400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Баяндама: Жаңартылған білім мазмұны бойынша информатика пәнін оқытудағы ерекшеліктері.

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге әдістемелік көмек үшін. Сабаққа қатысты материалдармен танысады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Жаңартылған білім мазмұны бойынша информатика пәнін оқытудағы ерекшеліктері.


 Қазақстандағы білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы –  заман талабына сай бағдарлама.    Жаңартылған білім беру бағдарламасының мақсаты білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.Оқушылар оқытылатын әр пәндік саланы түсінетіндігін көрсете отырып ,алдағы уақытта осы білімдерін басқа жағдайларда қолдана білулері қажет. Сондықтан оқушыларды өз білімдерін кез келген жағдайға қалай бейімдеу керектігін біліп, болашақта кездесуі мүмкін кез келген күрделі тапсырмаларды шешуге икемді болуға баулу маңызды болып табылады. Математика,жаратылыстану сабақтарында логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, зерттеу дағдыларын қалыптастыру Сонымен қатар, оқу бағдарламалары спиральді білім беру бағдарламасы моделіне негізделеді, оның негізінде оқушылар келесі сыныпқа ауысқан сайын зерделенетін материалдар мен білім қайталанып отырады.

Бүгінгі таңда оқушыларды заманауи әдіс–тәсілдермен оқытып, ой–өрісі кең, алған білімдерін өмірде қолдана алатын оқушыларды тәрбиелеу  қажет.Сондықтан жаңартылған білім беру заман талабы екенін білуіміз қажет. Кез – келген адам алдына қойған мақсатына ерік – жігерін аямай еңбек ету арқылы, осы жолда өзін – өзі бар қырынан жетілдіру арқылы жетеді.Әр оқушыны дара тұлға деп танып, олардың бойына үнемі оқып үйренсем деген ізденімпаздық қасиет дарыту, оларға өздігінен білімдерін толықтырып тереңдету тәсілдерін жаңа технологиялармен, әдіс- тәсілдермен байланыстыра отырып дамыту мұғалім жадында сақтауы тиіс дей отырып,  «Жаңартылған білім беру мазмұнының» ерекшелігі қандай? Бұл бағдарламаның дәстүрлі бағдарламадан ерекшелігі неде деген сұраққа осы уақытқа дейін түйгенім және байқаған, көзімді жеткізген ерекшеліктерді айтқым келеді.

Жаңартылған оқу бағдарламаларының ерекшеліктері 10 бөлімнен тұратын жаңа құрылымы болып табылады:

1.   Пәннің маңыздылығы;
2.   Пән бойынша оқу бағдарламасының мақсаты;
3.  
үштілділік саясатты іске асыру;
4.   Оқыту үдерісіне ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
5.   Пәнді оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс- тәсілдер;
6.   Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет;
7.   Ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолдану құзіреттілігі;
8.   Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;
9.   Оқу нәтижелерін бағалау жолдары;
10. Оқудың мазмұны, ұйымдастырылуы мен бірізділігі.

Бағдарламаның міндеттері:

1. Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен, ондағы материалдардың күрделілігініғң өсу ретімен, мазмұнымен және мақсаттарымен таныстыру;
2. Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді түсінуін және қолдана білуін қамтамасыз ету;
3. Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуін қамтамасыз ету;
4. Мұғалімдердің бойында орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру.

Жаңартылған білім беру бағдарламасы - озық технологиялардың барлық қыр-сырларын білуге жетелейді.

  1. Пән мазмұнының спиралді қағидатпен берілуі. Яғни пән мазмұны қарапайымнан күрделенуі.

  2. Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерархиясы;

  3. Бір білім беру аясындағы және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында «ортақ тақырыптардың»  берілуі

  4. Оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар арқылы ұйымдастыру;

  5. Оқытудың  тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушының адамгершілік-рухани қасиеттерін қалыптастыру

  6. Білім  беру деңгейлері аралығында пән бойынша сабақтастықты ескеруге мүмкіндік беретін толық оқу курсы бойынша педагогикалық мақсат қою;

  7. Бөлімдердің  мазмұны мен ұсынылған тақырыптардың уақыт талабына сәйкес келуі, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға назар аударылуы;

  8. Оқытудағы  жүйелі-әрекеттік ұстаным (оқушының білім алу үдерісіне белсенді қатысу) болып табылатынын бәріміз оқып білдік

  І ерекшелік: Осының ішіндегі ең басты ерекшелік- Пән мазмұнының спиралді қағидатпен берілуі. Яғни пән мазмұны қарапайымнан күрделенуі және алдыңғы қолданған жаңа технологиялардың( СТО, дамыта оқыту, модульдік оқыту) барлығының осы жаңартылған білім бағдарламасына тоғысуы екенін түсіндім. Шешуін кез келген мұғалім сабақ беру барысында түсінеді.

 ІІ ерекшелігі- 1.Оқу дағдылары (оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым);

  1. Ойлау дағдылары (білу, түсіну, қолдану,  талдау, салыстыру, бағалау);

3.Шығармашылық ойлау дағдысы

4.Логикалық ойлау дағдысы

  1. Сыни ойлау дағдысы

  2. Алгоритмдік ойлау дағдысы

7.Критикалық ойлау дағдысы

8.Проблемалық ойлау дағдысы

9.Технологиялық ойлау дағдысы

10.Тілдік құзіреттілік дағдысы

  1. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту. Бұл дағдылардың барлығы алдыңғы оқыған жаңа технологиялардың барлығында кездеседі. Екінші басты ерекшелік болып табылатын- оқу дағдыларының( оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым) болып 4-ке бөлінуі. 

ІІІ ерекшелік: Оқушының ішкі уәжі туралы айтылуы.

   Мұғалімнің ең алдымен оқушының оқуға деген уәжін қалыптастыруға баса назар аударғаны дұрыс, себебі жеке тұлға ретінде және кәсіби тұрғыдан өсу осы психологиялық өлшеммен тығыз байланысты. Оқушыға тиісті еркіндік беру, топтық  жұмыс түрлерін  ұйымдастыру, оқу материалын маңызды ақпараттармен  қамтамасыз ету оқушының оқуға деген ішкі уәжіне игі ықпал етеді. Сонымен қатар, заман талабына сай оқушысына берері, айтары көп болуы үшін мұғалімнің өзі де үнемі білімін жаңартып, жетілдіріп отыруы тиіс. Оқушы оқу қажет болғаннан емес, өз еркімен оқуға ынталанып, өздігінен уәжделуі тиіс. Оқушы өзінің жаңа білімдері мен дағдыларын іс жүзінде өз тәжірибесінде қолдануға болатынын көргенде және шынайы өмірден алынған жағдаяттарға негізделген өздерінің күнделікті тәжірибесімен байланысты болғанда, олардың оқуға деген ынтасы артады.

Мысалы: Компьютер, ақпарат тақырыбында эссе жазып келуге тапысырмалар беріледі, сол кезде қарапайым  мысалдар келтіруде өмірден, қоршаған ортамен байланыстырып мысал келтірсе не өмірден түйгенінен мысал келтіре пікір жазса болады. Эссені оқыған оқушыға қолдау көрсетіп, марапттап, бағдар берсе, жақсы жазылған жұмысты ертең ақ бетке жазып алып кел деп ерекшелігін айтып отырса, кез келген оқушыда ішкі құлшыныс пайда болады. Яғни жұмысының керек екенін сезінеді.

ІҮ ерекшелік:   Екінші ерекшелікте айтып кеткен оқу дағдысындағы 4 дағдының оқылым, айтылым, жазылым дағдыларын көбінесе басшылыққа алдық та « тыңдалым» дағдысы назардан тыс қалып отырды. Тыңдалым дағдысы оқу мақсаттарында  жеке басшылыққа алынып, бөлек енуі де ерекшелік деп айтар едім. Кез келген мәтінді тыңдата отырып әр түрлі ресурстар арқылы  оқушыны ынталандыруға болады.

Оқушыны шығармашылық ойлауға, жылдамдыққа, икемділікке, тапқырлыққа үйрету ол мұғалімнің әр сабағында қалыптасып отыратыны анық.

Сабағымызда әдіс- тәсілдерді, яғни стратегияларды шеберлікпен қолдану қажеттігін өзіміз де әлі үйреніп жатырмыз, бұрынғы дәстүрлі сабақтардағыдай дайын идеяларды ұсынып, өзіміз түсіндіріп сыныпты басқарып жатқан жоқпыз., оқушылардың өздеріне білім мен идеяларды құруға мүмкіндік беріп жатырмыз.

Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериялық бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Бұл бағалау түрлері баланың жан-жақты ізденуіне ынталандырады. Критериялық бағалау. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасынның бөлімдерін (ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады.

Сабақ жоспары

Ұзақмерзімдіжоспарбөлімі:

5.1А бөлімі - Компьютер жәнеқауіпсіздік

Мектеп:

Информатикапәні

күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы


Компьютермен жұмыс істеу кезінде өзіне қалай зиян келтірмеу?


Сабақ түрі

Өтіп жатқан материалдарды жүйелеу

Осы сабақта қол жеткізілетін мақсаттар (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.4.1.1техникақауіпсіздігіережелерінбұзусалдарынсараптау


Сабақ мақсаты

Техника қауіпсізідгі ережелерін бұзу кезінде өзінің денсаулығына зиян салдарын анықтау

- компьютермен жұмыс кезінде техника қауіпсіздігі ережелерін қолдану

Табыс өлшемі

-техника қауіпсіздігі ережелерін біледіжәне айтады: жұмыс кезінде, жұмыстан кейін, кабинете жұмыс алдында

- техника қауіпсіздігі ережелерін бұзу кезінде себептер мен салдарының өзініңден саулығы үшін салдарын айқындайды;

-компьютермен жұмыс кезінде техника қауіпсіздігі ережелерін қолданады.

Тілдік мақсаты


Оқушылар істей алады:

- дұрыс сымбаттылық мәселесінің маңыздылығын талқылауды (сөйлеу дағдысы мен тыңдау)

-денсаулығын сақтапқалуға көмектесетін жаттығулар кешенін суреттеуге (жазу дағдысы)

Пәндік лексика мен терминология

  • Көру нашарлауы, сымбатының бұзылуы, сіңір созылуы, денсаулықпен қауіпсіздік, қауіп

  • Білек, мойын, қол, арқа, иық, омыртқа, іш, буындар

Қатайту, созу, бойынеркінұстау, баурау.

Ауыз екі сөйлесуге/жазуға пайдалы сөйлем қатары

  • (сіңір созылуыныңжарақатты қсипатының созылмалылығынан,көздің шаршаңқылығы/ширыққандығы)қашып құтылу үшін алдымен ........., сонан соң .......... қажет.

  • Сымбаттылықты жақсарту үшін сізбіріншіден………..көзжеткізуіңіз, сонансоң ………..

  • Қауіпсіздікті сақтау ............тәуелді.

Құндылықтарды

қалыптандыру




Өзіне және айналасындағыларға сыйластығы

Бұл құндылық білім беру процесіне қатысушыларға бір-біріне сыпайы қарым-қатынасты сақтау, жеке және жұптық тапсырмаларды орындау кезіндегі тайм-менеджментті сақтау, гигиена нормалары мен техника қауіпсіздігін сақтау(жұмыс орнын сабаққа дейін және кейін таза ұстау) арқылы қалыптандырылады.

Ынтымақтастық

Оқушыларда қиындықтар туған жағдайда мұғалім қолдау көрсетеді. Ынтымақтастық оқушылардың бір-бірін жұптасып жұмыс кезінде өзара қолдау көрсету арқылы, алға қойылған гипотеза пайдасына аргументтер іздеу арқылы қалыптандырылады.

Пәнаралықбайланыс

Адам анатомиясы, адамсүлдесі. Физика (электрқұралдары мен электрмагниттіксәулешығару)

Алдын ала білімі


Оқушыларкомпьютердің негізгі қызметі, негізгі бөлшектері,компьютер қандай қызмет көрсету саласында қолданлатыны туралы біледі.


Ресурстар

1.Жалпы білімберетінмектептер 5 сыныпүшінИнформатика-оқулығы./З.М.Журбенко, О.В.,Козина, С.А.Нургалиева – Астана: «Назарбаев Зияткерлікмектептері» ААҚ, 2017, -8-9 бет, 1бөлімКомпьютер жәнеқауіпсіздік.

2. 1Қосымша –Сабаққатаратусуреттері

3. сабақбасындаURL-суреттер

http://1.bp.blogspot.com/-3V8a1B3JC5k/UiswiUQ7WfI/AAAAAAAAAWc/TVSRrj1VrNw/s1600/images.jpg

4. ресурсынан «Техника қауіпсіздігі мен жұмыс орнын ұйымдастыру» видеосы BILIMLANDhttp://bilimland.kz/ru/#lesson=16720«

5. Музыкалық ілеспе «Проснись и пой» әні (к\ф Джентельмены удачи) ( мұғалімнің таңдауы бойынша өзгертуге болады)

https://music.yandex.kz/album/2492214/track/21722049

Ескерту:Жұлдызшамен тапсырмалар * (мұғалімнің қарауына қарай жоғарлатылған қиын)

Сабақбарысы

Жоспарланғансабақкезеңдері

Сабақтажоспарланғанқызметі


Ресурстар

Сабақ басы

3 минөт










http://bilimland.kz/ru/#lesson=16720

Ресурстан видео көріңдер

























колоборативтік орта құру

(3 мин)








Шынықтыру

(1 минута)


Сабақтыңбасталуы.

(У) Суреттергеқарап, сабақтыңтақырыбы мен мақсатынайтыңдар.

(Г) Оқушыларсабақтақырыбынатайды: Денсаулығынжәне техника қауіпсіздігіережесінсақтау.

Техника қауіпсіздігінсақтаутуралы видео көругеберіңіз

http://bilimland.kz/ru/#lesson=16720



(У)Егерсіз техника қауіпсіздігін сақтамаған жағдайда, не болады?

Оқушылар сабақтың міндеті мен мақсатын атайды:

Бүгінбіз техника қауіпсіздігі ережелерін сақтамағанның қандай салдар болатынын білетінболамыз. Біз қауіпсіздік туралы айтамыз. Компьютермен жұмыс кезінде өзініңң жұмысын қалай дұрыс ұйымдастыру керек..

(У) Информатика оқулығынашыңдар. 8 беттегідиалогтыоқыңдар.

(У) Түйіндісөздердіқолданып, жұптасып диалог құрастырыңдар.

(П) Жұптасып диалог құрастырады.

(У) Диалог нәтижесібойыншақорытындыжасаймыз.

Мұғалім үшін нұсқаулық:оқушыларды жеке өз диалогтары бойынша қорытынды жасауды сұраңыз.

Қорытынды: «компьютерге тәуелділік», «кө заурулары» пайда болмас үшін ережелерді сақтау керек.





Мұғалімнұсқау:шынықтыру ретінде музыкаме нкабинетте жасырып қойған суреттерді табулары нөтініңіз. Алдын ала суреттерді басы палыңыз. Суреттер санын оқушылар санына қарай басып алуға болады.

URL-суреттер

http://1.bp.blogspot.com/-3V8a1B3JC5k/UiswiUQ7WfI/AAAAAAAAAWc/TVSRrj1VrNw/s1600/images.jpg



2 мин 46 сек

http://bilimland.kz/ru/#lesson=16720

Интерактивтіктақта







Информатика оқулығы

5сынып, 8-9 бет





































Музыкалықіліспе «Проснись и пой»(к\ф Джентельмены удачи)ән

https://music.yandex.kz/album/2492214/track/21722049

Сабақтыңжартысы










Топқабөліну

3 минөт












































«Сен маған, мен саған» стратегиясы

(2 минөт)








Постер құрастыру

12 мин


(У) Ойланып, бөлініңдер:

Суретің қандай сұраққа жауап береді?

- Компьютермен жұмыс кезінде не істеуге болмайды?

- Компьютер бізге қалай ықпал етеді – қауіпсіздік техникасын бұзу;

- Компьютердің зиянды ықпалынан қорғану үшін не істеукерек?



Мұғалім үшін нұсқаулықтар:

Жоғары деңгей дағдысы:сараптаужәнебағалау

Алдынала сыныптағы оқушылар санына сәйкес суреттерді басыпалыңыз (мысалы: 12 сурет). Сабаққа дейін кабинете суреттерді жасырып қойыңыз. Оқушылар суреттер тақырыбын асәйкес келетін сұрақтарды таңдау үшін, курветкаларда сұрақтар дайындаңыз (сурет бойынша):

- Компьютерменжұмыскезінде не істеугеболмайды?

- Компьютер бізгеқалайықпалетеді – қауіпсіздіктехникасынбұзу;

- Компьютердіңзияндыықпалынанқорғануүшін не істеукерек?





Оқушыларәрекеті

Кабинеттесуреттердітауып, топқабөлінеді.

(У) «Сен маған, мен саған» тапсырмасы

Сонымен, біз үш топқа бөліндік.

Топта бір-біріңмен бөлісіп, суретте не бейнеленгенін көрсетіңіз және неге оны осы топқа айқындағаныңыз туралы айтып беріңіз.

Мұғалім үшін нұсқаулық: бұл тапсырма сөйлеу дағдысын дамыту үшін бағытталған. Бұл тапсырмаға 3 минөт уақыт беріңіз.

2 тапсырма «Постер құрастыру»

(Г) Топтар суреттерін,түрлі түсті қарындаштар мен фломастерлер пайдалана отырып постер құрастырады 5 сынып оқулығының 9 бетіндегі материалды пайдаланыңыз (көз үшін жаттығулар мен қол буындары үшін жаттығулар)

- Компьютерменжұмыскезінде не істеугеболмайды?

- Компьютер бізге қалай ықпал етеді – қауіпсіздік техникасын бұзу;

- Компьютердің зиянды ықпалынан қорғану үшін не істеукерек?

* Қосымшатапсырма

Егер адам тәулігіне 3 сағат компьютер алдын да уақытын өткізетін болса, онда сіз жылына, айына, аптасына қанша уақыт компьютер алдында өткізетініңізді есептеңіз.

«ӨТ кабинетіндеқауіпсіздіктехникасыережелері» сабағына презентация»

Сабақтыңсоңы


Постердіқорғау

6 мин


Постердіқорғау

Баяндама үшін тайм-менеджмент - 1 минөт

(У) Әр топ өз постерін қорғап болғаннанкейін смайлик түрінде баға қоюын сұрайды.

Постерді бағалау үшін өлшемдер 1.біртума

2.Эстетикалық.түсінікті және айқын

Өтежақсы Жақсы

Ескертпелер бар






Білімдерінпысықтау


5 мин

















Рефлексия

5 минөт

Формативтікбағалаудыорындау

Мұғалімүшіннұсқаулық

Формативтікбағалаудыңбіртүрінұсынуғаболады:

  1. КомпьютердеBILIMLANDhttp://bilimland.kz/ru/#lesson=16720ресурсынан 2,3 жаттығулардыорындауғаболады.

  2. Қағазға екі сұрақты басып шығарып, жазбаша түрде формативтік бағалаудыж үргізуге болады.


(У)Соныменбізбүгінкомпьютерменжұмысістеукезіндеөзінеқалайзиянкелтірмеу? туралыбілдік.

Стикердеөздеріңіздің бүгін қалай жұмы сістегеніңіз туралы сурет салып беріңіз:


Үйге тапсырма

5 сынып Информатика оқулығының 8-9 бетіноқу.

Компьютермен жұмыс кезінде орындау үшін ұсынылатын жаттығулар ойлап тап.

*Отбасы мүшелерін байқап көр: олар компьютермен жұмыс кезінде дене мен көз үшін жатығулар жасай ма.

*Отбасы мүшелері үшін кесте құрастыр: компьютер алдында қанша уақыт отырамыз.

http://bilimland.kz/ru/#lesson=16720

2,3 жаттығулар



Қорыта айтқанда, жаңа бағдарламаның мәні, баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде пайдалана білуі керек.
Сөзімнің соңын қорытындылай келе, бұл жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша менің көкейге түйгенім: алдымызға бір мақсат қоя отырып, сол мақсатқа жету жолында шәкірттердің жүрегіне жол тауып, әрекеттендіре білу шеберлігіне жетсек, егемен елдің ұл-қыздары білімді де білікті болып шықпақ. Соның арқасында біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз. Ұстаздықтың ұлы жолында өзімнің бар күш жігерімді салып, еліме пайдамды тигізіп жатсам, бұл ғаламда одан артық бақыт жоқ деп ойлаймын.






   

   





























       

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
11 маусым
2040
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі