Баяндама, «Жас ұлан» ұйымы жұмысының тәрбие берудегі тиімділігі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама, «Жас ұлан» ұйымы жұмысының тәрбие берудегі тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Отансүйгіштік сезімі туа біте пайда болатын қасиет. Бала бойында ең алдымен анасына, өз отбасына, өз үйіне, туған жеріне деген жылы сезімнен бастау алатын, тұлға есейген сайын біртіндеп ұлт, халық, әлеумет, мемлекет деңгейіне көтеріле беретін бұл сезім адамның бүкіл ғұмырына жалғасып жатады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Жас ұлан» ұйымы жұмысының тәрбие берудегі тиімділігі

Отансүйгіштік сезімі туа біте пайда болатын қасиет. Бала бойында ең алдымен анасына, өз отбасына, өз үйіне, туған жеріне деген жылы сезімнен бастау алатын, тұлға есейген сайын біртіндеп ұлт, халық, әлеумет, мемлекет деңгейіне көтеріле беретін бұл сезім адамның бүкіл ғұмырына жалғасып жатады.

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Тәуелсіз Қазақстанның жастары, нақ сендер елдің ең басты байлығы болып табылатындарыңды және біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасының болашағы сендерге байланысты екенін есте ұстаңдар!»-деген сөзі жастарға сеніммен қоса үлкен міндеттер жүктейді.

2011 жылғы 11 ақпанда өткен «Нұр Отан» ХДП XIII Съезінде Елбасы, «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның жас азаматтарының басын біріктіретін «Жас Ұлан» бірыңғай қозғалысы және «Жас Қыран» балалар ұйымдарының жаңа жүйесін құру керектігін атап өткен болатын. Осыған орай Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында 2011 жылғы 6 шілдеде «Елорда күніне» арнап, жастар ұйымдары көшбасшыларының бастамашыл тобы «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігін құрды.

«Жас Ұлан» өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтарға, гуманистік, толеранттылық пен демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптастыратын ұйым болып танылады.

Тұжырымдамада көзделген барлық іс-шаралар балалар қозғалысы дамуының басымдығына негізделген, жасөспірімдердің бойында отансүйгіштік сезімді, белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған.

«Жас ұлан» ұйымының балаларға берері мол. Олардың білім нәрімен сусындап, өнерді серік етуіне бірден-бір ықпал ететін ұйым.

Жас Ұландық бойында ең алдымен анасына, өз отбасына, өз үйіне, туған жеріне деген жылы сезімнен бастау алатын, тұлға есейген сайын біртіндеп ұлт, халық, әлеумет, мемлекет деңгейіне көтеріле беретін бұл сезім адамның бүкіл ғұмырына жалғасып жатады.

Жас Ұландықтарды патриотизмге тәрбиелеу – тұлғаның патриоттық сана-сезімін қалыптастыру; патриоттық іс-әрекетін ұйымдастыру. Егеменді елдің азаматын тәрбиелеуде әр адамның ең басты мақсаты - дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениеті, парасаты, ар – ожданы мол, еңбекқор, іскер бойында игі қасиеттері бар адамды тәрбиелеу.

Әрбір баланың балалық шағының көп уақыты мектеп қабырғасында өтеді. Мектеп табалдырығында қаланған білім, ілім, тәрбие баланың болашақта тұлға болып қалыптасуына әсерін тигізеді. Негізгі білімнің кілті саналатын оқу ордасында жан-жақтылыққа тәрбиелейді, түрлі шаралар өткізеді, қосымша сабақ пен ашық сабақтар жүргізіледі және міндетті түрде патриоттық тәрбиеге баулиды. Жеңістің желі ескен жетінші және тоғызыншы мамыр күндері мен қыстың аязына төтеп беріп Тәуелсіздік таңын атыруға бірден-бір себепші болған желтоқсан оқиғасында қаза тапқандарды еске алу кешінде патриоттық тәрбие бағытына аса тоқталып өтеді.

Ұйымның бекітілген құрылымы бар. Олар: Ұйым жетекшісі - мектеп тәлімгері, Ұланбасы, көмекшісі, мәдени-тәрбиелік бөлімбасы, салауатты өмір салтын насихаттау бөлімбасы, сыртқы істер бөлімбасы, ақпарат бөлімбасы, ғылыми бөлімбасы және сынып старосталары болып бөлінеді.

«Жас ұлан» ұйымына желтоқсан айында қабылдау рәсімі өткізіледі. Ұйымға өткен оқушыларымыз мектептің қазіргі мақтанышы болып, мәдениет, спорт, білім-өнер сайыстарында өздерін шыңдап, жетістіктерін көрсетуде. Жасұландықтармен бірге өткізілген іс-шаралар оқушылардың жұмыстарына бағыт-бағдар беру болады. Бірлесіп жұмыс істеу арқылы ғана оқушылармен жұмыстың тиімділігі артатыны белгілі.

Жасұландықтарға патриоттық тәрбие беру мәселесі бүгінгі таңда ертеңгі болашақтың биігіне бастар жол болып табылады.

Қазіргі таңда біздің мектебімізде «Жас Ұлан» қатарына өткен оқушылар саны 86 оқушы болса, «Жас Қыран» қатарына 27 оқушы өтті.

Сонымен қатар «Жас Ұлан» ұйымының бекітілген өз жоспары бар. Міне, сол жоспар бойынша барлық шаралар өз уақытында өтіп, нәтижелерге қол жеткізуде.

Қорыта айтқанда Елбасының бастамасын қуаттап құрылған «Жас Ұлан» ұйымы балаларға жаңа ойлар әкеліп, өзекті мәселелерді қозғап, жаңа серпін берді. Осы уақытқа дейін балалар әлемінде талай игілікті істер атқарған Жасұландықтар талай жетістіктерге жетті десек артық айтпағанымыз болар. Осылайша Жас Ұлан ұйымының жұмысын тәрбие беруде тиімді екенін анық көруге болады.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
03.12.2020
2997
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі