400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама "Кітап туралы тың дерек"

Материал туралы қысқаша түсінік
Кітап туралы тың дерек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кітап туралы тың дерек

Кітап шыққалы бірнеше мың жыл болды. Содан бері оның бейнесі талай - талай өзгерді. Вавилондықтар, ассериялықтар, басқа да көне халықтар кітапты балшықтан жасаған. Жұп - жұмсақ балшық тақтаға үшкір таяқшамен ойып ерекше белгілер салынады. Содан соң тақталар кептіріліп, күйдіріледі. Сөйтіп талай - талай кітаптар жасалған.
Ал Қытайда алғашқы кітаптар бамбуктан жасалған жұқа тақтаға жазылып, олар мықты жіпке тізілген. Кейінірек кітаптарын қыл қаламмен, тушьпен жібек матаға жазған.
Ал Ежелгі Египетте кітап сөзі тасқа қашалып жазыл ған. Одан кейін папирус ойлап табылды. Қамыс тәрізді құрақтың жапырағы нығыздалып бір - біріне желімделеді де, ұзындығы бірнеше ондаған метр лента жасалған. Мұндай ленталар түтікке оралып сақталған. Папирус жазуға керекті ең жақсы материал саналған.
Ал Европада орта ғасырларда жазу үшін бұзау терісінен ерекше әдіспен иленген пергамент пайдаланылған. Ежелгі орыс елінде жазу, жұқалап сыдырылған қайың ағашының қабығына жазылған. Алғашқы басылған кітаптар кислографиялық кітаптар деп аталды. Бұл атау гректің «кисло»- «ағаш»,«графо»- «жазамын» сөздерінен шыққан. Ондай кітаптар былай жасалған. Ағаш тақтайдың тегіс бетіне оған жазылатын сөздің теріс бейнесі түсіріл ген. Содан кейін баспагер әріп сызықтарының арасын өткір пышақпен мұқият ойып, тазалаған. Сөйтіп жазылатын сөздің шығыңқы бедері жасалған. Оған бояу жағылғанда үстіне пергамент немесе қағаз бастырылған. Сөйтіп жаңағы тақтайдағы сөз қағазға жұққан. Қағаз жасауды адамдар екінші ғасырда үйренеді. Қағаз Қытайда ойлап табылды. Бірақ қытайлықтар оны жасаудың әдісін ұзақ уақыт құпия сақтаған. Қағаз Европада Х ғасырда ғана пайда болған. Олар қағазды шүберектерді ұнтақтап қайнату әдісімен жасаған. Ал бірақ газеттер шығып, кітаптар басылып, оқушыларға оқулықтар, дәптерлер қажет болған кезде шүберектер жетіспеген. Содан соң ғана қағазды ағаштан жасауға көшкен.«Адамзаттың талай ұрпағы жеке әріптерден құрастырылатын баспа үлгісін жасауға тырысқан. Бірақ немістің өнер тапқышы Иоганн Гутенбергтей дәл ойлап тапқан болмаған екен. Гутенберг май сығып шығаратын кәдімгі прессті баспа хана станогына айналдырған. Сөйтіп оны баспа құралы етіп бейімдеген. Ең бастысы оның қанша сөз басу керек болса, сонша сөз басуға мүмкін баспа үлгісін тапқандығы. Бұл үлгілер оп - оңай ауыстыруға болатын жеке литерлерден Құралды. Литер дегеніміз бір басында әріптің шығыңқы бедері бар кішкентай металл бөлшегі. Әріптің бетіне бояу жағылады да басқан кезде ол қағазға түседі. Гутенбергтің ең басты өнер табысы осы.
- Қазақ жерінде кітап шығару ісі қай уақытта қолға алынды? Негізінде орыс елінің өзінде кітап шығару 16 ғасырдың орта шеңінде басталған. Орыстың тұңғыш баспагері Иван Федоров болды. Ол «Апостол» атты кітап шығарды. Ал қазақ жерінде кітаптарды 18 ғасырға дейін көбіне араб әріптерімен жазылып, қол жазба түрінде таралған. Қазан көтерілісіне дейін 1800 - 1917 жылдар арасында қазақ тілінде 1100 дана ғана кітап шыққан. Оның өзі де басқа жерлерде Қазан, Ташкент қалаларындағы баспаларда басылған Қазақ тілінде тұңғыш шыққан кітап «Сейфіл - Мәлік» деп аталады.»Мың бір түн» кітабынан үзінді. Қазақстанда кітап шығару ісі 1918 жылдан бастап шығарылған. Осы жылы өзіміздің Батыс Қазақстандағы Орда да тұңғыш баспа ашылған.
Сонымен, кітап - жан азығың» деп тегін айтылмаса керек. Жаныңды нұрландырып, көкірегіңді оятатын не екен? Әрине, кітап. Кітап туралы ізденіс жұмыстарымды әріқарай жалғастыра түсемін, әрі оқырмандарға, оқушыларға жеткізуде түрлі әдіс-тәсілді қолдануды жоспарлап отырмын.

Зухра Юлдашева

№104 негізгі орта мектебінің кітапханашысы


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
891
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі