Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Баяндама "Инновациялық педагогикалық технологияларын қолдану арқылы білім сапасын арттыруды жүзеге асыру жолдары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Инновацияны жете түсініп, инновациялық әдіс-тәсілдерді мектеп өміріне кеңінен енгізу жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты болып табылады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Инновациялық педагогикалық технологияларын қолдану арқылы білім сапасын арттыруды жүзеге асыру жолдары


Қазіргі заман талабына орай ұрпақтарымызда парасатты да білімді етіп тәрбиелеп, олардың дүниетанымын адамзаттық деңгейде дамытамыз десек, бойында ұлттық және азаматтық намысы бар ұрпақ өсіргіміз келетін болса, онда білім берудің түрлері мен әдістерін түрлендіріп, жаңартып отыруымыз керек.
Кейінгі жылдары жиі пайдаланылып келе жатқан жаңа ұғымдардың бірі – инновация. Инновацияны жете түсініп, инновациялық әдіс-тәсілдерді мектеп өміріне кеңінен енгізу жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты болып табылады

Үйреншікті әдіс-тәсілдер баланы қызықтырмайды. Сондықтан қайткен де баланың ойына, сезіміне серпіліс ендіруді мақсат етіп қою керек.

Жаңа педагогикалық технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғы шарттар қажет:
Оқу үрдісін жетілдіруді жаппай қолға алу; оның ғылыми – әдістемелік, оқыту-әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау, жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандарттарымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру техологиясын игеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игеруге қол жеткізу, оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу, өйткені оқыту- тәрбиенің негізі.
Жаңа технологияның өзін мұғалім түрліше/ орташа дәрежеде, ұқыпты, дәл нұсқау бойынша немесе шығармашылықпен/ іске асыруы мүмкін. Бұл жерде технологияны жүзеге асырушының тұлғалық компоненті, белгілі бір ерекшеліктері елеулі түрде әсер етеді, сонымен бірге оқушының әрекеті – оның қабылдауы, ынтасы, құштарлығы негізгі рөл атқарады.
Сабақты дұрыс ұйымдастыра отырып, бағыт бағдар беру арқылы өздігінен жұмыс жасауға үйрету нәтижесінде жаңа идеялар мен жаңалықтар, болжамдар мен нәтижелер туындайтындай, алған білімдерін өмірде, тәжірибеде берік пайдалана алатындай мақсатты жұмыстар жүргізілуі керек. Осындай сабақ түрлерінің бәрнешеуіне тоқталып өтейін. Іскерлік ойын сабағында балалар әр түрлі проблемаларды талдайды, оның шешу жолдарын іздестіреді. Мұндай сабақтар олардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, пәнге деген қызығушылығын арттырады, өмірде кездесетін түрлі қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді.
Іскерлік ойын сабақтарын өткізу технологиясы 3 кезеңнен тұрады:
I кезең. Дайындық (рольдерді бөліп беру, оқушыларды топтарға бөлу, проблемаларын алдын ала таныстыру, қажетті материалдарды жинау)
II кезең. Ойын кезеңі (оқушылар жасаған хабарламаларды тыңдау, пікірталас жасау, қабылданатын шешімді талқылау және оны бақылау, талқыланған шешімді қабылдау)
III кезең. Қорытындылау (проблеманы шешудің тиімді жолдарын іздестіру)
Іскерлік ойындарының дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық маңызы зор..

     Идеялар банкі. Топтың алдына бір міндет қойылады / мысалы: тәрбиешінің ата – аналармен жүргізетін тиімді жұмыстары/ осы міндетті шешу үшін топ мүмкіндігінше жаңа, тың ұсыныстар айту керек. Барлық ұсыныстарды бір топ жинап алып, оларға баға береді. Сонда бұл әдіс арқылы проблемалық жағдаят жасалып, оны шешу туралы


Білім сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технологияларды оқып, үйреніп, сараптай келе, мынадай тұжырым жасауға болады:

–  білім алушылардың білім, білік сапасын  арттырудағы    жаңа   инновациялық технология түрлері сан алуан, оларды таңдау жэне одан шығатын нәтиже оқытушының кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты;

– жаңа   инновациялык   технологияларды   енгізу   жүйелі  әрі   мақсатты  түрде жүргізілгенде ғана жетістікке жетуге болады;

– жаңа инновациялық оқыту технологияларын енгізу барысында әрбір оқу орнының материалдық-техникалық базасының бүгінгі талапқа сай еместігі, әрі жетіспеуі, кадрлық әлеуметтің төмендігі көп кедергі жасайды.






25.03.2012, 14:27

.

.

Инновациялық технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту; баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту; әр баланы оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту; барлық баланың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу.

        дамыта отырып оқыту әдістемесі

        оза отырып оқыту

        тірек және тірек конспектілер арқылы оқыту

        деңгейлеп оқыту технологиясы

        тесттік жүйемен оқыту

        иммитациялық әдіс

        мультимедия мүмкіндіктерін қолданып оқыту

        ойын технологияларын қолдану

        дискуссия сабақтары

        интеграциялық сабақ

        топпен жұмыс

        панорама сабағы

        проект әдісі (жоба)

        рольдік ойындар

        критикалық ойлау технологиясы

        «Мозайка» сабақтары

        Проблемалық оқыту әдісі

        «Миға шабуыл» әдісі

        Эвристикалық әңгіме әдісі

        Бинарлы сабақ

        Экскурсия сабағы

       

        Дөңгелек үстел

        Дебат сабақтары

        Саяхат сабақтары

Осы инновациялық технологияларды мүмкіндігімізше өз пәнімізде қолдансақ болашақ маман иесі тәжірибелі ұстаз болып білім және тәрбие алатынына сенімдімін.

Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол “Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі” деген анықтаманы ұсынады. Н.Нұрахметов “Инновация” білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке – дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке – дара кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын).

 

Әдебиеттер

1. Раджерс Э. Инновация туралы түсінік. – //Қазақстан мектебі, №4, 2006.

2. Қабдықайыров Қ. Инновациялық технологияларды диагностикалау. – А., 2004

3. Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі – сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008

4. Нағымжанова Қ. Инновациялық технологияның құрылымы. – А.:Өркен, 2007

5. Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. – А.: Білім, 2008.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
23.10.2020
459
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12