Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама Жаңарған Ата Заңымыз – жарқын болашағымыз кепілі! 9 - сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама Жаңарған Ата Заңымыз – жарқын болашағымыз кепілі!
Материалдың қысқаша нұсқасы


«№47 М.Мақатаев атындағы жалпы орта мектебі» КММ

Тарих пәні мұғалімі: Ешимбетова Шолпан Сайлаубаевна


Баяндама

Жаңарған Ата Заңымыз – жарқын болашағымыз кепілі!


1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған қолданыстағы Конституция содан бергі мерзімде елімізде экономикалық және әлеуметтік, саяси реформаларды жүзеге асырып, қоғамды демократияландыру жолында өзінің жасампаздық әлеуетімен Қазақстан халқына қызмет етіп келеді.

Конституция 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады. Мемлекетіміздің бас құжаты болып саналатын Ата заңымызға екі рет: 1998 жылы 7 қазанда және 2007 жылғы 21 мамырда өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Оның негізгі мақсаты – Парламент депутаттарының мәртебесін өсіру, еліміздегі саяси партиялардың сайлау үрдісіне белсене қатысу жүйесін құру, сондай-ақ сот-құқықтық жүйесі мен мемлекеттік қызметті одан әрі дамытуды реформалау болып табылады.

Республиканың Конституциясы тарихына үңілсек жиырмасыншы ғасырдың алғашқы жартыжылдығында “Алаш” партиясы бағдарламасының жобасы 1917 жылдың 21 қарашасында қабылданған, Қазақтың Советтік Социалистік Республикасының 1937 жылғы 26 наурыздағы және екінші жартыжылдықта қабылданған Қазақ КСР-нің 1978 жылғы 20 сәуірдегі, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 28 қаңтардағы және Қазақстан Республикасындағы 1995 жылғы 30 тамызда өткізілген Республикалық референдумда қабылданған. Осылайша, Дала заңынан бастау алған тәуелсіз еліміздің Конституциясы азаматтардың бостандығы мен еркіндігіне кепілдік береді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша біздің еліміз – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет болып жарияланды. Бірақ басқарудың президенттік нысаны бір ғана нормативтік-құқықтық құжатпен қалыптасқан жоқ.

Президенттік басқару нысанындағы Мемлекет басшысының мәртебесі оның елдегі барлық жағдайды өз қолында ұстауына, қандай да бір мәселеден туындаған ахуалды меңгеруіне, осылайша мемлекеттік билік органдарының үйлесімді қызмет етуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етуге, сонымен бірге қоғамды ойдағыдай және түпкілікті реформалауға мүмкіндік берді. Республика Президентінің халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі болуы да көп ұлтты және көп дінді, сонымен бірге үдемелі әлеуметтік жіктеліс жүріп жатқан өтпелі кезеңнің қайшылыққа толы уақытында қоғамда азаматтық татулық пен ұлтаралық келісімнің сақталуында орасан зор қызмет атқарды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының бірінші бабында көрсетілгендей: “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары” – деп, ел мен халық мүддесі үшін қызмет етіп келеді.

Қазақстан Республикасы Конституциясы – Қазақстанның тұрақты дамуына жағдай жасай отырып, мемлекетіміздің өзекті деген бағыт-бағдарындағы барлық құқықтық қызметтің өркен жаюына жол ашып берді. Ал, әркім өзін мемлекет сенімді түрде қорғай алатынын сезініп, конституциялық заңдылық азаматтар мен адамдардың құқығына және бостандығына нақты кепілдік беретінін жан-жақты түсіне бастады.

Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекетте биліктің бірден-бір бастауы – халық болып саналатын Тәуелсіз де Егемен Қазақстандағы оң өзгерістерді көптеп атап өтуге болады.

Алыс-жақын шет елдерде тұратын қандастарымыз оралман ретінде елімізге көшіп келуде, білімді жастарымыз әлемнің атақты университеттерінде білім мен тәрбие алуда, мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлерінің, студенттердің, зейнеткерлер мен мүгедектердің жағдайы жыл санап жақсаруда.

1995 жылы Республикалық референдумда қабылданған Конституция еліміздің стратегиялық мақсатын айқын анықтаған және дәйекті түрде жүзеге асырған, қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму, қоғамды демократияландыру мен белсенді саяси өмір саласындағы қол жеткізген табыстардың қайнар көзі болып отыр.

Жыл сайын 30-тамызда елімізде Қазақстан Республикасының Конституциясы күні кеңінен аталып өтеді. Ата Заңымыздың төл мерекесі құтты болсын!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
30.11.2018
605
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12