Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама "Интернетке тәуелділік"

Материал туралы қысқаша түсінік
Интернетке тәуелділіктің алдын алу, интернетті дұрыс пайдалану
Материалдың қысқаша нұсқасы

ИНТЕРНЕТКЕ ТӘУЕЛДІЛІК


«Уақыт – әр адамның еншісіне бұйырған әрі зая кетіре алмайтын капитал», - депті өз кезегінде Америкалық ғалым Томас Эдисон! Ал, біз осынау ғылым мен техналогия қарыштап дамып келе жатқан XXI ғасырда капиталымызды (уақытымызды) қалай, қайтіп, қаншалықты тиімді пайдаланып жүрміз? Бұрынғылар уақытым өтіп бара жатыр деп зар еңіресе, біз сол уақытты өткізе алмай, өтіп кетсе, өткенін байқамайтын жағдайға жеттік. Себебі бұл ғасыр адамзатқа үлкен сый ұсынды. Ол: сымсыз, сан алуан смартфондар, ондағы интернет міне нағыз адамзаттың досы мен дұшпаны. Әрине тиімді пайдаланып, уақытында қолдансаң одан асқан ақылшы дос, сенімді серік, көмекші таба алмассың. Бір сөзбен айтқанда бетін сипап отырып әлемнің о ешетімен бұл шетіндегі қызықтарды тамашалауға болады. Досың айтпас ақылды «гугол» дейтін данышпанға айтсаң болды неше түрлі ой жетегіне жібереді, кетесің содан соңынан қуалап. Бұл біз айтып отырған интернеттің жақсы жағының басы ғана. Әрине айтып, айтып ақтап күйе жұқпастай қылып көрсетуге болады бұл кереметті. Бірақ, осыған тәуелді болып қалған адамдарды, жастарды, оқушыларды көріп не болып барамыз дейсің. Дейсің де өз қолыңдағы телефонға қарап «өзім тәуелді емеспін бе» деген сауалды өзіңе қоясың? Сіз ше? Осы сауалды өзіңізге қойдыңыз ба, ойланыңыз!?

Ілгеріде Хәкім Абай: «Егер есті кісілердің қатарында болғың келсе, күніне бір мәртебе, болмаса жұмасына бір, ең болмаса айына бір, өзіңнен есеп ал», - депті! Біз өз-өзімізден есеп алмақ түгілі, жанымызда жүрген жан баламыздың не істеп, не қойып жатқанынан бейхабармыз. Мазамызды алып, жылап есті шығармасын деп өзіміз интернетін қосып беріп телефонға телміртеміз. «Құда да тыныш, құдағида тыныш» дегеннің кері болып жағамыз жайлауда жатамыз. Ал, бұл баланың психолгиялық тәуелділікке (шопоголизм, құмарлық) ұқсас ауруға ұшыратуы әбден мүмкін. Қазіргі оқушылар сабақты емес үзілістің болуын аңсап тұратын жағдайға жетті. Неге? Себебі олар үзілісте қолдарына телефондарын алып бір-біріменен блютуз арқылы атысады, шабысады. Сіз олардан Мұқағалидың өлеңін сұрасаңыз білмеуі мүмкін, есесіне ол оқушы Ерке Есмаханның өмір баянын жатқа айтады. Айтпағанда ше? Көретіндері сол. Әртүрлі желі парақшаларында жылтырақ дүние мен жарқыраған әншілерден көз алмаса. Тіпті бұл бер жағы қазір сіз оқушылармен, не жоғарғы оқу орнында оқып жатыр деген студентпен ашық жарты сағат әнгімелесе аласыз ба? Жоқ! Оның білімі бар болуы мүмкін бірақ сөйлесу қабілеті төмен. Себебі оның сырласы - интернет. Сіз онымен бетпе-бет емес интернет арқылы сұхпаттассаңыз оған сол қызық. Өйткені ол сіздің емес телефонның бетіне көп қарағысы келеді. Тәуелділік! Мұны да аз десеңіз не ішем, не жеймін дейтін емес барлығы бар, тоқшылық заманда жасы жетпей тырысқақ, ашушаң ұрпақ өсіп келе жатқанын байқайсыз ба? Жасөспірімдердің бойынан ашушаңдық симптомы көп кездеседі. Мұны тиісті мамандарда дабыл қағып айтып жүр. Сана-сезімі толық пісіп жетпеген, омыртқасы қатпаған бүлдіршіндерге біраз жылдың алдынада «көк кит» деген интернет ойыны қырғидай тиіп, жыландай арбап, қанша бала соның кесірінен көк тамырын қиып мәңгілікке кеткенін телеарнадан көрдік. Көре тұра әліде болса оқушыларды сол интернетті тиімді меңгеруді үйрете алмай келеміз. Ал мұндай жаныңды баурап, жынды қылып жіберетін ойындар әліде болса интернетте жеткілікті. Қазір жасөспірімдер арасында тик-ток түсіріп, лайк жинау деген модаға айналып барады. Тик-токтың шалды – жігіт, кемпірді – қыз қылып жіберер құдіретін жастар жағы білмейді емес біледі. Білем деп жүріп байқамай не бір азғын, педафилдердің құрығына түсіп қор болған оқушыларды да естіп жатамыз. Өкінішті. Ойнап жүріп, от басты деген осы шығар. Сол өрімдей оқушылардың зейінін, ынтасын интернеттен алшақтатып, басқадай дүниеге қызықтыратын бізде дәрмен жоқ па сонда? Әрине психолог ретінде балалардың сана сезімін бақылап отыру мектеп психологына жүктелетін шаруа. Бірақ ол баланың мектептен тыс ата-ана деген тәлімгері, тәрбиелеушісі бар екенін ұмытпайық. Сондықтан әрбір ата-ана өз баласына үлкен жауапкершілікпен қараса деген пікір айтқым келеді. Психология – жасөспірімдердің психикасының дұрыс жетілуін құптайды. Оқушыны өзгертуге болады, оның көзқарасын өзгертуге болады, мінезін, сана-сезімін, оқуға деген ынтасын өзгертуге болады тек оны белгілі бір жаман дүниге деген тәуелділігін жойып, оның кересіз екенін түсіндіріп, өміріңе балта шаппа деген ұғымды санасына құя білсеңіз болғаны. Интернетке тәуелділік бұл заманның дерті, қоғамның ушығып бара жатқан жарасы іспетті. Ал психология ілімі сол жараны емдегісі келеді деп түсінсеңіздер екен.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.02.2021
1540
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12