Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама "Жаңартылған оқыту бүгін қандай болу керек"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сәлеметсіздер ме! Бұл материал жаңартылған білім мазмұны бойынша Көркем еңбек пәнінен Жас мамандарға көмегі бар деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңартылған оқыту бүгін қандай болу керек



Маған айтып берсең-ұмытып қаламын, көрсетсең-

есімде сақтаймын, өзіме жасатсаң үйренемін.

Конфуций


Бүгінгі таңда білім беру мазмұнын жаңарту өте маңызды өзгерістердің сатысында тұр. Білім беру мазмұнын жаңарту-сапалы білім, жарқын болашаққа негіздеп, бірқатар жетістіктер формуласын ұсынған үлгі және оқу-тәрбиелік үрдісті жан-жақты жаңа әдіс-тәсілдермен ұштастыру болып табылады.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Сапалы орта білім беруге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету, тез өзгеріп жатқан әлемнің жағдайында зияткер, дене бітімі және рухани жағынан дамыған, табысты азаматты қалыптастыру» деп атап көрсеткендей бүгінгі таңда білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді талап етеді. Білім беруді жаңаша ұйымдастыру – оның философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.

Елбасы Н.Ә Назарбаев жылдар бойы білім және ғылым саласына ұдайы көңіл бөліп келеді. Биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында да бұл мәселе назардан тыс қалған жоқ. «Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын оқушылардың сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет»,-деген жолдар – соның дәлелі.

Әлем алдыңғы қатарлы мектептер тәжірибелерін жалпылап, құнды бағыттары мен идеяларын ұлттық психологиямызға сәйкес пайдаланып, еліміздегі білім беру мәселесін жаңа жолға қою өзекті тақырып болып табылады.

Жаңаша әдіс-тәсілдерді оқып үйрену - заман талабы. Жеті модуль кіріктірілген осы бағдарлама - Қазақстандық мұғалімдерге кәсіби біліктілігі мен педагогикалық тәжірибесін жетілдіру және бағалауға көмектесу деп білемін.

Білім беру - бұл жекелеген құбылыс емес, ол оқушылардың оқу қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені деп айқындалған.









Білім мазмұнын жаңарту не үшін қажет?

Елімізде білім беру саясаты мен тәжірибеге ықпал ететін келесі маңызды салаларда айтарлықтай өзгерістер орын алды:

-экономика;

-адамдардың өзін өзі басқаруы;

-қарым-қатынас көлемі және жылдамдығы;

-еңбек нарығының құрылымы;

-шекарамыздың ашықтығы;

-еліміздің азаматтарына ашылған мүмкіндіктер кеңістігі;

-оқыту мен үйретудің анағұрлым нәтижелі тәсілдерінің анықталуы.



Білім беру жүйесіне өзгеріс енгізуге қажетті факторларды айтатын болсам, ол:

-әлем стандартына сай білім беру;

-бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу;

-табысты өмір сүру дағдаларын қалыптастыру;

-әлем азаматын тәрбиелеу;

-тәжірибелік дағдыларды дамыту;

-функционалдық сауаттылықты арттыру;

-мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіру.

Жаңартылған білім беру бағдарламасы мақсаты мен міндеттерін айқындады. Айта кететін болсам, бағдарламаның мақсаты:

-жалпы пәндер бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.

 

Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі неде?

1. Ең бірінші пән мазмұнының  спиральді берілуі керек. Өйткені спиральді білім арқылы пәнді оқушы терең меңгереді.
2. Оқу мақсатарына жету.
3. Ортақ тақырыптардың берілуі.
4. Оқу мазмұнының қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді болуы жоспарлармен ұйымдастырылуы.

Оқушылардың оқу мақсаттарын білуі және түсінуіне қалай жетуге болады:

1. Бастапқы кезеңде мұғалім сабақ мақсаттарын айқындап, оларды оқушыларға түсіндіріп, бірге талқылайды;
2. Күнделікті талқылаулар келешекте оқу мақсаттарын бірге айқындау дәстүріне  айналуы мүмкін.

Сонымен қатар оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда бірқатар дағдылар қолданылады. Олар: білу, түсіну, қолдану, сыни ойлау, анализ, бағалау, зерттеу дағдылары, рефлексия, жеке жұмыс жасау дағдылары, топта жұмыс жасау дағдылары, мәліметті іздеу дағдылары, тәжірибелік дағдылар, шығармашылық дағдылар.





Жаңартылған білім мазмұны мен дәтүрлі білімді салыстыратын болсақ, ерекшеліктерді терең байқауға болады.



Негізгі сипаттамалар

Дәстүрлі оқыту үлгісі

Жаңартылған білім үлгісі

Оқыту мақсаты

Оқыту бағдарламасында белгіленген білім көлемін меңгертуге бағытталған оқыту нәтижесі

Оқушының оқу қызметін оның танымдық қызметі негізінде ұйымдастыру, білім алуға үйрету

Мұғалімнің рөлі

Басқарушы, жетекші, оқыту үдерісінің субъектісі, білім көзі

Оқыту үдерісін, оқушының танымдық қызметін ұйымдастырушы, кеңесші, менеджер

Оқушының рөлі

Дайын білімді селсоқ қабылдаушы, оқыту үдерісінің объектісі

Белсенді, білім іздеуші, оқыту үдеріснің субъектісі

Білімді ұсыну формалары

Дайын күйінде, үлгі бойынша,

Сөздік әдістер мен мәтіндік формалар арқылы

Аудио, визуалдық, графикалық көрнекіліктер мен интерактивті әдістер арқылы

Білімді қолдану

Білімді бақылауға дайындық мақсатында типтік тапсырмалар мен жаттығуларды қолдану

Алынған білімді нақты жағдайда қолдану

Оқушы қызметінің формасы

Фронтальды және жеке

Оқушының өз бетінше жұмысы, топтық, жұптық, ұжымдық формалары

Оқытудың негізгі әдіс - тәсілдері

Сөздік әдістер

Мұғалім мен оқушының, оқушылардың бір-бірімен өзара әрекеттесуіне негізделген интерактивті тәсілдер

 











Мақсатым:

- Оқушылармен бірлесе жұмыс жасау, өз бетімен шешім қабылдайтын, өз пікірін, өз ойын айта алатын тұлға етіп қалыптастыру.

- Сабақта түрткі сұрақты үнемі тиімді қолдану.

- Оқушыларды топқа бөлу арқылы оқытуға бағыттап отыру.

Міндеттерім:

- Сыныпта ынтымақтастық, қызығушылық орта ұйымдастыру.

- Жаңа бағдарламаның-әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, сынып ішінде жағымды психологиялық ахуал туғызу.

- Оқушыларға қолөнерді үйрету мен қатар, сөйлеу дағдыларын дамыта отырып, жүйелі ойлана білуге, сөйлей білуге бағыттау.

Күтілетін нәтиже:

- Сабаққа түрткі сұрақтарды пайдалану оқушылардың қолөнерді үйренумен қатар, сабаққа ынтасын, белсенділігін көтереді, сөздік қорын молайтып, оқушылар топта ынтымақтастықта жұмыс жасауға дағдыланады.

- Оқушылар өзара пікірталасқа түседі, сауатты сөйлеу дағдысы қалыптасады.

 Қорыта айтқанда, аталмыш бағдарламаның мәні, баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін  ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Ата-бабамыз «Оқу – инемен құдық қазғандай» демекші, жан-жақты,шығармашыл, ізденімпаз ұстаз ғана табысты болып, нәтижеге жетеді.«Білімді болу деген сөздің мағынасы – белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу», – деген Әл-Фарабидің сөзіне жүгінетін болсақ, ел ертеңі білімді ұрпақпен ғана өлшенбек.

























Мектепаралық оқу - өндірістік комбинаты















БАЯНДАМА











Тақырыбы: "Жаңартылған оқыту бүгін қандай болу керек"







Оқыған: Технология пәнінің мұғалімі

Тапалов Кәрімжан Ақылбекұлы





















2018 - 2019 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.10.2020
352
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12