400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама: Интернетсіз өмір сүруге бола ма?

Материал туралы қысқаша түсінік
Интернетсіз өмір сүруге бола ма? Қазір балалар бұрын-соңды болмағандай ұзақ уақыт интернетте өткізеді . Сонымен бірге олар желіні ерте пайдалана бастайды. Жалпыт әлемдік ауқымда әрбір жарты секунд сайын қандай да бір бала алғаш рет интернетке кіреді.Балалар өздерінің ер жету процесінде интернетті пайдаланатыны олар үшін шексіз мүмкіндіктер ашады. Компьютерлер, смартфон, ойын қосымшалары мен теледидар көмегімен балалар оқиды, қиялдайды және өздерінің қарым-қатынас ортасын кеңейтеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Интернетсіз өмір сүруге бола ма?

Қазір балалар бұрын-соңды болмағандай ұзақ уақыт интернетте өткізеді . Сонымен бірге олар желіні ерте пайдалана бастайды. Жалпыт әлемдік ауқымда әрбір жарты секунд сайын қандай да бір бала алғаш рет интернетке кіреді.Балалар өздерінің ер жету процесінде интернетті пайдаланатыны олар үшін шексіз мүмкіндіктер ашады. Компьютерлер, смартфон, ойын қосымшалары мен теледидар көмегімен балалар оқиды, қиялдайды және өздерінің қарым-қатынас ортасын кеңейтеді. Дұрыс қолданған жағдайда және барша үшін қолжетімділік жағдайында интернет көкжиектерді кеңейтіп, бүкіл әлем бойынша шығармашылыққа ынталандырады.

         Өмірімізді телефонға телмірмей өткізу-өзімізге сын. Интернет қазіргі қоғамның бөлшегіне айналғалы қашан.Расымен,қазіргі таңда ұялы телефонсыз, интернетсізөмір сүру қиындап кетті. Әрине, көпке топырақ шашудан аулақпыз. Кейбір адамдар интернетсіз-ақ керемет күн кешуде.

         Біз интернетті не үшін қолданамыз? Әрине, алыс-жақын туыстарымызбен, достарымызбен хабарласып, хат алмасу үшін,өзімізге керекті ақпарат алу үшін, инстаграм, фейсбук желілеріне қосылып күнделікті болып жатқан жаңалықтармен хабардар болып және өзіміздің жаңалығымызбен бөлісу үшін.

         Ең бастысы біздің өміріміз телефонда, интернетте тұрып қалмауы тиіс. Интернет жақындардың жылуын, жақсылардың жарығын, жамандардың суығын көріп, сезіп, саналы өмір сүруге кедергі келтірмесін.

         Интернетсіз тіршілік етуге әбден болады. Тек ол ғаламторға бейімделген адамдарға сәл қиындау. Жалпы кез келген үйренген дүниеңнен тыс тіршілік оңай болмайды. Интернетсіз өмір  қызығырақ болар еді. Интернетсіз жақсы нәрселерге бейімделіп, өмірімізді белсенді сүре аламыз.

         Өзіне жаны ашыған адам, интернетке тәуелді болып қалатындай жағдайға жетпеуі керек. Өмір деген керемет. Осы өмірді интернетсіз, жақындарымыздың қасында көңіл көтеріп, жақындарымыздың жылуын сезініп сүргенге не жетсін.

         Қазіргі қоғамда интернетке тәуелді адамдар көп. Қолы босай салған сәттен телефонға телміріп уақыт өткізеді. Бұл дұрыс емес әрине. Уақыт деп аталатын бағалы дүниені пайдасыз іске жұмсағанша, пайдалы, өзімізге жақсы жағынан әсер ететін дүниемен айналысқан жөн.

         Қазіргі кезде: «21 ғасыр ғой, бұл ғасырда интернетсіз ештеңе елестету мүмкін емес» деген түсінік қалыптасуда. Бұл түсінік мүлдем дұрыс емес. 21 – ші ғасыр қоғамымыздың дамуына үлес қоысп, кітапхана, мұражай секілді жерлерді аралап, өзімізді 21-ші ғасырға сай дамытпасқа. Бұл айналамыздағы адамдарға да, өзімізге дежақсы жағынан  әсер етеді.

         Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін кіретін интернеттің құдыреті шексіз екені рас. Бірақ, өзімізді жақсы нәрсеге бейімдеп, интернетке телміруден аулақ болайық.

 



Алайда бұл мүмкіндіктермен бірге маңызды тәуекелдер де пайда болады. Жас адамдар әлеуметтік желілерге немесе жедел хабарлама алмасу платформаларына кірген сайын интернетте қудалаудан және құрдастары

тарапынан басқа да зорлық-зомбылық нысандарынан зардап шегуі мүмкін. Интернетте сілтеме бойынша өткен кезде балалар өшпенділікпен айтылған сөздерге және зорлық-зомбылық сипаттағы материалдарға, соның ішінде дене мүшесін жарақаттауға және тіпті өзін-өзі өлтіруге итермелейтін хабарламаларға кезігуі мүмкін. 

Бұдан басқа, балалар технологиялық компаниялар олардың жеке өміріне қол сұқпаушылықты бұзып, маркетингтік мақсаттарда  жеке деректер жинаған кезде тәуекелге ұшырауы мүмкін. Қолданбаларда балаларға маркетингтің бағытталуы, сонымен қатар осы себепті экран алдында шектен тыс уақыт өткізу баланың денсаулығына нұқсан келтіруі мүмкін.

Цифрлық әлемде кез келген жерде тұрған кез келген адам сексуалды пайдаланумен байланысты материалдарды жасай және сақтай алады. Балаларға қатысты сексуалды қылмыс жасайтын қылмыскерлер балаларға қатысты зорлық-зомбылық көрсетілген материалдарды алыстағы адамдардың талап етуі бойынша беріп, сексуалды зорлық-зомбылық көріністерін тіпті тікелей эфирде өз үйлерінен трансляциялай алады.















































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 наурыз
116
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі