.. Алматы . «Алматыкітап баспасы »,2009. ISBN 978 -601-01-0268-2 .

  2. Қазақ мәдениеті энцеклопедиялық анықтамалық .Алматы : «Аруна LTD» . ЖШС , 2005

  3. «Қазақ энцеклопедияысы» , 2 том.

  4. Музыка әлемінде №4 2006 ж/1/

  5. Музыка әлемінде №2 2008 ж/2/

  6. Музыка әлемінде №23 2011 ж/3/

  7. Педагог. Ремпубликалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журнал № 2 2011 ж/4/

  8. Интернет көздері/5/



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21.08.2019
751
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі